Үй тапсырмасы:
Көшбасшының қандай қасиеттері бойларыңда бар? Қаншалықты бар деп айта аласыңдар?
БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
18
7-сабақ
Тақырыбы: Көшбасшылық.
Ұғымдар: көшбасшылық, көшбасшы, құндылықтар, принциптер.
Сабақтың мақсаты: өзі, болашақ туралы ойлау; өз құндылықтарын анықтау және түсіну.
Әдістері: пайымдау, сұрақ-жауап.
Ресурстар: шағын-дәріс, жаттығулар, жұмыс дәптерлері.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы
сұрау, позитивпен бөлісу).
Уақыт: 5 минут
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап,
орындау.
Уақыт: 5 минут
Теориялық блок
Уақыт: 15 минут
Қымбатты тренер, бұл сабақ ерекше әрі өте маңызды болады. Авторлар командасы сізге сенім
артады және оқушылар үшін өзін-өзі танудың қызықты әлемінде жол сілтеуші бола
алатындығыңызға сенеді.
Осы сабақты жақсы өткізуге тырысып көріңіз. Мұнда біз түрлі пайдалы ойлар келтіреміз,
сондықтан бұл сабақ интерактивті болуы тиіс. Сұрақтар қойыңыз, жауаптарын тыңдаңыз,
оқушылармен бірге ойланыңыз.
Сабақтың мақсаты: оқушыларды өздері туралы, қандай болашаққа ұмтылатындары
туралы ойлануға бағыттау.
Әрекет етсең – әдетке айналады.
Әдет қылсаң – мінез қалыптасады.
Мінезді болсаң – тағдырың оң болады.
(Мақал)
Жасөспірім шақты көбінесе «бүлік уақыты» деп сипаттайды, бірақ адамдар бұл өмірдің ең
маңызды, шешуші кезеңі екенін біле бермейді. Ол әрі ең қиын кезеңдердің бірі.
Бірнеше жыл ішінде өмірлік тәжірибесі аз адам мамандық, оқу, денсаулық, достық, махаббат,
адамдарға деген көзқарас және басқа да мәселелер туралы көптеген маңызды шешімдер
қабылдауы керек. Егер оған мектеп жүктемелерін, гормоналды өзгерістер және бәрі сенің
ерлік жасағаныңды я қателескеніңді күтеді деген сезімдерді қоссаң, онда толық дерлік бейне
пайда болады (әр жасөспірім оны өзі толықтыра алады).
Бірақ осы кезеңде шешілетін және меңгерілетін нәрсенің бәрі болашақ тағдырды анықтайды.
Сондықтан кәмелетке толмас бұрын ұзақ сапарға өзіңмен не алу керектігін және жолда не
кедергі болатынын анықтау өте маңызды. Сонымен қатар, дұрыс әдеттерді үйрену өте
пайдалы, өйткені қазір жиі қайталап істейтін нәрсең өмірде айтарлықтай нәтиже береді.
Осы тренингтерде қарастыратын дағдылар өмірге деген көзқарасты қалыптастыруға
көмектеседі, ол табысты мансаппен, денсаулықпен, жан тыныштығымен, адамдармен жақсы
БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
19
қарым-қатынас жасаумен, проблемаларды шешу қабілетімен және қалаған жерге (асқақ
мақсаттарға) жетумен марапатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |