Әшімбаев М. С., кеңес төрағасы Асқаров Ә. А., жауапты хатшы



Pdf көрінісі
бет13/14
Дата01.01.2017
өлшемі1,92 Mb.
#960
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
С. Сәкенов 
ЖИДЕБАй БАТыР
Тарихи  жырдың  бас  кейіпкері  Жидебай  батыр—ХVІІІ  ға-
сырдағы  жоңғар  шапқыншылығына  қарсы  күресте  ерекше 
ерлігімен  тарихта  өшпес  із  қалдырған,  Абылай  ханға  сенімді 
серік болған көрнекті тарихи тұлға. Оның қайталанбас ерліктері 
халық  аузында  сақталып  келген  көптеген  нұсқалы  аңыздар 
арқылы кейінгі ұрпаққа жақсы мәлім.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
Орталық  Ғылыми  кітапханасы ның  қолжазба  қорындағы 
23-205*

354
ТАРИХИ  ЖыРлАР
354
355
364-бумада сақталған «Жидебай ба тыр дың тарихы» атты жыр 
батыр туралы халықтық аңыздар дың негізінде дүниеге келгені 
айқын аңғарылады.
Жырдың  басында  қарасөз  бен  өлеңді  араластыра  отырып 
берілген  шежірелік  мағлұматтарды  қазақ  халқы  ауызша 
тарихнамасының өзге де үлгілері қуаттап растайды. Одан ары 
қарай  Жидебайдың  жас  кезінде  шешесі  өліп,  жетімдіктің  за-
рын  тартып,  ақырында  өгей  шешесі  тарапынан  көрген  зәбірі 
салдарынан он бес жасында елінен кетіп, Абылай бастаған қолға 
барып қосылып, алғашқы ұрыстың өзінде-ақ топ жарғандығы 
суреттелуі де—қазақ қаһармандық эпосының ұзақ уақыт бойғы 
дамуы барысында қалыптасқан типологиялық мотивтер.
Академик С.Қасқабасов өзінің «Ертек пен эпостың сюжеттік 
типологиясы»  атты  мақаласында  болашақ  қаһарман  дүниеге 
келерде  бір  ауыр  жағдайдың  орын  алуы  жалпы  қаһармандық 
эпос  дәстүріндегі  дағдылы  мотив  екеніне  тоқталған.  Мыса-
лы,  Шыңғыс  хан  туралы  қазақ  жырлары  мен  аңыздарында 
да  бас  қаһарман  тумай  жатып  әкесінен  айрылады  да,  өзінің 
туған  бауырларының  күндестік  әрекеттерінің  салдарынан 
елінен  қашып  кетіп,  қашан  билікке  қолы  жеткенше  тоғайда 
аңшылықпен күнелтуге мәжбүр болады.
Батырлардың  балалық  шағы  бітпей  жатып  алғашқы  ер-
лігімен  танылуы  да  арысы—әлем,  берісі—түркі-монғол  ха-
лықтары  эпосына  тән  ортақ  сарын.  Қаһармандық  эпос  үлгі-
лерінің көпшілігінде бас қаһарман алты-жеті, ары кеткенде он 
жасында жорыққа аттанып, жалғыз өзі мыңдаған жауды жеңіп 
жатса, халық жадынан өше қоймаған бертінгі дәуір оқиғалары 
туралы тарихи жырларда бұл дәстүрге ептеп өзгеріс енгізілген. 
Соның  айқын  көрінісі  осы  томға  енген  «Жидебай  батыр»  мен 
«Олжабай батыр» жырының Е.Құлсариев жырлаған нұсқасында 
бас  кейіпкерлердің  алғаш  рет  әскери  қақтығысқа  түсулері  он 
бес  жасында  орын  алғаны  баяндалады.  Оның  үстіне  тарихи 
жыр  кейіпкерлерінің  өзге  қаһармандардан  басты  айырма шы-
лы ғы—олардың қан майданда өзге батырлардың шамасы кел-
меген  қалмақ  батырын  өлтіріп,  қазақ  әскерінің  рухын  көтеру 
арқылы  бас  батырға  айналуы  болып  табылады.  Ал  мыңдаған 
жауды жеңуде ол өзге де батыр серіктерімен тізе қоса отырып 
ерлік көрсетеді. Соның бір жарқын мысалын баспаға ұсы ны лып 
отырған осы жырдан да аңғарамыз.

354
354
355
ҒылыМИ  ҚОСыМШАлАР
Жыр  1927  жылы  Семей  облысында  жазылып  алынған. 
Жинаушысы,  айтушысы  белгісіз.  Мәтін  Орталық  Ғылыми  кі-
тапхананың қолжазба қорында сақтаулы түпнұсқадан (Ш.364) 
еш өзгертусіз дайындалды. 
С. Сәкенов 
ОРТА ЖҮЗ ОлЖАБАй БАТыР
Бұрын  баспа  бетінде  жарияланбаған  жыр.  Алайда  «Қазақ 
әде биетінің»  1-том,  1-кітабында  жырдың  осы  нұсқасы  жөнінде 
ғылыми мәліметтер келтірілген. Орталық Ғылыми кітапхана мен 
М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер  институтының  сирек 
қорларында Молдажан Жадайұлының «Олжабай батыр тура лы» 
[ОҒК. 381-бума, 2-дәп, 1946.] жыры мен Жаяу Мұса Байжа нов тың 
«Олжабай  батыр»  және  өз  қолтаңбасымен  жазған  «Олжабай  ба-
тыр дың бір соғысы» [ӘӨИ. 609-бума, 1-2-дәп.] екі жырынан өзге, 
ба ласы  Салық  Жаяумусин  тапсырған  «Олжабай,  өмір  тарихы» 
[ОҒК. 381-бума, 1-дәп., 1940] атты аңыздар топтамасы сақталған. 
М.Ж.Кө пеев  жинаған  «Он  сан  орта  жүзге  ұран  бол ған  Олжабай 
батыр» деп аталған аңыздар мен әңгімелерде де [ОҒК. 1177-бума, 
2-дәп.] Ол жабай батыр туралы мәліметтер аз емес.
Ал  томға  ұсынылып  отырған  Ертай  Құлсариев  жырлаған 
«Орта  жүз  Олжабай  батыр»  деген  жыр  нұсқасы  көркемдігі-
мен  де,  толықтылығымен  де  ерекшеленеді.  Алғашқы  Молда-
жан  нұсқасында  Олжабай  батырдың  дүниеге  келуі,  соғысқа 
төселуі, айдаһарды өлтіруі бейнеленсе, Жаяу Мұсада Олжабай 
батырдың  қырғыздармен  болған  соғысы,  ал  тағы  бір  нұсқада 
Абылай бастаған 40 батырдың Сарыарқаны қалмақтардан азат 
етуі, бұл тарихи оқиғаның қазақтардың жеңісімен аяқталуына 
Олжабайдың  айрықша  қайрат-жігер  жұмсап,  ерлік  көрсетуі 
баян далады.  Ертай  нұсқасында  Олжабайдың  тууы,  он  төрт 
жасар  кезінде  арыстанмен  алысуы,  қырғыз  Әтекеден  атын 
қайтарып  алып,  жолай  Бөгенбай  батырмен  достасуы,  ұйқыда 
жатқанда  аузына  кірмек  болған  жыланды  қыршып  тас-
тауы,  торғауыт  қалмақтармен  соғысы,  Қалданнан  Абылай-
ды босатып алуы, Әмір Сананы қорғап қалуы, Қалдан Серенді 
тұтқындауы, Абылайдан Жабай батырды босатып алуы сияқты 
Олжабайдың  ерлігі,  қайсарлығы,  адамгершілігі  т.б.  адами 

356
ТАРИХИ  ЖыРлАР
356
357
қасиеттері  толық  ашылған.  Жыршы  шешуші  шайқастарда 
Олжабай  бастаған  қолдың  жеткен  жеңістері  ғасырлар  бойғы 
қазақ-қалмақ қақтығысының қазақтардың пайдасына шешілуі 
үшін бетбұрыстық мәні болғанын атап көрсетеді. 
Қолжазба  1939  жылы  Алматы  облысы,  Іле  ауданында  оқу-
шы дәптеріне араб әрпімен, көк сиямен жазылған. Түпнұсқа ақ 
қағазбен тысталып, түбі тігіліп, қалың бумаға салынған. Олжа-
бай батыр туралы өзге де материалдар ОҒҚ қорының 801, 1661 
бумалары  мен  ӘӨИ  қорының  700-бумаларында  жинақталған. 
Ертай  Құлсариев  жырлаған  «Орта  жүз  Олжабай  батыр» 
жырының томға ұсынылған мәтіні толықтай түпнұсқа негізінде 
тұңғыш рет ұсынылып отыр.
Т. Әлібек
 
ОлЖАБАй ЖӘНЕ ҚыРыҚ БАТыР
ХVIII ғасырдағы жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте 
ерекше ерлiгiмен және қолбасшылық дарынымен көзге түскен 
тарихи тұлғалардың бiрi—Олжабай батыр.
Тарихшылар  ХVIII  ғасырдың  40-жылдарынан  кейiнгi  ше-
шушi шайқастарда Олжабай бастаған қолдың жеткен же ңiс терi 
ғасырлар  бойғы  қазақ-қалмақ  қақтығысының  қазақ тар  пай-
дасына шешiлуi барысында аса маңызды рөл атқарғанын атап 
көрсетедi.
Қапылыста  қалмақтардың  тұтқынына  түскен  Абылай  хан-
ның  аман-есен  елге  оралуына  себепшi  тарихи  тұлғалардың 
қатарында Олжабай батырдың болуы шындықтан алшақ емес.
Олжабай  батырдың  ерлiгi  туралы  жырлар  мен  аңыздар 
қолжазба  қорларында  бiршама  көп  сақталған.  М.О.Әуезов 
атындағы Әдебиет және өнер институты Қолжазба орталығын-
да  белгiлi  ақын,  сазгер  Жаяу  Мұса  Байжановтың  өз  қолымен 
жазылған «Олжабай батырдың бiр соғысы» және ақынның ба-
ласы Салықтың әкесiнiң қолжазбасынан көшiрiп алған «Олжа-
бай батыр» атты жыр мәтіні сақталған.
  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігі 
Орталық  ғылыми  кiтапханасының  қол жазба  қорында  Молда-
жан  Жадайұлы  жырлаған  «Олжабай  батыр  туралы»,  Ертай 

356
356
357
ҒылыМИ  ҚОСыМШАлАР
Құлсариев жырлаған «Олжабай батыр» эпосының қолжазбасы 
сақталған.
«Бабалар  сөзі»  сериясына  осы  жырлардың  iшiндегi  ең  кө-
лемдiсi  болып  табылатын  Е.Құлсариев  жырлаған  нұсқа  мен 
Салық  Жаяумусиннiң  қолжазбасындағы  нұсқа  ұсынылып 
отыр.
Бұл  нұсқаларды  бiр-бiрiмен  шатыстырмас  үшiн  соңғысын 
«Олжабай және қырық батыр» деп атадық.
«Олжабай және қырық батыр» жыры Орталық Ғылыми кі-
тапхананың қолжазба қорында сақтаулы түпнұсқадан (Ш.609) 
еш өзгертусіз дайындалды. 
С. Сәкенов 
РАйыМБЕК БАТыР
«Райымбек  батыр»  жыры  алғаш  «лениншіл  жас»  (1990) 
газетінде жарияланып, кейін «Райымбек батыр» (құраст. ф.ғ.к. 
С.Дәуітов, 1992.) деген атпен жеке жинақ ретінде жарық көрді. 
Жырлаушы  Мөкен  Болысов  өз  қолымен  тап сырған  қолжаз-
ба  М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер  институтының 
қолжазба қо рында сақтаулы (813-бума). Туынды осы қордың 
814-бумасын дағы  белгілі  халық  әдебиеті  үлгілерінің  белгілі 
жинаушысы С.Сауранбаев (1899-1987) жинаған Райымбек ба-
тыр туралы аңыз, әңгімелердің желісіне құрылған.
Бұл  аңыз,  әңгімелерде  Райымбек  батырдың  үш  ірі  әскери 
жорығы баяндалады. Олар:
1. Жас батырдың алғаш «Райымбек, Райымбек!» деп өзінің 
атын ұран етіп шақырып, бетпе-бет келіп қалған қалың жаудан 
шегінген қазақ сарбаздарын Іле өзенінен өткізу амалы.
2.  Райымбек  батырдың  Түрген  өңірінің  (Алматы  облы-
сы,  Еңбекшіқазақ  ауданы)  билеушісі  Қорынды  жеңіп,  оның 
қоластында  жүрген  қазақтарды  босатып,  елдің  қонысын 
кеңейтуі,  сондай-ақ  Көкпектегі  Секер  ханды  (Ойрантөбедегі 
соғыс),  Таушелек  пен  Торайғырды  ұзақ  жылдар  мекен  ет-
кен  жоңғардың  Ақанас,  Арыс  хандарын  қуып,  Жетісуды  жау 
тырнағынан босатуы әңгіме болады.
3.  Алтай  аймағын  билеген  қалмақ  ханы  Төреханның 
Тарбағатай,  Шәуешектегі  қазақтарды  бір-бірімен  қатыстыр-

358
ТАРИХИ  ЖыРлАР
358
359
май  қоюының  салдарынан  Шәуешекте  орта  жүздің  найман, 
қызай,  қаракерей  руларының  қалып  қоюы,  сол  Төреханға 
қарсы  Райымбек  бастаған  Жетісу,  Қаракерей  Қабанбай  қол-
бас шы лық еткен орта жүз батырларының ерен ерліктері баян-
далады.  Тарбағатайдың  батыс  беті  қазақтарға,  шығыс  жағы 
жоңғарларға  тиесілі  болып,  соғыс  аяқталады.  Қазақ-жоңғар 
арасында  бейбіт  бітім  жасалып,  тыныштық  орнағаннан  кейін 
ұлы  жүз  руларының  қоныстану,  жер  бөлісу  мәселелерінің 
шешілуімен жыр қорытылады.
М.Болысов  осы  Райымбек  жорықтарының  алғашқы  екеуін 
жырына  өзек  етіп,  батырдың  17  жасқа  дейінгі  жауынгерлік 
өмірін  қамтиды.  Жырдың  басты  кейіпкерлері  Хангелді 
(Райымбектің атасы), Рыскелді, Сатай, Бақай, Аралбай, Биеке 
батырлар—Жетісуды  жау  тырнағынан  босатуда  ерлік  көрсет-
кен  ірі  тұлғалар.  Шығармада  көрсетілген  жер-су  атаулары  да 
тарихи шындықтан алшақ кетпейді. Мысалы, жоңғардың Ақа-
нас, Арыс сияқты батырларына қатысты жер атаулары бүгінгі 
күнге дейін сақталып қалған. 
Жырда  Райымбектің  соғысқа  мінген  Көкойнақ  аты  тым 
әсіреленіп  беріледі.  Көкойнақ  батырдың  айтқанын  түсініп, 
таңқаларлық іс-әрекеттер көрсетеді. Ол Қорын хан мен Әжіке 
деген  бай  қалмақтың  диалогында  былайша  сипатталады: 
«Райымбек  деген  жас  жігіт  бар,  сиқыр  екенін,  шайтан  екенін 
білмейміз.  Қарсы  шыққан  атты  омырауымен  соғып  жығады. 
Қылыш  шапқанда  көз  ілеспейді.  Астындағы  аты  да  сағым 
сияқты...». Кейде жыршы Көкойнақ атты батырлық эпостағы 
тұлпарлармен деңгейлес кейіптейді.
...Кейде аяңдап желеді,
Ойпаң жерден сырғытып,
Жарлау жерден қарғытып,
Аш бөрідей бүгіліп,
Сызып кетіп барады.
... Төрт аяқтан шыққан от,
Шақпақ тастай жылтылдап.
Келе жатыр Көкойнақ,
ұршық еті бұлтылдап.

358
358
359
ҒылыМИ  ҚОСыМШАлАР
Жалпылай алғанда, жыршы бұл туындыда қазақ эпикалық 
жырларының  дәстүрлі  тәсілдерін  еркін  пайдалана  отырып, 
бар өмірін елінің еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін күрескен Рай-
ымбек  батырдың  қаһармандық  тұлғасын  шындық  шеңбе рін де 
сомдауға талпыныс жасаған. 
Томға ұсынылып отырған «Райымбек батыр» жырының жо-
ғарыда  көрсетілген  басылымдары  салыстырылып,  мәтін  түп-
нұсқа (ӘӨИ, ҚҚ: Ш.813) бойынша әзірленді.
Т. Әлібек
РАйыМБЕК
Қытайдағы  қазақ  диаспорасының  өкілі  Қожабек  жырау 
орындаған «Райымбек» жыры алғаш 2005 жылы 15 маусымда 
«Жетісу»  газетінде  жарияланды.  Бұл  туындыны  М.Болысов 
жырлаған  жырмен  салыстыра  қарағанда,  олардың  мазмұны, 
сюжеттік  желісі  бір-біріне  мүлде  ұқсамайтындығы  байқала-
ды.  Кейінгі  шығармада  Райымбектің  жоңғарлармен  өткен  со-
ғыстардағы ерліктері мадақталып, Ойрантөбедегі жекпе-жекте 
жаудың он жеті батырын қалай жеңгені бір-бірлеп баян далып 
шығады.  Сондай  бір  соғыста  қазақ  қолы  шегініп,  Іле  бойына 
сырғиды. Мұнда Райымбектен өзге қол бастап жүрген қазақтың 
да,  жоңғардың  да  батырларының  есімі  аталмайды.  Алдыңғы 
жырда батырдың аты Көкойнақ аталса, соңғысында Ақмойнақ 
деп  аталады.  М.Болысовта  қамысты  талмен  қоса  буып,  Ілеге 
өткел  жасаса,  Қожабек  жырында  әр  сарбаз  баулаған  қамысты 
атқа артып, соның көмегімен өзеннен жүзіп өтеді. Қожабек жы-
рау  Райымбектің  әулиелігіне  көп  көңіл  бөліп,  Іле  бойындағы 
құмдауыт жерде оның тіккен ағашын, қылыш шаншыған жер-
ден шыққан шипалы суды, ұзақ жыл қорған болып, кейін батыр 
дүние  салғанда  тәнін  Алматыға  дейін  алып  келген  Ақбураны 
ерекше суреттейді. Оның Қарасаздан (Райымбек ауданы) бергі 
Кегенде,  Көкпекте,  Сөгетіде,  Шелекте  алдынан  қанша  адам 
шығып жоқтау айтса да тоқтамай, Алатаудың бөктеріндегі Ал-
малы  қыстағына  тоқтап,  сондағы  бір  тепсеңге  шөккені  баян-
далады.  Бұл  аталған  оқиғалар  алғашқы  жырда  кездеспейді. 
Жырдың  тілі  жатық,  кестелі,  дәстүрлі  эпикалық  стильде 
құрылған.

360
ТАРИХИ  ЖыРлАР
360
361
Томға  ұсынылып  отырған  «Райымбек  батыр»  жырының 
мәтіні жоғарыда көрсетілген басылым негізінде әзірленді. 
Т. Әлібек
 
ӨТЕГЕН ӨТЕҒұлұлы ТУРАлы ЖыРлАР
Өтеген  Өтеғұлұлы—жоңғар  шапқыншылығына  қарсы 
күресте  және  одан  кейінгі  уақыттарда  елінің  тәуелсіздігіне 
сіңірген  орасан  зор  қызметімен  халқының  жадында  мәңгі 
сақталған тарихи тұлға. Оның ерлік істері «Өтеген батыр» атты 
жырдың төрт түрлі версиясына арқау болған.
Оның  екеуі  белгілі  ғалым,  қазақ  фольклоры  мен  ауыз 
әдебиеті  үлгілерін  жинаушы,  тарихшы—Әбілқасым  Ділібаев 
жазып алған, Тілеміс ақын жырлаған «Жорықта», «Ер Өтеген» 
жырлары. 
Тілеміс  Есболовтың  орындауындағы  «Жорықта»  атты 
жырда  Өтеген  батыр  ретінде  алғаш  таныла  бастаған  кез-
де  оның  ерліктеріне  тәнті  болған  Төле  оны  сынай  түсу  үшін 
жақын  маңдағы  бейіттің  ағаштарын  отын  қылу  үшін  алып 
келуге  жұмсағаны,  Өтегеннің  бидің  алдын  ала  көрдің  ішіне 
отырғызып  қойған  адамдары  қарсылық  жасап,  өлі  әруаққа 
қиянат жасағанын айтып қорқытқысы, ұялтқысы келгеніне на-
зар аудармай: «Өлі әруақ, тыныш жат! Тірі әруаққа ас пісірем!» 
деп бейіттің ағаштарын алып кеткені баяндалады.
Жоғарыда мазмұндалған сюжеттік мотив қазақ тарихи жыр-
лары  мен  аңыздарында  көптеген  батырларға  таңылу  арқылы 
формулалық  сипатқа  ие  болған.  Мысалы,  Ақыт  Үлімжіұлы 
жырлаған жырда Абылай Жәнібекті осылайша сынаса, жырдың 
өзге нұсқасында Абылайды Қабанбай алмастырады.
Ендігі  бір  жырда  Қабанбай  осылайша  Шақшақ  Жәнібекті 
сынайды. Ағыбайдың, Сұраншының және өзге де батырлардың 
осындай  оқиғаны  бастан  кешіргені  туралы  аңыздар  бар.  Бұл 
жыр  мәтіні  ОҒК  Сирек  қорында  сақталған  (Ш.833)  қолжаз-
ба  бойынша  ұсынылып  отыр.  Бұл  жырдың  қолжазбасын 
Әбілқасым  Ділібаев  1943  жылы  Алматы  қаласында  Тілеміс 
Есболовтың  ұлы—Қасымхан  Тілемісовтің  қолжазбасынан 
көшіріп  алған.  Қасымхан  Тілемісов  1943  жылы  Жамбыл 
облысының Қордай ауданында 55 жасында қайтыс болған.

360
360
361
ҒылыМИ  ҚОСыМШАлАР
Жырдың Тілеміс ақын айтқан «Ер Өтеген» жыры Өтегеннің 
ата-бабалар әруағының жәрдемімен ғайыптан пайда болуын су-
реттеуден басталады. 
Бұл  нұсқа  Қазақстан  Республикасы  ҚР  Білім  және  ғылым 
министрлігі  Орталық  ғылыми  кітапханасының  қолжазба 
қорындағы  833-бумада  сақтаулы.  Бұл  нұсқаны  Әбілқасым 
Ділібаев  Қасымхан  Тілемісовтің  қолжазбасынан  көшіріп 
алған.
Жырдың  композициялық  құрылымы  да,  сюжеттік  желісі 
де,  образдар  сомдау  тәсілі  де  ескі  заман  жыршыларының 
көне  сүрлеуінен  адаспайды.  Өткен  өмірдің  көріністерін  ашып 
көрсету,  сол  арқылы  халықтық  мұраттарды  насихаттау 
классикалық  қаһармандық  эпос  үлгілеріндегідей,  мұнда  да 
бас  кейіпкердің  басынан  өткен  жағдайларды  хронологиялық 
тәртіппен тізбектей баяндау арқылы жүзеге асқан. Соған орай, 
бас  кейіпкердің  бейнесінде  оны  батырлар  жырының  өзге  де 
қаһармандарымен ұқсататын нышандар мол. Оның бір белгісі—
Өтегеннің  кереметтің  күшімен  туған  айрықша  тұлға  екендігі 
бейнеленуі. 
С.Қасқабасов:  «Енді  кейіпкер—батыр  дүниеге  келерде, 
міндетті түрде бір төтенше оқиға болады; болашақ қаһарманның 
не  әкесі,  не  шешесі  қаза  болады,  я  болмаса,  олар  қуғында 
жүреді.  Немесе  ол  туар  кезде  елді  жау  шабады,  т.т.»
1
,—деп 
атап көрсеткен қаһармандық эпосқа ортақ сипат Тілеміс айт қан 
нұсқада  Өтегеннің  оба  індеті  қарсаңында,  әке-шешесі  бір  пер-
зентке зар болған заманда өмірге келуінен, оның сәби ша ғында 
Өтеғұлдың қайтыс болуынан аңғарылады.
Халыққа  Жерұйық  қоныс  іздеу—барлық  халықтардың 
айрықша  бір  қиыншылыққа  тап  болған  сәттерінде  қылаң 
беретін  әлеуметтік  утопиялық  сарын.  Қазақ  әпсаналарында 
Асан  Қайғының,  оның  қызы  Жұпардың  Жерұйықты  іздеуі 
баян далады. «Өтеген батыр» жырының Жамбыл және бірқатар 
өзге  де  жыршылар  жырлаған  нұсқасының  бас  кейіпкері  де 
осындай мақсатпен сапар шегеді. 
Бұл томға ұсынылып отырған «Өтеген батыр» жыры—осы 
жырдың Жамбыл ақынның айтуынан Жаманкеев Әбдіғаппар 
1
  Қасқабасов  С.  Ертек  пен  эпостың  сюжеттік  типологиясы  //  Қазақ  фольк-
лорының типологиясы. — Алматы: Ғылым, 1981. 

362
ТАРИХИ  ЖыРлАР
362
363
жазып алған нұсқасы. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік 
мұрағаты қорында сақталып, көп уақыт бойы ғылыми қауымға 
беймәлім  болып  келген  бұл  нұсқаны  М.О.Әуезов  атындағы 
Әдебиет  және  өнер  институтының  ғылыми  қызметкері  Ра-
фат  Әбдіғұлов  іздеп  тауып,  «Мүйізді  Өтеген  батыр»  атты 
мерейтойлық  жинақта  жариялаған  болатын.  Бұл  нұсқа 
жарыққа  шыққанға  дейін  Жамбыл  Жабаев  шығармалары-
ның  әр  жылдары  баспадан  шыққан  жинақтарында  Тайыр 
Жароков  жинаған  нұсқа  жарияланып  келді.  Соңғы  аталған 
нұсқаның 1957 жылғы жарияланымына ғылыми түсінік бер-
ген  Қ.Тұрғараевтың:  «Поэманы  1937  жылы  Тайыр  Жароков 
жазып  алған.  Жамбыл  қайта  жырлағанда,  поэманың  кіріспе 
және  қорытынды  бөлімін  совет  шындығына  байланыстыра 
қосқан»  деп  жазуына  қарағанда,  бұл  нұсқаның  Тайыр  Жа-
роков  жазып  алған  алғашқы  нұсқасы  мен  оқырман  қауымға 
Жамбыл Жабаев шығармаларының жинақтары арқылы жақ-
сы таныс нұсқасы арасында елеулі айырмашылықтар бол ғаны 
байқалады.  Өкінішке  орай,  бұл  нұсқалардың  алғашқы лары 
бізге жетпеген. 
Жамбыл жырлаған «Өтеген батыр» жырының осы уақытқа 
дейін  әлденеше  рет  жарияланған  нұсқасында  ақынның  өзі 
айтып  отырған  жыр  туралы:  «Хикая  емес,  бұл  өзі  өз  жаным-
нан  шығарған»  дей  келіп,  бұл  шығарманы  қандай  өнерпаздан 
үйренгенін  нақтылап  айтудан  тайқып,  бұл  жырды  желден, 
тағы  құлжадан,  бұлбұлдан,  қыраннан,  толқыннан,  шөптен, 
гүлден, жұлдыздан, сай-саладан естігенін айтып, ақыр соңында 
ғана:  «Бұл  жырды  мен  естігем  жыршыдан,  ақын  қауымнан» 
деп мойындайды. Мұнда ақын қазақ жыршыларының дәстүрі-
нен  алшақтап,  «Манас»  жырын  айтушылардың  өздерінің 
нақты  ұстазы  бар  екенін  мойындамай,  репертуарларындағы 
жырдың  оларға  аян  арқылы  дарығанын  баяндау  дағдысына 
бойұрушылықты  аңдатады.  Қалай  дегенде  де,  бұл  тұста 
Жамбылдың  шындықты  саналы  түрде  бүркемелегенін  Сапар-
ғали  Бегалинге  шапырашты  руының  қариялары  бұл  жыр-
ды  ерте ректе  Күсеп  ақын,  одан  кейін  Сүйінбай  жырлағанын, 
жаңа заманда елдің қонысы тарылған кезде Жамбылдың қайта 
жаңғыртып жырлағанын айтуы дәлел. 
Халық аңыздары мен жырларының көпшілігінде Өтеген нің 
қос  мүйізі  болғандығы  атап  өтіледі.  Жамбыл  оны  «батыр лық-

362
362
363
ҒылыМИ  ҚОСыМШАлАР
тың  белгісі»  ретінде  түсіндіреді.  Дегенмен,  әлем  халық тары 
адамға  біткен  қос  мүйізді  барлық  қасиеттері  жағынан  теңдесі 
жоқтықтың  нышаны  деп  есептегені  екі  дүниенің  билеуші-
сі  саналған  Ескендір  Зұлқарнайынның  да  осындай  белгісі 
болғанынан  аңғарылады.  Жамбыл  жырлаған  нұсқада  Өтеген-
нің  адамдармен  қақтығысы  суреттелмейтінінің,  оның  қарсы-
лас тары айдаһар, абжылан, жезтырнақ секілді мифологиялық 
жануарлар екендігінің де сыры сонда жатқан тәрізді.
Жырдың  Т.Жароков  жазып  алған  нұсқасынан  кейін  жа-
зылып  алынған  Ә.Жаманкеев  нұсқасында  алдыңғы  аталған 
нұсқадағы  тағы  да  бірқатар  мотивтер  қайталанбайды.  Мы-
салы,  соңғы  нұсқада  батырдың  жезтырнақты  өлтіргені  бір 
сөйлеммен  ғана  баяндалса,  алдыңғы  нұсқада  ол  кеңінен 
суреттеледі.  Соңғы  нұсқада  дүние  жүзін  кезген  Өтеген  ең 
соңында  Қорқыттың  жолына  түскені  айтылса,  алдыңғы 
нұсқада  бұл  баяндаудың  орнын  Өтегеннің  қорыққан  кейпін 
танытатын  «Қобызындай  Қорқыттың  безілдеді  қалтылдап» 
деген сөйлем ғана кездеседі.
  Сүйінбай  жырлаған  нұсқада
2
  Өтеген  өз  елінің  Қоқаннан 
зорлық көріп, ел қорғайтын батыр жоқтығының зарын тартқан 
кезде,  халқын  көп  күттіріп,  асыға  тостырып  барып,  дүниеге 
келеді. Ақырында ақ сақалды сары тісті бір кәрі шал әлемдегі 
жан  біткеннің,  тіпті  аң-құстың,  дию,  пері,  жындардың—
барлығының  тілін  білетін,  солардың  күллісіне  әмірі  жүретін, 
ешқандай  жаудан  жеңілмейтін,  дәл  он  екі  жасында  жау-
дан  кекті  әперетін  Өтеген  атты  батыр  дүниеге  келгенін  бол-
жап  айтады.  Сүйінбай  жырлаған  нұсқа  басынан  аяғына  дейін 
тұтастай фольклорлық мотивтерден құралған. Ол мотивтердің 
көпшілігі көне дәуірден келе жатқанын ғайыптан пайда болу, 
қаһарманның  жан-жануардың  барлығының  тілін  білуі  секілді 
алғашқы  қауымдық  құрылыс  адамдары  сана-сезімінің  жемі-
сі  екенінен  байқаймыз.  Бұлардың  соңғысы  аңшылық  дәуір 
адамының  тотем-баба  туралы  түсінігі  мен  наным-сенімдерінің 
нәтижесі екені дәлелденген.
«Бабалар  сөзінің»  59-томына  Өтеген  туралы  жырлардың 
Тілеміс  Есболовтан  жазылып  алынған  «Өтеген  батыр»,  «Жо-
рықта» деп аталатын екі нұсқасы және Жамбыл Жабаевтың ай-
2
 Сүйінбай. Шығармалары. — Алматы: Жазушы, 1990. — 23-27-бб.

364
ТАРИХИ  ЖыРлАР
364
365
туынан  Жаманкеев  Әбдіғаппар  жазып  алған,  қазір  Қазақстан 
Республикасы  Орталық  мемлекеттік  мұрағатында  сақтаулы 
нұсқасы енгізілді.
Томға  ұсынылып  отырған  «Өтеген  батыр»  жырының  мә-
тіндері  ОҒК  және  ӘӨИ  қолжазба  қорларында  сақталған  түп-
нұсқаларынан еш өзгертусіз дайындалды. 
С. Сәкенов
ЖӘНІБЕК БАТыР
Жырда ХVIII ғасырдағы қазақ-жоңғар соғыстары кезінде ел 
басынан  өткен  дүрбелең  оқиғалар  және  қазақ  батырларының 
Абылай хан айналасына топтасып қалмақтарға күйрете соққы 
бергені әсерлі баяндалады. 
«Жәнібек  батыр»  тарихи  жырының  бірнеше  нұсқасы 
бар.  Олардың  көпшілігі  көршілес  Қытай  еліне  қарасты  Ал-
тай  аймағының  қазақтары  арасында  аңыз-әңгіме  түрінде  ай-
тылып  келіп,  ХХ  ғасырдың  бас  кезінде  өлең  түрінде  хатқа 
түскен. Эпостың көлемді бір вариантын 1927 жылы Тарбағатай 
өңірінің  тумасы,  өзінің  айтуынша,  Керей  Жәнібек  батырдың 
бесінші ұрпағы болып саналатын ыбырай деген кісі жазып та-
ратса,  екінші  бір  нұсқасын  Алтай  аймағының  белгілі  ақыны, 
Қытай  қазақтарының  рухани  көсемдерінің  бірі—Ақыт  қажы 
Үлімжіұлы  шығарғаны  мәлім.  Екі  ақын  жырлаған  «Жәнібек 
батыр»  нұсқаларының  ұқсастықтарымен  қатар,  өзіндік 
ерекшеліктері  де  бар.  ыбырай  да,  Ақыт  та  алдымен  жыр 
кіріспесін  керей  руының  шежіресін,  оның  ішінде  Жәнібек  ба-
тырдың  ататегін  тарқатудан  бастайды.  Айырмасы—біріншісі 
керейдің бел баласы Жаубасардан бергі ата-баба жалғастығын 
үзбей,  түптеп,  тергей  таратса,  соңғысында  керейдің  сегізінші 
ұрпағы  Жантекейден—Сүйіндікті,  одан  Алтыны,  одан  Са-
рыны,  одан  Бердәулетті,  одан  ер  Жәнібекті  өрбітеді.  Яғни 
ыбырай  ақын  атасының  Абылайдың  ақ  туы  астында  жоңғар 
басқыншыларына  қарсы  күрескен  ерлігін  қысқаша  ғана  су-
реттеп,  есесіне  Жәнібектің  12  ата  абақ-керейлердің  көсемі 
әрі  батыр,  әрі  би,  әруақты  батыр  болғандығына  көбірек  назар 
аударған. 

364
364
365
ҒылыМИ  ҚОСыМШАлАР
Ақыт  болса,  Жәнібектің  батырлық  мінезін,  ерекше  жара-
тылысы мен ерлік әрекеттеріне баса назар аударғанын көреміз. 
Бұл жырда ақын Жәнібектің төрт ерлігіне тоқтап, сол арқылы 
батырлық  даңқын  әсірелей  сомдаған.  Батыр  он  сегіз  жасын-
да  қалмаққа  қарсы  қол  жинап  жатқан  Абылайдың  әскеріне 
қосылады. Сол жолы сапарда Жәнібек ұйықтап жатса жалаңаш 
кеудесіне  улы  жылан  өрмелеп  келеді  екен.  Батыр  аузын  аша-
ды  да,  аузына  кірген  жыланның  басын  тістеп,  жұлып  ала-
ды.  Бұл—оның  алғашқы  ерлігі.  Жәнібек  тағы  бірде  демалып 
жатса,  жыртқыш  аю  келіп  бас  салады.  Батыр  қатты  ақырып 
жібергенде әлгі аю жүрегі жарылып өледі. Жәнібектің үшінші 
ерлігі  қалмақтың  бас  батыры  Садырды  жекпе-жекте  өлтіруі 
еді.  Ал  төртіншісі—соғыста  Абылай  ханның  Ақтаңгер  аты 
өліп  жаяу  қалғанда  Жәнібек  көк  дөненін  көлденең  тартады. 
Хан қараның атына мінгісі келмейді. Сонда Жәнібек Абылайға 
қылыш көтеріп, ханды қорқытып, атқа қондырыпты-мыс.
Тарихи жырда Жәнібектің образы батырлық эпосқа сай бей-
неленген.  Мәселен,  оның  батырға  лайық  ат  таңдауы,  ханның 
сынынан  өтуі,  жекпе-жекте  ерлік  көрсетіп,  жаудың  бас  баты-
рын жеңуі, жауға қатал, елге қамқор болуы, керей тайпасының 
басшы  биі  әрі  көсемі  қызметін  атқаруы,  аты  ұранға  шығуы 
тәрізді  мотивтер  тайпалық  эпос  қаһармандарына  тән  қасиет 
және қазақтың қас батырларының негізгі сипаты осы тектес бо-
лып келеді.
Қазақ  арасында  керей  Жәнібек  батырдан  басқа,  тағы  екі 
Жәнібек батыр туралы тарихи жыр кең тараған. Оның бірінде 
ХVІ  ғасырдың  екінші  жартысында  қазақ  хандығының  негізін 
қалаушылардың бірі—Жәнібек ханның ерлік жорықтары аңыз 
түрінде баяндалса, екінші бір нұсқада ХVІІІ ғасырда Әбілхайыр 
ханның  маңында  болып,  жоңғар  шапқыншыларына  қарсы 
азаттық  қозғалыстарына  белсене  қатысқан  белгілі  қолбасы, 
мемлекет  қайраткері—Шақшақ  Жәнібек  тархан  жайындағы 
тарихи  оқиғалар  эпостық  сарында  қызықты  жырға  айналған. 
ыбырай  ақынның  айтуына  қарағанда,  керей  Бердәулетұлы 
Жәнібек  батырдың  есімін  осы  аталған  Шақшақ  Қошқарұлы 
Жәнібек  тархан  өзі  ырымдап  қойса  керек.  Соңғы  екі  Жәнібек 
батыр туралы тарихи жырлардың қолжазбасы ҚР БҒМ ОҒК си-
рек қорында (Ш.585, 1-дәп., Ш.778, 3-дәп.) сақталған. Оларды 

366
ТАРИХИ  ЖыРлАР
366
367
жырлаушылар—халық  ақындары  Орынбай  Тайманұлы  мен 
Иманжан Жылқайдарұлы.
«Бабалар сөзі» сериясының кезекті томына ұсынылып отыр-
ған «Жәнібек батыр» жыры ӘӨИ Қолжазба қорында сақтау лы 
түпнұсқадан (ҚҚ: Ш.330, 8-дәп.) еш өзгертусіз алынды. 
С. Қосан
МыРҚы БАТыР
Жырдың  бірнеше  нұсқасы  сақталған.  Эпостық  мұраны 
бүгінге жеткізушілердің бірі—халық ақыны Әшім Нұрлыбаев. 
Оның  жазуынша,  ақын  «Мырқы  батыр»  эпосын  Кәрібоз  деген 
беделді  кісінің  өтінішімен,  бұрынғы  қиссаның  ізімен  қайта 
өңдеп, дамыта жырлағанға ұқсайды. Ақынның: 
Бұл қисса түгелімен жазылған жоқ,
Баяғы Байсейіттен қалған сұрап,
—деген мәлі метіне қарап, аталған шығарманы Әшімнен бұрын 
да  жыр лаушы,  орындаушы  өнерпаздардың  болғандығын  аң-
ғару қиын емес. 
ұзын  саны  5000  жолға  жуық  «Мырқы  батыр»  жырының 
мұнан  өзге  Бөрі  ақын  жырлаған  «Төрт  батыр  қиссасы»  (1963) 
және  «Төрт  батыр»  (1967)  нұсқалары  сақталған.  Бірінші 
нұсқаны  фольклоршы  Б.Адамбаев  Қарағанды  экспедициясы 
кезінде  ел  арасынан  жазып  алса,  екіншісін  К.Есжанов  жинап 
тапсырған
3
.  Әшім  Нұрлыбайұлы  жырлаған  «Мырқы  батыр» 
жырының  тағы  бірнеше  варианты  бар.  Олардың  алғашқысын 
институтқа  1959  жылы  жыршының  өзі  жіберген  болса, 
екіншісін К.Ниетбаев тапсырған. Сондай-ақ қолжазба қорында 
«Мырқы  батырдың»  1963  жылы  Ә.Сағымбайұлы  өткізген 
нұсқасы сақталған [Ш.525., 1,2-дәп.] Аталған жырдың Дүйсен 
Шопанұлы  жинаған  тағы  бір  варианты  2007  жылы  жарыққа 
шықты
4

«Мырқы  батыр»  эпосы—тарихи  жыр  жанрына  жата-
тын  фольклорлық  шығармалардың  арасындағы  ең  көлемді 
жырлардың  бірі.  Аталған  жыр  сюжеті  Қазақстанның  Жетісу 
3
 Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. —Алматы: Ғылым, 1975. —305 б.
4
 Шопанұлы Д. Жәдігер. —Алматы: «Информ-А», 2003. —80-190 бб.

366
366
367
ҒылыМИ  ҚОСыМШАлАР
өңірі  мен  оңтүстік  аймақтарына  қолжазба  күйінде  тараған. 
Шығарма  тақырыбына  қазақ  елінің  жоңғар  шапқыншылы-
ғы  тұсындағы  (ХVІІІ  ғ.)  қасіретті  жай-күйі,  қазақ,  қырғыз 
халықтарының  сыртқы  жауларға  қарсы  бірлескен  ерлік 
күресі  арқау  болған.  Жырда  кездесетін  Қабылан  би,  Мүйізді 
Өтеген,  Қабанбай  батыр  сынды  тұлғалардың  шынайы  бейнесі 
шығарманың  тарихилығын  бекіте  түсетін  негізгі  айғақтар-
дың  бірі.  Соған  қоса  Мырқы,  Шора,  Сұртай  секілді  қазақ 
батырларының  басынан  өткен  сұрапыл  оқиғалар  да  тарихи 
тұрғыдан нақты әрі нанымды баяндалады. 
Жырдың  сюжетінде  тарихи  оқиғаларды  боямасыз  сурет-
теумен  қатар,  көне  эпос  мотивтерін  де  пайдаланылғанын 
бай қаймыз.  Мәселен,  Сұртай  батыр  мен  Аққасқыр  батыр  со-
ғыс қанда  пірлерінің  айдаһар  кейпінде  келіп,  екеуін  татулас-
ты ра тын тұсында осындай ескі сарындар белең алған. Шығар-
мада  бірде  Күләйім,  бірде  Күләнда  аталатын  қыздың  әрекеті 
«Алпамыс»  пен  «Бозұғлан»  жырларындағы  Қаракөзайым-
ның бейнесін еске түсіреді. Қалмақ аруы—ханның қызы зын-
данда  жатқан  қазақ  батырларына  азық-түлік,  қару-жарақ 
пен тұл пар ат әзірлейді, ақырында Сұртай батырға ғашық бо-
лып,  оларға  қол  ұшын  береді.  Осы  тектес  мотивтер  көптеген 
классикалық  эпостарға  да  («Қобыландыдағы»—Қарлыға, 
«Алпамыс тағы»—Қаракөзайым т.б.) тән.
Жалпы  «Мырқы  батыр»  жырының  нұсқалары  қолжазба 
арқылы көп тарағандықтан, эпос мәтіні біршама тұрақтанған. 
Дегенмен аздаған ауытқулар, артық-кем шумақтар ұшырайды. 
Мысалы,  кіріспедегі  28-жолдан  кейін  «Атамыз  оқымаған  на-
дан  халық»  деп  басталатын  10  тармақ  1959  жылғы  нұсқада 
түсіп қалған. Керісінше, 2003 жылғы кітапта («Жәдігер». Құр. 
Е.Дүйсенұлы, С.Қосан) Әшім Нұрлыбайұлы нұсқасының соңғы 
38 тармақ мәтіні кем басылды.
«Бабалар  сөзі»  сериясының  кезекті  59-томына  ұсынылып 
отырған «Мырқы батыр» эпосының мәтінін баспаға әзірлеу ба-
рысында  жоғарыда  айтылған  олқылықтар  ескеріліп,  жырдың 
қолжазбалары  жан-жақты  салыстырылып,  толықтырылды. 
Мәтін  М.Әуезов  атындағы  ӘӨИ  Қолжазба  қорында  сақталған 
түпнұсқадан (ӘӨИ. ҚҚ: Ш.337, 7-дәп.) еш өзгеріссіз әзірленді.
С. Қосан

368
369
МӘТІНДЕРДЕ КЕЗДЕСЕТІН ТАРИХИ 
ЖӘНЕ ДІНИ ЕСІМДЕР
Алла  (Аллаһ)бүкіл  ғарышты,  тіршілік  дүниесін  және 
қия мет-қайымды  жаратушы,  Ислам  дінінің  баршаға  бірдей, 
жалғыз және құдіреті күшті Құдай есімі. 
Құран  Кәрімде  айтылғандай:  Алла—жалғыз,  Алла—мәң-
гілік, ол тумайды да туылмаған, әрі оған ешкім тең емес.
Мұсылмандардың  түсінігі  бойынша,  Алла  Тағала  әлемді, 
жерді,  өсімдіктерді,  жануарларды  және  адамды  жаратты.  Ол 
адамдардың  тағдыры—жазмышты  белгілейді.  Қияметте  Алла 
барлық өлгендерді тірілтеді де, пәниде істеген қылықтарын та-
разылап, біреулерін—жұмаққа, басқаларын тозаққа жібереді. 
Адамдарды дұрыс жолға түсіру үшін Алла Тағала оларға мезгіл-
мезгіл  пайғамбарларды  жіберіп  тұрған.  Атап  айтқанда,  Мұса 
(Моисей) мен Иса (Иисус) осындай өкілдер болды. Мұхаммед—
Алланың  адамдарға  жіберген  соңғы  Елшісі;  оған  Алланың 
Құраны Жәбірейіл періштенің дәнекерлігімен 23 жылда толық 
түсті. 
Алланың  нақты  бейнесі  жоқ  және  ол  бейнеленуге  тиіс  те 
емес. Намаз оқып, сәждеге бас қою арқылы ғана оған берілген-
дікті білдіруге болады. Ал табынудың басты орны—Меккедегі 
Қағба  болып  саналады:  онда  аспаннан  Алла  жіберіпті  деп 
есепте летін қасиетті қара тас бар.
Алла  Тағаланың  құдіреттілігін,  әділеттілігін,  қайырым-
дылығын,  т.с.с.  басқа  өзіне  ғана  тән  қасиеттерін  оның  тоқсан 
тоғыз  тамаша  есімдері  көрсетеді.  Мысалы:  Акбар  (ең  ұлық), 
Тағала  (ең  жоғары),  Кәрім  (жомарт),  Рахман  (мейірімді),  Ра-
хым  (рақымды),  Халық  (жаратушы),  Шәріф  (қасиетті),  Ахад 
(жалғыз), Самад (мәңгі), Жаппар (құдіретті), Ғафұр (кешірімді) 
т.б.

368
369
ҒылыМИ  ҚОСыМШАлАР
Алланың  атын  зікір  ету  рәсімі  Әлхамдулиләһи,  Сұбхан 
Аллаһ, Аллаһу Акбар деген мадақ сөздерді отыз үш реттен іштей 
күбірлеп, тасбих тастарын санамалау арқылы жүзеге асады. 
Абылай  хан,  Әбілмәнсұр  (1711-1781)  —  ұлы  мемлекет 
қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі—Жошы хан, 
бергі  бабалары  қазақ  ордасының  негізін  салған  әз-Жәнібек, 
одан соң Еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Жәңгір 
ханнан—Уәлибақы, одан—Қанішер Абылай, оның ұлы Көркем 
Уәлиден  Әбілмәнсұр  туған.  Қанішер  Абылай  (Әбілмәнсұр) 
«Ақтабан  шұбырындыда»  жетім  қалып,  үйсін  Төле  бидің 
қолында түйе бағады. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп 
кеткен  шашына  қарап  Төле  би  оған  «Сабалақ»  деп  ат  қояды. 
Абылай 1730-33 ж.ж. аралығында болған бір ұрыста қалмақтың 
бас  батырын  жекпе-жекте  шаншып  өлтіреді.  Үлкен  атасының 
әруағын  шақырып,  жауға  «Абылайлап»  ат  қойған  жас  жігіт 
жеңісті соғыстардан кейін Абылай аталып, қазақ даласындағы 
беделді  билеушілердің  біріне  айналады.  Мұнан  кейінгі  сана-
лы  өмірін  қазақ  халқының  тәуелсіздігін  сақтап  қалуға  арнап, 
ат  үстінен  түспеген.  Сүйегі  Түркістан  қаласындағы  қожа 
Ах мет  Иасауи  кесенесінің  ішіндегі  Қабырхана  мен  Ақсарай 
арасындағы дәлізде жерленген. 
Айдабол би Сүйіндікұлы — би, шешен. Тәшкен қаласы ма-
ңында туып-өскен. Оның ғибратқа толы сөздері ел аузында на-
қыл болып қалған. Әділдігі сондай—бір дауда «Төрелігім дұрыс 
болмаса, ұлым Тайкелтірді ат құйрығына салып өлтіремін» деп 
ант ішкені туралы аңыз сақталған. Арғын тайпасының ішіндегі 
сүйіндік  руының  бір  атасы  Айдабол  бидің  есімімен  аталады. 
Көкшетау өңіріндегі Айдабол көлі, Айдабол кенті т.б. атаулар 
би есімімен байланысты туған.
Аюса  (шын  аты—Аюке)—шежіре  деректеріне  сүйенсек, 
Өтегеннің жалайыр руынан алған зайыбы—Айғаным Қосағал, 
Қосдәулет,  Бертіс,  Асау,  ылау,  Аюса,  Тарпаң  атты  атты  жеті 
ұл  табады.  Батырдың  кіші  әйелі—Нұржаннан  туған  ұлының 
аты—Базарбай. Белгілі тарихшы Ә. Ділібаевтың зерттеулеріне 
қарағанда,  Аюса—Өтегеннің  асырап  алған  ұлы.  Бірақ  батыр 
оны өзге ұлдарынан артық көрген және ең маңызды мәселелерді 
шешуге Аюсаны жұмсап, қолқанат еткен. Аюса ер жүрек, туыс-
тарына  адал,  жорықтарда  әкесінің  жанынан  табылатын  ел-
24-205*

370
ТАРИХИ  ЖыРлАР
370
371
гезек  жан  болыпты.  Қазір  оның  ұрпақтары  Жамбыл  облысы, 
Мойынқұм ауданы, Өтеген аулында тұрады.
ӘлиОспаннан кейін билік басына келген төртінші әділетті 
халифа.  Хазірет  Әли—Мұхаммед  пайғамбардың  немере  інісі, 
әрі  оның  Фатима  атты  қызын  алған  күйеу  баласы.  Мұсылман 
елдерінің  ауыз  әдебиетінде  Әли—орасан,  алып  күш  иесі. 
Жаулары  Әлидің  айғайынан-ақ  өліп,  талып  қалатын  болған-
мыс.  Фольклорлық  туындыларда  оның  зұлпықар,  қамқам, 
самсам  деген  үш  қылышы  болғаны  айтылады.  Әлидің  есімі 
көптеген  шығыс  шығармаларында,  оның  ішінде  діни  дастан-
дарда  жиі  ұшырасады.  Әдетте,  хазірет  Әли  сол  дастандардың 
басты кейіпкері, жеңілмейтін батыр, халықтың қамқоршысы, 
мұсылмандардың  қорғаны,  бетке  ұстар  қаһарманы  ретінде 
көрінеді. Дастандарда Әли өткен замандарда атақты Рүстем нің 
өзі жеңе алмаған жауларды жеңген деп дәріптелген.
Хазірет  Әлидің  атына  «Шаһимардан»,  «Қайдар»,  «Арыс-
лан»,  «Шері»,  «Мұртаза»  сияқты  бірнеше  теңеу,  эпитеттер 
тіркесіп  отырады.  Әлидің  астындағы  аты  Дүлдүл  де  ауыз 
әдебиеті  үлгілерінде  кең  тараған  ұшқыр,  жүйрік,  ақылды 
пырақ-аттың нышанына айналған.
Әли  ұрпақтары  мен  оның  жақтаушылары  кейін  шииттік 
ағымның  көсемдеріне  айналды.  Олардың  ұрпақтары  қазіргі 
Иран,  Ирак  және  Орта  Азияның  кейбір  аймақтарында  өмір 
сүреді.
Баба  Түкті  Шашты  Әзіз—қазақ  ауыз  әдебиетінде  жиі 
кездесетін бейне. Ол туралы аңыздардың бірінде есімі Баба Тук-
лас  деп  көрсетіледі.  Әкесі—Керемет  Әзіз.  Мұсылмандар  ара-
сында әулие саналған. Меккеге қажылық сапармен барушылар 
ең алдымен Мұхаммедтің, онан кейін Әли Мұртаза Сейіттің, со-
дан  соң  Баба  Тукластың  қабіріне  барып  тәу  еткен.  Баба  Түкті 
Шашты  Әзіз—Қожа  Ахмет  йасауидің  арғы  бабалары,  ислам 
діні Орталық Азияға тарай бастаған кезде өмір сүрген кісі деген 
болжамдар бар.
Бөгенбай  батыр—арғынның  қанжығалы  деген  тармағы-
нан  шыққан,  жоңғар  шапқыншылығына  күресте  асқан  ерлі-
гі мен,  тамаша  қолбасшылық  дарынымен  танылған  тарихи 
тұлға.  Тәуке  ханның  көзі  тірісінде  шақырылған  құрылтайда 
қазақ  әскерінің  қолбасшылығына  тағайындалған  Бөгенбай 
1723  жылы қазақ жеріне тұтқиылдан баса-көктей енген жоң-

370
370
371
ҒылыМИ  ҚОСыМШАлАР
ғар  басқыншыларына  Бұланты  өзенінің  жағасында  Сау рық, 
Тайлақ,  Малайсары  батырлармен  тізе  қоса  отырып,  алғаш 
рет  тосқауыл  қойып,  жеңіске  жеткен.  Ақтабан-шұбырынды 
оқиғасынан  кейінгі  барлық  елеулі  қақтығыстарға  қатысқан 
Бөгенбайдың  Қабанбай  батырмен  бірлесе  қайрат  көрсету 
арқылы Арқа менен Алтайды жаудан азат етіп, қазаққа қоныс 
етіп  қалдырғаны  Үмбетей  жыраудың  атақты  шығармасында 
арнайы атап өтіледі.
Жанәбіл—қазақ  халқының  мифологиялық  дастандарын-
да  («Зарқұм»  т.б.)  кездесетін  мұсылмандарға  қас  кәпір  пат-
шасының  баласы.  Әлимен  неше  күндей  ұрысып,  соңында  же-
ңілісін  мойындап,  ислам  дініне  кіреді  және  кәпірлерге  қарсы 
күресетін кейіпкер ретінде суреттеледі.
Жасыбай  батыр—ХVІІІ  ғасырдағы  қазақ  халқының  жоң-
ғар шапқыншылығына қарсы күресінде айтулы батыр, дарын-
ды қолбасшы ретінде айрықша танылған тарихи тұлға. Арғын 
руынан шыққан. Ел арасында сақталған аңыздарда қапылыс та 
қалмақтардың  қолынан  қаза  тапқаны  баяндалады.  Арқада ғы 
Жасыбай көлі батырдың құрметіне қойылған атау.
Жидебай  батыр—арғын  руынан  шыққан  атақты  батыр, 
айтулы қолбасшы. Ел аузында оның ержүрек әрі айлалы батыр 
болғандығы туралы аңыздар көп сақталған.
Жүсіп—Жақып  пайғамбардың  кіші  ұлы,  пайғамбар,  Құ-
ранда оған көлемді сүре арналған. Сүреде оның тарихы толық 
қамтылған.  Інжілде  ол  Сұлу  Жүсіп  (Иосиф  Прекрасный)  деп 
аталған. 
Жүсіп пайғамбар туралы аңыз-әңгімелерді негізге ала оты-
рып,  Фердауси  Тусиден  бастап  көптеген  шығыс  ақындары 
жүзден  астам  дастан,  жыр,  поэма  жазған.  Қазақтарда  да  осы 
тақырыпқа  арналған  ХІХ  ғасырда  баспа  бетін  көрген  дастан 
бар. 
Зұлқарнайын—даңқты қолбасшы Александр Македон  ский-
ді  шығыс  халықтары  осылай  атаған.  Арабшадан  аудар ған  да 
«қос мүйізді» деген мағынаны білдіреді.
Қабанбай батыр Қожақұлұлы—1692 жылы қазіргі Шығыс 
Қазақстан  облысы,  Үржар  ауданы,  Барлық  тауында  дүниеге 
келіп, 1770 жылы сонда қайтыс болған. Азан шақырып қойған 
есімі—Ерасыл.  Қазақ  халқының  жоңғар  шапқыншылығына 
қарсы күресте ерекше көзге түсіп, талантты қолбасшы ретінде 

372
ТАРИХИ  ЖыРлАР
372
373
аты шыққан. Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт ата-
сынан. 
Қыдыр  баба—көптеген  шығыс  халықтарының,  сондай-ақ 
қазақтардың да мифтерінде, фольклорында, діни аңыздарында 
жиі кездесетін, аты аңызға айналған архаикалық образ.
Оның  генезисі,  тұлғалық  сипаты  өте  күрделі,  әлі  толық 
зерттеліп айқындалмаған. Бір ғалымдар Қыдыр бейнесін көне 
архаикалық  түсінік,  көзқарастармен  байланыстырып  зертте-
се,  кейбір  ғалымдар—тек  ислам  ықпалымен  пайда  болған  деп 
түсіндіреді.  Қыдыр  туралы  әрбір  халықтың  ғасырлар  бойы 
ұстанып келе жатқан түсінігі бар.
Қазақ  фольклорында  Қыдыр  баба  [Хызыр]—ел  аралап 
жүрген ақ киімді ақсақал кейпіндегі әулие, адамға қамқоршы, 
бақыт, дәулет беруші, әртүрлі қиындықтардан қорғаушы.
Қырық шілтен—Мифологиялық түсінік бойынша, адамды 
қолдап жүретін, бірақ көзге көрінбейтін рух, Қыдыр.
Наурызбай  батыр—шапырашты  руынан  шыққан  атақты 
батыр,  талантты  әскербасылардың  бірі.  Оның  «Ақтабан—
шұбырынды»  оқиғасынан  кейінгі  кезеңде  елді  азат  ету  ісіне 
айрықша  үлес  қосқанын  осы  жинаққа  енген  «Ер  Өтеген»  жы-
рымен  қатар,  Қаскелен,  Шамалған  секілді  айтулы  қалмақ  ба-
тырларын жекпе-жекте өлтіргендігі жөніндегі ел аңыздары да, 
Бұқардың әйгілі толғауындағы:
 
 
«Қалданменен соғысып, 
 
 
Жеті күндей сүрісіп,
 
 
Сондағы жолдас адамдар»,—деген тармақтардан 
соң есімдері аталатын атақты батырлардың арасында сөз болуы 
да айғақтайды.
Олжабай Төлебайұлы .ө.ж. белгісіз)ХVІІІ ғасырда өмір 
сүріп,  қазақ-жоңғар  соғыстарында  ерлігімен  танылған  белгілі 
батыр.  Сүйегі  Орта  жүз  арғын  тайпасының  сүйіндік  руынан, 
оның  ішіңде  айдабол  аталығынан  тарайды.  Ол  туралы  тарихи 
деректер  сақталмаған.  Бірақ  ел  жадында  қалған  жыр,  аңыз 
әңгімелерге  қарағанда,  Бөгенбай,  Қабанбай,  Наурызбай,  Ма-
лайсары  батырлармен  жақын  болып,  ірі  шайқастарда  қоян-
қолтық  қимыл  жасаған.  Олжабай—Абылайдың  ту  ұстаған 
батырларының бірі («Ала ту» деген лақап атқа ие болған). Оның 
көптеген  жорықтарына  қатысып,  хан  жау  қолына  тұтқынға 
түскенде құтқаруға елеулі еңбек еткен. Абылай оны «Қу жар-

372
372
373
ҒылыМИ  ҚОСыМШАлАР
ғақ»  (атқан  оқ  Олжабайға  дари  бермеген  соң,  солай  атап  кет-
кен)  деп  те  атап  кеткен.  Халық  ауыз  әдебиетінде  Олжабай 
бейнесі тым асыра суреттеледі. Дегенмен ол қазақ жерін жоңғар 
шапқыншыларынан азат етуде елеулі еңбек сіңірген.
Өтеген  батыр  Өтеғұлұлы—1699  жылы  Шу  өзені  бойын-
дағы  Изенді  өңірінде  дүниеге  келіп,  1773  жылы  Іле  өзені 
бойындағы  Шолақтерек,  Шеңгелді  өңірінде  қайтыс  болған. 
Жоңғар  басқыншылығына  қарсы  күрескен  батыр,  қолбасшы. 
ұлы  жүздің  дулат  тайпасынан  шыққан.  Бабасы  Сырымбет  ба-
тыр  1643  жылы  қоңтайжының  50  мың  әскеріне  соққы  берген 
Салқам Жәңгірдің сапында болғаны айтылады.
Рүстем—Ежелгі Иран аңыздарының әйгілі батыры, «Шаһ-
наме»  эпопеясының  бас  қаһарманы.  Ол  шығыс  халықта рын да 
қаһармандық үлгісі ретінде дәріптеледі.
Төле  би—ХVІІІ  ғасырда  қазақ  халқын  билеген  әйгілі  үш 
бидің  бірі.  Тарихшылар  Төле,  Қаз  дауысты  Қазыбек  және 
Әйтеке  билер  Тәуке  хан  кезінде  қабылданған  «Жеті  жарғы» 
атты  заңдар  жинағының  авторлары  болған  деп  біледі.  Бұл  үш 
бидің ХVІІІ ғасырдағы жоңғар шапқыншылығы тұсында ұлтты 
ұйыстырып,  ұлт-азаттық  күресте  жеңіске  жетуді  қамтамасыз 
етуге айрықша ықпал еткені даусыз.
Түкеұлы  Райымбек  (1730-1814)—жоңғар  басқыншылы-
ғына  қарсы  күрескен  батыр,  қолбасшы.  Сүйегі  албан  тайпа-
сының  алжан  руынан  тарайды.  Атасы  Хангелді  батыр 
1733  жылы ұлы жүздің беделді адамдары Төле би, Қодар би, Са-
тай, Бөлек батырлармен бірге орыс патшасы Анна Иоановнаға 
елші  жіберіп,  Ресейдің  қоластына  алуын  өтінген.  Райымбек 
17  жасында  жоңғар  шапқыншыларымен  болған  ұрыстарда 
ерлік көрсетіп, батыр атанған. Бейбіт кезеңде халық арасын-
да  әулие  ретінде  танылған,  оның  келешекті  болжағаны  тура-
лы ел жадында көптеген аңыз, әңгімелер қалған. Райымбектің 
есімімен аудан, ауыл, көптеген көшелер аталады. Соның бірі—
Алматыдағы өзінің зираты жатқан Райымбек даңғылы. Оның 
ерлігі  мен  өнегелі  өмірі  жөнінде  көркем,  публицистикалық 
шығармалар жазылған. 
Фатима,  Бибі-Бәтима  (635  ж.ө.)—Мұхаммед  пайғамбар-
дың қызы, төртінші халифа Әлидің әйелі, Хасан мен Хұсайын-
ның анасы, мұсылман әлемінде ерекше қадір тұтатын қасиетті 
әйел  бейнесі.  Фатимаға  табыну,  шамасы,  Х-ХІІ  ғасырларда, 

374
ТАРИХИ  ЖыРлАР
содан  тарайтын  әл-фатимийун  әулетінің  ықпалы  күшеюіне 
байланысты туып қалыптасса керек. Фатима шииттердің діни 
хикаяларының  ең  басты  қаһармандарының  бірі.  Көптеген 
мұсылман  елдерінде  алақанды  белгілейтін  ежелгі  нысана 
«Фатиманың  қолы»  деген  атақ  алған.  Оның  небір  үмітсіз 
ауруларға  да  ем  қондырып,  дәру  дарытатын  қасиеті  бар  деп 
саналған. 
Шабден—қырғыздың  манабы,  Жамбыл  мен  Құлмамбет 
ақын дардың  тұстасы.  Ол  мырзалығымен  аты  шыққан  қазақ-
қырғыз арасында беделді кісі болған.
Шора батыр—1. Шора Нәрікұлы батыр, тарихи тұлға. Кіші 
жүздің  жетіру  тайпалық  бірлестігінің  тама  руынан  шыққан. 
2. Шора ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген аты 
әйгілі  құсбегі.  Жалайыр  руынан  шыққан.  Ауыз  әдебиеті  жан-
рында батырлар, тарихи тұлғалар жайлы қайталау, алмасу көп 
болғандықтан,  жырдағы  Шора  есімі  анық  емес.  Дегенмен  бұл 
жырда дулаттар мен жалайыр руы көп сөз болғандықтан, Шора 
батырды осы жалайыр Шорамен байланыстыруға болады. 
Ілияс  (Илияс,  Илья)—көне  иудей,  христиан  аңыздарында 
Ілиястың есімі әулие ретінде аталады. Оның аты ежелгі иудей 
құдайларының  бірінен  шыққан  дейтін  пікір  де  бар.  Исламда 
Ілияс пайғамбардан гөрі, әулиеге жақын. 
Түркі  халықтарында  Ілиястың  есімі  Қыдыр  әулиемен  бай-
ланыстырылып,  «Қыдыр-Ілияс»  деп  те  атала  береді.  Кейде 
оны «Қызыр» деп атайды. Қазақ фольклорында Ілиястың есімі 
жиі  ұшырасады.  Әдетте,  ол  адамдарға  Қыдыр  әулие  (ақсақал) 
түрінде көрініп, әртүрлі қиындықтардан қорғап жүреді. Кейде 
Ілиястың  жанында  «шілтендері»,  яғни  қырық  көмекшісі  еріп 
жүреді.  Олар  ғайыптан  пайда  болып,  фольклорлық  шығарма-
ның  басты  кейіпкеріне  (әсіресе  батырлық  жырлар  мен  ертегі-
лер де) қол ұшын береді. Қазақтар «Қыдыр дарып, бақ қонсын» 
деп баталасады. «Қырықтың бірі—Қыдыр» деген мақал да бар.

374
СӨЗДІК
*
Берен /к.с./—1) қымбат асыл мата; 2) болаттан жасалған ба-
тырлар киетін сауыт; 3) ұңғысы ұзын шиті мылтық
Ғаріп /а/—бейшара, мүсәпір, міскін 
Ғасыр—әскер, қосын деген мәнде
Дара  /к.с./—өлім  жазасына  бұйырылған  адамды  асып  өл-
тіру үшін құрылған ағаш. Кей жерлерде ат тағалайтын ағашты 
да дара деп атайды. 
Жөпшенді /қ/—жарамды, толымды, тәп-тәуір
Жұлқар /қ/—түйенің алдыңғы екі күрек тісі 
Зияфат /а/—көмек, жәрдем мағынасында
Илаһи /а/—Құдай, Құдірет, Тәңір; иләһи—Құдайлық (іс) 
Күзер /к.с./—көпір, өткел
Қорамсақ /к.с./—садақ, жай оқтарын (жебенің) салып жү-
руге арналған оқ салатын қалта.
Қорқабы /к.с./—мас болып мінез көрсету деген мағынада 
Құрса /ж.с./—бір нәрсені тұтастырып басу, сірестіру 
Машы /ж.с./—көркі, кейпі
Мүбәрак /а/—құтты, қайырлы, сәтті 
Мінәсар /а/—жарамды, үйлесімді 
Пазыл, базыл /а/—артық, ең жақсы; көргенді, өнегелі, аб-
зал; адам аты
Памит /о/—жады, есте сақтау
Рабат /к.с./—хан сарайы; ортағасырлық бектер мен пат  ша-
лардың резиденциясы; қала шетіндегі (сыртындағы) қосымша 
елді мекен. 
*
 Басқа тілдерден енген сөздердің бірнеше мағынасы болуы мүмкін, сондықтан 
мәтін мазмұнына байланысты беріп тұрған мағынасын ғана сөз етеміз

376
ТАРИХИ  ЖыРлАР
Сарамжал  /к.с./—бәрін  орын-орынға  келтіріп  тұратын 
ысыл ған ұқыпты, бесаспап жан.
Солақ /к.с./—түрме, абақты, зындан 
Сүлдетас құдай деген ұғымда
Талығым /к.с./—бақытым, болашағым деген мәнде
Уаң /қыт./—ең жоғарғы, ардақты деген мағынада 
Хұрнан  /қал./—қалмақтардың  жорыққа  шақыратын  му-
зыкалық аспабы
Шалма /қ/—құрықтың ұшына байланған тұзақ

376
ЖЕР-СУ АТАУлАРы
Ағанас—Алматы  облысы,  Райымбек  ауданының  аума ғын-
дағы Торыайғыр тауының түстік етегіндегі жазық жер. Ха лық 
жадында  сақталған  аңыздарда  аты  бәйгеден  озған  шабан доз 
жігіттің  есімімен  аталғандығы  айтылса,  «Райымбек  батыр» 
жырында қалмақ ханының аты делінеді.
Ақмешітқазіргі  Қызылорда  қаласының  орнында  бол-
ған  көне  бекініс  орны.  Ол  1817  жылы  салынған.  А.И.Доб ро-
смысловтың дәлелдеуі бойынша, бекіністі Қоқан ханы Омархан 
салдырған. Бекініс ішінде саз балшықтан салынған елуге жуық 
үй,  екі  мешіт,  медресе,  оқ-дәрі  қоймалары,  құдықтар  болған. 
Бекініс  орыс  әскерлері  келген  кезден  «Перовск  форты»  болып 
аталған. Қазан төңкерісінен кейін Ақмешіт аты қайта берілді. 
1925  жылы  оған  Қызылорда  аты  беріліп,  1929  жылға  дейін 
Қазақстанның астанасы болып тұрды.
АқсайАлматы облысының Райымбек ауданындағы ауыл-
дың атауы. Мұндай елді мекендер мен жерлердің атауы Қазақ-
станның ауқымында жиі кездеседі.
АқшоқыРайымбек ауданындағы Кеген өзенінің солтүстік 
шығысындағы тықыр, алыстан ақ түсті болып көрінетін шоқы.
АлакөлАлматы  облысының  Балқаш-Алакөл  ойпатының 
шығысындағы  бұрынғы  Семей  облысымен  екі  арадағы  тұзды 
көл.  Алабы  2650  кв/м.,  тереңдігі—45  м.  Бұған  Емел  өзені, 
Тарбағатай тауынан Қатынсу өзені құяды. Алакөл, Қошқаркөл 
және  Сасықкөл—жалпы  атаумен  Алакөл  аталады.  XI  ғ.  Әл-
Идириси қазіргі Алакөлді Гаган деп жазған.
Алатаубасы Хантәңірінен басталып, Тәшкен қаласының 
маңына  барып  аяқталатын  үстіңгі  жағын  мәңгілік  мұздықтар 
мен қар басып жататын алып таулар тізбегі. Олар Жоңғар Ала-

378
ТАРИХИ  ЖыРлАР
378
379
тауы,  Іле  Алатауы,  Қырғыз  Алатауы  т.б.  деп  аталып,  Алма-
ты,  Жамбыл,  Оңтүстік  Қазақстан  облыстары  мен  Қырғызстан 
Республикасының аумақтарын басып өтеді. 
Алматы—республикалық  мәртебесі  бар  ең  ірі  қала. 
Қазақстанның  оңтүстік  шығысында  Іле  Алатауының  солтүс-
тік  баурайында  орналасқан.  1927  жылдан  1997  жылға  дейін 
Қазақстанның  астанасы  болды.  Алматыда  1  млн.-нан  астам 
тұрғын бар.
Алтайтерістік  жағы  Ресей,  шығысы—Қытай,  оңтүстігі 
Қазақстанмен шектесетін тау ауы. Ғалымдар көне түрік-алтай 
тілдеріндегі  мағынасы  «бір-бірімен  жалғасқан  тау  тізбектері, 
қырат жоталар, тау сілемдері» деген үғымдарды аңғартатынын 
дәлелдейді.
АрқаҚазақстандағы  аса  ірі  географиялық  нысан.  Бұл 
Сарыарқа  деп  те  аталып,  тұтас  алғанда  Орталық  Қазақтанды 
білдіреді.  Шындығында,  Арқа—Орталық,  Шығыс,  Солтүстік 
Қазақстанды  қамтитын  үлкен  аймақ.  Арқа  туралы  тарих-
шы  Құрбанғали  Халидтің  «Таварих-и  Хамса-йи  шархи»  атты 
еңбегінде  көп  деректер  бар.  Әбілғазы  Бахадүр  «Түрікмен 
шежіресі» атты еңбегінде Арқа-Дешті-Қыпшақ деген үш сөзді 
бір топонимдік атау ретінде пайдаланған.
АсыАлматы  облысы,  Еңбекшіқазақ  ауданына  қарасты 
ауылдық  әкімшілік  округ  орталығы,  өзен  атауы  және  Іле 
Алатауының  шығыс  сілеміндегі  теңіз  деңгейінен  2380-2410  м 
биіктіктегі жайлау.
Аягөз—бұрынғы Семей, Шығыс Қазақстан облысы аумағы 
арқылы  ағатын  өзен.  Тарбағатай  жотасының  солтүстік  сілем-
дерінен бастау алады. Балқаш көлінің солтүстік шығыс бөлігі-
не құяды. 
Балқаш—Қазақстанның  оңтүстік  шығысындағы  тұйық 
көл.  Аумағы  жөнінен  Каспий,  Арал  теңізінен  кейінгі  үшінші 
орында тұрады. 
БаянауылПавлодар  облысындағы  тау,  аудан  орталығы 
және аудан аты. Жергілікті қазақтар тауды «Баянаула» деп те 
атайды, ал оның шығыс биік жотасын «Жаманаула» деп атай-
ды.  Атаудың  мағынасы  «тау  қыры  көп,  таулы  жер»  дегенді 
білдіреді.  Баянауылды  кейде  эпостағы  Баян  сұлу  есімімен  де 
байланыстырады.

378
378
379
ҒылыМИ  ҚОСыМШАлАР
Бетпақдала—қазіргі Қарағанды және Жамбыл облысының 
аралығында жатқан, табиғаты қатал, сусыз, шөлді, өсімдігі аз 
далалық аймақ.
БұғытыАлматы  облысы,  Еңбекшіқазақ  ауданындағы 
тау.  Оның  ұзындығы  батыстан  шығысқа  қарай  70  шақырым, 
кей жерлердегі ені 40 шақырымға жуық, биіктігі 1816 метрге 
жуық.
БұхараАмудария мен Сырдария өзендерінің аралығын да 
ежелгі түркі халықтарының өзбек тармағы құрған хандық ата-
уы, қала атауы. Ол 1920 жылға дейін жеке өмір сүріп, 1924  жы-
лы  аумағы  Өзбекстан,  Түркіменстан,  Үндістан  Республика-
сы ның  құрамына  енген.  Бұхараның  бір  бөлігі  Пянди  өзені 
бассейнін дегі  (Амударияның  басқа  ағысы)  таулы  өңірімен, 
екінші  жағы  Қашқадария,  Зарафшан  мен  Амударияның 
төменгі ағысында (Қызылқұм, ұртаушул т.б.) құмды даласы-
мен ұштасып жатады. Негізгі халықтары өзбектер, тәжіктер, 
түркімендер  және  қазақтардан  құралған.  Қазір  Өзбекстан 
Республикасының орталық қалаларының бірі.
Еділ (Волга, ежелгі атауы Ра, орта ғасырларда Итил)
Еуропадағы ең үлкен өзен. Ол өзінің бастауын Валдай қыраты-
нан  алып,  Каспий  теңізіне  құяды.  ұзындығы—1330  ш/ш. 
Еділге  200-ге  жуық  ірілі-ұсақты  өзендер  қосылады.  Еділ—
түркі-қыпшақ  елдерінің  мәдени-тарихи  өмірінде  өте  маңызды 
рөл атқарған, атауы ұранға айналған эпикалық мекен. 
ЕламанАлматы  облысы,  Еңбекшіқазақ  ауданының  Асы 
жайлауы ауқымындағы асу.
ЕрейментауСарыарқаның  солтүстігіндегі  таулы  алқап. 
Ақмола,  Қарағанды  облыстарында  орналасқан.  Таулы  алқап 
оңтүстік  батыстан  солтүстік-шығысқа  қарай  100  шақырымға 
созылып жатыр. Ол Өлеңті және Шідерті өзендерінің суайрығы 
болып  табылады.  Осы  өзендердің  салалары—Жарық,  Қарасу, 
Олжабай, Тұрғынбай өзендері аталған тау беткейлерінен баста-
лады.
Ертіс—өзен.  Монғол  Алтайының  Хора-Улус-Нор  көлінен 
бастау  алып,  Қобдан  өзеніне  құяды  да,  Қара  Ертіс  (карта-
да  Черный  Иртыш)  аталып,  Зайсан  көліне  кеп  құяды.  Одан 
шығып  Өскемен,  Семей,  Павлодар  облыстары  мен  Омбы  қа-
ласын  жанай  өтіп,  Тобыл  өзеніне  қосылады.  Тобылдан  әрмен 
Ханты-Мансийск жағынан өтетін үлкен өзен Обьқа қосылады. 

380
ТАРИХИ  ЖыРлАР
380
381
ұзындығы—4248  км  (Қазақстан  шеңберінде  1700  км),  бас 
алабы—1643 мың ш/ш.
Есіл—Ақмола,  Қарағанды  облыстарының  жерін  басып 
өтетін  үлкен  өзен.  Қостанай  облысындағы  (бұрынғы  Торғай) 
1963 жылы салынған аудандық дәрежелі Есіл қаласының ата-
уы да осы өзенмен байланысты қойылған.
Ешкіөлмес—Ақмола  облысы,  Шортанды  ауданы,  Шортан-
ды  кентінен  шығысқа  қарай  45  км  қашықтықта  орналасқан 
жер атауы. 
ЖайықОралдың  оңтүстігін,  яғни  Батыс  Қазақстан  об-
лысын  басып  өтіп,  Атыраудан  асып  барып  Каспий  теңізіне 
құятын арналы өзен. Башқұрт Республикасы, Ресейдің Челябі, 
Орынбор облыстарын да қамтиды. Бастауын Орал тауынан ала-
ды.  Жергілікті  түркі  халықтары  аса  құрметтеп  «Ақжайық» 
атаған.
ЖалаңашАлматы облысы, Райымбек ауданындағы ауыл-
дық әкімшілік округ орталығы. ХІХ ғасырдың аяғында казак-
орыстардың  станицасы,  өткен  ғасырдың  отызыншы  жылдары 
Қарқара ауданының орталығы болған.
ЖаркентАлматы  облысы,  Панфилов  ауданының  әкім-
шілік орталығы. Алматы қаласының оңтүстік шығысына қа-
рай  300  шақырымдай  қашықтықта  орналасқан  бұл  қаланың 
тарихы әлемге көне замандардан бері танылған. Қазақстан мен 
Қытай шекарасының өтінде орналасқандықтан, сауда-саттық 
саласы  жақсы  өркендеген.  Қарым-қатынас  көздері  автокөлік 
және Іле су жолы арқылы жүзеге асады.
Жетісу—еліміздегі  ең  ірі  өлкелердің  бірі.  Жері  сулы, 
нулы  Жетісу  туралы  ғалымдар  түрлі  пікірде  болып  келгені 
белгілі.  Кей  деректерде  Жетісу  құрамына  Іле,  Қаратал,  Ақсу, 
Бүйен, лепсі, Басқан, Сарқант өзендері жатқызылса, танымал 
зерттеуші Ә. Тұрлыбаев Бүйен, Басқан, Сарқант өзендерінің ор-
нына Аякөзді, Талас пен Шуды кіргізеді. Жетісудың аумағында 
1867  жылы  Семиреченская  облысы  құрылып,  ол  1922  жылы 
Жетісу облысы, 1924 жылы Жетісу губерниясы болып аталып, 
1932 жылы одан Алматы облысы бөлініп шықты.
Жиделібайсын—қазақ  фольклорында  жиі  аталатын  бере-
келі,  қасиетті,  құтты  мекен.  Самарқаннан  оңтүстікке  және 
Бұхарадан оңтүстік-батысқа қарай Гиссар жотасының оңтүстік-
батыс  шеті.  ХVІ  ғасырда  Мұхаммед  Шәйбани  бастаған  Дешті 

380
380
381
ҒылыМИ  ҚОСыМШАлАР
Қыпшақтың  көшпелі  түркі  рулары  Орта  Азия  жерін  басып 
алғанда  Жиделі  Байсын  қазақ,  қарақалпақ  халықтарының 
үлесіне тиген. Тарихи жағдайларға байланысты бұл өлке уақыт 
өте  аңызға,  қазақ  халқының  аңсарлы  мекені—Жерұйықтың 
үлгісіне айналды.
ЖылысайАлматы  облысы,  Райымбек  ауданындағы  Қу-
лық тауының теріскей беткейіне орналасқан ауыл.
ЖіңішкеРайымбек  ауданындағы  шағын  өзен  және  сол 
маңға орын тепкен елді мекен.
КегенАлматы  облысындағы  өзен;  Райымбек  ауданының 
орталығы. 
КербұлақАлматы  облысы,  Талғар  ауданындағы  жер  ата-
уы. Зерттеушілердің пікіріне сүйенсек, түрік-монғол тілдерің-
де  «таудан,  биік  қырдан  құлай  аққан  бұлақ»  деген  мағынаны 
білдіретін сияқты. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет