Неден бастау керек? Оқушыларға не деп айту керек? Біз көшбасшылық, нағыз көшбасшының қасиеттері, шешімдері туралы әңгімелестік. Адамдардың көшбасшы болып туылмайтынын және әрқайсымыздың көшбасшы болу мүмкіндігіміздің бар екенін айттық. Көшбасшы болу – ол тек басшыларды ғана емес, сонымен қатар белсенді және толыққанды адамдарды сипаттайтын ауқымды әрі әдемі анықтама. Сондықтан көшбасшылық жолымызды неден бастау керектігін бірге анықтайық. Адам фактілерді өз ұстанымына қарай таңдайды. Сондықтан егер адам өзін ақымақ санаса,
сондай болады (бірден болмаса да, біртіндеп). Және керісінше. Назарды қай нәрсеге
шоғырландырса, әлемнен соны алады. Сондықтан ұстанымды мұқият таңдап, ерекше түрде ойлауға тырысу қажет. Өзіңе деген сенімді нығайту үшін өзіңе сенетін адамды тауып, өзіңе оның көзімен қарап
үйрену керек. Сонда бойыңдағы жақсы жақтарды, ерекше қасиеттер мен артықшылықтарды
көруге болады. Адам өз бойындағы жақсы нәрселерге назар аударып, сондай адамнан қолдау
сұраудан ұялмауы керек (ол дос, әпке немесе аға, мұғалім немесе басқа ересек адам болуы
мүмкін – шын мәнінде кім екені маңызды емес, ол адамның саған сенетіндігі маңызды).
Басқа адамдарға да теріс пікірсіз қарау керек. Егер біреудің оғаш мінез-құлқын көрсеңдер,
теріс қорытынды жасауға асықпаңдар: мүмкін, адам жай ғана қиыншылыққа тап болған
шығар.
Өмірді қалай сүру керек?
Достар кейде сенімсіз болады.
Ата-аналарың сендерді түсінбей, көп жағдайда сендерді қызықтырмайтын нәрсе туралы
армандайды.
Әлемдегі ең жақсы бала (немесе қыз) ренжітіп кетеді (әсіресе егер махаббатты бірінші орынға
қойсаңдар!)
Сәнді киімдер ескіреді.
Спорт пен хобби өмірде өзіндік (басты емес) орынға ие болған кезде ғана пайдалы.
Оқу маңызды, бірақ ол барлық уақыт пен күш-жігерді алмауы тиіс. Отбасыға да уақыт бөлу
керек.
Жауларға немесе «Жұлдыздарға» бар назарды бөлу – ешқайда апармайды.
Тіпті сендерге сенетін адам да жоғалып немесе уақытында көмекке келе алмауы мүмкін.