Этнопедагогикалық ойлардың тарихын жіктеңіз


Педагогикалық эксперимент туралы жалпы түсінік



бет9/34
Дата03.05.2023
өлшемі222,82 Kb.
#89559
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34
14. Педагогикалық эксперимент туралы жалпы түсінік.
Эксперимент – оқыту және тәрбиенің қандай да бір әдіс-тәсілін тәжірибе арқылы сынақтан өткізу. Педагогикалық эксперимент – педагогика ғылымындағы негізгі әдіс. Педагогикалық эксперименттің негізгі міндеті – педагогикалық ықпал мен оның нәтижелері арасында байланыс орнату. Педагогикалық эксперменттің жалпы логикасы: 1. Автор жаңа логикалық жоба (әдіс, құрал, жүйе, үлгі, жағдай т.б) жасайды. 2.Оны тексеріп, тиімділігін бағалайтын өлшемдер жасайды. 3. Жаңа жобаның тиімділігін бағалайтын өлшемдер жасайды. 4.Тексерілетін уақытты белгілейді. 5.Экспериментке керек базалар әзірлейді. 6.Тәжірибе жасауға керекті жағдайларды анықтайды. 7.Белгіленген жоспарды жүзеге асырып, қорытындыларын дәлдеу үшін түрлі өлшемдер қолданылады.
Педагогикалық эксперимент оқыту, білім, тәрбиенің тиімді әдіс-тәсілдерін, құралдарын, анықтауға көмектеседі.
Түрлері: 1. Ізденісті, 2.Зертханалық, 3.Ойлы(саналы), 4.Табиғи, 5.Жинақтаушы, 6.Қалыптастырушы, 7.Корытындылашы.
Кезеңдері: 1. Тәжірибе жүргізудің жоспары мен бағдарламасын әзірлеу. 2. Тәжірибе жүргізу. 3. Тәжірибе нәтижелерін өңдеу және талдау. 4. Қорытындылар мен тәжірибелік ұсыныстарды құрастыру.
15. Түйсік және оның түрлері.
Түйсік – біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс, осы роцестің арқасында біз ортаны бағдарлап, соның жағдайына қарай қимыл жасауға тырысамыз. Түйсік себепіз тумайды. Біз түйсік арқылы заттың формасын, түсін, көлемін білеміз. Қолымызбен қозғап заттың салмағын білеміз. Түйсік арқылы болмаса, біз басқа жолмен заттың ешқандай формалары туралы да, қозғалыстың формалары туралы да біле алмаймыз. Түйсік таным процестеріне жатады, өйткені адам таным процесі арқылы дүниені таниды. Түйсік басқа психикалық процестерге қабылдауға, есте сақтауға, ойлауға, қиялға материал береді.
Түрлері: Көру түйсігі – біздің өмірімізде көру түйсігінің ерекше маңызы бар. Зерттеулерге қарағанда адам 180 түрлі түсті және олардың арасындағы 10000-нан аса реңкін ажырата алады. Адам түйсінетін түстер хроматикалық және ахроматикалық болып бөлінеді. Хроматикалық – грек. «түст, боялған» деген мағынаны білдіреді. Ахроматикалық – түссіз, тек ақ қара, сұр түстер. Есту түйсігі – ол өзі жағымды, жағымсыз болып бөлінеді. Жағымдыларын – «консонанс» франц. үйлесімді деген мағынаны білдіреді. Жағымсыздарын – «диссонанс» франц. үйлесімсіз деген мағынаны білдіреді. Адамның есту түйсіктері сөйлеу мен музыканы қабылдаумен байланысты. Иіс түйсіктері – мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабықтың жасушаларына түрлі химиялық заттардың әсер етуі нәтижесінде иіс түйсіктері пайда болады. Иіс түйсіктерінің түрлері көп. Дәм түйсіктері – сілекейде еріген заттардың дәм бүршіктерін тітіркендіруден дәм түйсінуі туады. Дәм, бүршіктерінің орналасқан жері – тіл аймағы. Төрт түрі бар – Тәтті, қыщқыл, тұзды, ащы. Дәм түйсіктерінің толық болуы үшін иістің маңызы бар. Сипап сезу түйсіктері – адамдардың еңбек әрекетінде ерекше орын алатың түйсіктердің бірі – сипап сезу түйсігі. Екі түрі бара: актив – сипап сезу тері және қозғалыс түйсіктерінің әлсіз немесе күшті тітіркендіргіш әсерінің болуы, пассив – керісінше, заттардың сезілмеуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет