Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет57/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   82
Байланысты:
методичка 7-8 (1) авг

 
Сабақтың барысы 
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы 
сұрау, позитивпен бөлісу). 
Уақыт: 5 минут 
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, 
орындау. 
Уақыт: 5 минут 
 
«Диалогқа не кедергі келтіреді?» теориялық блогы 
Уақыт: 5 минут 
Жанжалды тудырған қарама-қайшылықтан басқа, жағдай көбінесе қатысушылардың 
сындарлы диалог жүргізе алмауымен күрделене түседі. Әдеттегі қателіктер келесідей болады, 
олар жанжалды созып, оны одан бетер қиындатып жібереді: 
Пассивтілік. Адам жанжалдасудан қорқады, өзінің наразылығын басады, жалтарып жауап 
береді. Бұл адамның процеске қасақылық жасасуына немесе келіспеушілігін білдіру үшін 
мысқыл және вербалды емес белгілерді қолданатын пассивті агрессияға әкеп соғуы мүмкін. 
Сонымен бірге, ол жағдайды ашық талқылаудан бас тартады. 
Егер енжарлыққа бейім болсаңдар, мұндай мінез-құлықтың конструктивті еместігін 
мойындап, өз мүдделеріңді сыпайы және сабырлы түрде қорғауды үйреніңдер. Егер пассивті 
адаммен қарым-қатынасқа түссеңдер, наразылығының себептерін одан сұрап алуға тура 
келеді.
Бағаламау. Бұл психологиялық қорғаудың кең таралған және өте зиянды әдістерінің бірі: 
жағымды жақтарды төмендетіп, кемшіліктерді асыра сілтеу, әлдебір нәрсені маңызды деп 
мойындамау, тиісті құрмет көрсетпеу: «Бұл мәселе емес», «Бес алдың ба? Жаман емес. Ал 
мен...» және т.б. 
Нәрселерді құнсыздандыратын адам оны санадан тыс түрде, сонымен қатар шабуылдау үшін 
емес, өзін қорғау үшін айтады, мысалы, басқа адамдардың жетістіктерін қызғанғаннан істейді. 
Немесе ол өз әдетінше әрекет етеді. Әдетте жақындарымыз біздің уайымымызға теріс пікірмен 
қарайды: «Бір нәрсе жетпей ме? Ал Африкада балалар аштан өліп жатыр». 
Мұндай жағдайда не істеу керек? Кем дегенде, құнсыздандыруға дәл сол әдіспен жауап 
бермеу керек. Егер оған бейім болсаңдар, мұны байқауға тырысып, тіпті жаттығу ретінде 
жақын адамдарыңнан осындай сәттерді көрсетулерін сұраңдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет