Этиологиясы
|
1.Орталық (гипоталамус-гипофизарлы): идиопатиялық, симптоматикалық (ісіктер), туа біткен.
2.Бүйректік: жүре пайда болған (токсикалық, бүйрек патологиясы), туа біткен
|
Патогенезі
|
Орталық қантсыз диабет: вазопрессин тапшылығы нефронның дистальды түтікшелері деңгейінде несеп концентрациясының бұзылуына әкеледі.
Бүйректік қантсыз диабет: эндогенді вазопрессинге бүйрек сезімталдығының болмауы
|
Эпидемиологиясы
|
Сирек кездесетін ауру, жиі 20 – 40 жас аралығында дамиды, әрбір 5-ші жағдай нейрохирургиялық араласудан кейін пайда болады. Қантсыз диабеттің туа біткен және бүйректік түрі-казуистикалық сирек жағдай
|
Басты клиникалық көріністері
|
Полиурия (тәулігіне >4–5 л; кейде 20л/тәу асады), полидипсия, никтурия, балаларда энурез
|
Диагностикасы
|
Полиурия (>3 л)
Нормогликемия (қант диабетін жоққа шығару)
Несептің салыстырмалы тығыздығының төмен болуы (1005 дейін)
Несептің гипоосмолярлығы (<300 мОсм/кг)
Құрғақ тамақ сынағы: 8–12 сағат бойы су (сұйықтық) қабылдамау; қантсыз диабетте- дене салмағының төмендеуі, несептің салыстырмалы тығыздығы мен осмолярлығы жоғарыламайды.
Гипофиз МРТ (гипофиз немесе гипоталамус ісігін жоққа шығару).
|
Салыстырмалы диагностикасы
|
Психогенді полидипсия, бүйректік қантсыз диабет, орталық қантсыз диабеттің себептері (идиопатиялық немесе симптоматикалық)
|
Емі
|
Десмопрессин 0,1–0,4 мг per os немесе 1–3 тамшыдан күніне 2–3 рет интраназальды
|
Болжамы
|
Науқасқа сұйықтықты шектемеген кезде ешқандай қауіп төнбейді. Емдік шаралар қабылдайтын идиопатиялық қантсыз диабетпен ауыратын науқастардың жағдайының нашарлауы жөнінде мәліметтер жоқ. Операциядан кейінгі қантсыз диабет басым жағдайда өткінші
|