«Фармацевттікөндірістіңтехнологиясы» кафедрасы е 044/270-2021


Параметрлік идентификаттау



бет51/68
Дата27.11.2023
өлшемі2,69 Mb.
#129194
түріЛекция
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   68
Параметрлік идентификаттау. Екінші проблема (параметрлік идентификаттау) модельдің берілген құрылымында формализациялауға болады және ол модельдеудің төртінші кезеңімен түйіседі.
Сонымен, жалпы модельдеудің көпкезеңді үрдісіне қатысты идентификаттау объекттің жұмыс жасау туралы экспериментальды деректер негізінде объект пен модельдің құрылымы немесе параметрлерінің сәйкестігі туралы гипотезаларды тексерудің аспабы ретінде қызмет атқарады. Сәйкессіздіктің сипаты мен дәрежесі бұл кезде модельді корректірлеу бойынша мағыналы немесе формализацияланған шешімдерді қабылдау үшін пайдаланылады. Құрылымдық және параметрлік идентификаттау мәселерін толықтау қарастырайық.
Модель құрылымын идентификаттау кезеңіндегі шешімдерді қабылдаудың статистикалық процедурасын ұйымдастыру.
Құрылымдық идентификаттау кезеңдері. Объект құрылымын анықтау есебі. Модель құрылымының рөлі өте маңызды, ол дұрыс таңдап алынбаса параметрлік идентификаттаудың барлық нәтижелері заяға кетеді.
Объект құрылымын анықтау есептерінің арасында келесілерді ерекшелеуге болады:

  1. объектті қоршаған ортадан ерекшелеп алу;

  2. олардың соңғы мақсаттық көрсеткішке тигізетін әсерінің дәрежесі бойынша объекттің кірістері мен шығыстарын ранжирлеу;

  3. модельді ескерілетін объекттің кірістері мен шығыстарының тиімді санын (мөлшерін) анықтау;

  4. объект моделінің кірісі мен шығысының арасындағы байланыс сипатын, яғни жүйе операторының түрін анықтау. 050331500091

Осы мәселелердің әрқайсысын қысқаша қарастырайық.
Объектті қоршаған ортадан ерекшелеп алу. Үрдісті сипаттау Объектті қоршаған ортадан ерекшелеп алу үрдісі, ең алдымен, олар үшін модель құрылатын мақсаттармен анықталады. Мақсат, мысалы, басқаруға қатысты сыртқы сипатқа ие. Ол жоғарылау иерархиялық деңгейде тұжырымдалады және оның басқару объектісіне қоятын талаптарын білдіреді. Сонымен қатар, мақсаттарды анықтау оның ішінде осы мақсаттар жүзеге асырылуы тиіс болатын объект туралы түсініктермен байланысқан, яғни, басқару объектісінің моделіне ие болмай мақсатты тиімді тұжырымдау мүмкін емес. Сондықтан, мақсатты тұжырымдаудың алдында басқару объектісін анықтау үшін пайдаланылатын кейбір, жуықталағн болса да модель болуы тиіс. Объектті қоршаған ортадан ерекшелеп алу немесе (күрделі объект жағдайында) ішкі объекттерге жіктеу оның қоршаған ортамен немесе басқа ішкі объекттермен (буындармен) байланыстар саны минимум болатындай етіп жүзеге асырылуы тиіс. Бұл кезде бір мезгілде сонымен қатар объекттердің көбісіне тән өзіндік реттеу қасиеттерін пайдалану үшін ең жақсы шарттарды құру талабы да қанағаттандырылады. Объектті қоршаған ортадан ерекшелеп алу үрдісі объекттің қарапайым формаларынан күрделілеу формаларына тізбекті түрде өту ретінде жүзеге асырылуы мүмкін. Ең қарапайым форма ретінде қоршаған ортаның қойылған мақсаттың орындалуының тексеру үшін қажетті ақпаратты тасушы бөлігін қарастыруға болады. Одан әрі басқару мақсаты жақсырақ қанағаттандырылатындай етіп қоршаған ортаның бөлігін қосу арқылы объектті кеңейтеді, мысалы басқару ресурсын кеңейту арқылы. Бұл үрдіс басқару мақсатына тиімді қол жеткізілгенше немесе оған қол жеткізуге мүмкін еместігін көрсеткенше дейін қайталана берілуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет