6.Құмнан шыққан жылан
Ас содасы мен қант ұнтағын (сахарная пудра) араластырамыз, әйнектің бетіне құмды саламызда тегістеп оған спирт (изопропанол) құямыз да үстіне араластырған қоспаны салып от тамызамыз. Біраз уақыттан соң құмнан ирелеңдеп жылан тәрізді зат шыға бастайды.
Көпіршіктер жасау
Сұйық сабынның 20 мл алып , оған марганцовка ерітіндісін және сутегінің асқын тотығын құйып араластырамыз. Көпіршіктердің көлемі ұлғая береді.
Майшамды үрлемей өшіру
Ас содасынан 1-2 қасық тарелкаға салып, оған сірке суынан құямыз. Көмірқышқыл газы бөліне бастағанына көз жеткізуге болады. Жанып тұрған майшамға жақындатсақ майшам өшеді, себебі көмірқышқыл газы ауадан ауыр болғандықтан ыдыста жиналады және ол жануды қолдамайды.
Крахмалды анықтау
Ыдысқа суық су құйып оған нанның бір тілімін саламыз, оны кайтадан алып суға йод ерітіндісіне тамызамыз, біраз уақыттан соң су кара түске дейін өзгереді. Бұл дегеніміз крахмалдың бар екенінің белгісі.
Шырпы неге жалындап жанады?
Стақанға сутегінің асқын тотығынан аздап құямыз да оған калий перманганатының біраз түйірлерін саламыз. Быжылдап газ бөлінгенін байқаймыз, ол бөлінген оттегі газы. Дәлелдеу үшін шала жанған немесе сөніп бара жатқан шырпыны стақанға жақындатамыз, шырпы лапылдап жанады. Ал оттегі жануды қолдайды.
Жанартаудың атқылауы
Әйнектің бетіне аммоний бихроматының біраз мөлшерін төмпешік тәрізді үйіп саламыз да оны сіріңкемен жағамыз. Қарайып жана бастаған аммоний бихроматы жанартау атқылаған тәрізді бейнеге енеді де жан-жағына шашырай бастайды.
Ерітіндінің түсін өзгерту
Суға зеленканың бірнеше тамшысын тамызамыз, жасыл түсті ерітінді пайда болды. Оған сутегінің асқын тотығының бірнеше тамшысын қосамыз. Оның үстіне күйдіргіш натр немесе кәріз тазалағыш сұйықтықтың бірнеше тамшысын тамызамыз. Біраз уақыттан соң ерітінді түссізденеді.
Бұл әдісті киімге түскен дақтарды кетіруге пайдалануға болады , бірақ сілтінің орнына аммиак ерітіндісін пайдаланамыз.
«Бағдаршам» жасау
Бұл тәжірибе ерітіндінің түсін тез өзгертуіне байланысты «бағдаршам» деп аталады. Алдымен калий перманганатын суға аз мөлшерін ерітеміз, қантты суға ерітеміз, екі ерітіндіні бір-біріне қосамыз да үстіне сілті немесе кәріз тазалайтын сұйықтықтан құямыз. Таңқурай түсті ерітінді алдымен көк түске сосын жасыл түске соңынан сары түске өзгереді. Неге?
Себебі: Калий перманганаты қантты сілтілік ортада тотықтырып, марганец диоксиді түзілді.
Пайдаланған әдебиеттер:
А. Мырзабаев. Н. Тұрбекова. Химиядан кластан тыс жұмыстар және танымдық ойындар, 1993
А. Мырзабаев. Химияның қызығы, 1963
А. Мырзабаев. Химиядан кластан тыс жұмыстар , 1964
Интернет материалдары
Достарыңызбен бөлісу: |