Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан


Кері байланыс сауалнамасының үлгісі



Pdf көрінісі
бет21/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   82
Байланысты:
методичка 7-8 (1) авг

Кері байланыс сауалнамасының үлгісі: 
Осы факультативке берер бағам (жалпы әсер)
Үлкен 10 - 9 - 8 - 7 - 6 - 5 - 4 - 3 - 2 - 1 - 0 Ешқандай 
Материалы және ақпараттық бөлімі Үлкен 10 - 9 - 8 - 7 - 6 - 5 - 4 - 3 - 2 - 1 - 0 Ешқандай 
Эмоционалдық атмосфера Үлкен 10 - 9 - 8 - 7 - 6 - 5 - 4 - 3 - 2 - 1 - 0 Ешқандай 
Топ мүшелерінің өзара әрекеттесуі Үлкен 10 - 9 - 8 - 7 - 6 - 5 - 4 - 3 - 2 - 1 - 0 Ешқандай 
Мұғалім-тренердің жұмысы Үлкен 10 - 9 - 8 - 7 - 6 - 5 - 4 - 3 - 2 - 1 - 0 Ешқандай
Маған ең үлкен әсер қалдырды: ____________________________________________________ 
Тренингтерде маған кедергі болды
: ___________________________________________________________ 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
24 
«Коммуникация» бөлімі
 
Мақсаты: оқушыларға тиімді коммуникацияның негізгі ережелерін үйрету. 
Қалаулы нәтиже: оқушылар өміріміздегі қарым-қатынастың маңыздылығын түсінеді; 
оқушылар коммуникация кезінде қиындықтардың неге туындайтынын түсінеді; оқушылар 
басқа адамдармен коммуникацияны қалай дұрыс құру керектігін түсінеді. 
9-сабақ 
Тақырыбы: Коммуникация. 
Ұғымдар: коммуникациялар, SMR-сұлба, кодтау, декодтау, кері байланыс. 
Сабақтың мақсаты: коммуникация қажеттілігі мен маңыздылығын, оның әдістері мен 
себептерін анықтау. 
Әдістері: ой-талқы, шағын дәріс, әңгімелесу. 
Ресурстар: плакаттар, маркерлер, жаттығулар, теориялық материал. 
 
Сабақтың барысы 
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы 
сұрау, позитивпен бөлісу). 
Уақыт: 5 минут 
 
«Көңіл-күй» сергіту сәті 
Уақыт: 5 минут 
Процесі: 
 
Оқушыларға сыныптың кез келген ыңғайлы жеріне барып тұруды ұсыныңыз. 
Мұғалім: «Бүкіл денелеріңді, аяқтарыңды, қолдарыңды, омыртқа мен бастарыңды сезініп, 
сыныпта қозғалып жүріңдер… Дененің қандай бөліктері ояу және ұйықтап жатқанын 
сезініңдер. Енді жаттығуды бастаған кездегі көңіл-күй туралы ойланыңдар және бұл көңіл-
күйді жүру арқылы білдіріңдер. Өтінемін, сөйлемеңдер және топтың басқа мүшелеріне назар 
аудармаңдар. (15 секунд) 
Енді жүру арқылы басқа көңіл-күйді білдірулерің керек. Толығымен шаршағандарыңды 
елестетіп көріңдер. Біраз уақыт қатты шаршаған адам сияқты жүріңдер. (15 секунд) 
Енді керемет жаңалық алған өте бақытты адам сияқты жүріңдер. (15 секунд) 
Енді – қорқақ адам сияқты. (15 секунд) 
Енді айкезбе адам сияқты көздеріңді ашып жүріңдер. (15 секунд) 
Ал енді ар азабына ұшыраған адам сияқты. (15 секунд) 
Енді данышпан сияқты жүріңдер – сендер Нобель сыйлығын алдыңдар. (15 секунд) 
Өте ұқыпты адам сияқты жүріңдер, арқанмен жүріп келе жатқан даршы болыңдар.
(15 секунд) 
Қорытындылай келе, жүрістеріңмен не білдіргілерің келетінін өздерің ойлай аласыңдар...
(15 секунд) 
Бір минутқа тоқтап, қазіргі уақытта өздеріңді қалай сезінетіндеріңді түсінуге тырысыңдар. Өз 
орындарыңа бара жатқанда осы көңіл-күйді бүкіл денелеріңмен білдіріңдер». 
 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
25 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет