Эпитеттің және бір түрі – тұрақты эпитет



бет3/6
Дата15.12.2023
өлшемі96,54 Kb.
#138663
1   2   3   4   5   6
Арнау. Жазушы не өзіне, не біреуге, не көпшілікке қайырыла сөйлесе, арнау дейді. Бұл үшке бөлінеді: жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау.
Жарлай арнау. Сәбит «Сұлушаштың» «Кілт» деген бөлімінде (прологында) кімді жырлайтынын, нені айтарын, өзінің кім екенін, қай таптан шыққанын айтады. Мұнда бір адамға, не бір нәрсеге емес, көпшілікке қайрыла сөйлейді.
Сұрай арнау. Жазушы біреуге не көпшілікке қайрыла сөйлесе және сол сұрағанына жауап күтсе, сұрай арнау дейді. Мысалы:
Желі толған сары түйе,
Ағажан, кімге тапсырдың?
Қора толған ақты қой,
Ай көке, кімге тапсырдың?
Зарлай арнау. Көркем шығармаларда қаһармандар басына талай қиын хал, жағдайлар кездеседі. Кейде бас қаһарман жаудың қолына түсіп, туған жер, өскен елін, ата, ана, үй ішін сағынатын кездері болады.
Төлеген оқ тиіп, өлер алдында өзімен бірге ұшып келген алты қазға қайырыла сөйлеп:
Әуелеп ұшқан алты қаз,
Етің – шекер, сорпаң – паз.
Атайын десем – оғым аз,
Қонар болсаң, жануар,
Міне, майдан, міне саз.
Өлең тармақтары:
Алты тармақты шумақ
1.Бойы бұлғаң,
2.Сөзі жылмаң,
3.Кімді көрсем, мен сонан
4.Бетті бастым,
5.Қатты састым,
6.Тұра қаштым жалма-жан…
Жеті тармақты шумақ
1.Сен мені не етесің,
2.Мені тастап,
3.Өнер бастап,
4.Жайыңа
5.Және алдап,
6.Арбап,
7.Өз бетіңмен кетесің
(Абай)
Сегіз тармақты шумақ
1.Алыстан сермеп,
2.Жүректен тербеп,
3.Шымырлап бойға жайылған;
4.Қиуадан шауып,
5.Қисынын тауып,
6.Тағыны жетіп қайырған.
7.Толғауы тоқсан қызыл тіл,
8.Сөйлеймін десең өзің біл.
(Абай)
Он тармақты өлең
1.Бұл күнде сен
2.Бақыттысың,
3.Бостандықтың
4.Темір жолдың,
5.От орнына
6.Ақынысың,
7.Сал көзіңді алысқа!
8.Түйе орнына
9.Электрдің,
10.Шыққанын жаз, қалыспа!
(Әбділда)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет