Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы



Pdf көрінісі
бет22/25
Дата06.03.2017
өлшемі2,32 Mb.
#7612
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
 
Кәрімов Х. Қанатты тіл. Алматы: Санат, 1995. 141 б. 
2.
 
Шалабаев Б. Көркем проза тілі. Алматы: Білім, 1994. 121 б. 
3.
 
Сыздық Р.Сөз құдіреті, Алматы: Санат. 1997, 224 б. 
4.
 
Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы: Санат, 1993. 494 б. 
5.
 
Мұқанов С. 5-том. Алматы: Жазушы, 1974. 243 б. 
6.
 
Қазақстанның тәлімгерлік ой-пікірлер антологиясы. Алматы: Рауан, 1998. 415 б. 
7.
 
Мұқанов С. Партбилет. Пьеса. // Әдебиет майданы, 1938, №11. 49-90 б. 
8.
 
Общая  психология.  Под  ред.  А.В.Петровского,  3-е  перераб.и  доп.  М.: 
Просвещение, 1986. 464 с. 
9.
 
Негимов С. Шешендік өнер. Алматы: Ана тілі, 1997. 206 б. 
10.
 
Байтұрсынов А. Шығармалар. Алматы, 1984. 
11.
 
Нұрғалиев Р. Айдын. Алматы: Өнер, 1985. 399 б. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
В  данной  статье  раскрывается  художественный  стиль  драматических  произведений 
академика, писателя С.Муканова.  
 
RESUME 
In the given article the author examines the literary style of dramatic works of the academician and 
the writer S.Mukanov. 
 

 
204 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ж. Арықбаева 
Жаңа  лингвистикалық  бағыттар  заман 
талабына  сай  халықтың  этникалық  болмысы 
ретіндегі  тілді  адам  санасының  қызметімен 
тұтастықта,  сабақтастықта  зерттеуге  қол 
жеткізді.  Белгілі  бір  дәрежеде  танымның  бір 
бөлшегін құрайтын адам баласының тілін оның 
табиғи  бастауынан  бөліп  алу  мүмкін  емес.  Тіл 
мен  таным  ажырамас  бірлікте  қаралады.  Осы 
екі  арна,  бір  жағынан,  жеке  тұлғалардың 
танымдық  мүмкіндігін  анықтайтын  объективті 
сүйеніш  болса,  екінші  жағынан,  жалпы  адам, 
адамзаттың  дүниетанымын  қалыптастыратын, 
дамытатын 
фактор 
екендігі 
тілшілердің 
назарында болып келеді. 
Жаңа  бағыттағы  зерттеулердегі  «әлем 
бейнесі»  сипаты  бізді  қоршаған  ғалам,  дүние, 
табиғат,  жанды-жансыз  табиғат,  адам  баласы 
құрған  қоғам  және  оның  екі  құрамы:  жалпы 
адамзат, адам баласының жер жүзіндегі құрған 
қоғамы,  адамзаттың  дүниетанымы  мен  жеке 
халық,  этностың  дүниетанымынан  тұратын-
дығы  сөз  етіледі  [1,  91].  Автор  осыған  орай 
ғалым Ә.Қайдардың тіл байлығын табиғи жүйе 
бойынша  жіктеп,  топтастыра,  өзара  байла-
нысты  сала-салаға  бөліп  зерттеу  әдісін  ұста-
нып,  Адам  –  Табиғат  –  Қоғам  үштігінің 
жүйесінде  мақал-мәтелдерді  топтайды.  Алайда 
адамзат концептісінің танымдық аясын лингво-
мәдени  және  лингвокогнитивтік  бірлікте 
қарастыру  үшін  Адам  –  Тіл  –  Қоғам,  Адам  – 
Тіл – Мәдениет топтамасы да ескерілуге тиісті. 
Концептінің  адамның  санасы  мен  ой-өрісінің 
қабылдауы,  жүйелеуі  бағытына  сай  сипаттал-
ғаны абзал дегенге саятын пікірдің (Е.С.Кубря-
кова)  «адамзат»  концептісінің  концептуалды 
жүйесін саралауға да тигізер әсері мол.  
Ғаламдағы  заттар  мен  құбылыстарға  атау 
берумен  қатар,  олардың  ерекшелігін  танып 
білуде  таным  процесінің  негізгі  екі  жолын 
ғалым  Э.Оразалиева  былайша  түсіндіреді: 
«Таным  процесінің  негізгі  екі  жолы  бар. 
Біріншісі – сезім түйсіктерінің қызметі арқылы 
тану  болса,  екіншісі  –  ойлау  арқылы  жүзеге 
асатын логикалық таным. Бұл екі жолдың екеуі 
де  бір-бірімен  тығыз  байланысты  және  бір-
бірін  толықтырып,  байытып  отырады.  Егер 
алғашқысы  біздің  санамызға  заттың  не 
құбылыстың  жалпы  сыртқы  пішіні  мен 
ерекшеліктері  туралы  мағлұмат  берсе,  ойлау 
қабілетінің  қызметі  арқылы  біз  ол  заттың 
табиғи болмысын таным дәрежесіне көтереміз» 
[2, 5]. 
 
Адамзат – көп 
өлшемді концепт 
 

 
205 
Зерттеуші  А.Ислам  лингвомәдениеттанудың  пәні  адамзаттың  мифологияда,  аңызда, 
әдет-ғұрыпта,  салт-дәстүрде,  фольклорлық  және  діни  дискурста,  поэтикалық  және 
прозалық  көркем  мәтіндерде,  фразеологияда,  метафора,  символ  мен  паремияда  көрініс 
тапқан  архетиптік,  прототиптік  сана  нәтижелерін  қорытындылайтын,  мәдениетте 
эталондық, образды мағына қабылдаған тілдік бірліктер екендігін айтады [3, 18]. 
Адамзат концептісіндегі көп қырлы шарттылық «тілдік тұлға» деп аталатын базалық 
ұғымға да тікелей қатысты.  
Ғалымдар тілдік тұлғаға қатысты орыс ғалымы Ю.Карауловтың тілдік тұлғаның үш 
құрылымды:  1)  вербалды  –  семантикалық;  2)  лингвокогнитивтік;  3)  прагматикалық 
деңгейден тұрады деген өлшемін басшылыққа алады [4]. 
Тіл  мен  таным,  тіл  мен  қоғам,  мәдениет  сабақтастығы  желісіндегі  «тілдегі  адам 
факторы»  ұстанымын  басшылыққа  ала  отырып,  тіл  және  адам  арақатысын 
лингвопереонология  тұрғысынан,  «тілдік  тұлға»,  «нағыз  адам»,  «толық  адам»,  «кәміл 
адам»  талдауларымен  дамытты.  Мысалы,  ғалым  Г.А.Мұратова  Абай  шығармаларының 
когнитивтік  лингвистика,  лингвомәдениеттану  аясында  сабақтастықта  талдап,  ақынның 
тілдік  тұлғасын  талдауға  жаңаша  серпіліс  берді.  Автор  өтірік,  мақтан,  қайғы,  жағымсыз 
күлкі, жайлау, бесік концептілеріне тән ұлттық мазмұнды айшықтады. 
Зерттеуші  Ж.Ермекованың  пікірінше,  қазіргі  орыс  және  қазақ  тіл  білімінде  шартты 
түрде  тілдік  тұлға  мәселесін  талдайтын  бірнеше  бағыттарды  тануға  болатынын  атап,  өзі 
зерттеп  отырған  ақын  М.Жұмабаевтың  тілдік  тұлғасын  «көп  сатылы»  зерттеу  нысаны 
ретінде,  ассоциативтік  вербалдық,  лингвокогнитивтік,  прагматикалық  деңгейлерін 
сипаттауға арнаған. Лингвокогнитивтік деңгейде М.Жұмабаев шығармаларындағы «жан», 
«өмір»,  «өлім»,  «махаббат»  концептілерінің  көрінісіне  талдау  жасайды.  Адам  мен  тұлға, 
тілдік  тұлға,  тарихи  тұлға,  лидер,  көшбасшы  деген  сипаттар  бүгінгі  когнитивтік, 
лингвомәдениеттанымдық зерттеулерде әлемнің тілдік бейнесіндегі, адамзат тарихындағы 
моральдық құндылықтар тұрғысынан, тұтастықта зерттелініп отыр. «Күллі адам баласына 
қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек:  әуелі  – надандық,  екінші  – еріншектік, 
үшінші  –  залымдық  деп  білесің.  Надандық  –  білім-ғылымның  жоқтығы,  дүниеден  еш 
нәрсені онсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады. Еріншектік күллі дүниедегі 
өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады. 
Залымдық адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір 
жыртқыш жайуан хибасына қосылады» (Абай. Отыз сегізінші сөз). 
Шәкәрімнің  «Ар»  ілімінде  де  оның  идеалы  –  таза  адам,  түзу  адам.  Ол  адамды 
қадірлеу  арқылы  ғана  қоғамның  алға  басатынын,  гүлденетінін,  адам  мен  адам  қатынасы 
мәдениетінің  жетілуіндегі  имандылық,  бауырмалдық,  ізгілі  адамшылықтың  орнын 
көрсетіп,  дәлелдеді.  Тіршіліктегі  саналы  өмір  иесі  адамның  адамдық  қасиеті  адам 
ұғымындағы  жалпылық  пен  жалқылықтың  жігін  адамзат  тарихын  зерделеу  арқылы 
дараланатын,  жинақталатын  немесе  дуалистік  сипатқа  тәуелділік  танытатын  болуы 
мүмкін.  Осы  тұрғыдан  келгенде,  адамзат  концептісі  интегративті  сипаттағы  шоғыр 
концепт мәртебесіне ие. 
Шындықтың  концептуалдану  тәсілдері  мейлінше  күрделі  лингвистикалық 
әрекеттерді тудырады және сол әрекеттер деңгейінде көрініс табады. Бұл әрекеттер жүйесі 
объективті  шындықтың,  сыртқы  ғалам  бейнесінің  танымдық  тұрғыдан  игерілуін  ғана 
қамтымайды. Мысалы, адамзатқа ортақ Жер, Ай, Күн немесе биоағзалық аталымдар «қол, 
көз, бас т.б.), перцептивті-сенсорлық жай-күй, түр-түс атаулары (ақ, қара, қызыл, қоңыр, 
сұр, сары т.б.) сынды ғалам көрінісі визуалды ақпарат болса, ғалам бейнесіне түрлі тілдік 
тәсілдер  арқылы  түрлендіріп  қабылдау  субъективті  танымда  немесе  этнос,  ұлтқа  тән 
аймақта  түрлі  абстрактілік  модельдер  пайда  болады.  Мұндай  таным  модельдері  адам 
санасындағы  стереотиптік-символикалық  бейнелеуге  қатысты  қоғамдық  тәжірибеге 
қатысты негізделуі концептінің креативтілігін алға тартады. 

 
206 
Адамзат  концептісінің  концептуалдану  үдерісі  адамзаттық  таным  тәжірибесінде 
жинақталған,  мазмұндық  сипатқа  ие  ең  кішкентай  білім  құрылымы  ретіндегі  бірліктерді 
жинақтайды. 
Адамның  ойлауы  арқылы  шындықтың  концептуалдануының  заңдылығын  зерттеу 
әлем  бейнесінің  көріністенуінің  түрлі  дәрежеде  саралануына,  табиғи  бөлшектенуіне 
байланысы  логикалық  қатаң  жүйеліліктің  ізі  ескерілмейді.  Шындық  дүниенің 
концептуалдануының  табиғилығы,  құрылымының  терең  я  күрделілігіне  орай  ғалым 
И.А.Стернин концептілік құрылым типтерін былай жіктейді: 

 
бірдеңгейлік құрылымдағы концептілер. Олар тек базалық қабаттан тұрады. 

 
көпдеңгейлік  құрылымдағы  концептілер.  Олар  бірнеше  когнитивтік  қабатты 
қамтиды.  Ол  қабаттағы  көпдеңгейлік  көрініс  абстракциялану  ерекшелігіне  қатысты 
базалық образды күрделендіре түседі. 

 
сегментті  құрылымдағы  концептілер.  Олар  абстракциялық  бейнелену 
деңгейлеріне қарай бірнеше өзара тең дәрежедегі сегменттерден тұрады. 
Сонымен бірге автор когнитивтік қабаттар мен сегменттердің жиынтығы концепттің 
ядросын  құрайтынын,  ал  концепттің  жекелеген  белгілері  мен  интерпретациялық 
бөліктерінің жиынтығы перифериясын түзетінін көрсетеді [5, 58, 59-61]. 
Концепт  туралы  теориялық  талдаулар,  тұжырымдар  жасаған  тілшілер  концепт 
құрылымына  көп  қабатты  күрделі  құрылымның  да  тән  екендігін  көрсетеді.  Онда  ұғым 
құрылымына  қатысты  түсініктердің  бәрі  қамтылады  және  оны  мәдениет  фактісі  ететін 
дүниенің бәрі сиысып, енетінін ескертеді. Концепттің бастапқы формасы (этимологиясы) 
негізгі  нысандардың  жиынтық  тарихы;  қазіргі  ассоциациялар,  бағалаулар  т.б.  сияқты 
қабаттары  көрініс  табады.  Қабаттардың  пайда  болу  кезеңі,  шығу  тегі  т.с.с.  жағдаяттар 
концептілік сипатқа ие болуға септігін тигізетін ұлттың мәдени өмірі, тарихының әр түрлі 
дәуірлердегі шөгіндісі тәрізді деген пікірлер де кездеседі [6, 81]. 
Адам баласының, жалпы адамзаттың өмір сүру үдерісіндегі тұғырлы концептілердің 
бірі  ретінде  адамзат  концептісі  әмбебаптық  сипатқа  ие.  Дүние  көрінісінің  кеңістіктік, 
уақыттық,  сандық,  этикалық  өлшемдері  параметрлердің  көмегімен  көрсетіледі.  Мысалы, 
адамзатқа  ортақ  дүниенің  тұтастай  алғандағы  көрінісінің  мифологиялық,  діни  сипаты, 
дүниенің  концептуалды  бейнесінің  алғашқы  сатысы  әр  түрлі  адамдарда  бірдей,  себебі 
адамзаттық ойлау бірдей, ал ұлттық тілдік дүние көрінісіндегі өрнегі басқашалау. 
Адам өміріндегі қарапайым биофизиологиялық процестер (туылу, өсу, ер жету, даму, 
өлу),  сондай-ақ  қоршаған  ортамен,  табиғатпен  араласу,  өзара  әрекет  түріндегі  үдеріс 
ретінде ғана қалмайды. Белгілі бір уақыт пен кеңістікте орын алған, өмір сүрген адамның 
өмірі тұтас әлемнің белгілі бір мәдени құндылық көріністерінен мысқалдай болса да орын 
алады.  Тілдік  танымдық  әрекет  туралы  зерттеуші  Б.Тілеубердиев  былай  дейді:  «Адам 
қоршаған  ортаны,  ...  сан  алуан  нысаналарды  өзімен,  өз  өмірі  болмысымен,  түрлі  заттар 
және  құралдармен,  түр-түс,  тімін  (қалып),  іс-қимылдармен  т.б.  көптеген  құбылыстармен 
салғастырып,  салыстырып,  ұқсатып  барып  таныған,  сол  таным  процесі  барысында  атау 
қойған, номинациялаған» [7, 151]. 
Концептінің  құрылымын  талдаудың  бүгінгі  қазақ  тілтануындағы  кеңінен  қолданыс 
тауып  жүрген  түріне  концептінің  перифериясын,  ассоциативтік  өрісін  айқындауға 
арналған  талдаулар  жатады.  Адамзат  концептісінің  бірінші  өзекті  қабатына  концепт 
ұғымын  құрайтын  лексемалардың  синхронды  сипаттағы  ұғымға  тікелей  қатысты  немесе 
ауыспалы қатысы бар реестрлік сипаттағы сөздік материалы алынды. Мысалы, Адам – 1. 
Ойлау және сөйлеу қабілеті бар, өмірге қажетті өндіріс құралдарын өндіре алатын және ол 
құралды еңбек процесіне пайдалана алатын жан иесі, кісі. 2. Жалпы адам баласы, адамзат. 
3. Көпшілік, барлық жұрт, халық [8, 63] деген мәлімет бар. 
Ал  2008  жылы  шыққан  «Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігінде»:  «Адам  –  1.  Ойлау-
сөйлеу  қабілеті  бар,  еңбек  құралдарын  жасап,  оларды  қажетіне  жарата  білетін,  саналы 
қоғам  мүшесі.  2.  Көпшілік,  қауым,  жұрт,  халық  ...  адам  баласы  –  бүкіл  адамзат,  адам 

 
207 
атаулы. Одан әрі адам сөзімен қатысты мына мәліметтер бар: адамата ислам дінінің аңызы 
бойынша алла жаратқан ең алғашқы кісі, адамзаттың атасы. Адамзат – бүкіл адам баласы, 
адамзаттық, адамзатқа тән адами - адамға тән, адамға қатысты» [9, 17] деп жазылған. 
Түптеп  келгенде,  адам,  пенде,  адам  баласы,  жамағат,  халық,  ұлыс,  ұлт,  адамзат, 
толық  адам,  кемел  адам  т.б.  сияқты  лексемалар  бірде  жекелік,  бірде  жинақтық,  бірде 
коннотативтік  сипатта  қолданылады,  өзегінде  адам  әрекетінің  түрлі  сатыларындағы 
жиынтық көріністер бар.  
«Ұлыс»  ұғымы  да  қазақ  тілінде  ерекше  танымдық  сипатқа  ие  болып,  «адамзат» 
ұғымын  толықтыра  түседі.  Тарихи,  әлеуметтік,  этникалық  тұтастықтағы  адамзатты 
білдіретін  «ұлыс»  сөзін  ауыз  әдебиеті  үлгілерінің  бір  түрі  бата  тілектерден  кездестіре 
аламыз. Мәселен: 
Ұлыс оң болсын, 
Ақ мол болсын
Қайда барсаң жол болсын! 
Ұлыс бақты болсын, 
Төрт түлік ақты болсын! 
Ұлыс береке берсін, 
Бәлі жала жерге енсін! 
Концепт  адамзат  лексемасынан  тікелей  шықпайды.  Ол  –  сөз  мағынасы  мен 
шындықтың  арасын  жалғастыратын  адамзаттың,  этностың  өмірлік  әрекеті  мен 
тәжірибесімен  сабақтастықта  болатын  сананың,  ментальді  лексиконның  оралымды, 
белсенді бірлігі.  
«Адамзат»  концептісі  –  көпөлшемді  концепт.  Олай  дейтініміз  концепт  мазмұны 
этностың, ұлттың заттық, рухани, мәдени тәжірибесіне сүйенеді әрі оған тәуелді. Концепт 
терминінің  лингвомәдени  сипатын  анықтаған  ғалымдар  В.И.Карасик,  Г.Г.  Слышкин 
көптеген  сипаттардың  ішінен,  басты  сипат  ретінде  оның  кешенділігін,  ментальді 
табиғатын,  құндылығын,  өзгермелілігін  атап  көрсетеді  [10,  12-14].  Жоғарыда  аталған 
концепт  сипатындағы  кешенділік  лингвомәдени  концептінің  тілді,  сананы,  мәдениетті 
салыстыра қарастыратын шартты ментальді бірлік ретіндегі қызметінен туындайды. 
Адамзат концептісінің екінші қабаты тарихи, этимологиялық қабат болады. 
Қазіргі ғылым үшін жай ғана адам мәселесі қызығушылық тудырмайды, ішкі таным 
дүниесі  бай,  заттар  мен  құбылыстарды  танып  білуде  өзіне  ұқсас  адамдардың  әлеміне 
деген  қызығушылық  қатынасы  бар  тілді,  сананы  тасымалдаушы  адам  қызығушылық 
тудырады.  Адам,  адамдар  мағынасындағы  этнонимдерден  халық,  ру,  тайпа  атауларынан 
адам  мағынасы  айқындалады.  Мысалы,  зерттеуші  Т.Жанұзақов  былай  деп  көрсетеді. 
Кейбір зерттеушілердің пікірінше, ең көне этнонимдер «адам»,  «адамдар» лексикасының 
мағынасымен байланысты болып келеді. Deutsch атауының өзін зерттеушілер «адамдар», 
«халық»  мағынасындағы  көне  герман  тілінен  келіп  шығатындығын  айтады. 
Урдмурдтардың  көне  этнонимі  ар  сөзі  де  осындай  мәнге  ие.  Комилердің  «адам» 
мағынасындағы бұрынғы атауы – мұрт [11]. 
М.В.Крюков: «Адам», «адамдар», «нағыз адамдар» деген этникалық өзіндік атаулар 
сөзсіз жан-жақты мәнге ие, өйткені  мұндай түрдегі  этникалық  өзіндік атаулар шығу тегі 
жағынан мүлдем басқа, әр түрлі көптеген халықтарға тән», деп жазады. Осындай өзіндік 
атауларға  ие  халықтар  барлық  құрлықтарда  бар  екендігін  кейбір  мысалдар  арқылы 
төмендегіше дәлелдейді: «Фин-угор халықтары. Мариийлердің өзіндік атауы – мари (кісі, 
еркек); урдмурдтардікі – (уд) мурт немесе (урд) мурт (мурт – адам, кісі, ер); комилерде – 
морт (адам) және т.б. ...» [12]. 
Біздер  М.В.Крюковтың  жұмысында  келтірілген  атаулардың  бәрін  атап  отырған 
жоқпыз,  бірақ  бұл  атаулардың  барлығы  «адам,  адамдар»  деген  этноатаулардан  жан-
жақтылығын  және  мұның  өзі  этнонимдердің ең  көне  семантикалық  типтері  болу  мүмкін 

 
208 
екендігін  растайды.  Ғалымдар  «адамдар»  деген  өзіндік  атауды  алғашқы  қауымдық 
құрылыстың ыдырау кезіне жатқызған. 
«Қазақ»  этнонимінің  этимологиясы  туралы  академик  Ә.Қайдардың  ұсынған  121 
нұсқасына  салыстырмалы-тарихи,  морфонология  материалдарына  негізделген  татар  тіл 
білімінің  көрнекті  өкілі,  ғалым  З.М.Закиевтің  пікірі  қосылды.  Автор  оны  122-ші 
дискуссиялық материал деп қосып, былай дейді: ... первоначальная форма этого этнонима 
кыусак  «белые  саки»  в  дальнейшем  получила  морфонологическое  изменение  в  двух 
направлениях: 
1) кыусак> кыфсак> кыпсак> кыпчак> кыпшак 
2) кыусак> кесак> касак> казах белые саки, светлые саки [13, 22]. 
Концептінің үшінші қабатында, ассоциативтік-семантикалық өрісінде бағалауыштық 
мазмұндағы  тілдік  модельдер  орналасады.  Олардың  ішінен  тілдесімде  туындайтын, 
сөйлеушінің  тәжірибесі  мен  білім  қорына  сүйеніп  жасайтын  тұжырымындағы 
аксионалдық,  яғни  құндылық  сипатына  ие  модельдердің  бірегейленуі  көрініс  береді. 
Ғалым  Б.Момынова  «...  әрбір  ұлттың  ой-санасында  адамның  аксиологиялық  моделі 
қалыптасқан...  Әр  халықтың  түсінігінде,  кез  келген  ұлттың  тілдік  санасында  (языковое 
сознание) адам қандай болу керек, халық нені көксейді, ішкі дүниесі қандай болуы тиіс, 
жақсы, жаман қасиеттері қандай, адамгершілік мақсаттары нендей, нені мансұқ етуі керек 
т.б. ұғымдардың жинақталуы негізінде жасалған ұлттық образ бар» - дейді [14, 37]. 
Зерттеуші  Ғ.А.Түсіпбекова  баға  берудің  субъектісі  мен  объектісінің  бір-біріне 
қатынасы  жағымды-жағымсыз,  жақсы-жаман  белгілерінің  негізінде  анықталатын  жалпы 
және  жеке  бағалауышты  атап,  оларды  құрайтын  тақырыптық  топтар  қатарына  адамның 
жасына,  өміріне,  сезіміне,  көңіл-күйіне,  рухани  мақсат-мүдделеріне,  іс-әрекетінің 
нәтижесіне т.б. қатысты бағалауды көрсетеді. 
Кейінгі  кездегі  зерттеулерде  тіл  фактілерін  этнолингвистикалық,  лингвомәдени, 
когнитивтік аспектіде бағалаудың коннотациялық мазмұнына көңіл аударады. Ғылымдар 
тоғысындағы,  логикадағы,  философия  мен  лингвистикадағы  бағалау  категориясының 
әрбір  ғылым  саласына  сай  категориялық  мазмұны,  сөз  жоқ,  адамзаттың  эмпирикалық 
тәжірибесінен 
бастап, 
адамдар 
арасындағы 
күрделі 
қарым-қатынастардың 
гносеологиялық,  аксиологиялық  сипаты  бар  кешенді  тілдік  көрініске  дейін  дамыған. 
Бағалау категориясының абсолюттік және салыстырмалы ішкі құрылымдық типтерге толы 
мазмұны  адамзат  концептісінің  аялық  семантикасын  толықтырып,  жандандырып,  адам 
баласының қоғаммен арақатысы көрсеткішінің вербалданған құрылымы концепт жүйесін 
құрай алады деуге болады. 
Ұлы  Абайдың  «Алла  мінсіз,  пайғамбар  әуелден  хақ,  мүмін  болсаң  үйреніп,  сен  де 
ұқсап  бақ»  деген  салауатты  сөзінің  күллі  адамзат  әулетіне  айнымас  үлгі  болғандығы, 
болып  келе  жатқандығы  шындық.  Адамзатқа  келешектің  күн  сәулесінің  шуағын  төккен, 
сан ғасырдың, сан ұрпақтың өкілдері жырлаумен өткен ұлы пайғамбарымыздың бойында 
тоғысқан 
табандылық, 
сабырлылық, 
сенімділік, 
қайырымдылық, 
жомарттық, 
кішіпейілділік,  биязылылық,  аманатқа  адалдық,  боямасыз  болмыс,  бауырластық,  т.б. 
қасиеттердің  тек  мұсылман  қауымына  емес,  барша  адамға  адамзаттық  болмыстың 
шынайы  тұрпаты  ретінде  көріністенеді.  «Жақсы»,  «оң»,  «жағымды»  ұғымдарының  адам 
әрекетінің  этностық  қауымдастық  мазмұнындағы  концептуалдық  жүйенің  танымдық 
қызметі тұтас дүние. 
Мысалы: Жақсы сөйлер шешіліп
Бастағы мінін жасырмай,  
Кішіпейіл, әдепті  
 
 
 
(Майлықожа) 
 
Жақсының сөзі кем емес,  
Алуа, шекер, бал, судан 
 
 
(Мұрат Мөңкеұлы) 
 

 
209 
Баланың жақсысы – қызық, 
Жаманы – күйік  
 
 
 
(Абай) 
Адамзат  концептісінің  мазмұнындағы  тілдік  бірліктердің  коннотативтік  аспектісі, 
құндылықтың  концептуалды  мағынасының  бағалауыштық,  оң,  жағымды  көріністері 
сондай-ақ  кері  қолданыста  да  көрінеді.  Мысалы,  лексикографиялық  жүйеленген  мына 
сөзге  арам,  ақымақ,  аусар,  ауыш,  аңқау,  ашқарақ,  аңғырт,  әңгүдік,  әккі,  даңғой,  даңғаза, 
дарақы,  далбаң,  дөкір,  есерсоқ  т.б.  қатары  адамның  түрлі  жағымсыз  эмоциясын,  көңіл-
күйін, іс-әрекетін бағалау мақсатындағы қызметте жұмсалады. «Адам – Қоғам», «Адам – 
Мәдениет  –  Тіл»  құрылымдары  желісіндегі  адам  әрекетінің,  өмірлік  тәжірибесінің 
танымдық  қызметі  бағалауыштық  сипаттағы  адам  әрекетінің  оң/теріс  оппозициядағы 
бейнесі концептінің ассоциативті өрісін құрайды. 
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
 
Қасымова  С.  Сан  компонентті  мақал-мәтелдер.  Филол.  ғылымдарының 
кандидаты ... дисс. Астана, 2010.  
2.
 
Оразалиева Э.Н. Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы. Монография. 
Алматы: Арыс, 2007. 
3.
 
Ислам  А.  Ұлттық  дүние  контексіндегі  дүниенің  тілдік  суреті  (салыстырмалы-
салғастырмалы  лингвомәдени  сараптама).  Филол.  ...  докторлық  диссертация. 
Алматы, 2004. 
4.
 
Караулов Ю. Русский язык и языковая личность. М: Наука, 1987. 263 с. 
5.
 
Стернин  И.А.  Методика  исследования  структуры  концепта  //Методологические 
проблемы когнитивной лингвистики. Воронеж, ВГУ, 2001. 
6.
 
Смайылов  А.  Тұрақты  тіркестердегі  әйел  концептісінің  лингвомәдени  сипаты: 
фил.ғыл.канд. дисс.авторефераты. Алматы, 2006. 
7.
 
Тілеубердиев Б. Қазақ ономастикасының лингвокогнитивтік аспектілері. Алматы: 
Арыс, 2006. 280 б. 
8.
 
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. І том. Алма-Ата, 1988. 
9.
 
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. І т. Алматы, 2008.  
10.
 
Карасик  В.И.,  Слышкин  Г.Г.  Базовые  характеристики  лингвокультурных 
концептов //Антология концептов. М.: Гнозис, 2007. 
11.
 
Жанузаков Т. Очерки казахской ономастики. Алма-Ата: Наука, 1982. 176 с. 
12.
 
Крюков А.Н. Фоновые знания и языковая коммуникация. М., 1998. 199 с. 
13.
 
Закиев  З.М.  От  морфонологии  к  лингво-археологии  //  «Еуразияшылдық  идеясы 
контексіндегі  Қазақстан  түркітануы:  мәселелері  мен  болашағы»  халықаралық 
ғылыми теориялық конференциясының ғылыми теориялық мақалалар жинағы.  – 
2008, 12-13 желтоқсан. Астана, 2009. 
14.
 
Момынова Б. Қазақ тіліндегі қоғамдық-саяси лексика (әлеуметтік-бағалауыштық, 
сөзжасам). Алматы: Қазақ университеті, 2004. 160 б. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет