Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет130/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   143
Төртхлорды көміртек carbonei tetrachIoriedum, CCL4 .Хлороформды еске түсіретін мөлдір, түссіз, сұйық зат. Қайнау температурасы 73-770 С.Препарат өте төзімді, сол себепті оны бірнеше жылдыр бойы сақтап беруге болады. Суда ерімейді, эфир майлары, спирт және органикалық ерітінділермен оңай араласады. Емдік мақсаттар үшін әртүрлі қоспалардан (күкіртті көміртек, хлор, күкіртті қосылыстар) тазартылған препараттар қолданылады. «Б» тізімі бойынша сақталады.
Қойлар мен ешкілердің фасциолезында препаратты капсула түрінде ішке береді немесе қарынға 2-3 мл мөлшерінде егеді.Алты айға дейінгі жас малдарға егілетін мөлшері -1 мл.Алты айға дейінгі қозылар мен лақтар дегельминтизацияланбайды.Кейде препаратты 0,2 мл/мг мөлшерінде тері астына егеді. Ірі қара малдардың фасциолезында төртхлорлы көміртекті вазелин майындағы 50 % ерітінді күйінде 0,1 мл/мг мөлшерінде бұлшық етке егеді.Жылқылардың параскаридоз, стронгидидоз және трихонематидозында препаратты зонд арқылы ішке береді.Мөлшері: 1 жастағыларға 11-15 мл; 2-3 жастағыларға 21-25 мл; 3 жастан жоғарыларға 26-40 мл.
Фасциолин, алтыхлорлы этан немесе гексахлорэтан-FascioIinum (HexachIoraethanum) CCL3- CCL3. Ароматты иісі бар, түссіз кристалдар.Суда ерімейді, майлар мен этил спиртінде ериді.Фасциолоцидті әсер етеді. Фасциолиннің суда еритіндігін, ас қорыту жүйесінің сұйықтықтарында нашар еритіндігін ескере отырып, оны қарын мен ішектерде бірқалыпты таралатын пішінде қолданған жөн. Сол себепті препаратты бентонитпен бірге болюс түрінде қолданады.Бентонит өте күшті эмульгатор болып саналады.Фасциолиннің емдік дозаларынан жануарлардағы кейбір зат алмасу түрлері бұзылады, ас қорыту жүйесінің қызметі нашарлайды, қан қысымы төмендеп, оның құрамындағы эритроциттер мен лейкоциттердің мөлшері артады.Ас қорыту жүйесі қызметінің өзгеруі мен қан қысымының төмендеуі 2-3 күнге дейін созылады.
Препараттың жоғарғы мөлшерінен жануарлар салданады, геморрагиялық гастроэнтерит пайда болып, бауыр, бүйрек және жүрек бұлшық еттерінде дегенеративті өзгерістер байқалады.Қойлар мен ешкілердің фасциолезында фасциолинді 0,3-0,4 мл/кг мөлшерінде ішке береді.Оны бентонитпен қосып суспензия түрінде беру ыңғайлы келеді. Кейде фасциолиннің жарты суспензия түрінде беру ыңғайлы келеді. Кейде фасциолиннің жарты мөлшеріне (0,15-0,2 мл/ кг) 1 мл төртхлорлы көміртекті қосып, иттердің описторхозында 0,1-0,2 кг мөлшерінде ішке береді.
Фасциолин жылқылардың стронгилидоздарында өте күшті әсер ететін препарат. Осы мақсатпен оны 0,4 мл/ кг мөлшерінде қолданады. Кейбір жағдайларда препараттың емдік мөлшерінен жылқыларда ұзақ уақыт бойы тұздар жетіспегенде, олардың аяқтарында ісіну белгілері байқалады. Мұндай өзгерістерді жылқылардың тері астына камфора майын немесе вена тамырына екікөмір қышқылды натрийді егу арқылы жоюға болады. Мұндай жағдайларда гексаметилентетрамин мен аскорбин қышқылы да қолайлы әсер етеді.
Фасциолинді ет қоректі жануарлардың описторхозында 0,1-0,2 кг мөлшерінде 10 есеге дейін (1,0-2,0 кг) жоғарылатуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет