БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
32
«Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары» бөлімі
Мақсаты: оқушыларға кез келген аудитория алдында ұялмай сөйлеу әдетін қалыптастыруға
көмектесу.
Қалаулы нәтиже: оқушылар сөйлеудің не екенін біледі және
көпшілік алдында сөйлеу
дағдыларын дамытудың маңыздылығын түсінеді; оқушылар
тиімді сөйлеудің барлық
компоненттерін біледі; оқушылар жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін
өздерінің бастапқы
деректерімен жұмыс істей алады; оқушылардың көпшілік алдында сөйлеуде оң тәжірибесі бар
және олар осы саладағы өз мүмкіндіктерін біледі.
12-сабақ
Тақырыбы: Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары.
Ұғымдар: аудитория алдында сөз сөйлеу, тыңдаушылардың назары.
Сабақтың мақсаты: «көпшіліктің алдында сөйлеудің» не екенін, біз қайда және қашан сөз
сөйлейтінімізді, сөйлеуге не кедергі келтіріп, не көмектесетінін еске түсіру,
тыңдаушылардың назары қалай үлестірілетінін талдау, сөз сөйлеуге дайындалу дағдыларын
еске түсіру.
Әдістері: әңгімелесу, ой-талқы, шағын дәріс, жаттығулар.
Ресурстар: жаттығулар, теориялық материал, жаттығуларға арналған материалдар.
Достарыңызбен бөлісу: