Ерекше оқыту қажеттіліктеріне қарай қЫСҚа мерзімдік, орташа мерзімдік және ұЗАҚ мезімдік негізде


№ ... жалпы білім беру мектебінің логопед мұғаліміне лауазымдық



Pdf көрінісі
бет27/100
Дата05.12.2023
өлшемі1,39 Mb.
#134441
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   100
№ ... жалпы білім беру мектебінің логопед мұғаліміне лауазымдық 
нұсқаулық 
1.
 
Жалпы ережелер 
 
1.1. 
Осы лауазымдық нұсқаулық ҚР «Білім туралы» заңына, ҚР Еңбек 
кодексіне сәйкес мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, жалпы орта және 
қосымша білім беру жүйесінің педагог қызметкерлерінің лауазымдарының 
үлгілік біліктілік сипаттамаларына (ҚР БҒМ 2009 жылғы шілдедегі 
қосымшалармен және өзгерістермен №338 бұйрығы), Даму мүмкіндіктері 
шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру 
бойынша әдістемелік ұсынымдарға (ҚР БҒМ 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 
524 
бұйрығы) сәйкес әзірленген. 
1.2. 
Логопед мұғалім қызметке № ... ОБМ-інің басшысының 
бұйрығымен тағайындалатын және босатылатын мамандар санатына жатады.
1.3. 
Логопед мұғалім Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің
аясында (ары қарай ППҚ) тікелей инклюзивтік білім беруді үйлестірушіге 
немесе Қолдау қызметінің басшысына бағынады. 
44 


1.4. 
Логопед мұғалім Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің 
қызметкері болып табылады және онда пәнаралық негізде жұмыс істейді.
1.5. 
Логопед мұғалім қызметіне «Дефектология» мамандығының 
«Логопедия» бөлімі бойынша жоғары педагогикалық білімі бар маман 
тағайындалады.
1.6. 
Логопед мұғалім өз қызметінде мына құжаттарды басшылыққа 
алады:
-
Баланың құқығы туралы концепция

ҚР «Баланың құқығы туралы» заңы; 

ҚР «Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-
педагогикалық қолдау туралы» заңы;
-
ҚР «Білім туралы заңы»; ҚР әлеуметтік және инклюзивтік білім беру 
мәселелері бойынша заңнамасы; 

№ ... ОБМ-інің жарғысы;

№ ... ОБМ-інің жергілікті нормативтік актілері; 

№ ... ОБМ-інің ішкі еңбек тәртібінің ережелері; № ... ОБМ-інің
басшылығының бұйрықтары мен үкімдері; 

еңбекті қорғау, қауіпсіздік ережелері және өрттен сақтану ережелері мен 
нормалары; 

осы лауазымдық нұқсаулық; 

еңбек шарты. 
1.7.
Логопед мұғалім төмендегі мәселелерді білуі керек:

ҚР Конституциясын; 

БҰҰ балалар құқығы туралы конвенциясын; 

«Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы» заңын; 

«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу 
арқылы қолдау туралы»заңын; 
-
Қазақстан Республикасының арнайы және инклюзивтік білім беру 
мәселелері бойынша заңнаманы; 

№ ... ОБМ-інің білім беру үдерісін ұйымдастрыуды реттейтін жарғы 
мен жергілікті актілерді; 

кәсіптік және практикалық әрекеттер мәселелері бойынша нормативтік 
және әдістемелік құжаттар; 

арнайы педагогика мен арнайы психологияны; 

дефектология мен логопедияның анатомиялық-физиологиялық 
клиникалық негіздерін; 

дамуында мәселелері бар балаларға әр түрлі түзету көмегін көрсету 
бойынша заманауи әдіс-тәсілдерді; 

баланың сөйлеу тілдік және жүйкелік-психикалық дамуындағы 
ауытқушылықтардың алдын алу мен түзетудің әдіс-тәсілдерін; 
-
сөйлеу тілі дамуында ауытқушылықтары бар балалармен жұмыс 
бойынша бағдарламалық-әдістемелік әдебиетті; 

логопедиялық ғылым мен практикадағы жаңа жетістіктерді. 
45 


1.8. 
Логопед мұғалімнің жалақысы оның білімі мен біліктілік деңгейіне 
сәйкес есептеледі. 
1.9. 
Логопед мұғалім № ... ОБМ-інің басшысының бекіткен 18 
сағаттық жұмыс аптасынан құрылатын қалыпты жұмыс күні түзімінде кесте 
бойынша жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет