Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2014



Pdf көрінісі
бет22/31
Дата30.01.2017
өлшемі2,64 Mb.
#3056
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
“Абай” журналы. – 1992. - №2. – 94 б. 
2.
 
“Қазақ әдебиеті”. – 1990. - 2 ақпан. 
3.
 
“Алтын Орда”. – 2002. - 12 сәуір. 
4.
 
Мұхтар  Мағауин.  Он  үш  томдық  шығармалар  жинағы.  6  том  -  Алматы.  “Қағанат”, 
2002. – 608 б. 

 
 
195 
5.
 
Қазақстан  Ұлттық  Энциклопедиясы.  1  том.  Қазақ  энциклопедиясының  Бас 
редакциясы. – Алматы, 1998. 
6.
 
“Қазақстан Zамаn”. - 2005. - 1 сәуір №13 (525). 
7.
 
Мұхтар  Мағауин.  Он  үш  томдық  шығармалар  жинағы.  1  том.  -  Алматы  “Қағанат”.  – 
2002. – 548 б. 
8.
 
Әзиев Ә. Қазақ повесі. - Алматы. “Мектеп”, 1989. – 223 с. 
9.
 
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры. – Алматы: “Жазушы”, 1981. – 231 с. 
10.
 
Әуезов М. Абай жолы. – Алматы: “Жазушы”, 1990. – 605 с. 
11.
 
Әдебиеттану терминдерінің сөздіге. – 234 с. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  данной  статье  характеризуются  национальные  черты  характеров  героев  рассказов 
М.Магауина.  Рассказ  писателя  «Тазының  өлімі»  анализируется  в  сопоставлении  с  похожими 
произведениями  других  казахских  писателей  на  основе  примеров,  отражающих  национальные 
особенности.  
 
RESUME  
In  the  article  the  author  characterizes  the  national  features  of  the  characters  of  M.  Magauin’s 
stories.  The  writer’s  story  «Тазының  өлімі»  is  analysed  in  comparison  with  similar  works  of  other 
Kazakh writers on the basis of the examples reflecting the national peculiarities. 
 
 

 
 
196 
ӘОЖ 82.512 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ж.М. Қоңыратбаева 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті, ф.ғ.к., доцент 
 
Б.С. Әбдуева 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті, ф.ғ.к., доцент 
 
Шәкәрімнің 
көркем 
дискурсындағы 
синкретті 
оралымдар 
 
Аннотация 
Мақалада  фразеология  іліміндегі  синкретизм 
құбылысының 
табиғаты 
Шәкәрімнің 
көркем 
дискурсы  арқылы  сипатталады.  Шәкәрім  тілінде 
семантикалық  жағынан  ешқандай  тіркес  жасай 
алмайтын  тілдік  таңбалар  өзара  үйлесім  тауып, 
тұрақты  тың  тіркестер  жасалады.  Фразеология 
іліміндегі  синкретизм  құбылысының  мәні  – 
мағыналары өзара үйлесе қоймайтын тіл бірліктерін 
жанастыра,  жымдастыра,  бір-бірімен  үйлесімін 
тауып жұмсау.  
Түйін 
сөздер: 
синкретизм 
құбылысы, 
фразеологиялық жүйе, көркем дискурс, тілдік тұлға, 
әлемнің ұлттық бейнесі. 
 
 
Кез  келген  халықтың  сөз  өнері  өзінің  көркем 
тіл  кестесінде  жасалады  десек,  қазақ  көркем 
дискурсы  -  ұлттық  көркем  сөз  байлығын  мейлінше 
мол  қамтыған  ұлт  тілінің  қазынасы.  Сондықтан 
көркем  дүниелерді  тілдік  заңдылықтардың  түрлі 
қырынан  көрініс  тауып,  танылуын,  қалыптасып 
жетіле  түсуін  шыңдайтын  кен  орны  деуге  болады. 
Онда  «белгілі  дәрежеде  жазушы  интеллектісіне 
қарай  кейбір  еркіндік,  формальды  түрде  жалпы 
нормадан 
ауытқу, 
аграмматикалық 
(жүйе, 
заңдылықтың  бұзылуы),  аномалиялық  (әдеттегіден 
тыс,  қалыптасқаннан  өзгеше),  метабазистік  (сөз 
таптарының басқа қызметте жұмсалуы) құбылыстар 
болып  отырады»  [1,  31].  Көркем  мәтін  тілінде 
шыңдала  түсетін  сондай  заңдылықтардың  біріне 
тұрақты 
оралымдардың 
бойынан 
табылатын 
синкреттік амалды жатқызуға болады.  
Фразеология  саласындағы  синкреттік  амал 
белгілі  бір  қаламгер  тарапынан  тың  образдар 
жасауда  ерекше  құрал  болып  табылады.  Көркем 
туынды  авторы  семантикалық  жағынан  ешқандай 
тіркес  жасай  алмайтын  тілдік  таңбаларды  қиюын 
тауып,  өзара  тіркестіріп,  тұрақты  тың  тіркес 
жасайды.  Тілдегі  дайын  үлгілердің  бұлай  бұзылып, 
жаңғыртылып, 
құрамының 
толығып 
отыруы 
суреткер заманына тікелей байланысты болады. Бұл 
жөнінде  Р.  Сыздықова  былай  дейді:  «Заман  сырын 
ұғуға тырысқан, заманмен ілесе отырған ақындар өз 
тұсында  туған  жаңа  ұғымдарды  атауға,  жаңа 
образдарды  сол  заман  түсінігіне  сай  түрде  жасауға 
ұмтылады».  Ғалым  қазақ  әдеби  тіліндегі  заман 
картинасынан  алынған  жаңа  сөз  қисындарын  айта 
келе, ой желісін ары қарай жалғастырады:  «Заманға 
ілесіп  отыру  –  дәстүрлі  шарттылықты  бұзу  деген 
сөз, қалыпты дүниелерді (стандарт пен штамптарды) 

 
 
197 
ығыстырып, жаңа атауларды, жаңа сөз тіркестерін, жаңа поэтикалық құралдарды туғызуға 
жол ашу деген сөз. Демек, бұл – тілге, оның әдеби түріне сапалық белгі беретін әрекет» [2, 
189-190].  
Халықтық  тіл  негізінде  қалыптанған  тұрақты,  дайын  конструкциялық  «өнімдердің» 
(фразеологизмдердің)  шебін  бұзып,  оларды  сапалық  өзгерістерге  түсіру  ХІХ  ғасырдың 
орта тұсынан (Дулат тілінен) бермен қарай батылырақ жүре бастады. Ал қазақ көркем сөз 
жүйесінде  фразеологизмдердің  «қасаң»  құрылымын  синкреттік  амал  арқылы  «бұзып», 
оларға ерекше реңк беру ұлы Абай дискурсынан кең өріс алатындығы жайында академик 
Р. Сыздықованың еңбектерінде зерттеліп зерделенеді [3]. 
Дулат  пен  Абай  тілдері  арқылы  ерекше  үрдіс  алған  поэтикалық  тілдегі  сапалық 
өзгерістерді  сөз  еткенде,  әрине,  Абайдың  шәкірті,  ойшыл  ақын  Шәкәрім  Құдайбердіұлы 
шығармашылығының рөлі зор екенін атап өтпеу мүмкін емес. Біз бұл ізденісімізде өзара 
жымдаса, жанаса, әдемі  қиюын тауып, қазақ әдеби тілінің көркемдігі үшін қызмет  еткен 
синкреттік  тұрақты  оралымдардың  қатарын  Шәкәрімнің  көркем  дискурсы  арқылы 
баяндауға тырысамыз.  
Поэзиясының  негізгі  арқауын  адам  болмысы  етіп  алған  Шәкәрім  ақында  халықтық 
жұмсалымдардың  тұрақтылығын  бұзу,  оларға  жаңаша  реңк  сыйлау  көркемдегіш 
құралдардың  әр  алуанынан  табылады.  Ақын  семантикалық  жағынан  өзара  тіркес  жасай 
алмайтын  тілдік  таңбаларды  қиюластыра  жұмсауда,  әсіресе,  тұрақты  эпитеттік,  тұрақты 
метафоралық,  арагідік  перифрастикалық  үлгілерге  барып  отырады.  Адам,  қоғам 
мәселелері  алға  шыққан  кезеңді  сөз  етуде  ақын  «құйған  қалыптар»  бедерлі  әрі  өткір, 
әсерлі  әрі  салмақты  шыққан  деуге  болады.  Бұл  қалыпты  «құюда»  ақын  қаламында  ұлы 
Абайдың поэтикалық тілінің үлгісі жатқандығы анық.  
Абайдың көркем дискурсында «біреудің еңбегін пайдалану» деген ұғым «адам сауу», 
«адам  аулау»  тың  тіркестерімен  беріліп,  дағдылы  қалып  өзгеше  құрылатыны  белгілі. 
Ақын  тіліндегі  осы  синкретизм  құбылысының  ізі  Шәкәрімде  «ел  аулау»,  «адам  аулау» 
түрінде келеді: 
Құранды оқып, ел аулап, 
Тұзақ құрма сен бірақ... 
Құран, Інжіл қылып қақпан, 
Адам аулап сойып жатқан...  
Атағы шыққан жақсыға
Өлсең де адам аулама, 
Аң жейтұғын болма аю [4]. 
Әдетте  «аулау»  етістігі  «аң»,  «құс»  бірліктерімен  тіркесіп,  саятшылық  құру 
мағынасындағы  еркін  тіркес  ретінде  жұмсалатыны  белгілі.  Ал  бұл  арада  сол  кездегі 
қоғамның  келеңсіз  көрінісін  көрсету  мақсатында  «ел»,  «адам»  лексемаларымен  тіркес 
жасалып,  метафоралық  фразеологизм  түзілген.  Синкреттік  амалмен  «ел»,  «адам»  тілдік 
таңбалары  «аулау»  етістігімен  үйлесіп,  метафоралану  арқылы  шығарма  тіліне  ерекше  өң 
жамалып, оның бейнелілігінің арта түскенінің куәсі боламыз. Бұл түзілістің тууы  – Абай 
жасаған  жазба  әдеби  тіл  дәстүрінің  жаңғыруы.  Абай  жүйесін  ұсынған  бұл  секілді 
синкреттік амалдың жемісі қазақ көркем сөзінде айрықша дәстүрге айналды деуге болады. 
Мәселен, Сұлтанмахмұтта – қыз аулау, Ә. Тәжібаевта – ет аулау, т.т. 
Мағыналары  өзара  жуыспайтын  сөздердің  әдемі  үйлесімін  тауып,  ыңғайластырып, 
көркем  мәтін  тілінде  жымдастыра  қолдану  амалы  -  оқырманға  ерекше  әсер  қалдыратын, 
көркем дүние кілтін танытатын тәсілдердің бірі. Ал бір сөзді тірек етіп алып, оны бірнеше 
фразеологизмнің сыңары етіп пайдалану тәсілінің әсері тіпті зор болатыны анық. «Абайға 
дейінгі бірде-бір ақын-жырау тілінде ұшыраспаған бұл құбылысты» (Р. Сыздықова) жан-
жақты сауатты, көзі  қарақты Шәкәрім ақын өзінің поэтикасына бірден қабылдайды, ұлы 
Абай салған өрнектің ізін әдемі жалғастырады. Сол поэтикалық ізді біз сату етістігі тірек 
болған  синкреттік  оралымдар  бойынан  аңғарамыз.  Егер  Абай  тілінде  бұл  сөзбен  келген 

 
 
198 
жаңа тіркестер қатары онға барса, ал Шәкәрім дискурсынан көп кездестірмейміз. Олардың 
қатары:  ақыл  сату  («үйрету,  үлгі  болу»  д.  мағ.),  терін  сату  («күшін,  қайратын  еңбекке 
жұмсау» д. мағ.), иманын сату («құдайын ұмыту, дүние соңына түсу» д. мағ.), жан сату 
(«жанын садақа ету, өтірік айту» д. мағ.). Дегенмен ойшыл ақын ұсынған бірді-екілі жаңа 
тіркестің  өзінен  адамдыққа,  адал  еңбек  етуге,  таза  жүріп-тұруға  үйрететін  тамаша 
ойларды тануға болады:  
Бұл Абай саудагер ғой ақыл сатқан
Әртүрлі асылы көп өтпей жатқан... 
Арың сатпа, терің сат, адалды ізде, 
Ғибадат пен адалдық, ар үшін жи... 
Иманын сатқан жындының, Іздегені – дүние...  
Жалған айтып, жан сатып, жалынбай-ақ, 
Тура жолда тұрып-ақ тынысталық!.. [4]. 
Ақын  өлең  шумақтарынан  алынған  үзінділердегі  сату  тіректі  синкреттік 
фразеологизмдердің  алғашқы  екеуінің  жағымды  мәнде  жұмсалғаны,  ал  соңғыларының 
жағымсыз,  кері  әсері  барлығы  байқалады.  Мысалы,  ақыл  сату  синкретизмі  «Абайдан 
үйрену  керек,  Абай  ілімінің  соңына  түсу  керек»  деген  ойды  беруде  астарлы,  әсерлі 
шыққан  деуге  болады.  Ал  терін  сату  түзілісінен  «еңбек  ет,  қайратыңды  адал  тірлік 
қылуға жұмса» деген тікелей уағызды аламыз. Ақын «дүние соңына түскен көрсе қызар, 
көрсоқыр,  өтірікті  бет  перде  еткен»  жағымсыз  қылықтарды  беруде  иманын  сату,  жан 
сату синкретизмдерін пайдаланады. 
Шәкәрім  дискурсындағы  синкреттік  амал  арқылы  жасалған  тұрақты  оралымдарды 
зерделеп, зер салғанда, ақынның  аулау, сату сөздерінен басқа да тілдік бірліктерді тірек 
етіп алғанын атап өтуге болады. Сондай тірек сыңардың бірі – байлау етістігі.  
Ақылдың көзін байлама,  
Білгіш  деп  басшы  сайлама  [4,  231]  –  дейді  Шәкәрім.  Өлеңдері  философиялық 
толғамға  құрылған  ойшыл  ақын  мұнда  «ақыл»  абстрактылы  ұғымын  «көзін  байлау» 
процессуалдықты  білдіретін  етістікті  тіркеспен  тіркестіріп,  көзге  көрінбейтін  дерексіз 
заттарға  жан  бітіреді.  Яғни,  ақынның  кейіптеуге  баруы  байқалады.  Жалпы,  Шәкәрім 
поэтикасын зерттеушілер ақынның дерексіз заттарға жан бітіре кейіптеуін  – оның негізгі 
көркемдік жетістіктерінің бірі екендігін атап өтеді.  
Ақын тілінде бірде ақылдың көзін байламау деп, бірде ақылды байламау деп келеді, 
сондай-ақ ызаға көңіл байламау, жанды денеге байлап беру тың тіркестері де жұмсалады.  
Қазақ әдеби тілінде Дулат бастап, мол қорын Абай дамытып, жүйелеген синкреттік 
тәсілді көркем тілдің белгісіне айналдыруда оның ерекше үлгілерін өзінің кестелі өрнегіне 
сала  білген  Шәкәрім  шығармашылығы  ерекше  орын  алады  деуге  болады.  Шәкәрім  өлең 
сөздің құдіреттілігіне айрықша мән бере келе:  
Үйіріліп көкейіне ұйып жатсын, 
Тазартып жүрек кірін жуып жатсын. 
Қаңсыған шөл даланы қанықтырып, 
Жыр  тасып,  дариядай  құйып  жатсын,  –  деп  түйіндейді  [4,  140].  Өлең  шумағынан 
ақынның  өлеңге,  сөз  иесіне  артар  жүгінің  салмақтылығы  көрінеді. Шәкәрім  мұнда 
ақындық  дүниенің  қыр-сырына  терең  бойлауды  міндеттейді.  Сөз  жұмсау  шеберлігінің 
арқасында  өзінің  өмірлік  ұстанымын  бір  ауыз  өлең  шумағына  сыйғыза  танытады. 
Жүректің  сөзіне  ерекше  мән  берген  ойшыл  ақын  «жүрек»  абстрактысын  «кір  жуу» 
қалыпты,  деректі  іс-қимылмен  жымдастырып,  жансызға  жан  бітіре  суреттейді.  Жалпы, 
Шәкәрімде  «жүрек»  концептісі  -  айрықша  танылған  құрылымның  бірі.  Философ  ақын 
концептуалдық мағынаға ие жүрек тілдік бірлігінің жұмсалысына жиі барады. «Шәкәрім 
өлеңдеріндегі  жүрек  сөзінің  қолданыс  жиілігі  Абайдан  да  жоғары.  Жүрек  сөзінің  жеке-
дара қолданылуы және жүрек сөзінің өзге сөздермен тіркесуі Шәкәрім ақын өлеңдерінде 
70-тен  астам  жерде  ұшырасады»  [5,  151].  Ақын  дискурсындағы  жүрек  сөзімен  келетін 

 
 
199 
көркем құрылымдардың біразы синкреттік амалдың жемісі деуге болады. Оған ақынның 
тілдік  тұлғасын  тану  барысында  нақты  көз  жеткіземіз.  Мысалы,  жүрекке  хат  жазу 
(Кезген  ойым  арқылы,  Жүрегіме  жаздың  хат),  жүректің  көзін  ашу  (Бас  көзімен  қарама, 
Жүрегіңнің аш көзін), жүрекке ірің төгу (Бос өткенін қарашы, Жүрекке төгіп қанды ірің), 
жүрекке оймен апару (Жүрекке оймен сынап апаралық), т.б. жұмсалымдар – Шәкәрімнің 
әлемді танудағы авторлық-индивидуалдық түзілістері.  
Шәкәрім  ақынның  семантикалық  жағынан  бір-бірімен  тіркес  жасай  алмайтын 
таңбаларды өзара жымдастыра, қиюластыра отырып, жаңа, тосын бейнелер жасауындағы 
келесі  бір  өнімді  қолданған  бірлігі  –  көңіл.  Ақын  дискурсында  бұл  лексикалық  бірліктің 
қатысуымен  жасалған  синкреттік  оралымдар  әрі  метафоралық,  әрі  эпитеттік  қатар 
түзуімен ерекшеленеді. Мысалы, көңілдің көзі ашылу (Сол сықылды көңілдің көзі ашылса, 
Көп  ойланып,  қиынға  сермей-сермей),  көңіл  көзі  сыну  (Соқыр  білмес  жарық  пен 
қараңғыны,  Көңіл  көзі  сынасын,  болса  міні)  оралымдары  метафоралық  жұмсалымдар 
болса,  тереңге  зымыраған  көңіл  (Әлемді  қылды  бір  уыс,  Тереңге  зымыраған  көңіл!),  ой 
тырнаған көңіл (Қаламын ба мола боп сайда?»  -деген ой тырнаған көңіл!), сынған көңіл 
(Сынықшының қолымен, Сынған көңіл жамаған) бірліктері тұрақты эпитет жасап тұр. Бұл 
тұста  айтатын  жайт,  өзінің  бейнелілігімен,  айрықша  мәнділігімен  көзге  түсетін  тұрақты 
оралымдарды әрбір ұлт тілінің ерекше көрінісі  деуге болады. Сондықтан оларды көркем 
туындыда  сан  қырлы  етіп  жұмсалысқа  түсіру  ұлттық  характердің  айқын  белгісін 
көрсетеді.  
Адам – Қоғам – Дін тақырыптарын өз шығармашылығының ең басты өзегі етіп алып, 
қоғамдық  келелі  мәселелерді  алға  тартуда  Шәкәрім  әр  сөздің  жұмсалысына  мән  беріп 
отырады. Ол қолданыстардың жүрекке дәл, көңілге нақ жетуін көздей отырып жырлайды. 
Ондағы  мақсаты  қоғамды  түзеу,  адамзат  ұрпағын  имандылыққа,  шүкіршілікке  шақыру, 
Жаратқанды тану болғаны анық. Бұл сынды күрделі мәселелерді қозғауда ақын халықтық 
тілдің  ізімен,  тіпті  тыңнан  бейне  жасауға  да  ұмтылады,  сөйтіп  синкреттік  амал  арқылы 
өткір де көркем тілдік оралымдар ұсынады.  
Ақылдан ойға сыр тарап
Үміттің шамы жанған күн,..  
Жоғарғы мұтпа деген сөзім бар ғой, 
Байқайсың ба, ақыл, ой көзің бар ғой?..  
Ақыл құсы адаспай аспандаса,  
Әлемде нәрсе болмас оған таса... 
Ол ойды жүр едім қағып, 
Құмар,  пайда,  атақ  бағып...  [4].  Шәкәрімнің  бұл  жұмсалымдарындағы  үміттің 
шамы,  ақыл,  ой  көзі,  ақыл  құсы,  атақ  бағу  дегендер  де  –  синкреттік  амалдың  жемісі. 
Әрқайсысын жеке алып қарар болсақ, нақты деректі сөздер мен абстрактылы ұғымдардың 
қиюласып, өзара жымдасып келіп, бір образды ойды түйіндеп тұрғанын аңғарамыз. Мұнда 
қолмен  ұстап,  көзбен  көруге  болмайтын  «үміт»  дерексіз  ұғымы  мен  күнделікті 
тіршіліктің  қажетіне  іске  асатын  нақты  «шам»  зат  есімін,  сол  секілді  «ақыл»,  «ой» 
дерексіздеріне  бірде  «көз»  нақты  соматикалық  атауын,  екіншісінде  тіршілік  иесі  «құс» 
деректі ұғымын қиюластыра отырып, адам өмірінде кездесетін кейбір өкінішті жайттарды 
болдырмауға  үн  тастайды.  Ал  соңғы  фрагменттегі  атақ  бағу  тіркесімі  семантикалық 
жағынан  өзара  түйісе  қоймайтын  «атақ»  есім  сөзі  мен  «бағу»  етістігінің  тіркесін  құрап, 
заманның келеңсіз кейбір тұстарын синкреттік оралымның әдемі үлгісімен дәл жеткізеді. 
Келтірілген  мысалдардың  қай-қайсысының  болсын,  өз  сыбаға,  салмағы  бар.  Жеке-жеке 
алғанда  әрқайсысы-ақ  нақыл,  бейнелі  сөз  түйдегі  боларлық  оралымдар.  Ақын 
дискурсындағы  бұл  синкреттік  амалдың  нақты  көрінісі  экспрессия  тудыру  болып 
табылады.  Бұл  жөнінде  зерттеушілер:  «Фразеологизмы  рождаются  в  языке  не  для  того, 
чтобы  называть  какие-либо  появившиеся  предметы  и  явления,  а  для  того,  чтобы  через 
образное представление характеризовать уже названное словом понятие, характеризовать 

 
 
200 
его, выражая отношение к нему, оценку его с точки зрения той социальной среды, в речи 
которой  употребляется  данная  фразеология.  То  есть  фразеологизмы  удовлетворяют 
потребность  носителей  языка  в  выразительности»  [6.  81]  -  дейді.  Яғни,  стильдік 
функцияға  жүктелген  мұндай  кестелі  оралымдар  ақын  кезеңінің  түрлі  жағдайын,  сол 
заманның шынайы шындығын баяндау үшін туындаған.  
Синкретизм  құбылысының  тіліміздегі  фразеологизмдердің  бояуын  қалыңдатудағы 
стильдік  мүмкіндігі  зор.  Фразеологизмдердің  «қатаң  қатып  қалған»  құрылымын 
түрлендіре, көріктендіре түсуде бұл амалдың атқарар жүгі ерекше. Мағыналары бір-біріне 
жуыса  бермейтін,  тіркес  жасауда  өзара  иліге  қоймайтын  тіл  бірліктері  көз  алдымызға 
«шақпақ  тасты»  елестетсе,  сол  тастарды  «бір-біріне  соққанда  ұшқын  пайда  болатыны 
сияқты  екі  сөздің  «соқтығысуынан»  ұшқынның»  пайда  болуы  көркем  сөзшінің  тіл 
шеберлігіне  байланысты.  Тек  қаламгер  тілінде  қиюы  табылса  болғаны.  Бұл  тұрғыдан 
алғанда, ойшыл ақын Шәкәрім әр сөздің жүйелі де мазмұнды жұмсалуын қалт жібермей, 
керісінше, әлемнің ұлттық бейнесін танытуда синкретизмнің үздік үлгілерін ұсына алған. 
Сонымен,  тілдің  фразеологиялық  қабатындағы  синкретизм  құбылысын  –  семантикалық 
жағынан  бір-бірімен  шендесе,  үйлесе  қоймайтын  тіл  элементтерін  өзара  жымдастыра, 
қиюластыра  отырып,  көркем  сөз  жүйесін  жаңа  мағынамен  байытудың  өнімді  амалы 
екендігін Шәкәрімнің көркем дискурсы арқылы тағы бір пайымдай түсеміз.  
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1996. - 304 б. 
2.
 
Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1993. - 320 б. 
3.
 
Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. – Алматы: Санат, 1995. - 207 б. 
4.
 
Құдайбердиев Ш. Шығармалары: Өлеңдер, дастандар, қара сөздер. – Алматы: Жазушы, 
1988. – 559 б. 
5.
 
Момынова Б. Шәкәрім поэзиясының тілі. –Алматы: «Арыс», 2008. - 256 б. 
6.
 
Федоров А.И. О причинах архаизации и исчезновения фразеологизмов в русском языке 
//Избр.Сибир.Отдел. АН СССР: Серия общественных наук. -Вып. 2. - № 6 (201). - 1972. 
– С.81-86. 
 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  рассматриваются  проблемы  синкретизма  в  области  фразеологии  через 
художественный  дискурс  Шакарима.  В  художественном  языке  Шакарима  те  языковые  фигуры, 
которые  не  имеют  друг с  другом  никакой  связи  с семантической  точки  зрения,  обретают  между 
собой смысловую связку. Другими словами, самой главной значимостью синкретического явления 
можно  считать  постоянное  сочетание,  связывание  и  использование  языковых  фигур,  которые  не 
имеют между собой смысловой связи. 
 
RESUME 
 
Problems  that  are  discussed  in  the  article  are  related  to  syncretism  in  the  area  of  phraseology 
through  the  literary  discourse  of  Shakarim.  Some  language  figures,  which  in  any  way  cannot  relate  to 
each  other, in literary  compositions find  stable  connections and  make  phraseology.  Therefore,  the  main 
purpose  of  the  syncretism  is  to  connect,  relate,  use  and  make  phraseological  constructions  with  those 
language figures that do not make appropriate connection with each other.  
 
 

 
 
201 
ӘОЖ 82.01: 330.52 (574) (045) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ғ.Қ. Резуанова 
С. Сейфуллин атындағы Қазақ 
агротехникалық университеті,  
ф.ғ.к., доцент 
С.Торайғыров 
туындыларындағы 
«ұлттық мінез» 
концептісінің 
көрінісі  
 
Аннотация 
Бұл  мақалада  қазақ  көркем  мәдениеттінен 
өзіндік  орын  алатын  Сұлтанмахмұт  Торайғыров 
шығармалары  арқылы  ұлттық  мінез  концептісі 
ашылған.  Автор  С.Торайғыров  туындыларына 
талдау  жасай  отырып,  қонақжайлық,  жомарттық, 
шешендік,  адамгершілік  сияқты  қазақ  халқына  тән 
мінездерді нақты мысалдармен дәйектеп берген. 
Түйін сөздер: ұлттық мінез, концепт, жағымды-
жағымсыз қазақи мінез, адамгершілік, қонақжайлық. 
 
 
«Ұлттық  мінез»  ұғымының  антропоцентристік 
негізі  –  адамдардың  іс-әрекеті,  өмір  сүру  тәсілі, 
ойлау  жүйесі,  рухани  дүниесі,  мінез-құлқы,  қайрат-
жігері, 
әдет-ғұрпы, 
сол 
адамды 
қоршаған 
географиялық  орта.  Ұлттық  мінез  сондай-ақ 
адамдардың әлеуметтік-саяси жағдайларымен, нақты 
ісімен  де  байланысты»  [1].  Табиғи  ортамен 
адамдардың байланыстары халықтың дүниетанымын 
қалыптастырып, 
олардың 
менталитетінің 
өзгешелігін 
белгілейді 
дейтін 
болсақ, 
антропоцентристік  тұрғыдан  қазақ  менталитетінің 
қалыптасуына қоршаған орта қандай әсер етті деген 
сауал туындайды. Ұ.Ержанованың пікірінше, «Қазақ 
үшін  дүние  –  тірі  заттың  тіршілігіне  негіз,  оның 
өсіп-өнуіне бастама боларлық табиғат және ел-жұрт 
ортасы,  туған  жер  мен  елде  қалыптасқан  атамұра 
мен  сана-сезімнің  түрлері  мен  көріністері,  рухани 
мұра мен адамдардың мінез-құлық қатынастарының 
тәсілдері» [2, 162]. 
Қоршаған  орта  (шөл,  қуаң  сар  дала) 
қазақтардың  өмір  сүру  тәсілін,  нақты  ісін  – 
көшпенділердің  мал  бағу  іс-әрекетін  белгілеп, 
табиғаттың  тылсым  сырын  анықтауға,  соған  қарай 
бейімделуге  үйретті.  Табиғи  жағдайлар  көпшіл 
болуға, білгеніңді басқаға айтып, ақыл-кеңес беруге, 
бір-біріне  қолдау  жасауға  жетеледі.  Демек,  көшпелі 
өмірдің 
нәтижесі 
қазақтардың 
адамдарды 
жатырқамау қасиетін, бауырмалдылық, көпшіл болу 
сияқты  мінез-құлықтың,  этникалық  нормалардың 
қалыптасуына өзіндік ықпалын тигізді.  
Сонда  ұлттық  мінез  дегеніміз  халықтың  өмір 
тәжірибесінен 
жинақталған 
өмірге 
деген 
көзқарастары,  білімдері  (шежіре,  нормалар,  салт-
дәстүрлер, 
әдет-ғұрыптар, 
ырымдар, 
наным-
сенімдер 
т.с.с.) 
және 
әлемдегі 
заттардың 
құндылықты  бағдарларының  (жағымды-жағымсыз) 
жиынтығы болып табылады. 

 
 
202 
Қазақ  халқының  шынайы  өмірін  бейнелеуде  ұлттық  мінез-құлық  ерекшеліктері 
табиғатын  тамаша  сипаттаған  қаламгерлердің  бірі  әдебиетімізден  өзіндік  орын  алатын, 
қазақ  әдебиеті  тарихында  алғаш  болып  өлеңмен  роман  жазған  жаңашыл  ақын 
Сұлтанмахмұт Торайғыров.  
Қазақ  халқына  тән  мінез-құлықтың  ең  басты  қасиеті  –  қонақжайлылық. 
С.Торайғыров  «Қамар  сұлу»  романында  Нұрымның  Қамарды  еліне  алып  келіп,  той 
тойлаған әрекеті арқылы бұл қасиетті тамаша көрсете алған. Мысалы, «Барын аяп қалмай, 
«Ас  та  төк»  деп,  келгенді  ақ  майға  жығып  жіберіп  жатыр»  [3,  44].  «Қонақжайлық» 
концептісі  «мырзалық»,  «жомарттық»  деген  ұғымдармен  қиюласып  жатады.  Мұны  біз 
қаламгердің  «Кім  жазықты?»  туындысынан  да  байқауымызға  болады.  Шығармада 
Тасболат  байдың  мырзалығы,  асқан  байлығы,  оның  қонақ  күту  әрекеті  былайша 
бейнеленеді: Үйінен күндіз түні ат кетпеген, Қонаққа, мырзалыққа жан жетпеген. Қазақ 
тұрсын, начальник, төрелер де, Қағысып «пожалуйсте» етпеттеген [4, 85]. 
С.Торайғыров «ұлттық мінез» концептісін беру үшін сол заманның шынайы бейнесін 
халықтың салт-дәстүрімен байланысты суреттейді. Мысалы,  «Кім жазықты?» романында 
Әжібайдың  әкесі  Тасболатқа  берген  асы  (ас  беру  салты)  былайша  өрнектелген:  Қонған 
соң  жүз  үй  тігіп  Марқакөлге,  Қалдырмай  сауын  айтты  маңдағы  елге.  Асы  бар 
Тасболаттың, ат жарат деп, Сөйленді көп күн бұрын мәжілістерде [4, 115]. 
«Қазақ салты» концептісінің микроконцептісі – «жомарттық». Қазақ жомарттығын 
қаралы  күнде  де  танытып  жатады.  Мәселен,  жомарттық  осы  романда:  Жиылды  асқа 
саулап  Арғын,  Найман,  Керейге,  Қалмаққа  да  хабар  жайған.  Шыңғыртып  асқа  сойған 
жылқылардың  Қандары  бұлақ  болып  ақты  сайдан.  Бәйгеге  жіберілді  үш  жүздей  ат, 
Бәйгесі  алдыңғы  аттың  он  жылқы  нақ.  Одан  соң  жүз  теңге,  бір  топ  шұға,  Қой  қозы 
артқылары мақпал мен бәт. Сойылған екі жүздей малдың саны, Балуан, бәйге... молдалар 
жатыр әлі....Ауызша көлденең жұрт есеп қылып, Он бес мың сом десті ғой шығындары 
[4, 115] деп көрсетіледі. Сонда, қонақжайлықпен байланысты ұлттық реңкке ие белгілер: 
мал  сою,  қонаққа  малдың  басын  тарту,  малды  қонақтың  алдына  алып  келіп,  бата 
бергізуөнер көрсету, ән айту т.б.  
Қазаққа  тән  ұлттық  мінездің  бір  түрі  –  сауықшылдық.  Қазақтың  сауық-тойлары 
өлеңсіз, әнсіз өтпеген. Сондықтан да болар қазақ «әу демейтін қазақ жоқ» дейді. Ұлттық 
өлеңқұмарлықты  Сұлтанмахмұттағы  Қамар  мен  Ахмет  бейнесі  арқылы  көруге  болады. 
Олардың  екеуара  өлеңмен  хат  жазысуы,  сондай-ақ  Нұрымның  қалыңдық  қолын  ұстауға 
келгенде  Қамардың  ұйқысынан  шошып  оянғандай  ұшып  тұрып:  Бәріңнің  аузыңдағы 
Қамарыңмын, Ортаңды жарық қылған панарыңмын. Іш пысса, қайғы қысса, әдейі іздеп, 
Бұлбұлдай  сайратуға  табарыңмын  [3,  48]  -  деп  жылауы  және  өлең  сөзден  хабары  жоқ 
Нұрымның өлеңші жігітке Қамарға арнап өлең шығартуы сөз парқын білетін, өнерпаз ұлт 
екенімізді  танытқандай.  Демек,  Сұлтанмахмұт  кейіпкерлерінің  бейнесі  арқылы  ұлттық 
мінездің бір қырын шешендік өнерін қоғамға танытқысы келгендей. Оны мына жолдардан 
да  байқаймыз:  «Және  Ахметтің  ақыл  ой  зеректігінің  үстіне  сұңқардың  баласындай 
бітімі  жақсы,  көзге  түсерлік  көркі  бар,  сөзге  шешен,  ойдан  шығарғыш  ақын,  жарып 
салма өткір еді. Той секілді жұрт жиналған жерлерде өлең болсын, ойын болсын, газет, 
журнал, кітап оқып, шариғат насихат айту болсын, ең арты біреуді сықақтаған қулық 
болсын,  бас  бәйге  Ахметтікі  еді.  Тартынбай  тамылжытып  сөйлегенде  де  өзінен  үлкен 
кішілердің аузынан суын ағызып, көңілдеріндегі уын шығара жаздаушы еді».  
Сөз  қадірін  біліп,  тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай  түйініне  тоқтай  алатын  қазақ 
халқының  сөз  мәдениеті  ерекше  дамыған.  Шешендік  өнерді  қоршаған  ортамен 
байланыстыратын  ғалым  Д.Кішібеков:  «Қазақтың  сөйлесуді  аңсайтын  себебі  – 
ауылдардың бір-бірінен алшақ болуы, көшпенділік салт-тұрмыстың нәтижесі. Сондықтан 
да  егер  отырықшы  ел  уәкілі,  айталық,  қала  тұрғыны  далалы  жерге  барып,  өзімен-өзі 
болуды  аңсайтын  болса,  көшпелі  ел  адамдары  басқа  адамдармен  кездесуді,  сөйлесуді 
аңсайды» [5, 42] - деген пікір айтады.  

 
 
203 
Қазақ  халқына  тән  келесі  бір  ерекше  мінез  –  малжандылық.  Бұл  қасиетті  ақын 
Ахметтің:  «Қазақтың  қаны-жаны  сонда  екен  ғой;  Діңкемді  құрттың,  міне,  әттең 
жоқтық» - деген сөзі немесе Қамардың әкесіне ағасы Оспанның: «- Кәне, сен бермегенде 
Нұрымның қай жерінен мін тауып бермеймін дейсің? Малды десең малды: әлді десең әлді, 
ата-тегі  анау:  жеті  атадан  бері  үзілмей  келе  жатқан  бақ-дәулеті  мынау...»  деген 
сөздерімен білдіреді [3]. 
Қазаққа  тән  басты  ерекшеліктің  бірі  –  сұлулықты,  табиғатты  сүюі.  Бұл  қазақ 
мінезімен  біте  қайнасып  кеткендей. Себебі  жазиралы  кең  далада,  әдемі,  шұрайлы  жазық 
жерде  кіндік  қаны  тамып,  еркін  өскен  қазақ  сан  ғасырлық  көшпелі  өмірінің  көбін  сол 
аймақтарда  өткізуі  біздің  жадымыздың  алыс  түкпірінен  орын  алады.  Мұнда  үлкен  мән 
жатыр.  Тыныштық  өмір  салтанаты,  тіршілік  ләззаты  халық  танымымен,  түйсігімен 
астасып  келеді.  Алыс  белестерге  көз  тігіп  ойлануы  –  қазақтың  қойылған  сұраққа  бірден 
жауап  бермей,  зерделеп  барып,  шешім  шығаруын,  біреумен  шүйіркелесіп,  әңгімелескісі 
келуі  –  үйіне  қонақ  келсе  қуана  қарсы  алуын  тудырса  керек.  Сөйтіп,  қазақ  табиғатты 
сүйеді. Сол дәуірдегі елдің жайсаң да кербез өмірі аталмыш ақын шығармаларында жақсы 
бейнеленеді.  Мәселен,  Сұлтанмахмұттың  замана  шындығын  шырқыратып  жазған  терең 
мәні ой салатын «Кім жазықты» туындысы: Ән салды таңды мақтап сансыз торғай, ...... 
Қысқа  түн  қымқырылды,  таң  көрінді,  Көк  майса  көзі  ілініп  тұрған  сондай.  Асыл  шөп, 
жасыл  шықтың  иісі  аңқып,  Батқандай  белдігінен  нұрға  қалқып.  Күлімдеп  көктің  жүзі 
көңілі  шат,  Жауһардай  күн  шығар  деп  бізге  балқып»,-  деп  өрістесе,  әйгілі  романы: 
«Көлбеңдеп  көкке  қарай  жердің  буы,  Айнадай  анандайдан  көлдің  суы.  Күй  билеп  суда 
тұрған  барлық  қамыс,  Ән  салды  домбыра  мен  құстың  шуы»  деп  табиғаттың  балбырап 
тұрған  сәтін  бейнелеуден,  яғни  қоршаған  тіршілікті  суреттеуден  басталады.  Бұл  жерде 
табиғат  пен  адам  параллель  алынып,  құстар  да,  адамдар  да  ән  салып,  алаңсыз  сайран 
салған кезі көз алдымызға елестейді. Ал: «Мақтанып қара түнде нұрын шашқан, Айдың 
да  өлеусіреп  түсі  қашқан.  Шығарын  сұлу  күннің  сезгеннен  соң  Бірі  жоқ  таман  жұлдыз 
бетін  басқан.  Жайылып  төрге  қарай  таңның  ағы  Көрінді  ауыл-ауыл  маңайдағы. 
Қарайып,  өрген  сиыр  түйе  менен,  Ауылдың  малға  толды  әрбір  жағы.  Ыңыранып  қой 
қотанда таңды көріп, Күн шықса, жайылысқа кетпек өріп. Төбеттер үй алдында жаңа 
жатты, Түн бойы қой күзеткен,  ұйқы бөліп»  деген жолдардан қазақтың өзіндей  маңғаз 
да жайбарақат күйге еніп тұрған керемет сәті еске түседі.  
Қазақ  халқына  тән  мінез-құлықтың  бірі  –  адамгершілік.  Қуаң  табиғат,  ұлы  далада 
көшпелі  өмір  салтында  мал  бағумен  шұғылданған  қазақ  халқы  басқа  адамдарды 
бөтенсінбеген, жатсынбаған. Адамдар бір-біріне арқа сүйеп өмір сүрген. «Бұл қажеттілікті 
терең  сезінген  көшпелілер  «адамның  күні  –  адаммен»  деген  принципті  тіршіліктеріне 
тірек  еткен»  -  дейді  ғалым  А.Тарақты  [6,  25].  Атам  заманнан  қазақ  адамгершілік 
ұстанымын  жоғары  қойған,  адалдықтың,  адамдықтың  ақ  жібін  аттағандарға  қатаң  жаза 
қолданған.  С.Торайғыров  туындысындағы  Әжібайдың  қызы  Күлтай  да  адамгершілігі 
жоғары кейіпкер ретінде танылады. Күлтай әкесінің Әнуар мұғалімге нақақтан нақақ жала 
жауып  тұрғанын  көріп,  бұған  төзе  алмай:  «Манадан  Күлтай  тұр  еді  есі  жаңылып, 
Алақтап  не  айтарын  білмей  аңырап.  Әнуарға  жауып  отырған  жаласына  Ашумен  кете 
жаздады  іші  жарылып.  Деді:  Әжеке,  сандығыңыз  анау  үйде  Бірге  тұр  жүкпен  бірге 
жиған  күйде.  Нәрсені  көзіңізге  көрсетейін,  Құдайдан  қорық,  Әнуарға  нақақ  тиме»  деп 
көрген-білген шындықты айтып, Әнуардың ел алдындағы жігіттік намысын қорғап қалуы, 
жасамаған қылмысты мойындатқысы келген арам пиғылды әкесінің ойын әшкере қылуы – 
адамгершілік.  Бірақ  Күлтай  әкесінің  қаншалықты  пасық  әрекетін  көріп  тұрса  да,  оның 
әкелік қадірін жойғысы келмей, оның ақылға жүгінгенін қалайды. 
«Мінез-құлық» концептінің негізінде, ежелгі архетиптер жатыр. Әлеуметтік архетип 
ата-бабалардан  мұра  ретінде  ұрпақтан-ұрпаққа  беріледі.  Мысалы,  қазақтардың  мінез-
құлығының  негізінде  жеті  аталық  үрдісте  сақталған  көшпелі  қазақтардың  туыстық-
қандастық  жүйені  реттейтін,  өмір  сүрудің  нормалары,  моральдық-этикалық  критерийлер 

 
 
204 
жатыр. Қазақ халқы шығу тегіне, ата-баба шежіресіне үлкен мән берген, қыз айттырғанда 
оның  жеті  атасын  біліп  алып  барып,  шешім  қабылдаған.  Мұны  С.Торайғыров 
шығармаларынан  да  көруге  болады.  Мәселен,  «Кім  жазықты?»  дастанында:  Бұл  жерді 
мекен еткен Керей халқы, Кең жері, байлығымен шыққан даңқы. Бұл елде басқа елден де 
басым  еді,  Бұрынғы  қазақшылық,  ата  салты  делінген.  Бұдан  қазақтың  салтты  қатты 
ұстайтыны,  өз  елінің  дәстүріне  деген  құрмет  байқалады.  Мәселен,  осы  шығармада 
қазақтың құдаласу дәстүрі:  Бұған біреу қойған құда болып, Құданың мал жағынан жері 
толық. Қытайға қараған ол Керей елі, Қарғы бау беріп қойған келіп қонып [4, 114] деген 
үзіндіден көрінеді.  
Зерттеуші  А.  Тарақтының  пікірінше,  осындай  нормалар  «көшпелі  қоғамда 
сұрыпталып,  шыңдалғандығы  сонша,  сол  қоғамдағы  барша  өмір  салтын  қапысыз  реттеп 
отыруға  қызмет  еткен.  Бұл  ретте  туыстық  қарым-қатынастар  нормасы  таза  моральдық-
этикалық категория шеңберінен шығып, қоғамдық өмірді реттейтін заң, кодекс деңгейіне 
көтерілген»  [6,  40].  Мұндай  нормалар  адамдардың  жағымды  (ізетті,  парасатты,  иманды, 
тәртіпті, жомарт, қонақжай, бауырмашыл, батыр, ержүрек, ақ пейілді, адамгершілігі мол, 
т.б.)  қасиеттерін  қалыптастыруға  бағытталған.  Ал  жағымсыз  қасиеттерге  ие  болған 
адамның мінез-құлқы мұндай нормаларға  сәйкестенбейді, сондықтан да туыстық қарым-
қатынас  нормасын  бұзған  адамды  ұрмай-соқпай-ақ,  сол  ортасы  жатсынып,  оған  «елден 
шыққан», «ата салтын аттаған», «қара бет» деген айып ат тағылатын болған. Көшпелілер 
қоғамының тәрбиесін көрген дені дұрыс адам үшін бұдан ауыр жаза жоқ. 
Сұлтанмахмұт шығармаларында бой көрсететін ұлттық мінездің бірі  сертке, уәдеге 
беріктік,  махаббатына  адалдық.  Соның  бірі  –  бір-біріне  шын  ғашық  жастардың 
арасындағы серттесуі. Мәселен, Қамар сұлуды Нұрым алып кеткенде, ғашықтықтан құса 
болған Қамар: А, құдай, енді мені күйгізбей ал! Жауыздың суық тәнін тигізбей ал! Антым 
бұзбай алдыңа мен  барайын, Ахметтен басқа  жанды сүйгізбей ал! –  дейді [3, 66]. Тіпті 
роман  соңында  Қамардың  ауыр  халде  жатса  да,  Ахметті  көргенде:  «-  Жан  достым, 
Ахметпісің,  жанымбысың!  Қайдан,  қайдан  келдің?  Қайда  жүрдің?  Қарағым  дейтін 
Қамарыңды көруге келдің бе? Міне, Қамарың! Көр, көр! .. Міне, көр ...» деп есін жиып, езу 
тартқандай болуы шынайы махаббаттың белгісі, махаббатына беріктік. 
Қазаққа тән ұлттық мінездің бір  қыры  сырмінезділікті, сыршылдықты қаламгердің 
«Кім жазықты» поэмасындағы: Айтпаса өз ойын шын сырласына, Білетін сырын оның бір 
құдайы [4, 113] – деген жолдардан көреміз. 
Қазақ халқы – мінезге бай халық. Ұлттық мінез-құлықтың бірі – уайымшылдық. Бұл 
әлімсақтан  осы  күнге  дейін  жалғасын  тауып  келе  жатқан  мінез.  Оны  Сұлтамахмұт: 
«Даңқын жер жарған, шешендігі ел жарған, күліп  кісі  бетіне қарап көрмеген, атақты, 
ибалы, асыл Қамарымыз жоқ жерден мұндай жалаға ұшырап, бүлік шығып кеткендігіне 
қайғыра-қайғыра  сүзектен  тұрған  кісідей,  құр  шыбыны  ғана  бар  еді»  деген  жолдармен 
берген.  Мұнда  сол  сияқты  қазақ  қыздарына  тән  ибалық,  биязылық,  әдептілік  мінез  де 
орын алған.  
Парасаттылық,  ақылдылық,  сабырлылық  та  қазақи  ұлттық  мінездің  бірі. 
Сұлтанмахмұт  ұлттық  парасаттылықты  Қамардың  әкесі  Омар  бейнесі  арқылы  берген: 
«Омар турашыл, сәулелі кісі болғандықтан, бірінші: Қамар сияқты баласының абыройын 
сақтап, екінші, жазықсыз, нақақ біреуді бас салып талата қою оңай ма? Және жалғыз 
баласы  Қасеннің  бұрмалауымен  түзушілікке  шапты.  Түнімен  жан  терге  түсіп, 
ағаларымен  талай  қызыл  кеңірдектесіп,  әзер-мәзер,  әйтеуір,  ертеңінде  еш  нәрсе  жоқ, 
тым-тырыс  қылды  да  қойды.  Ал  енді,  жылпылдақтардың  індеріне  су  құйылды.  Дос 
сүйінді,  дұшпан  күйінді»  [3,  37].  Ал  ақылдылықты  Қамар  бейнесінен  көреміз.  «Қой, 
бүйтіп  күйік  үстіне  жалқын  салмайын,  өзімдікі  қабырға  бірге  түсетін  күйік  қой,  енді 
тағы  Ахметті  күйдіріп,  кәрі  әке-шешесінің  обалына  қалмайын;  бірдеңеміз  елге  сезіліп 
қалса,  Ахмет  байғұстың  талқанын  шығарады  ғой;  сонда  олардың  көз  жасы,  қарғысы 
менің  мойныма  болмағанда,  кімге?»  деп  ойлауы.  Ол  өзі  құмартып,  сүйіп  тұрса  да 

 
 
205 
Ахметтің көңілін басу,  тию үшін: «Ақылмен алды-артыңды шолып алмай,  Қарны ашқан 
қасқырға ұқсап қойға шаппа!» немесе «Сұңқар мен сұқсыр үйрек тең емес» деп хат жазуы 
асқан ақылдылық, парасаттылық емес пе?!  
Қазаққа тән үлкен қабілеттің бірі – аяушылық, жанашырлық таныта білу. Ел болып, 
жұрт  болып  Нұрымның  малына,  байлығына,  берген  сыйлық,  көрсеткен  сый-сыяпатына 
қызыққанмен  де,  Қамардың  жүрекжарды  сөзін  есіткен  жұрт  бәрінен  бас  тартуға  әзір 
болуының  өзі  осы  ұлтқа  тән  жанашырлықты,  аяушылық  сезімді  байқатқандай.  Мысалы, 
Ал, енді  көріп  тұрсың халім мынау. Халімді  қаріп  қылған залып мынау. Тым  болмаса он 
бестен  аспай  жатып,  Қорлықпен  өткенің  бе,  қайран  күн-ау!  Шынымен  сол  Нұрымға 
кеткенім  бе,  Бәлеге  құтылмастай  жеткенім  бе?  Малы  көп  мал  сияқты  пасық  қақпас 
Жанымды  соған  құрбан  еткенім  бе?  [3,  49]  –  деп  тұрып,  талықсып  жығылып  кеткенде 
отырған елі су бүркіп, көз жастары беттерін жууы, жанынан жан бөліп бергендей болып 
аяғандары, тіпті той көреміз, қызық  көреміз деп келген жұрт  ақырын-ақырын үйді-үйіне 
тарасуы шынайы жанашырлық таныту деп түсінсек керек. Оны автордың мына сөздері де 
растай түседі: «...Және ішіп кетер, жеп кетер суылдақтар мен жаман-жұман қатындар 
болмаса,  жас  атаулы  қыздардан  Нұрымның  қасына  жолағаны  жоқ.  Бәрінің  көңіл-көзі: 
Қамарды  аяуда,  жыласа  жылап  дегендей  қолдарынан  келерлері  болмаса  да  қасында 
еді...» [3, 53].  
Қазаққа  тән  ұлттық  мінездің  бір  қыры  –  достыққа  адалдық.  Қазақтың  бұл  ұлы 
қасиеті  де  ақын  шығармасына  арқау  болған.  Мысалы,  Қамардың  ағасы  Қасен  өз  досы 
Ахметтің хатын алып келген ауылдың жымпос жігіттеріне: «Мен сіздерден замандастық 
ақым үшін сұраймын, даурықпай тараңыздар, үлкендердің құлағына тисе ұят болар» деп, 
өлгенше жалынып сұрауы адал достықтың белгісі екені анық.  
Қазаққа  тән  ұлттық  мінездің  бір  түрі  –  бала  бақытын  ойлау,  балажандылық. 
Сұлтанмахмұттағы  Қамардың  әкесі  Омардың:  «-  Сыпыра  бұзылған  иттер,  дендерің  сау 
ма?  Мәжнүн  болмасаңдар,  қара  жүрек  болмасаңдар...  Апырым-ай,  апырым-ай,  ұялмай, 
қызармай періштедей қарашығымды аяқты малдан жаман дөңкиген жауызға ұйғардық 
деп,  не  беттеріңмен  айтып  отырсыңдар!  Неден  қысылдыңдар?  Неден  жүректерің 
үзілді? Түсіне кірсе қорқатын ноянға Қамарды барады, мені береді  деп ойладыңдар ма? 
Құдай, көз жас, обал деген нәрсе естеріңде бар ма? Жоқ, малмысыңдар? Сендер бір аяқ 
ас берген кісіге имандарыңды да сатасыңдар! Қысқасы, мойныма қапшық салып, қайыр 
тілеп  күн  көрсем  де,  Қамарымды  оған  беріп  жылата  алмаймын.  Байлығы,  болыстығы 
өзіне.  Өзім  де  аштан  өлейін  деп  отырғаным  жоқ.  Ет  жегілерің  келсе,  өзім-ақ  сойып 
берейін.  Болмаса  Қамардан  басқа  ермек  жетпеді  ме?  Қамар  тұрсын,  Қамардың 
тырнағын да бермеймін. Добыра сақал Нұрымның басқан ізінен садаға! Аулақ жүріңдер, 
аулақ!,  -  деп  ұшып  көкке,  ұшып  жерге  түсуінен  бала  бақытын  ойлаған,  баласы  үшін 
ашынған әкенің мейірін байқаймыз.  
Халқымызға  сондай-ақ  сенгіштік,  сәби  мінез,  жылқы  мінездік  тән.  Осы  ретте 
Қазыбек  бидің  «Біз  қазақ  баласы  –  баққан  малымыз  сияқты  жылқы  мінездіміз.  Бізде 
момын қойдың мінезі бар. Өйткені қазақта жылқыдай өр, жылқыдай жылдам, жүйрік көп, 
сонымен  қабат  қойдан  қоңыры  да  мол,  жалпы  қазақпын  деген  адамның  мінезінде, 
құлқында  теңіздік  бар.  Сонымен  бірге  еттен  өтіп,  сүйекке  жеткенше  үндемес 
момындығымыз бар» деген сөзі еске оралады. Қазақ халқының тым сенгіштігі Қамардың 
айықпас  дертке  шалдығып,  халі  нашарлағанда,  сол  елдің  бақсы  балгерлері  жиналып, 
олардың  өздерінше  жүргізген  емдеріне,  істеген  ерсі  қылықтарына  мейлінше  илануынан 
байқалады. 
-  Жарықтық,  әулиелер  ғой!  деп  сырттан  тұрып  мүлгісуші  еді.Ишанның  шатып-
бұтып айтқан түпсіз өтірік ертегісі мен қиратып, сындырып айтқан азанын естігенде 
де:  ой,  садағаң  кетейін,  жарықтық  әулиелердің  дауысын  қарасайшы,  бүркіттің 
дауысындай қалай саңқ-саңқ етеді. 

 
 
206 
- Ой, жарықтық ай, әулие, кітап екен ғой. Бәсе, жазуын қарашы таяқтай-таяқтай, 
қағазының қалыңдығынан-ақ белгілі болып тұр ғой - десіп, жабылып жүзін сипап, сүйгені 
сүйіп, қолдан қолға түсірмеуде еді... 
-  Ой,  аруағыңа  болайын  -  деп,  бақсының  қатты-қатты  күрілдегеніне  разы  болып 
отырған жұрт: - Уай, сабазың! Енді қайтсін-ай - деп бақсыға су бүркісіп, әр қайсысы өз 
білетін  құлһуалларын  оқысып,  біраз  дем  алысты.  Романнан  келтірілген  бұл  эпизодтар 
халықтың боямашы өтірікке иланып, соған құлай сенгендігін байқатады. 
Сұлтанмахмұттың  Қамар  сұлуы  халқымызға  тән  адалдық,  қайсарлық,  адамға  деген 
пәк сезімге ие болу қасиетімен көзге түседі. Қанша биязы, инабатты болса да Қамардың: 
Бір өлсем күнде өлгенше саған тиіп, Кетемін келмес жерге қаным қиып. Ол жерден ала 
алмассың,  бара  алмассың,  Болыспын  деп  айқайлап,  кісің  жиып  [3,  52]  –  деп  Нұрымға 
айтқан  сөзінен,  және:  Қызыл  жібек  тәнімді  жүн  қылмаймын,  Жарқыраған  күнімді  түн 
қылмаймын. Неке қияр ала алмай қаласың деп, Шалға барып басымды күң қылмаймын [3, 
57] - деп молдаға айтқан жауаптарынан қайсарлықтың ұшқынын көргендейміз.  
Қорыта  айтқанда,  қазақта  адамгершілік  мінез-құлық  концептісінің  аясы  кең  деп 
айтуға негіз бар. Бұған Торайғыров туындысынан келтірілген деректер мен қазақ әдеби тіл 
қорына енген сөздер мен сөз тіркесімдері мысал бола алады.  
«Мінез-құлық»  концепті  –  халықтық  білімнің  жиынтығы.  Ол  қандай  да  бір 
әлеуметтік  жағдаятта  жағымды  мінезді  көрсетуге,  жаман  мінезден  қашуға  бағдар-бағыт 
беріп отырады.  
Ақынның  әдеби  шығармаларында  қазақ  халқына  тән  ұлттық  мінез-құлық 
ерекшеліктері айқын өрнектеледі. Сұлтанмахмұт өз туған халқының қадір-қасиетін, салты 
мен  дәстүрін  бойына  сіңіріп  өскен  айтулы  тұлға  болды.  Сондықтан  да  оның  қай 
шығармасын  алсаңыз  да,  ұлттық  сана,  ұлттық  рух  сезіліп  тұрады.  Кейіпкерлері  де  өзіне 
әбден  таныс,  ұлттық  танымды  тереңнен  сезінген  жандар.  Қаламгердің  туындыларынан 
ұлттық  мінез-құлықтың  қонақжайлылық,  бауырмалдық,  адамгершілік,  батырлық, 
намысқойлық,  әнсүйгіштік  (өнерқұмарлық),  уәдеге,  сертке  беріктік  сияқты  асыл 
қасиеттерін  кеңінен  байқай  аламыз.  Ақын  шығармаларында  ұлттық  характер,  ұлттық 
психология тамаша суреттеледі. 
Белгілі  жазушы  Диқан  Әбілов:  «Сұлтанмахмұттың  табынған  тәңірісі  шындық, 
шындықты  мейлінше  пәрменді  жалынды  жырлаған  ұлы  ақын.  Дәуірінің  бейнесін  ғана 
емес,  жарқын  болашаққа  сілтеген  ойшыл,  қыран  ақын»  [7,  32],  -  десе,  профессор 
А.Еспембетов  «С.Торайғыров  қазақ  әдебиетінде  жаңа  арна,  тың  серпін  туғызған  ерекше 
тұлға,  қазақ  әдебиетінің  шынар  шыңдарының  бірі»,  -  деп  баға  берген  [8,  43]. 
Сұлтанмахмұт  өз  дәуірінің  күрделі,  қилы  заманның  дана  перзенті,  қайталанбас  тұлғасы. 
Ақын аз ғұмыр сүрсе де «Жасамаймын еңбектің Жемесін көзбен көрем деп. Жасаймын бір 
қолқабыс  Кейінгіге  берем  деп»  деп  өзі  айтқанындай  бүгінгі  ұрпаққа  құнды  мұра 
қалдырған, қазақ халқының қоғамдық өмірінің көкейкесті мәселелерін қозғаған жан.  
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет