Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан


Өмірді ұстанымдарға бағыттаған дұрыс



Pdf көрінісі
бет18/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   82
Байланысты:
методичка 7-8 (1) авг

Өмірді ұстанымдарға бағыттаған дұрыс. Сендер сенетін ұстанымдар әрқашан сендермен 
бірге болады. Олар – тағдырдың негізі. Ол өмірдің негізі. Ең қызығы, дәл осы ұстанымдар 
жоғарыда айтылғанның бәрін жеңуге және тепе-теңдік сақтауға көмектеседі.
 
Ұстанымдардың (принциптердің) не екенін анықтайық. 
Оқушылармен «ұстаным» ұғымы туралы тілдесіңіз. Ұстанымдар жеке құндылықтардан 
құрылатынын айтыңыз. Егер құндылықтар – ол ішкі мызғымас негіз болса, ұстанымдар – 
олардан туындайтын жеке мінез-құлық ережелері. 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
20 
Бұл әлемде сендер үшін не маңызды екенін, қандай адам болғыларың келетінін түсіну 
керек. Өз принциптеріңді қалыптастырыңдар («Мен адалдыққа, мейірімділікке, өзара 
қолдауға сенемін») – сонда тіпті түсініксіз жағдайларда маңызды шешімдер қабылдау 
оңайырақ болады. Егер шешім қабылданса, өздерің қалаған адам: адал, мейірімді, жақсы дос 
бола аласыңдар. Есте сақтаңдар, мақсат алыс болса да, шағын қадамдармен қозғалу жеткілікті. 
«Құндылықтар» жаттығуы 
Уақыт: 15 минут 
Материалдары: жұмыс дәптері 
Процесі: 
 
Тренер оқушыларға келесі нұсқау береді: 
Жұмыс дәптерлеріңнің __ бетін ашыңдар (№ алдын ала қараңыз).
Пікірлеріңе сәйкес келетін әрбір тұжырымға «плюс» белгісін қойып, келіспейтін тұжырымға 
«минус» қойыңдар. Содан кейін өздерің үшін ең маңызды деп санайтын 3 тұжырымды 
анықтап, маңыздылығына қарай 1-ден 3-ке дейінгі сан қойыңдар.
Өздерің үшін маңызды емес тұжырымдар үшін де солай істеңдер: маңызды емес үшеуін 
таңдап, оларға дәрежесіне сәйкес сан қойыңдар. Яғни, сендер үшін ең елеусіз тұжырым №1 
болады және т.с.с. 
Мен үшін маңызды: 
- Алға қарай жүру 
- Төзімді болу 
- Шынайы болу 
- Жаңа нәрселерді білу 
- Билікте болу 
- Жеңіске жету 
- Көп жұмыс істеу 
- Өзін-өзі тану 
- Заңға бағыну 
- Достарыма көмектесу 
- Жай ғана өмір сүру 
- Еркін болу 
- Бай болу 
- Бақыт іздеу 
- Жаңа нәрселер ойлап табу 
- Денсаулыққа мән беру 
- Әр минуттан рақаттану 
- Білімді болу 
- Өмірдегі ең жақсы жолдарды іздеу 
- Дінге сену 
- Өз еліммен, қаламмен мақтану 
- Керекті адамдармен танысу 
- Қоғамдық нормаларға сай болу 
- Тату отбасыда тұру 
- Сүйікті болу 
- Жақсы көру 
- Танымал болу 
- Маңызды жаңалықтарды ашу 
- Пайдалы болу 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
21 
- Маңызды деп санайтын нәрсе үшін күресу 
Өз қағидаларын жазуды ұсыныңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет