«Сезімдер эстафетасы» жаттығуы Уақыт: 5 минут Процесі: Топ шеңбер құрып отырады. Тренер белгілеген сезім мен эмоцияны шеңбер бойынша
вербалды емес түрде, тек мимика мен ым арқылы беру қажет. Бірінші оқушы тренерден белгілі
бір эмоцияның көрінісін алады. Басқа оқушылар жасырынған эмоцияны көрмейді, өйткені
олар көздерін жұмып отырады! Тапсырманы алғаннан кейін бірінші оқушы сол сезімді басқа
жолмен қалай жеткізуге болатындығын шешеді, көршісін қолымен ұстайды және ол көзін
ашқан кезде оған пантомима арқылы сол сезімнің нұсқасын береді.
Осылайша, бастапқы ақпарат шеңбермен әртүрлі экспрессивті құралдарды қолдана отырып
беріледі. Ойнаған оқушылар енді көздерін жұмбайды, олар бастапқы сезімнің қалай
өзгергенін, түсінбеушіліктің кесірінен «бүлінген телефон» жағдайының қай жерде болғанын
байқауға мүмкіндік алады. Айналымнан өтіп, эстафета тренерге оралады. Көбінесе осы уақыт
ішінде «махаббат» «жеккөрушілікке», ал «мейірімділік» «немқұрайлылыққа» айналады.
Ақырғы аккордтан кейін тренер соңғы қатысушыдан оның сезім нұсқасын қабылдап, содан
кейін бастапқы бейнені өзі көрсетеді, сосын талқылау басталады. Эмоцияларды көрсеткен
кезде қиындық туса, топ оқушылардың қайсысы және қандай себеппен «ақпараттық
тұйықталуға» әкеп соқтырғанын табуға тырысады.
Бір айналымнан өткеннен кейін қатысушыларды «ақпарат беруші» ретінде әрекет етуге
шақырыңыз. Жаттығуды 3-4 айналымға дейін өткізуге болады. Әрбір толық айналымнан кейін
қандай өзгерістер болғанын айту маңызды. Оқушылармен бірге талдаңыз.
Үй тапсырмасы: Үйде жақындарыңмен сөйлескенде вербалды емес құралдарды барынша көп қолданып
көріңдер. Нәтижесі қандай болар екен?
БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
30
11-сабақ Тақырыбы: Коммуникация. Ұғымдар: қарым-қатынастың вербалды және вербалды емес құраушылары, белсенді тыңдау техникасы. Сабақтың мақсаты: қарым-қатынас кезінде вербалды емес құралдарды пайдаланудың және түсінудің қаншалықты маңызды екенін көру; сонымен қатар белсенді тыңдау техникасын меңгеру. Әдістері: шағын дәріс, ой-талқы, жаттығулар, әңгімелесу. Ресурстар: теориялық материал, түрлі-түсті қағаз, желім.