БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
63
«Иә, бірақ... Иә, және…» жаттығуы
Уақыт: 5 минут
Процесі:
3 адамнан тұратын шағын топтар құрыңыз.
Ережелері:
Мектепте соңғы қоңырау ұйымдастырып жатсыңдар деп елестетіп көріңдер. Керемет мереке
ұйымдастыру үшін сендерге миллион теңге бөлінді. Ақшаны қалай жұмсау керектігін шешу
қажет. Талқылауға бір жарым минут беріледі, әр сөйлемді «Иә, бірақ...»
сөздерімен бастау
керек.
Екінші айналымға тағы бір жарым минут беріледі, бірақ енді сөйлемді «Иә, және ...»
сөздерімен бастау керек.
Ең соңында қатысушылар екінші сөзді қолданған кезде келісімге
келу қаншалықты оңай
екенін салыстыруы тиіс.
Оқу қызметін қорытындылау
Уақыт: 5 минут
Рефлексия:
Әсерлермен бөлісіңдер:
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер?
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде?
Үй тапсырмасы:
«Иә, бірақ... Иә, және…»
сөздерін қолданып, үйде ойнап көріңдер. Айырмашылықты
байқадыңдар ма?