Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ


-сурет. Бизнес-модельдің және бизнес-жоспардың құрылымын салыстыру



бет26/152
Дата05.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#90256
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   152
1-сурет. Бизнес-модельдің және бизнес-жоспардың құрылымын салыстыру
3.5. Бизнес-жоспарды құру және әзірлеу әдістемесі
Нарықтық экономикада бизнес-жоспардың құрылымы, формасы, мәні бойынша әр түрлі типте қолдануы мүмкін. Бизнес-жоспар келесідей жіктеледі:
- Коммерциялық сана және инвесторлық жобаның толық бизнес-жоспары;
- Коммерциялық сана және инвесторлық жобаның толық бизнес-жоспары және тұжырымдамасы;
- Құрылымдық бөлімдердің бизнес-жоспары;
- Бизнес-жоспар несиеге сұраныс;
- Бизнес-жоспар – грантқа сұраныс;
- Аумақтық даму бизнес-жоспары;
Берілген технология бойынша бизнес-жоспар әртүрлі қолдануына байланысты атқарылады.
Нарықтық экономика жағдайындағы бизнес-жоспардың қызметі – басқару құжаты ретінде оның экономикалық дамуында қабылданған стратегияларға, концепцияларға, мақсаттарға және міндеттерге сәйкес болуы. Қазіргі экономикалық теория мен тәжірибеде бизнес-жоспар төрт түрлі функция атқарады.
Бірінші функция, бизнестің концепциясы (тұжырымдамасы) мен стратегиясын дамыту мүмкіндігімен байланысты. Бұл функцияның міндеті кәсіпорынды құру кезеңінде жаңа іс-әрекет қажеттілігін дәлелдеуге саяды. Жаңа жобалар тек инвестициялық болып, ғылыми-техникалық жаңалықтармен анықталып қана қоймай, толығымен ойластырылып жасалған болуы керек, онда стратегияның экономикалық және қаржылық жағдайы барынша сипатталып, нақты шаралардың техникалық-экономикалық негіздемесі берілуі шарт.
Екінші функция жоспарлау. Ол фирманың (кәсіпорынның, кәсіпкердің) мақсаты мен міндетін дұрыс анықтауға, дамудың ағымдағы, орташа және ұзақ мерзімді бағыттарын белгілеуге, іс-әрекеттің жаңа бағыттарының даму мүмкіндіктерін бағалауға, даму процесін бақылауға, қауіп-қатер дәрежесін төмендетуге және қажетті түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.
Үшінші функция өндіріс қуаттарын жасақтауға, ұлғайтуға және жаңартуға қажетті ақша қаражаттарын (ішкі және сыртқы инвестициялар) тартуға, жаңа технологияны енгізуге, шығарылатын өнімдердің түрін көбейтуге не өзгертуге және оның сапасын жақсартуға қызмет етеді. Бұл арқылы жобалардың жаңалануы және тәуекелділік дәрежесіне қарай капиталды жұмылдыру тәсілдері (несие қарыздар, үлестік қатынастар, т.б.) анықталады.
Төртінші функция фирманың жоспарын жүзеге асыратын, біріккен өндіріс жүргізіп, өз капиталын, ресурстары мен қолындағы технрлогиясын қоса алатын әріптес тартуға мүмкіндік береді. Кез-келген әріптес (инвестор) ең әуелі (көбіне жобаны жасаушылармен кездеспей тұрып) бизнес-жоспар негізінде компанияның даму бағытына сәйкес фирманың мүмкіндіктерін (қаржыны қайтарып алу, кепілдіктің шын болуы, сақтандыру және басқа жағдайлар) мұқият зерттеп алады. Бұл жағынан алғанда бизнес-жоспар талдау құжаты және жарнама құралы қызметін атқарады. [5]
Сонымен, бизнес-жоспар фирманың тұрақты жұмыс құжаты болып табылады, ол фирманың стратегиялық бағытын (даму тұжырымдамасын) анықтап қана қоймай, кәсіпкерліктің барлық салаларындағы қызмет ету процесін де сипаттайды. Ол фирма ішінде қолданумен қатар, сыртқы байланысқа да қызмет етеді.
Бизнес-жоспар жобасын жасау кәсіпорынның болашақтағы даму стратегиясын анықтаудан басталады. Стратегияны қабылдауға сәйкес экономикалық концепция жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет