Эпитеттің және бір түрі – тұрақты эпитет



бет1/6
Дата15.12.2023
өлшемі96,54 Kb.
#138663
  1   2   3   4   5   6

Поэзия – өмірдің әрі мен нәрі, қайнап қорыған жамбасы. Ол – сәбидің күнәсіз ажары, жарқын жанары, күміс күлкісі, жанды қуанышы. Поэзия – көрікті қыз жүзінің ұялшақ, албырт қызғылты, теңіздей, көгілдір аспандай тұңғиық көзінің ынтықтық сәулесі, әйтпесе оның қара көзіндегі өткір от, мәрмәр иығына төгілген бұйра шашының толқыны, торғын кеудесінің демігіп тыныстауы, тал бойы, сұңғақ сымбатының мінсіз мүшелері, сұлу қозғалыстарының ғажайып сиқыры...
Поэзия(гр. poіesіspoіeo — жасаймын, тудырамын) — өлең үлгісіндегі әдеби туындылар. Поэзия сөздің ырғақтық құрылысына, ұйқасына негізделеді. Поэзия ұғымы өлеңмен жазылған шығармаларды көркем прозадан ажырату үшін қолданылады. Поэзия мен прозаның айырмасы тек сыртқы белгісіне қарап анықталмайды. Поэзиялық шығармаға сезім күйі, әсерлілік тән, ал прозалық туындыларда баяндау, бейнелеу жағы басым келеді.
Ұлы Абай: «Сыртын танып іс бітпес, сырын көмей», «Жұртым-ай шалқақтамай сөзге түсін, ойланшы сыртын қойып, сөздің ішін» деген жолдар арқылы өлеңнің күрделі ішкі құрылымына, стильдік ішкі бітіміне үңілуді үндейді. Абай өз туындысында осы биік эстетикалық поэзиясын берік ұстаған.
Эпитеттің және бір түрі – тұрақты эпитет. Тұрақты эпитет деп, көпшілігіне сол нәрсеге тұрақталып, бекілген эпитеттерді айтады.
Мысалы: Қызыл ту, қызыл әскер, шұбар төс, т.б.
Бір жолда бір ғана емес, бірнеше эпитеттер қатар келсе, оны эпитеттің күрделі эпитет не эпитеттің ұлғайған түрі дейміз. Мысалы:
Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ,
Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ.
Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды,
Ой желке, үңірейген болса сағақ.
Теңеу (сравнение). Жазушы бір нәрсені көркемдеп суреттеу үшін, өзгешелік белгілерін көрсетпей-ақ, нәрсемен салыстырып та суреттей алады. Бұл салыстыруды теңеу деп атайды. Теңеудің өзіне тән ерекшелігі – белгісіз нәрсені белгілі нәрсеге салыстыру арқылы көзге елестету.
Теңеулердің көпшілігі зат есімге, есімше, етістікке жалғанған -тай (-тей), -дай (-дей), -ша (-ше) және -дайын (-дейін) жұрнақтары арқылы жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет