Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ


Сұраныс, сату көлемі, өтімі сияқты нарықты талдау мен бағалау



бет29/152
Дата05.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#90256
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   152
4. Сұраныс, сату көлемі, өтімі сияқты нарықты талдау мен бағалау. Нарық пен маркетинг барлық кәсіпорындар үшін шешуші фактор болып табылады. Егер өндірілген өнім нарықта сұранысқа ие болмаса, оның өмір сүруіне жоғары технологияны қолдану, қосымша капитал салу т.б. көмектесе алмайды. Сондықтан кәсіпкер өз өнімін берілген нарықта сата алатынына және нарықтың белгілі бір бөлігін иелену мүмкіндігіі бар екендігіне инвесторлар мен кредиторлардың көзін жеткізу керек. Бұл бөлім нарықты зерттеуге арналған, яғни ұсынылып отырған жоба нарыққа және ондағы қалыптасқан жағдайға қалай әсер ететіндігі қарастырылады. Ең алдымен нарықтың мүмкіндіктері мен сұраныс анықталады. Сонымен бірге нарықтың негізгі сегменттері, мәні мен сипаттамалары, сатып алушылар қажеттіліктерінің өзгеру келешегі, жаңа тауарларға нарықтың әсері және т.б. жан-жақты талқыланады. Мұнда қажеттілік пен бағаны жобалау үздіксіз зерттеліп, тауарларды сату мен өндіру көлемі кәсіпкерлік жобаны жүзеге асырудың уақыт кезеңдері бойынша анықталады. Берілген тарауды өңдеу барысында кәсіпкерге бәсекелестерінің жағдайын, мүмкіндіктерін, қабілеттерін, артықшылықтарын және баға саясатын ескеру керек. Осы мақсатта бизнес-жоспарда жобаланған өнімді сату көлемін реттеу енгізіледі.
5. Ұйымдастырушылық жоспар. Ол жаңа кәсіпорын құру кезінде ғана әзірленеді. Бизнесті жүргізу ерекшелігіне, кәсіпорынның мөлшеріне, ұйымдастырушылық мақсаттарға байланысты нақты ұйымдық құрылым таңдалады. Бизнес-жоспардың бұл бөлімінде құрылған кәсіпорынның меншік формасының қай түріне: яғни оның жеке кәсіпорын, жауапкершілігі шектеулі серіктестік немесе акционерлік қоғамға жататынын көрсету керек. Егер ол акционерлік қоғамға жататын болса, онда шығарылған акцияның көлемі және оның акциясының қандай типке жататыны туралы мәлімет берілуі қажет. Басқаша айтқанда, бизнесмен ұйымдастыру жоспарын жасағанда сұрақтарға жауап бере алатындай болуы керек. Сонымен қатар бұл бөлімде жұмыс күшіне жалпы қажеттілік, ұйымдастыру, іріктеу және арнайы даярлау, еңбек жағдайы мен оған ақы төлеу, материалдық және моральдық ынталандыру жөнінде мәліметтер қарастырылады. Бизнес-жоспарды жүзеге асыруға жауап беретін бас менеджерлер мен негізгі персоналдарға сипаттама (жасы, білімі, біліктігі, тәжірибесі т.б.) жасалуы мүмкін. Бұл бөлімде штаттық кесте әзірленіп, онда әрі қарай бизнесті кеңейткен жағдайда жұмыскерлер санын арттыру мүмкіндігі немесе қосымша жұмыскерлерді жалдау, оларға ақы төлеу жағдайлары ескерілген жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет