Хани А.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті
janim_menim_93@mail.ru
Оқу үрдісі кезеңінде кешенді бағалау жүргізілді, тұлғалық, жыныстық ерекшеліктегі ролі, оқу
үрдісінің нəтижелі болуына үлгерімдері, оқушы еңбегіне қауырттылықты тудыратын приоритеті
бойынша ранжирлеу негізінде жүргізілген əсер етуші факторлар анықталды. Балалардың
экстремалды жағдайдағы функционалдық қауырттылығының сандық бағалануы, болжамы бойынша
математикалық моделі алынды.
Қазақстан Республикасы бойынша нəрестелер мен ерте жастағы балалар арасында жүрек
ауруларының таралуы. Зерттеу кезеңінде республикалық бойынша жүректің туа біткен даму
ақаулары бар 1 жасқа дейінгі тіркелген балалардың саны – 6712 құрады. Олардың – 3239 (48,2%)
2015 жылы, ал 3473 (51,8%) 2016 жылы тіркелген. Облыстар мен республикалық маңызды қалалар
бойынша жүректің туа біткен даму ақауы экстенсивті таралу көрсеткіштері бойынша: ең төменгі
деңгей Шығыс Қазақстан (3,0 %), Атырау (3,1%) жəне Батыс Қазақстан Облыстарында (3,3%)
анықталса, ең жоғарғы деңгейлер Оңтүстік Қазақстан (28,1%), Жамбыл (7,6%) жəне Маңғыстау
Облыстарында (7,4%) байқалған. Бала туудың өсуіне бала туа алатын жастағы жəне баланы жиі
туатын жастағы əйелдер санының артуы да себеп болуда (20-29 жас). Қазіргі кезде фертильді жастағы
(15-49 жас) əйелдер саны облыстағы барлық əйелдер санының 49,5. құрайды. Ересек жастағы
əйеледердің бала тууы артуда.
Жүректің туа біткен даму ақаулары кең тараған аномалиялардың бірі жңне статистикалық
мəліметтер бойынша 1000 нəрестеге шаққанда 6-8 жағдайдағы жиілікпен кездеседі. Сондықтан
жүректің туа біткен даму ақаулары бар балаларға кардиохирургиялың көмек көрсетудің негізгі
стратегиялық бағыттарының негізі аталған патологияның эпидемиологиялық ерекшеліктерін білу
заманауи медицинаның өзекті міндеттерінің бірі болып табылады.
Жүргізілген зерттеу нəтижесінде, 2015 жылы 7695 дүниеге келген балалардың 84-де (1,09%)
жүректің даму ақаулары кездескен, оның 33 (39,3%) ер бала, 51(60,7%) қыз бала. 2016 жылғы
қорытындысы бойынша 7748 нəресте тіркелген, соның арасында 92 (1,26%) нəрестелерде даму
ақаулары табылды, оның 48 (52,2%) ер бала, 44(47,8%) қыз бала. Жүректің туа біткен даму ақауы
таралу жиілігінің ерекшеліктерін анықтау мақсатында интенсивті көрсеткіштермен есептеп жəне
анықталған көрсеткіштерді популяция бойынша таралу жиілігі мен нəтижелерін өзара салыстыру
жүргізу қажет.