Салат-шпинатты көкөністердің негізінен жапырақтары тағамға қолданылады. Салатты көкөністер негізінен балғын түрде, ал шпинатты көкөністер өңделген күйде қолданылады. Салат-шпинатты көкөністер ерте пісетін көкөністерге жатады. Олардың жапырақтары азотты және минералды заттарға (темір, фосфор, йод, кальций) бай және С, РР, К, В тобы, каротин дәрумендерінің көзі.
Салатты көкөністерге латук-салат, цикор салаты және кресс-салат жатады.
Латук-салаттың үш түрі өсіріледі: жапырақты, қауданды және Ромен. Жапырақты салатта 4,5–11,6%, ал қауданды салатта 4,1–9,3% құрғақ зат бар. Құрғақ заттың құрамына 3,8% дейін қант, 3% дейін ақуыз, 0,7% жасұнық, 1% минералды заттар, дәрумендер кіреді.
Жапырақты салат ең ерте пісетін түрі. Тағамға нәзік, шырынды, ашық жасыл түсті жапырағы қолданылады.
Қауданды салат борпылдақ немесе орташа тығыздықты нәзік жапырақты домалақ қаудан болып табылады, массасы 50-200 г жетеді.
Ромен салаты қою жасыл түсті ұзынша формалы борпылдақ қаудан болып табылады. Ол қауданды салатқа қарағанда кешірек жетіледі және ірірек (200300г), бірақ нәзіктілігі мен шырындылығы төмен қауданымен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |