БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
66
Соқтығысу/үстемдік ету. Екі тарапты бір-бірімен жақындастыру, мықтының жеңіске жетуі.
Қай кезде орынды: тез арада шара қабылдау керек кезде, жағдай төтенше болып, жедел әрекет
ету қарым-қатынастан гөрі маңызды болғанда. Тараптардың бірі үшін қолайсыз шешім
қабылдау қажет, сондықтан келісімге келу мүмкін емес;
Қай кезде орынсыз: қарым-қатынас жедел әрекеттен, асығыстықтан маңызды болса және
қауіп-қатер болмаған кезде.
Ымыраға келу. Екі тараптың келісімге келу үшін бір нәрседен бас тартуы.
Қай кезде орынды: тараптар бір-біріне бір нәрсе бере алатын, бірақ ресурстары шектеулі
болған жағдайда. Қарсыластардың шамамен тең мүмкіндіктері бар және олар үшін кем
дегенде уақытша шешім қабылдау маңызды болғанда. Тараптар үшін бірнеше қолайлы шешім
болған кезде;
Қай кезде орынсыз: тараптардың ұстанымдары шындыққа жанаспайтын кезде, күмәнді
міндеттемелер бар болған кезде.
Ынтымақтастық/проблемаларды шешу. Екі тараптың кез келген нәрседен бас тартпай,
барлығына қолайлы шешім табуы.
Қай кезде орынды: мәселені түрлі тұрғыдан қарастыру керек кезде. Ымыраға келу мүмкін
емес, бірақ тез шешім қабылдауға қысым болмаған жағдайда.
Қай кезде орынсыз: тараптар ынтымақтастыққа жеткілікті деңгейде мүдделі болмаған, уақыт
жетіспеген жағдайда.
Біз кез келген командалық қарым-қатынас сенім мен жеңу-жеңу стиліндегі ойлау негізінде
құрылатындығын есте ұстауымыз керек, жанжалдарды шешу осыған тікелей байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: