Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан


) Өз күшіне деген сенімділік және ынта



Pdf көрінісі
бет67/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   82
Байланысты:
методичка 7-8 (1) авг

4) Өз күшіне деген сенімділік және ынта 
Нақты тұжырымдалған мәселелерді шеше отырып, күш-жігердің нәтижелерін оңай бағалай 
аласыңдар. Түсінікті болу үшін жетістіктерді кесте немесе график түрінде жазуға болады – 
осылайша кез келген уақытта әрекеттерің айтарлықтай жеміс беретініне көз жеткізе 
аласыңдар. Бұл шабыттандырады және ары қарай қозғалуға күш береді. 
5) «Мүмкін еместі» іске асыру 
Орындалмайтындай көрінген армандар бос қиялдан іске асыруға болатын нақты жобаларға 
айналады. Бұл үшін қандай шағын қадамдар мақсатқа жетелейтінін түсініп, аралық 
міндеттерді анықтап, белгіленген жоспарға сәйкес жұмыс істеу керек. Сонымен қатар
нәтижеге жету үшін табандылық пен күнделікті жұмыс әлдеқайда маңызды, ал қиялдау немесе 
мүмкіндіктер шегіндегі бір реттік «серпіліс» еш пайда әкелмейді. Ал сәттілік сияқты күмәнді 
нәрсені назарға алудың қажеті жоқ. 
6) «Шексіз қанағат сезімі» 
Шынымен де, нақты мақсат қою өмірде көп нәрсеге қол жеткізуге, ең бастысы – 
жетістіктеріңді түсініп, олардан толық қанағат алуға мүмкіндік береді. 
Бұл көптеген зерттеулермен, сондай-ақ танымал тұлғалардың өмірінен алынған мысалдармен 
расталады. Белгілі бір нәтижеге табанды түрде әрекет ететін адамдар өздерінің жетістіктері 
үшін мақтаныш сезінеді және жаңа мақсаттарға ұмтылады. Неге олардан үлгі алмасқа? 
7) Өзін-өзі іске асыру 
Кейде адам өз мүмкіндіктері мен таланттары бар екенін білмейді. Күннен-күнге, әдеттегі іс-
әрекеттерді механикалық түрде орындап, мәселелерді «түскен сайын» шешкен кезде ол одан 
көп нәрсені істей алмайтындығына сенімді болып отырады. 
Көзделген мақсат күнделікті өмір сүру шеңберін кеңейтуге, «жайлылық аймағынан» шығуға 
көмектеседі, себебі күн сайын жаңа нәрсе үйренсек, өзгеруге, дамуға, әрқайсымыздың 
бойымызда бар жасырын әлеуетті іске асыруға мүмкіндік аламыз. 
Жоспарларымызды толыққанды іске асыруға қажетті ерекше шешімдер, шабыттандыратын 
немесе бір нәрсе үйрете алатын жаңа адамдармен танысу, адамның өз күші мен қабілеттерін 
ұғынып, қуануы – осының бәрі арманын орындап, мақсатынан тайынбайтын адамға 
қолжетімді болады. 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
74 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет