Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет30/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   143
Ацеклидин – Acaeclidinum. Ақ түсті, кристалды ұнтақ, суда жақсы ериді. Бумен залалсыздандырута болады. Тікелей әсер ететін М.-холиномиметик. Эфферентті холинергиялық иннервациядағы ағзалар мен жүйелердің функцияларына дем береді. Ішектердің, қуықтың, жатырдың жиырылуын күшейтеді, тонусын жотарлатады; көздің ішкі қысымын төмендетеді. Үлкен дозасының әсері ареколиннің әсеріндей.
Несеп ағзаларын, көз ауруларын емдеу; хирургиялық және акушерлік-гинекологиялық тәжірбиелерде қолдануға болады.
Бронхиалды астмада, жүрек ауруларында, ас қорыту жүйесінде қан ату процесстерінде, буаз малдарға қолдануға болмайды. Уланғанда атропин және атропин тәрізді дәрілік заттарды жібереді.
Препарат ұнтақ түрінде және 0,2 % -ды ерітінді ретінде және 2 мл ампулада шығарылады
Холинолитиктер
Бұл топтағы препараттардың ерекшелігі олар ацетилхолинді өзгертпейді, тек М-холинреактивті құрылыстардың ацетилхолиннің және басқа да М-холинмиметиктердің әсерлеріне сезімталдығын жояды. Соның салдарынан холинергиялық синапстарда эффекторлы ағзалардың торшаларына нерв импулъстарының берілуі уақытша тежеледі де, адренергиялық импульстардың берілуі басымырақ болады.
Шеткергі М-холинорецепторларды тежейтін дәрілік заттардың негізгі өкілдері ретінде атропинді және атропин тәрізді дәрілік заттарды келтіруге болады.
Атропин сулъфаты- Atropini sulfas. Өсімдіктерден алынатын алкалоид. Иіссіз, су мен спиртте жақсы еритін ұнтақ. Тек М-холинорецепторларға ғана әсер етеді, ал Н-холинореактивті құрылыстарға әсері жоқ. Терінің шелі және кілегей қабық арқылы оңай сіңеді, әлсіз жергілікті анестезия пайда болады. Бүйректер арқылы организмнен бөлінеді.
Атропиннің әсерінен барлық бездердің секреция бөлуі құрт төмендейді, жадағай етті ағзалардың жиырылу процессі нашарлайды, көз қарашығы үлкейеді, көздің ішкі қысымы жоғарылайды, аккомодация салданады. Ауыз қуысының кілегей кабыты құртайды, асқазан сөлінің қышқылдығы төмендейді. Өттің бөлінуінің азаюы тек ол көп бөлінетін жағдайларда ғана байқалады. Тердің бөлінуі бірден тоқтайды, қайтадан қалпына келуі 1,5-2 сағаттан кейін болады. Барлық малдардың асқазан мен ішектерінің, күйіс қайыратын малдардың алдыңғы қарыншақтарының жирылуы әлсірейді, еттерінің тонусы нашарлайды.
-Platephyllini hydrotartartras. Суда жақсы,спиртте аздап еритін, ащы ақ түсті, кристаллды ұнтақ. Әсері атропиннің әсеріне жуық, бірақ одан белсенділігі төмен. Қан тамырларының қозғалысын реттейтін орталықты тыныштандырады, түйілуге қарсы әсері бар. Бездердің секрециясына әсері әлсіз. Шөп қоректілердің ас қорыту жүйесінің жадағай еттерінің жирылуын алғашқы 10-15 минутта әлсіретеді, одан кейін ол қалпына келеді. Препаратты 0,2 %-ды ерітінді ретінде асқазан, алдыңғы қарыншақтар, ішектер, өт жолдары мен өт қабы, қуық пен несеп жолдары түйілгенде және асқазанның жіті түрде кеңеюінде терінің астына жіберу арқылы қолданады. Бордақылауға қойылған шошқалардың күйлеуін болдырмау үшін қолданады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет