"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕРІН ЗЕРТТЕУДІҢ



Pdf көрінісі
бет38/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   372
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕРІН ЗЕРТТЕУДІҢ 
АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ. 
 
Ескендиров Ф.А. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
frhi@mail.ru
 
 
Маңғыстау облысының табиғат флорасы аумағында дəрілік өсімдіктердің 43 тұқымдасқа жəне 
112 туысқа жататын 164 түрі анықталды. Олардың басым бөлігі Asteraceae, Chenopodiaceae, Fabaceae, 
Boraginaceae, Euphorbiaceae жəне Ranunculaceae тұқымдастарына жататындығы айқындалды. 
Дəрілік  өсімдіктердің  164  түрін  жинау  үшін  календарлық  түнтізбе  құрылды.  Сонымен, 
Маңғыстау  облысының  аумағынан  9  атаулы  өнім  дайындауға  болады:  шөп,  жапырақ,  гүл  шоғыры, 
тамыр  жəне  тамыр  сабақтары,  өркендері,  пиязшық,  өсімдік  қабығы,  тұқым,  өсімдік  шырыны  мен 
жемісі.  Өсімдік  шикізаты  гүлдеу  фазасында  көптеп  жиналады  (109  атау),  жеміс  беру  фазасында  17 
атау,  вегетация  кезеңінде  29  атау,  бүршіктену  кезеңінде  18  атау,  жерасты  мүшелерінің  өлу 
фазасында9, шырын бөлу кезеңінде 2 атау, спорды кезеңінде 1 атау бар. 
Маңғыстау аумағында өнім дайындау уақыты: наурыз айында 1 түрі, сəуір айында 15, мамыр 
айында 26, маусым айында 84, шілде айында 78, тамыз айында 46, қыркүйек айында 12 атауын, қазан 
айында 7, қараша айында 1 түрлері шикізатын дайындауға болады. 


28 
 
2012-2014  жж.  аралығында  Маңғыстау  эксперименталды  батаникалық  бақтың  дəрілік  өсімдік 
коллекциясын  Маңғыстау  облысы  аумағынан  24  дəрілік  өсімдік,  оның  ішінде  14тұқымдас  жəне  23 
туысы  толықтырды.  Атап  айтсам  4  ағаш,  3  бұта,  2  жартылай  бұталы,  15  көп  жылдық  шөптесін 
өсімдіктер. Бұл өсімдіктер 0,2 га жерге отырғызылды. 
Бағалы  –  дəрілік  өсімдігі  түрлерінің  ақпараттық  бағасын  жасау  мақсатында  Маңғыстау 
эксперименталды  батаникалық  бақта  2011-2012  жж.  “BD-PLANT-KZ”  компьютерлік  программа 
жасалды.  Бұл  программаның  мақсаты  Қазақстанның  табиғат  флорасындағы  өсімдіктердің 
таксономиялық  тіркеуін  жүргізіп,  сонымен  қатар  морфологиялық  сипаттамасын,  шаруашылық-
биологиялық  құрамын,  экологиясын,  географиялық  координатасын,  гербарлық  түрлерін,  өсімдік 
қауымдастығын,  шикізат  қорын,  георгафиялық  жəне  флоралық  аумағын,  түсірілген  суреті  мен 
карталық  ареалын,  дəрілік  өсімдіктің  интродукциялық  сипаттамасын,  яғни  фармакологиялық 
құрамын, белсенді заттарын, медициналық препараттар, шикізат түрін, жинау уақыты мен орналасқан 
орынын,  ауру  түрлері  мен  халқтық  емдеу  əдістерін  тіркеу  жəне  жасау  маңызды  болып  табылады. 
Аталған ақпараттардың барлығын таблица түрінде немесе текстік формада басып, ғылыми мақалалар 
мен  баяндамаға  қолдануға  болады.  Қазіргі  таңда  мəліметтер  базасында  Маңғыстау  табиғи 
флорасындағы  дəрілік  өсімдіктердің  127  түрі  88  туысы  жəне  37  тұқымдасы  тіркелген.  Біздер  осы 
бағыттағы жұмыстарды жалғастырамыз. 
Ғылыми жетекшілері: б.ғ.д. профессор Мухитдинов Н.М., б.ғ.к. Иманбаева А.А. 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет