«Фармацевттікөндірістіңтехнологиясы» кафедрасы е 044/270-2021


Объектті қоршаған ортадан ерекшелеп алу мысалы



бет52/68
Дата27.11.2023
өлшемі2,69 Mb.
#129194
түріЛекция
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   68
Объектті қоршаған ортадан ерекшелеп алу мысалы. Мысал ретінде металлды камералық пеште қыздыру үрдісін қарастырайық. Басқару мақсаты белгілі бір температураға дейін біркелкі жылынған (беті мен ортасының температуралары жақын болатын) дайындаманы алу болсын. Егер бұл кезде басқару объект ретінде тек дайындаманың өзін ғана ерекшелеп алсақ, онда сәйкес басқару ресурстары болмағанына байланысты берілген мақсат қолжетерліксіз екендігіне көз жеткізу оңай. Бұл объекттің кіріс параметрі жұмыстың кеңістіктің температурасымен тығыз байланысқан дайындама бетінің температурасы болып табылады, ал шығыс параметр – дайындаманың ортасы. Ең жақсы жағдайда, олардың алдын-ала анықталмаған деңгейінде уақыт факторының арқасында сол температуралардың теңесуіне қол жеткізуге болады. Егер объектті кеңейту есебінен оның құрамына жұмыстық кеңістіктің температурасын енгізсе де проблема айтарлықтай өзгермейді, себебі соңғысы тәуелсіз басқарушы әсер емес. Басқару объекті ретінде отын жағатын құрылғыларды және отын бен тотықтырғыштың шығындарын өлшейтін датчиктермен қоса пештің бүкіл жұмыстық кеңістігін қабылдаған жағдайда ғана қойылған есеп шешіледі. Объектті осылай ерекшелеп алғанда біздің билігімізде басқарудың қажетті ресурстары болады. Егер көрсетілген мақсатпен қатар кеңірек мақсат қойылатын болса, мысалы, отынды үнемдеу және қоршаған ортаны ластауды азайту, онда объекттің құрамына жылуды пайдаға асыратын құрылғыларды, газ тазалауды және түтін мұржасын қосу керек, ал шығыс параметрлер ретінде металлдың температурасымен қатар шығатын газдардың химиялы құрамын, температурасын және шаңдатылғанын қарастыру керек. Сонымен, осындай қарапайым мысалдан да басқару немесе зерттеу объектті дұрыс ерекшелеп алу қаншалықты маңызды екендігін көруге болады. Әрине, бұл белгілі бір есепті шешу үшін құрылатын модельдің құрылымын таңдауға тікелей әсерін тигізеді.
Кірістер мен шығыстарды ранжирлеу және олардың тиімді санын анықтау. Зерттеудің алғашқы кезеңдерінде көпұштық түрінде бейнеленуі мүмкін болатын модельдің құрылымын анықтау үшін модель құрамына кірістірілетін объекттің кірістері мен шығыстарын іріктеп алу болып табылады. Ол үшін алдымен олардың күйлері объектте мақсатты орындауға (мысалы, басқару мақсатын) белгілі бір әсерін тигізетін барлық кірістер мен шығыстар анықталады. Одан кейін олардың арасынан модельдің өлшемі ПТ көпұштықты құрайтын ең маңыздылары іріктеп алынады. Маңызды факторларды іріктеп алу оңай процедура емес. Ол үшін сараптамалық бағалар әдістері (тікелей ранжирлеу, жұптық салыстырулар әдісі және с.с.), нақтылы объекттің жұмыс жасауын және одағы оператордың тіршілігін бақылау, объектте арнайы жоспарланған және ұйымдастырылған эксперимент пайдаланылады. Модель құрылымы (кірстер мен шығыстар саны) туралы шешім қабылдау үшін бірнеше бәсекелес модельдер салыстырылуы мүмкін. Бұл кезде ең қолайлы модельді таңдау критериі ретінде бір жағынан оның дәлділігі екінші жағынан күрделілігі немесе жүзеге асырылуы болуы мүмкін.
Егер кейбір жуық модель немесе теория бар болса, онда маңызды параметрлерді іріктеп алу есебі едәуір жеңілдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет