Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет31/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   143
Синтетикалық холиноблокаторлар
Апрофен — Арrophenum Суда, спиртте оңай еритін, ақ түсті кристаллды ұнтақ. Холинолитикалық әсері бар. Жүректің қан тамырларын кеңейтеді. Қойлар мен буйволдардың Алдыңғы қарыншақтары мен ұлтабарының жиырылуы мен эвакуациялық функциялары күшті төмендейді, жалпы жадағай етті ағзалардың тонусы нашарлайды, Дозасы неғұрлым үлкен болса, барлық бездердің секрециясы солғұрлым төмендейді. Таблеткада, ампулада шығарылады
Спазмолитин - Sраsто1уtinuт.Суда оңай еритін ақ түсті ұнтақ. М- және Н-холинолитикалық әсерлі препарат. Ішкі ағзалар мен қан тамырларының жадағай еттеріне спазмолитикалық әсер етеді. Пилороспазмада, спастикалық шаншуда, асқазан мен он екі тұтам ішектің жарасында, невралгияда, невритте, терінің қышыма ауруларында қолданады. Ұнтақ түрінде шығарылады.
Субехолин - Subecholinum - синтетикалық жолмен алынған Н-холиномиметик. Дем алу процессін рефлекторлы түрде жақсарту үшін қолданылады. Оның ерекшелігі - ол гематоэнцефалдық кедергіден өтпейді. «А» тобының тізімінде сақталады.
Лобелин - lоbеlіnі һуdrochloridum. Иіссіз, ащы дәмі бар, ақ түсті ұнтақ. Суда нашар ериді. Рефлекс арқылы сопақша мидағы орталықтарға дем беруші ретінде әсер етеді. Жүректің сотысы баяулайды, артериялық қанның қысымы төмендейді, бірақ артынан жоғарылағаны байқалады. Адреналиннің көп түзілуіне әсер етеді.
Цититон - Суtіtonum. Алкалоид цитизиннің 0,15 %-ды ертіндісі. Ракитник және термопсис өсімдіктерінің дәнінде болады. Бірден бүйрек үсті безінің торшаларьша әсер етеді. Артериялық қан қысымын жоғарылатады. Рефлекс арқылы дем алу орталығын қоздырады. Ондай әсері лобелиннен 20 есе артық, улылығы - 8-10 есе улы. Венаға жіберу арқылы лобелинді қолданғандай қолданады.
0,15 % -ды ерітінді түрінде 1 мл ампулада шығарылады, «А» тізімі бойынша сақталады.
Н-холиноблокаторлар
Бұл топтың препараттары холинергиялық және адре-нергиялық түйіндерге бірдей блокада жасайды. Вегетативті түйіндердегі осындай әсерлерінің салдарынан организмнің көптеген ағзалары мен жүйелерінің қызметтері қатты өзгере-ді: қан тамырларының өзектері кеңейетіндіктен артериялық қысым төмендейді, көз аккомодациясы бұзылады, бронхы-лардың еттері босаңсиды, бездердің секрет бөлуі және жада-тай еттердің тонусы төмендейді, жүректің жирылуы жиілейді, адреналиннің синтезі азаяды.
Препаратты аз дозасынан бастап өте ақырын жібереді. Қанның қысымы құрт төмендеген жағдайда мезатон, немесе эфедринді; кордиамин және кофеинді қолданған жөн.
Жалпы ганглиоблокаторларды артериялық қысым төмендегенде, бүйректер мен бауыр ауруларында, орталық нерв жүйесінде дегенеративті өзгерістер болғанда қолдануға болмайды. Осы себептер бұл препараттарды малдәрігерлік тәжірибеде жиі қолдануға кедергі болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет