Биохимиялық қасиеті : қысқа ала қатардағы лактоза мен сахарозаны ыдыратпайды, ал қалғандарын қышқылға дейін ыдыратады.
S.dysenteriae (серотоп А – Григорьев-Шиг-Крузе таяқшасы) штамдарының биохимиялық белсенділігі төмен, глюкозаны қышқылға дейін ғана ыдыратады. Бұл түр маннитнегативті. 10 серовары бар
Биохимиялық қасиеті : S.flexneri (серотоп В) маннитпозитивті, индол түзеді, лактоза, дульцит пен ксилозаны ыдыратпайды. 6 серовары бар
S.boydii (серотоп С) биохимиялық қасиеті флекснерге ұқсас, бірақ дульцит, ксилоза мен арабинозаны ыдыратады. 15 серовары бар.
S.sonnei (серотоп D) лактоза мен сахарозаны баяу ыдыратады (3-5-ші күндері), индол түзбейді, биохимиялық типтері мен фаготиптері бар.
Антигендік құрылымы: О- антиген термостабильді, сыртқы мембрананың ЛПС
К- антиген термолабильді, беткейлі полисахарид
Патогенді факторлары: Адгезия факторы (пили, сыртқы мембрана белоктары, фимбриялар).
Инвазия факторы (нейраминидаза, муциназа, гиалуронидаза - сілемейді бұзады)
Токсиндері:
эндотоксин (ЛПС) - жалпы интоксикация;
цитотоксиндер (Шиг токсині) – А компоненті жасушаны бұзады, белок синтезін, натрий мен су иондарының сіңірілуін, қабыну ошағында сұйықтықтың ағымын бұзады. В компоненті токсинді жасушаның рецепторымен байланыстырады.
энтеротоксин – диарея;
Резистенттілігі . Шигеллалар химиялық және физикалық факторларға тұрақтылығы төмен . Ең төзімдісі ашык кұбыр суында 2,5 айға дейін , анық су қоймасында 1,5 айға дейін сақталатын S. sonnei болып табылады . S. sonnei ұзақ уақытқа дейін сақталып қана қоймай , тағамдарда , әсіресе сүт өнімдерінде көбейеді . Дизентерня коздырғышы қоршаған ортада S - 14 тәулік тіршілік етеді . Қыздырғанда 60 ° C температурада 10-20 минуттан соң эледі . Дезинфекциялық заттар ( гипохлориттер , хлорамин , лизал т.б. ) шигеллаларды тез жояды . Кейбір түрлері , әсіресе Shigella dysentеriае дақылданбайтын түрге ауысып кетуі мүмкін .
Эпидемиологиясы . Дизентерия - антропонозды инфекция : инфекция кезі ауру адам мен тасымалдаушы . Инфекцияның таралу механизмі – фекальді - оральді . Таралу жолдары әртүрлі болуы мүмкін . Мысалы , Зонне шигелласы көбінесе тағамдық жолмен таралады . Флекснер шигелласы - су арқылы , ал Григорьев - Шиг варианты тұрмыстық- қатынас жолдары арқылы таралумен сипатталады .
Иммунитеті . Аурудан кейін пайда болған иммунитет түрлік кана емес , сонымен қатар вариантты спецификалық болып келеді . Ол ұзаққа созылмайды және тұрақсыз .