Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022


Бор қышқылы (борная кислота)- Acidum boricum, H



бет114/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   143
Бор қышқылы (борная кислота)- Acidum boricum, H 3 BO 3 түссіз жылтыр қабыршақты заттар.Ұстағанда майлы, иіссіз кейде ақ түсті ұнтақ түрінде кездеседі.Судың 5 бөлігінде ериді.Кейде бор қышқылының натрийлі тұзын –натрий тетраборатын қолданады.
Бор қышқылы нашар ыдырайтындықтан микробтарға қарсы әсері де әлсіз болып келеді.Ол ұлпаларға аздап тітіркендіріп әсер етеді.
Ішке бергенде бор қышқылы кілегейлі қабықтарды қабындырады; резорбтивті әсері әлсіз болып келеді, бірақ бүйректер арқылы бөліне отырып оларды тітіркендіреді және қабындыруы да мүмкін.Бор қышқылы бактериостатикалық әсер етеді, оның 2 % 4% ерітінділері бактерияларды өлтірмегенімен, олардың өсіп-дамуын тоқтатады.
Сондықтан да оны осы ерітінді күйінде антисептик ретінде офтальмология мен гинекология практикаларында кеңінен қолданылады.
Сірке қышқылы (уксусная кислота)-Acidum aceticum, CH 3 COOH.Официнальды түрде 3 түрлі концентрацияда дайындалады.
1) Acidum aceticum, concentratum-концентрацияланған сірке қышқылы, құрамында 96-100% СН 3 СООН бар түссіз мөлдір ұшқыр сұйық зат, 00 С –дан төменгі температурада кристалды затқа айналады, иісі мен дәмі өте қышкылды, спирт пен судың кез келген арақатынасында араласады;
2) Аcidum асеtісum diIutum - араластырылған сірке қышқылы, құрамында 30 % СН3СООН бар, қасиеті концентрацияланған сірке қышқылы тәріздес, бірақ оған қарағанда әсер етуі әлсіздеу;
3) Асеtum-сірке суы, құрамында 6 % СН 3СООН бар. Төменгі концентрациялардың өзінде-ақ (1:10000) сірке қышқылын антисептикалық және ашу құбылысын қарсы зат ретінде қолданады. 1 % концентрациясында бактерицидтік және инсектицидтік қасиеті айқын біліне бастайды. Қанға сіңе отырып, сірке қышқылы карбонаттармен қосылады да, зат алмасу құбылысын нашарлатып температураны төмендетуі ммкін.Практикада паразиттерге қарсы зат ретінде малдар биттегенде (0,2-1 % ерітіндісі); антисептикалық және қабынуға қарсы лат ретінде сіңір тартылғанда; қабынулар кезінде 3 % - ерітіндісін ақ саз балшыққа араластырып қолданады, сонымен бірге аусыл ауруы кезінде жануарлардың аузын шаяды; ішке ашуға, шір)те қарсы зат ретінде де және сапасыз жем-шөп жеген малдардың перисталтикасын реттеу үшін салицил қышқылымен бірге қызуды басуға; антидот ретінде сілтілермен уланғанда және кейбір азық-түлік заттарын сақтауға қолданады. Араластырылған сірке қышқылының мөлшері: жылқылар мен сиырларға 10,0-40,0; қойларға 5,0-10,0; шошқаларға 2.5-5,0: иттерге 1,0-2,0: түлкілерге 0,5-1,5 г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет