Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет28/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   82
Байланысты:
методичка 7-8 (1) авг

«Құрақ көрпе» жаттығуы 
Уақыт: 15 минут 
Материалдары: түрлі-түсті қағаз, желім 
Процесі: 
 
Әр оқушы бірнеше түрлі-түсті қағаз алады. Оларға келесіні жазу керек: 
«Маған адамдармен сөйлескен ұнайды, себебі… 
Жақындарыммен сөйлескенде мен… 
Бейтаныс адамдармен сөйлескенде мен…» 
Қағаз бөліктері топтың қалауы бойынша бір параққа жапсырылады. 
Оқу қызметін қорытындылау 
Уақыт: 5 минут 
Рефлексия:
Әсерлермен бөлісіңдер: 
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер? 
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде? 
Үй тапсырмасы: 
Болашақтағы коммуникация. Ол 100 жылдан кейін қалай болатынын елестетіп көріңдер. 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
32 
«Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары» бөлімі
 
Мақсаты: оқушыларға кез келген аудитория алдында ұялмай сөйлеу әдетін қалыптастыруға 
көмектесу. 
Қалаулы нәтиже: оқушылар сөйлеудің не екенін біледі және көпшілік алдында сөйлеу 
дағдыларын дамытудың маңыздылығын түсінеді; оқушылар тиімді сөйлеудің барлық 
компоненттерін біледі; оқушылар жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін өздерінің бастапқы 
деректерімен жұмыс істей алады; оқушылардың көпшілік алдында сөйлеуде оң тәжірибесі бар 
және олар осы саладағы өз мүмкіндіктерін біледі. 
12-сабақ 
Тақырыбы: Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары. 
Ұғымдар: аудитория алдында сөз сөйлеу, тыңдаушылардың назары. 
Сабақтың мақсаты: «көпшіліктің алдында сөйлеудің» не екенін, біз қайда және қашан сөз 
сөйлейтінімізді, сөйлеуге не кедергі келтіріп, не көмектесетінін еске түсіру, 
тыңдаушылардың назары қалай үлестірілетінін талдау, сөз сөйлеуге дайындалу дағдыларын 
еске түсіру. 
Әдістері: әңгімелесу, ой-талқы, шағын дәріс, жаттығулар. 
Ресурстар: жаттығулар, теориялық материал, жаттығуларға арналған материалдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет