Теориялық блок. Жаттықтырушының кіріспе сөзі
Уақыт: 5 минут
Процесі:
«Адамдардың байланысында үш қате болады: біріншісі – орынсыз сөйлеуге ұмтылу;
екіншісі – ұялшақтық, қажет кезде сөйлемеу; үшіншісі – тыңдаушыға қарамай сөйлеу».
Конфуций
Біз бастайтын жаңа тақырып «Коммуникация» деп аталады. Коммуникация дегеніміз не?
(оқушылардың жауап нұсқалары). Иә, дұрыс айтасыңдар. Коммуникация – ол ақпарат алмасу.
Ол әртүрлі болады. Біз ең алдымен үйдегі жақындарыңмен, мектептегі достарыңмен және
дүкендегі бейтаныс адамдармен күн сайын жасайтын коммуникацияларды қарастырамыз.
Мұның бәрі байланыс түрлері.
Байланыс – адамдар арасындағы байланысу нысаны, өзара әрекеттесу, бірге жасалатын
әрекет. «Байланысу» сөзі бірлесуді, біреумен бірге болуды, дос болуды, бөлісуді, біреуге
қатысу үлесін беруді білдіреді.
Енді сендерге қояр сұрағым бар: адамдарға байланысу не үшін керек?
«Адамдарға байланысу не үшін керек?» ой-талқысы
Уақыт: 15 минут
Материалдары: плакаттар, маркерлер
Процесі:
Жұпқа бірігіп/үш адаммен бірлесіп, берілген тақырып бойынша плакат салу.
Сурет салу уақыты – 5 минут. Презентация + суреттерді талқылау.
«Қарым-қатынас жасау жолдары» ой-талқысы
Уақыт: 10 минут
Материалдары: плакаттар, маркерлер
Процесі:
«Өте жақсы, балалар, сендер адамдардың бір-бірімен не үшін байланысатынын айттыңдар.
Енді бәріміз бірге ойланайық, біз қалай байланысқа түсеміз (сөйлесеміз)? Байланысудың
қандай жолдары бар?»
Мұғалім оқушылардың ойларын бір плакатқа жазады.
БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
26
Теориялық материал
Уақыт: 5 минут
Достарыңызбен бөлісу: |