Пиязды көкөністердің сапасына қойылатын талаптар. Балғын баданалы пияз сапасына қарай екі тауарлық сұрыпқа бөлінеді: жай және іріктелген. Пияздар жетілген, аурулармен зақымданбаған, таза, бүтін, өніп кетпеген, түсі мен пішіні ботаникалық сұрыбына сәйкес болу керек. Сыртқы қабығы жақсы кепкен, мойны кепкен және 5 см-ден аспау керек. Пияздың өлшемі ең үлкен көлденең диаметрі бойынша анықталады және іріктелген сұрып үшін 4–5 см, жай сұрып үшін 3–4 см болу керек.
Шіріген, буланған, сабақты нематодпен және кенелермен зақымданған пияздардың болуы рұқсат етілмейді.
Көк пияз, порей-пияз және батун-пияз балғын және ұзындығы 20–25 см жасыл жапырағы болу керек. Құрамында 2% солып қалған, сарғайған және лас пияздың болуы рұқсат етіледі.
Пиязды көкөністердің аурулары. Пиязды көкөністер мойын шірігі, ақ шірік және түбірлі шірікпен зақымданады.
Мойын шірігі өте қауіпті саңырауқұлақты ауруы болып табылады. Ауру ең алдымен мойын аумағында пайда болады, ал содан кейін пияздың ішіне енеді.
Пияздың беті әр жерінде сұрланады.
Ақ шірікпен зақымданған пиязды ақ түсті зең басады да, шіри бастайды.
Түбірлі шірік фузариум саңырауқұлағымен туындайды. Пияздың алдымен түбірі зақымданады, нәтижесінде қарайып, жұмсарады және шіри бастайды.
Баданалы пиязды және сарымсақты 2 кг дейін массамен өлшеп буып түйеді немесе кез келген массада тор, полимерлі қаптарға немесе мөлдір пакеттерге буып түйеді. Пиязды құрғақ бөлмелерде 0–3°С температурада, 70-
85% салыстырмалы ауа ылғалдылығында сақталғаны жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |