Факультеті: Филология


Әлеуметтендіру және бірегейлік



бет5/7
Дата30.06.2023
өлшемі186,66 Kb.
#103880
1   2   3   4   5   6   7
2.4. Әлеуметтендіру және бірегейлік.

Әлеуметтендірудің қандай механизмдері бар? Бұл процеске ең алдымен екі жақ - әлеуметтендірудің объектісі және субъектісі катысады. Әлеуметтендірудің объектісі — бұл процестің кімге бағытталуы, яғни жеке адамдар немесе адам топтары. Әлеуметтендірудің субъектісі - бұл осы процесті жүзеге асырушы, яғни жеке тұлға, әлеуметтік топ, әлеуметтік құрылым немесе ұйым, бұларды кейде әлеуметтенді ру агенттері деп те атайды.


Әлеуметтендіру — ауқымды және күрделі процесс. Ол өзінің табиғатынан әлеуметтік орта мен байланысты, әлеуметтік объектісі және субъектісі тұрақты, адамның (адам топтарының) үздіксіз және қарқынды өзара әрекеті. Сол бір ғана адам (мысалы, әке) бір байланыста (балаларымен қатынаста) субъект ретінде, әлеуметтендіру агенті ретінде көрінеді, ал келесі жағдайда (әлеуметтік топқа қатынасына қарай) ол әлеуметтендірудің объектісі ретінде көрінеді. Екінші жағынан алғанда, қайсыбір өзара әрекет шеңберінде әлеуметтену субъектісі әлеуметтенудің объектісіне ықпал жасап қана қоймайды, сонымен катар субъекті объекті тарапынан кері әсерді де сезінеді. Мысалы, ата-аналар балаларды тәрбиелеу процесінде балаларға шешуші ықпал жасай отырып, өз кезегінде, тәрбиеленушілердің тарапынан тәрбиеге белгілі бір кері әсерді де байқайды.
Әлеуметтендіруді бірінші және екінші әлеуметтендіру деп бөледі. Бірінші әлеуметтендіру адамға езін тікелей қоршаған ортаның, алғашқы әлеуметтік топтардың: отбасының, туған-туыстардың, достардың, құрдастардың, оқу және енбек ұжымдарының, тәрбиешілердің, ұстаздардың, оқудағы, кызметтегі, жұмыстағы тікелей басшылардың және т.б. тікелей ықпал жасауымен байланысты. Тұлғаның алғаш қалыптасуы мен дамуында бірінші әлеуметтендірудің релі аса зор. Екінші әлеуметтендіруді екінші қатардағы әлеуметтік топтар (шағын немесе ірі), құрылымдар мен ұйымдар және мекемелер тікелей және жалпы формада, көбінесе бір-екі бағытта жүзеге асырады. Мұндағы қатынастар көбіне институционалдық сипат алады. Екінші әлеуметтендірудің агенттері мемлекет пен оның органдарының (әскер, полиция, сот, прокуратура, т.б.), кәсіпорындардың, жоғары оқу орындарының, мектептердің, балабақшаларының, радио, теледидар, баспасөз және т.б. басшылары және ресми өкілдері болып табылады. Екінші әлеуметтендіру жасы кемеліне келген, есейген шақта өте маңызды. Бұл тұста адамның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі негізінен анықталады, енді соларды жүзеге асыруға және ішінара өзгерістер жасауға көңіл аударылады. Әлеуметтендірудің бірінші және екінші агенттерінің кызметін өзара байланыстыру мен үйлестіруді қамтамасыз ету аса маңызды.
Адам өмірінің әр түрлі кезеңдерінде әлеуметтендірудің өзіндік мәнді ерекшеліктері болады. Осыған байланысты әлеуметтендіру процесі ез ерекшелігі бар бірнеше сатыдан: балалық, жасөспірім, есейген, қартайған шақтан тұрады. Әлеуметтендіру процесі балалық және жастық шақта пәрменді әрі қарқынды жүреді.
Әлеуметтендірудің бастапқы сатысында балаларды ересектер әлеміндегі әмірге бейімдеу іске асырылады. Бұл жерде басты рөлді әлеуметтендірудін бірінші агенттері саналатын ата-аналар атқарады. Осы сатыда ата-аналар мен балалар арасындағы өзара қарым-қатынастар олардың бір-біріне деген жақындық, жауапкершілік, ыстық ықылас сезімімен сипатталады, бұл әлеуметтендірудің келесі сатысына шешуші ықпал жасайды. Бұл кезеңде бала ойлау және танымдық дағдыларды меңгереді, күрделі тәртіп ережесінің жүйелерін игереді, мәдени құндылықтар мен нормалардың үлгісімен таныса бастайды, бұлардың мәнін және мазмұнын жақсы түсіне қоймаса да, оларды қолдануға ұмтылады.
Балалық сатыдағы әлеуметтендіру тәсілдері мен құралдары оншалықты көп емес. Соның бірі — имитация. Мұнда бала саналы түрде белгілі бір мінез - құлық дағдысын үлгі тұтынып, көшіріп алуға ұмтылады. Тақыл еттендіру балалардың ата-аналардың мінез-құлық тәртібін, әлеуметтік мақсаттар мен құндылықтарды өздерінікі іспетті меңгеру тәсілі ретінде қарастырылады. Сөз болып отырған екі тәсіл әлеуметтендірудің жағымды тетіктері болып табылады. Ал әлеуметтендірудің теріс көріністері: тыйым салатын немесе белгілі бір тәртіпке астамшылық жасайтын ұят істер (сыртқы жағдай әсерінің нәтижесі ретінде) және кінәсін сезіну (іштей күйзелу) жатады.
Балалық кезеңде әлеуметтендіру агенттерінің саны ғана артып қоймайды, сонымен бірге олардың кызметінің мазмұны мен бағдарламалары да түбегейлі өзгеріп, күрделене түседі. Ата-аналарымен катар, тұлғаны әлеуметтендіруге балалардың мектепке дейінгі тәрбие орындары, мектеп, балалар бағдарламалары, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б. барған сайын үлкен үлес қосады.
Жасөспірім кезеңге (13—19 жас), яғни «күрделі», «өтпелі», «киын», «түбегейлі», «тұрақсыз» деп саналатын әмір кезеңінде жасөспірімдер мен жас адамдар біршама кен білім алады, өзінін тұлғалық іргетасын қалауды және дүниетанымын қалыптастыруды аяқтайды, өзінің өмірдегі орны мен рөлін жақын адамдары арқылы негізінен пайымдайтын болады. Бұл кезеңдегі әлеуметтендірудің бірнеше ерекшеліктері бар. Бұл - параллелді кұндылықтар мен дүниеге көзқарас жүйесінің катар пайда болуы, бұлар жас адамға әлеуметтендірудің әр түрлі агенттерінен — ата-аналардан, мектептен, құрбы - құрдастардан беріледі. Олар әлеуметтік дүниені әр түрлі түсінеді, бұл жасөспірімнің әлеуметтенуін қиындатады. Бұл жерде шындығында жас адамға қажеттіден гөрі жарқын, сезімге және символға толы іс-әрекеттер тиімді әсер етеді. Мұндай жағдай жастардан адамгершілік бағалары мен бағдарларды тұрақты ізденуді талап етеді, өйткені сезімдік жағдай тұрақсыз және ұзаққа бармайды. Нәтижесінде жасөспірім толқиды, өзіне сенімсіздік пайда болады, ақырында қателікке ұрынады. Бұған ата-аналар мен мектептің орынсыз шектеулері қосылады, мұндай шектеулер жақсы нәтиже бере бермейді. Ең соңында әлеуметтанушылар әлеуметтендіру сатысының жасөспірімдерге тән тағы да бір ерекшелігін атап көрсетіп жүр. Олардың пікірінше, осы сатыда жасөспірімдер белгілі бір әлеуметтік мәртебеге ие болуға және өзінің әлеуметтік рөлін атқаруға ұмтылады. Бірақ коғамда бұл ұстанымдарды экономикалық жағынан тәуелсіз адамдар ғана берік және тұрақты ұстай алады, ал тым «ерте есею» көптеген жас адамдар үшін қайғылы аяқталады, әлеуметтанушылардың сөзімен айтқанда, әлеуметтендірудің табиғи процесі бұзылады, бұл олардың алдағы өміріне катер төндіреді.
Тұлға кемел жасқа жетіп, есейген шағында оның белсенділігі артады, мұны әркім ез қалауынша, жеке өміріне және сыртқы жағдайларға сәйкестендіре бастайды, индивид экономикалық, әлеуметтік және моральдық - психологиялық тұрғыдан тәуелсіздік алады, саяси жағынан пісіп-жетіледі. Бұл езін әмір сүруіне қажетті заттармен қамтамасыз ету қабілетінен көрінеді және өзгелерден тәуелсіз, өз табысымен тапқан материалдық игіліктерді пайдаланудан, ез бетінше өмір салтын құрудан, ата-анасынан тәуелсіз өмір сүруден, некеге отырудан, заң алдында жауапкершілікті болудан, сайлауға катысудан және т.б. байқалады. Бұл сатының биік белесі — адамның зейнетке шығуы, ол белгілі бір жасқа жетуіне байланысты бірнеше мәртебелерін жоғалтады және атқарып келген бірнеше рөлдерін тоқтатады.
Әлеуметтендірудің осы сатысында ең бастысы - тұлғаның әлеуметтік мәртебелер мен әлеуметтік рөлдерді ала білуі және меңгеруі, оларды белсенді түрде жүзеге асыруы. Мұның негізі бүкіл әлеуметтік өмірді қамтитын қоғамдық еңбек бөлінісінде жатыр, өл негізгі төрт түрден, атап айтқанда: жас - жыныстық, кәсіби, экономикалық және саяси еңбек бөлінісінен байқалады. Осыған сәйкес қоғамның өзіндік қаңқасын құрайтын, бүкіл әлеуметтік өмірді қатаң детерминді ретін әлеуметтік құрылым қалыптасады. Есейген тұлға нақты әмірдің сан алуан қажеттілігі туғызатын әлеуметтендіру процесінде өзінің мәртебесі мен рөлін кабылдау немесе оларды өзгерту арқылы әлеуметтік құрылымның қайсыбір түріне енеді.
Әлеуметтендіру адамның ер жетіп, есейген шағында әдетте аса өрлеу жағдайында жүреді, тұлға жоғары әлеуметтік мәртебеге қол жеткізіп, соған сәйкес әлеуметтік рөл атқарады. Бірақ бұл жолда сәттілік пен сәтсіздіктер, бұрылыстар, кедергілер, дағдарыстар болады, тіптен адамдардың кінәсінен болашаққа деп құрылған жоспарлар, сенім мен үміт атаулы тас-талқан болады. Әдетте бұл - адам өмірінде болатын өзгерістерге, оны кайта бағамдап, бағалауға, өмірлік жоспарлар құру мен болашақты анықтау жолында кездесетін өзгерістерге байланысты. Осыдан кайта әлеуметтендіру қажеттігі туындайды. Кайта әлеуметтендіру — бұл тұлғаның бұрынғылардың баршасынан бас тартып, жана білімді, құндылықтарды, рөлдерді, дағдыларды меңгеру процесі. Кейде бұл процесс өмірдің әр кезеңінде де орын алады. Мысалы, мәдениеттің қайсыбір элементтері ескіргенде, тұлғаның және бүкіл коғам өмірі манызды өзгеріске түскенде кайта әлеуметтендіру жүзеге асып отырады. Бірақ бұл көбінесе есейген шақтағы әлеуметтендіруге тән. Коғамға көзқарастың тиянақты түрде өзгеруі, маман адамдардың кәсіби кайта даярлықтардан етуі немесе жаңа көзқарас пайда болуы жөне психотерапиялық ықпал ету әдісімен айналысатын адамдардың ұстанған қағидалары мен тәртібінің өзгеруі кайта әлеуметтендірудің айқын мысалы бола алады.
Адам қартайғанда, яғни әлеуметтендіру процесінің аяқталар кезеңінде олардың жасының ұлғаюына және зейнеткерлікке шығуына, сонымен бірге адамдардың күш-қайраты мейлінше кайтып, қауқарсыз күйге түсуі мен психикалық мүмкіндіктерінің төмендеуіне байланысты әлеуметтендіру өзінін ауқымы мен қарқынын күрт төмендетіп қана қоймайды, сондай-ақ ол енжар формаға айналады. Бұл олардың негізінен алғанда жаңа жағдайға қалай бейімделе бастағанынан айқын көрінеді. Ең алдымен егде тартқан адамдар өздерінің күш-қуатын, білімін, тәжірибесін бұрынғы деңгейде қолданудың мүмкіндіктерін іздестіруге тырысады және басқа да мүмкіндіктерін сарқа пайдалану арқылы коғамға кызмет етуді жалғастыра бергісі келеді.
Зейнеткерлікке шығуларына байланысты егде адамдардың әлеуметтік мәртебелері күрт төмендейді және әлеуметтік тұрғыдағы рөлдерінің шеңбері де тарыла түседі. Денсаулықтарының нашарлауы және т.б. сипаттарға енді достары мен жолдастарының күрт азаюы секілді екінші бір ауыртпалық келіп қосылады. Осыдан барып ол тіптен жалғыздыққа да ұшырайды, сөйтіп, қарт адамның кызметі үй шаруашылығымен айналысудан, бау-бақша мен көкөніс есіруді ермек етуден аспай қалады. Адамдар, әсіресе жалғыз қалғандар, мұндай жағдайда қатты торығады. Әлбетте, бұл жастағы адамдардың өмірі қуаныштан гөрі реніштерге толы болады. Сонымен катар, зейнетке шыққан қарт адамдардың әлеуметтік рөлі де көбіне-көп нақты анықталмайды. Бұл осы кезеңге тап болғандардың әлеуметтендіру жағдайының тағы да бір ерекшелігі болып табылады.Тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын зерттегенде зерттеуші бірнеше күрделі теориялық мәселелерге ұрынады, оларды шешпейінше казіргі ғылыми өлшемдер мен практиканың қажеттіліктеріне жауап беретін тұлға тұжырымдамасын құру мүмкін емес. Осындай проблемалардың қатарына тұлғаның әлеуметтік құрылымы жатады.Күрделі құбылыстардың құрылымы, олардың қатарына сөзсіз адами тұлға жатады, әр түрлі элементтердің жиынтығы, иерархиясы және белгілі бір өзара әрекеттері болып көрінеді. Кез келген құрылым белгілі бір тұрақтылықты игерген, сонымен бірге әр түрлі өзгерістерге түсуге де икемді — прогрессивтік, регрессивтік — тіптен ыдырағанға дейінгі өзгерістерді қамти да алады. Оны де құрылымдық деген ұғыммен сипаттайды. Тұлға құрылымындағы де құрылымдық құбылыстар алуан түрлі ауытқушылықтарға әкеп соқтырады, мұндай ауытқушылықтарды девианттық мінез-құлық деп атайды. Тұлға алғаш рет биогендік, психогендік және социогендік компоненттердің құрылымдық тұтастығы ретінде қарастырылуы мүмкін. Бұл биология, психология және әлеуметтану зерттейтін тұлғаның биологиялық, психологиялық және әлеумет танымдық құрылымын бөлу үшін негіз болады. Тұлғаның биологиялық құрылымын, әлбетте, әлеуметтанудың ескермеуі мүмкін емес, ол тек осы құрылымды деформациялаушы тұрғысынан ескеріледі. Өйткені мұндай жағдайда адамдар арасындағы қалыпты өзара әрекет бұзылады. Ауру немесе кемтар адам дені сау адам орындайтын барлық әлеуметтік функцияларды атқара алмайды. Тұлғаның әлеуметтік құрылымы көбіне-көп оның көңіл-күйі, қасіреті, талаптары, есі, қабілеті және т.б. жиынтығынан тұратын психологиялық құрылымымен байланысқан. Бұл жерде әр түрлі ауытқушылықтар мен катар индивидтің нормалды психологиялық әрекеті де маңызды. Алайда, тұлғаның әлеуметтік кұрылымын психикалық, субъективтік сапалардың жиынтығынан тұрады деп қарау жеткіліксіз. Сондықтан тұлғаның әлеуметтік құрылымын анықтауда істі тек субъективтік жағына апаруға болмайды. Тұлғадағы ең басты нәрсе - оның әлеуметтік сапасы.

Тұлғаның әлеуметтік құрылымы индивид кірген қауымдастық пен бірлестіктің ықпал етуімен оның алуан түрлі кызметі процесінде қалыптасатын және өмір сүретін объективтік және субъективтік әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығынан тұрады. Осыдан келіп тұлғаның әлеуметтік құрылымының маңызды сипаттамасы болып әз қайраткерлігі ретінде және басқа адамдармен өзара әрекеті ретінде түсіндірілетін оның қызметі саналады. Тұлғаның құрылымын талдау, оның кызметінің формаларына сараптама жасамайынша, іске аспайды. Тұлғаның әлеуметтік құрылымының көптеген элементтері бар. Оның біріншісі, өмір салтынан және еңбек, қоғамдық-саяси, мәдени-танымдық, отбасы - тұрмыстық сияқты кызмет түрлерінен көрініс табатын әлеуметтік сапалары кызметін жүзеге асыру тәсілдері. Бұл жерде еңбек тұлғаның әлеуметтік құрылымынан басқа элементтерін анықтайтын ең басты, мәнді буыны болып саналады. Екіншісі, тұлғаның объективтік әлеуметтік қажеттіліктері. Тұлға - коғамның органикалық бөлігі, сондықтан оның әлеуметтік құрылымының негізіне қоғамдық қажеттілік жатады. Үшіншісі, шығармашылық қызметке қабілеттілігі, білімі, дағдылары. Қалыптасқан тұлғаны индивидтен шығармашылық қабілеттері ерекшелейді. Төртіншісі, қоғамның мәдени құндықтарын меңгеру дәрежесі, яғни тұлғаның рухани дүниесі. Бесіншісі, тұлғаның өмірде басшылыққа алатын адамгершілік нормалары мен принциптері. Алтыншы элементі, ол сенім. Ол адамның мінез-құлқының басты бағытын анықтайтын ең тереңдегі принцип болып саналады. Бүкіл осы құрылымдық элементтер қайсыбір дәрежеде әрбір тұлғаға катысты болады. Өйткені әрбір тұлға коғамдық өмірге катысады, білімді меңгереді, оларды басшылыққа алады. Тұлғаның әлеуметтік құрылымы әрдайым өзгеріске түсіп тұрады. Себебі оны қоршаған әлеуметтік орта — туыстары, достары, таныстары, коғам және т.б. өзгеріп отырады. Тұлға жаңа ақпарат, жаңа білім алады. Бұл білімдер сенімге айналады. Ал әз кезегінде сенім адам қылықтарының сипатын анықтайтын болады. Осыдан әлеуметтендірудің коғам талаптарына сәйкес тұлғаның әлеуметтік кұрылымын өзгертуші ретіндегі түсінігі шығады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет