Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет24/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   82
Байланысты:
методичка 7-8 (1) авг

 
Сабақтың барысы 
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы 
сұрау, позитивпен бөлісу). 
Уақыт: 5 минут 
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, 
орындау. 
Уақыт: 5 минут 
 
Мәтінді беруге бағытталған жаттығу 
Уақыт: 15 минут 
Процесі: 
 
5 ерікті шақырылады, олардың міндеті – келесі мәтінді жеткізу. Сонымен қатар, мәтінді бір 
оқушы ғана тыңдай алады. Қалғандары есіктің артында тұрады. 
Мәтін: «Қаланың Білім басқармасынан Әлібек Мұхтарұлы қоңырау шалды. Ол өзінің 
кешігетінін айтты, өйткені ол жаңа информатика кабинетіне орнатылуы керек жаңа 
компьютерлік жабдықты сатып алуға барады. Оқу меңгерушісіне жоғары сынып кестесін 
қайта құрып, екі сағат алгебра пәнін қосу керектігін айту керек».
Талқылау:
- Неліктен ақпарат толығымен жеткен жоқ деп ойлайсыңдар?
- Қандай сәттерде ақпарат жоғалады?
- Күнделікті өмірімізде мұндай бола ма? Үйде, мектепте, достарыңмен?
- Сендер айтқан нәрселер мүлдем басқаша түсінілген кездер болды ма?
- Тыңдаушыға барынша көп ақпарат жету үшін не істеу қажет?
- Өздерің үшін ақпаратты жоғалтпай, осы сияқты жағдайларды қалай азайтуға болады? 
«Қарым-қатынасқа не кедергі келтіруі мүмкін?» ой-талқысы (тренер бір плакатқа 
жазады) 
Уақыт: 10 минут 
Материалдары: плакаттар, маркерлер 
Процесі: 
Байланыстағы кедергілер – шуылдар. 
Қоршаған ортаның шуылы. 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
28 
Бұл хабарламаны қабылдауға кедергі келтіретін қарапайым бөтен дыбыс. Мысалы, 
дискотекада дауыс зорайтқыштың астында тұрып сөйлесу қиын немесе мектеп жанында 
құрылыс жүріп жатқан кезде мұғалімге сабақ жүргізу қиын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет