Ф 03-03 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов



бет7/114
Дата06.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#72246
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   114
Сындық қызмет. Әлеуметтану Әлеуметтану теорияларына сын көзбен қарайды, тұлғаның қызығушылығы тарапынан танымдық дұниені бағалайды.

  • Бағалау қызметі зерттелінуші әлеуметтік өмірге әлеуметтік бағдар жасаумен (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді) байланысты.



    3.Әлеуметтану мен саясаттанудың басқа да қоғамдық ғылымдармен ара қатынасы.
    Әлеуметтанудың ғылым ретіндегі ерекшелігі басқа қоғамдық ғылымдармен арақатынасын айқындаумен танылады. Әлеуметтану тұтас қоғамды ғана емес, сонымен бірге оның жеке бөлшектерін, бөлімдерін де зерттейтін ғылым. Қоғам - өте күрделі объект, бір ғана ғылымның аумағында зерттеу мүмкін емес. Тек қана бірнеше ғылымның жетістіктерін біріктіре отырып, күрделі құрылым, адамзат қоғамын толық және қарама-қайшылықсыз зерттеп, жүйелі баяндауға болады.
    Әлеуметтану басқа пәндермен тығыз байланысты . Психология, әлеуметтік психология, саяси ғылымдар және этнография ғылымдар білімінің жүйесімен байланыста әлеуметтік білімді құрайды. Туыстас пәндер-бір-бірінен ұғымдар мен категорияларды алып пайдаланып, зерттеу нәтижелері, тәсілдері және теориялық жаңалықтарымен алмасады. Әлеуметтанушылар өз зерттеулерінде психология, экономика, социология т.б. қоғамдық пәндердің методтарын еркін қиыстырып пайдаланады.
    Басқа ғылымдармен салыстырғанда әлеуметтану мәселеге жан-жақты кең көлемде қарайды. Ол бұқараның мінез-құлқын жүйелеп зерттеуге мүмкіндігі бар, сондықтан статистикаға жақындайды. Алайда оның адамның ішкі дұниесіне еніп, зерттеуге мүмкіндігі жоқ.
    Қазіргі кезде ғылымдар арасында әлеуметтануды гумантитарлық ғылымдар жүйесіне ме, әлде әлеуметтанулық ғылымдар жүйесіне жатқызу керек пе деген сауалға ортақ пікір қалыптасқан жоқ. Бір жағынан әлуметтану, психология, әлеуметтік психология, экономика, саясаттану әлеуметтік ғылымдар жүйесіне кіреді. Олар бір-бірімен тығыз байланысып, тығыз ғылыми одақ құрады.
    Гуманитарлық пәндер жүйесіне тарих, философия, әдебиеттану, мәдениеттану кіреді. Гуманитарлық ғылымдар қарапайым модельдерге бағалау пікірлерге, сапалы методтарға сұйенсе, әлеуметтік ғылымдар – формальды модельдерге, математикалық аппаратқа және сандық білімге арқа сұйейді. Екі ғылым арасындағы тағы бір айырмашылық гуманитарлық ғылымдар рух, мәдениет, құндылықтар әлемін зерттейді, ал әлеуметтік пәндер бұларды қарастырмайды.
    Екінші жағынан, әлеуметтанудың философия, тарих мәдениеттанумен көп ұқсастығы бар. Мұндай жағдайды әлеуметтануды гуманитарлық ғылымдар жүйесіне жатқызуға болады.
    Мұндай жағдайда әлеуметтануды екі статусты: әлеуметтік және гуманитарлық ғылым ретінде қарастыруға болады. Әлеуметтануды әлуметтік ғылым ретінде қарастырғанда үлкен әлеуметтік топтың өкілі ретінде адамдардың мінез-құлқы туралы, қоғамның құрылымы, қызмет етуінің обьективті заңдылықтарын оған кіретін әлеуметтік институттармен бірге статистикалық мағлұматтарға сұйене отырып зерттейтін ғылым деуге болады.
    Әлеуметтану басқа ғылымдармен салыстырғанда кейін пайда болып басқа ғылымдардың ұғымдарын, нақты статистикалық нәтижелерін, таблицалық мәліметтерін, графиктері мен ұғымдық схемаларын, теориялық схемаларын қабылдап алды. Философиядан әлеуметтануға қоғам, адам, құндылықтар, индивид, прогресс, даму және бірнеше т.б. ал театр өмірі тарапынан «рөл», юриспруденциядан - «статус» ұғымдары енді. Әлеуметтану өз тарапынан әлеуметтендіру, девиантты, делингвентті мінез-құлық, интеракция сияқты ұғымдарын қосты. Экономистерден әлеуметтану: капитал, еңбек, еңбекті ұйымдастыру, ақша, рынок, бюджет, меншік, тауар т.б. терминдерді қабылдады. Сонымен әлеуметтану ғылымын қоғамдық ғылымдармен арақатынасын қысқаша қарастырып көрелік. Әлеуметтану мен әлеуметтік философияның арақатынасын қарастырғанда ең алдымен әлеуметтанудың философиялық ғылымдарға жатпайтынын, өйткені ол әлеуметтік философияға қарағанда жалпылығы әлдеқайда төмен заңдылықтарды қарастыратынын атап көрсеткен жөн. Олардың тығыз байланысын анықтайтын мәселе- екеуі де қоғамды жүйелі тұрде тұтас әлеуметтік организм түрінде қарастырады. Бірақ әлеуметтік философия қоғамды бүкіл дұние ғаламның ерекше, құрамдас бөлігі ретінде қарастырып, оны жалпы философиялық ұғымдардың,, категориялар мен заңдардың көмегімен түсіндіреді. Әлеуметтік философия қоғам дамуын жалпы философиялық заңдардың, яғни табиғат, қоғам және адам ойлауының ең жалпы заңдарының әлеуметтік көрінісі тұрғысынан зерттейді. Әлеуметтік философия әлеуметтанудың жалпы теориялық және методологиялық негізі болып табылады. Өйткені әлеуметтану қоғамдық өмірге нақтылы талдау жасағанда, әлеуметтік философияның категориялары мен заңдарын басшылыққа алады да оның қағидалары мен қорытындыларын анықтау, нақтылау арқылы өзінің өмір шындығымен, практикамен байланысын кеңейте, тереңдете тұседі.
    Әлеуметтану мен тарих өзара бір-біріне әсерін тигізеді. Әлеуметтанулық қорытындылар тарихи тәжирибеге, фактілерге сұйенеді, сөйтіп оның табыстарына себепші болады, өмірден алшақтауына, шамадан тыс абстракциялық жалпылауларға жол бермейді. Әлеуметтанулық зерттеулер тарихшыларға тарихи процестерді терең талдауға көмектеседі. Осы екі ғылымның өзара байланысының кұшеюі тарих әлеуметтануының тууына алып келеді. Сонымен, әлеуметтік философиямен бірге социология да тарих ғылымы үшін жалпы теориялық және методологиялық негіз болып табылады. Саясаттану мен әлеуметтанудың тығыз байланысы мен өзара әсері саясат әлеуметтануы деп аталатын арнаулы әлеуметтанулық теорияның тууынан айқын көрінеді. Солай болғанымен бірақ бұлар өз алдына жеке ғылымдар. Әлеуметтану әлеуметтік болмысты, қоғамның әлеуметтік өмірін зерттейтін ғылым болса, ал политология қоғамның саяси болмысын, саяи өмірін зерттейді. Өздерінің пәні мен тәсіліне сәйкес бұлардың әрқайсысы біртұтас қоғамдық құбылыстарды өз тұрғысынан ерекше зерттейді. Әлеуметтану басқа да арнайы қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты. Мысалы, құқықтану ғылымын алайық. Әлеуметтану құқықты, құқықтық қатынастарды жеке-дара қарастырмай, бүкіл қоғамдық өмірдің бір бөлігі ретінде қарап, әлеуметтанулық заңдардың құқық саласындағы көріністерін қарастырады. Әлеуметтанудың алдына қоятын міндеті- құқыққа және оның әлеуметтік рөліне әлеуметтік факторлардың, қатынастар мен институттардың және әлуметтік ұйымдардың тигізетін әсерін анықтау.
    Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Себебі олардың бәрінің зерттеу объектісі ортақ — қоғамдык өмір. Олар бірталай ортақ ұғымдарды да пайдаланады. Бірақ та әрбір қоғамтану ғылымының өзіндік пәні бар. Сон-дықтан саясаттанудың басқа гуманитарлық ғылымдар арасын-дағы ерекшелігін, алатын орнын анықтап алған ләзім.
    Саясаттану ең алдымен фәлсафамен (философиямен) тығыз байланысты. Фәлсафа — табиғат, қоғам және таным дамуының неғұрлым ортақ заңдылықтары туралы ғылым. Ол тіршіліктің түпкілікті себептерін, рухани байлықтардың негізінде не жат-қанын және т. с. с. ашып, дүниеге тұтас көзқарас туғызады. Сон-дықтан ол басқа пәндер сияқты саясаттануға жалпы әдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты фәлсафалық тұрғыдан дәлелдейді, саяси қүбылыстар мен процестерді талдауға дүние-танымдық бағдар береді. Бірак ол мәселелерді, құбылыстарды, өмірдің жекелеген жақтарын қарастырғанда өзінің ересі тар-лығын байқатады. Саясаттану қоғам өмірінің саяси саласын-дағы жалпы заңдылықтарды нақтылайды, айқындайды, саяси танымды терендетеді, саяси көзқарасты калыптастырады. Са-йып келгенде, саясаттану өмірдің жалпы жақтарын қарастыр-ғанда фәлсафа түжырымдарына сүйенеді, ал саясаттың нақты-лы жақтарына келгенде фәлсафа саясаттануға жүгінеді.
    Саясаттану экономикалық теориямен өзара байланысты. Са-яси экономия саяси процестерді экономикалықтұрғьшан дәлел-дей отырып, ол процестердің негізінде әр түрлі әлеуметтік топ-тардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп жатканына көз жеткізеді. Саясаттану экономикалық саясатты дайындау және іске асыру, ол процестерді мемлекеттік реттеу принцип-терін ғылыми түрде негіздейді. Саясаттану құқықтық гылыммен тығыз байланысты. Құқық адамдардың қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, жүріс-тұры-сын реттейді. Ол саяси шешімдерді дайындап, іске асырудың құқықтық тетіктерін көрсетеді, құқықтық және мемлекеттік нормалар мен институттардың қиысқан, түйіскен жерлерін қа- • растырады. Құқықты Қ. Маркс заңға айналдырылған экономи-калық үстем таптың еркі деп атаған.
    Саясаттану құқыктануға жалпы теория, оның теориялық-әдістемелік негізі іспеттес. Саяси өкімет жүйесінсіз әлеуметтік, оның ішінде құқықтық ережелер мен қатынастар жалпыға міндетті сипат алып орындалмайды. Сонымен қатар құкьіқтық тұрғыда калыптаспай саяси өкімет те әдеттегі қызметін атқара алмайды.
    Саясаттануға жақын.ғылымдардың бірі — әлеуметтану (социология). Саясаттану саясатты белгілі бір зандылықтарға ба-ғынып, іс жүзіңде белгілі бір принциптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қарайды. Ал әлеумет-тану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның саяси салаға етер әсерін зерттейді. Оның айналысатын мәселелері адамды және қауымдастықты дамы-туға саясат не бере алады және саясатты жетілдіру үшін адам-дар не істей алады. Сайып келгенде, саясаттанудың негізгі на-зары саясатта болса, әлеуметтанудың назары саясатты жасау-шы адамда болады. Олардың арасындағы байланыс әсіресе са-ясаттануды сандык әдіс-тәсілдерді пайдалануға байланысты күшейе түседі.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   114




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет