Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022


Төртхлорлы этилен (тетрахлорэтилен) –TetrachIoraethyIenum, CI



бет131/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   143
Төртхлорлы этилен (тетрахлорэтилен) –TetrachIoraethyIenum, CI2 C=CCI2.Суда ерімейтін, органикалық ерітінділерде жақсы еритін түссіз сұйық зат. Жарық жерде сақтағанда фосгенге және басқа да ул заттарға ыдырайды. «Б» тізімі бойынша қаранғы жерде жақсы жабылатын ыдыстарда немесе ампулаларда сақтайды.
Әсер ету механизмі төртхлорлы көміртекке ұқсас болғанымен, организмде тудыратын өзгерістері мен паразиттерге қарсы әсерінде айырмашылықтары бар. Препарат көптеген нематодозаларға өте белсенді әсер етеді, ал цестодозалар кезінде белсенділігі онша емес. Оның судағы ерітінділері ас қорыту жүйесі арқылы организмге сіңбейді, майдағы ерітінділері жақсы, ал спирте ерітінділері өте жақсы сіңеді.
Уытты әсерінің белгілері төртхлорлы көміртекке ұқсас, бірақ оған қарағанда уыттылығы едәуір төмен. Жас малдың төртхлорлы этиленге сезімталдығы өте жоғары, сол себепті бұл препаратты жас малға өте сирек және төменгі мөлшерінде береді. Ең жоғарғы мөлшері: жылқыларға 30,0-40,0 г; қойларға 10,0-15,0 г; шошқаларға 12,0-15,0 г; иттерге 0,7-1,0 г; тауықтарға 2,0-6,0 г.
Төртхлорлы этиленді иттер мен түлкілердің аскаридоз, анкилостоматоз және уницинариозында қолданылады.
Гексахлорпараксилол (хлоксин)-НехасhIоrраrохіIоIum. Дәмсіз, өзіне иісі бар, ақ түсті кристалды ұнтақ. Суда ерімейді, вазелин және өсімдік майларында жақсы ериді. Әсер етуі жөнінен гексахлоэтанға ұқсас. Фасциолалардың жас формаларын өлтіреді. Фасциолалардың ішек эпителийі мен паренхима торшаларындағы нуклеопротеидтердің құрылымын бұзады.Алғашқыда фасциолалардың бұлшық еттерін қоздырып, қозғалысын күшейтеді де, жабысып тұрған жерінен түсіп қалады.
Гексахлорпараксилодың организмнен бөлінуі препаратты еккеннен кейін екі тәулік бойы жүреді. Оның емдік мөлшерінен ас қорыту жүйесінің моторлы және секреторлы қызметінде ешқандай өзгерістер болмайды. Фасциолаларға қарсы зат ретінде құрама жеммен 1-5 және 1:10 ға қатынасындай мөлшерде араластырып, араға 10 тәулік салып екі рет береді.
Малдың 1 кг тірілей салмағына есептегендегі мөлшері: қойларға 0,4, ірі қара мал мен шошқаларға 0,5 г (1 рет).
Гексахлорпараксилолдың төртхлорлы көміртекке қарағанда емдік нәтижелілігі жоғары, ал уыттылығы едәуір төмен. Бірақ, кейде оның әсерінен өт жолдарының құрысып, тырысуы пайда болады және 2-3 тәулік бойы организм жалпы әлсірейді. Мұндай қолайсыз әсер әлсірген, арықтаған және көтерме малдарда жиі байқалады. Оны күйіс қайыратын малдардың дикроцелиозында, малдың 1 кг тірілей салмағына есептеп ішке береді. Мөлшері: ірі қара малға 0,4; жас малға 0;5; ұсақ малға 0,6. Препаратты осы мөлшермен 1 айдың ішіндс үш қайтара беред;. Қорек талғамайтын жануарлардың опистохорозында мөлшері 0,4-0,6 г/кг. Хлорпараксилолға гексахлорофен, битинол және басқада препараттар ұқсас әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет