Фармацевтикалық технология кафедрасы



бет25/30
Дата08.12.2022
өлшемі1,38 Mb.
#55763
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Стратегиялық бағыттары:

  • Медицина, ветеринария, химия және фармакология саласында адам мен жануарларды бактериялық, вирустық және бактериялық-вирустық инфекциялардан қорғау саласында ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру;

  • Тиімділігі бойынша елеулі артықшылықтары бар бірегей, патенттік-қорғалған инфекцияға қарсы дәрілік заттар мен ветеринариялық препараттарды әзірлеу;

  • Бактериялық, вирустық және бактериялық-вирустық инфекцияларды емдеу үшін олардың тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісін құру.



ФС-1 препараты
"Инфекцияға қарсы препараттардың ғылыми орталығы" АҚ-да 2004 жылдан бастап ФС-1 деп аталатын дәрілік-тұрақты туберкулезді емдеуге арналған бірегей препаратты әзірлеу және патогенді агенттердің дәрілік сезімталдығын қалпына келтіруді зерттеу жүргізілуде. ФС-1 препараты клиникалық сынақтардың екінші кезеңінің нәтижелері бойынша 2015 жылы Қазақстан Республикасында тіркелді (тіркеу куәлігі № ҚР-ДЗ-№3021305). ФС-1 препаратына 2014-2019 жылдар ішінде Қазақстан Республикасы, Жапония, ҚХР, Сингапур, Индонезия, Еуропалық патент сияқты әлемнің 43 елінің патенттері алынды (РСТ бойынша өтінім нөмірі — WO2012091534).
2004-2020 жылдар кезеңінде барлық клиникаға дейінгі сынақтар, сондай-ақ ФС-1 препаратының клиникалық сынақтарының бірінші, екінші және үшінші фазалары сәтті өткізілді. Қазіргі уақытта клиникалық сынақтардың үшінші фазасының қорытындылары бойынша түпкілікті тіркеу үшін уәкілетті органға беру үшін ФС-1-ге тіркеу дерекнамасын дайындау процесі жүріп жатыр.

11.05.



11:00-12:00

«Fitoleum» ЖШС
Тәжірибеге жауапты басшылар қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық ұсынды, сондай-ақ біз өрт кезінде эвакуациялау жоспары бойынша нұсқаудан өттік және төтенше жағдайлар кезіндегі орындалатын ережелердің тәртібін зерттедік.
«Fitoleum» ЖШС – тәуелсіз Қазақстан Республикасының отандық фармацевтикалық саласын дамытуға бағытталған фармацевтикалық компания. Компанияның тарихы 1992 жылдан басталады, ағайынды Перепелица Владимир мен Евгений бастамаларымен ұйымдастырылып, Алма-Ата фармацевтикалық фабрикасында алғашқы өнеркәсіптік өнім шығарылды.
Тіркеу күні 10.03.1998 жылы жүргізілді, қызметкерлер саны 51-100 адам. «Fitoleum» ЖШС директорының орынбасары Бойко Татьяна Петровна. ал жетекшісі-Сермухамедова Ольга Владимировна. БИН – 980340000954.
Халық медицинасының көпғасырлық тәжірибесін, жаңа технологияларды және қазіргі заман жетістіктерін қолдана отырып, Іле Алатау бөктерінен және өзіміздің плантацияда өсірілген, экологиялық таза аймақтардан жиналған табиғи шикізат негізінде 100% табиғи фитопрепарат ұсынады. Шынайы технологиямен, консерванттар, бояғыштар қолданбай өндіру, табиғат ананың берген заттарын қолдану – барлығы тұтынушылардың денсаулығына максималды жауапкешілікпен қарауға тырысу – компанияның міндеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет