Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары


«Инновациялық  білімдік  орта  және  оқушы  тұлғасын  дамыту  мәселелері»



Pdf көрінісі
бет18/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   333
Байланысты:
Сборник материалов конференции

«Инновациялық  білімдік  орта  және  оқушы  тұлғасын  дамыту  мәселелері» 

тақырыбындағы  интербелсенді  дәріс  ата-аналардың  инновациялық  білімнің  бала 

психологиясына  әсері,  оны  жаңашыл  білімдік  ортаға  бейімдеудегі  отбасының 

міндеттері  туралы  түсініктерін  қалыптастыру  мақсатын  көздейді.  Дәріс  мектеп 

директорының орынбасарлары немесе мектеп психологы тарапынан жүргізіледі. Дәріс 

мазмұны  заманауи  мектеп  үшін  өмірлік  қажеттілік  –  педагогикалық  инновацияның 

оқушылар  психологиясына,  олардың  дамуы  мен  қалыптасуына  әсері  мәселесін  жан-

жақты ашып беруі керек. [6] 

Кеңінен  қарағанда,  әрбір  инновация  оқушыны  дамыту,  оны  тұлға  ретінде 

қалыптастыруға қызмет етуі керек. Бірақ жаңалықтар әрқашанда күтілетін нәтижелерді 

бермеу,  кейбір  жағдайларда  теріс  эффект  беруі  де  мүмкін.  Жаңалықтарға  ұмтылу  – 

балаға тән қасиет. Танымдық қызығушылық – сапалы білімнің негізі. Оқушы әр сабақта 

өзі  үшін  қалай  да  бір  жаңалық  ашады.  Білім  берудегі  жаңалықтар  оқу-танымдық  іс-

әрекетті тағы да оңтайлы, тиімді етуі, танымдық іс-әрекет деңгейін көтеруі керек. 

«Оқушының оқу үрдісіндегі субъективті позициясына, оның өз бетінше ізденуіне, 

логикалық  ойлауын  дамытуға  бағытталған  инновацияшыл  оқыту  әдістері  неге  теріс 

эффект береді?», - деген сұрақ мұғалімдерді де, ата-аналарды да ойландырады. 

«Дәстүрлі  оқыту  оқушының  есіне  бағдарланған,  оқушы  тек  құры  қағидаларды 

жаттап  алады,  білімдерді  меңгереді,  бірақ  ойланбайды,  ізденбейді»  деген  пікір 

педагогикада соңғы жылдары кеңінен таралған. Дегенмен, тәжірибе дәстүрлі оқытусыз 

оқушының  өздігінен  іздендіретін  жаңашыл  әдістерді  қолдау  белгілі  қиындықтар 

тудыруы мүмкіндігін көрсетеді. 

Ата-аналардың  мектептегі  инновациялық  үрдістерде  қатысуы  мектепте 

педагогикалық  жаңалықтарды  таңдау,  оқып-үйрену,  оны  оқу-тәрбие  үрдістеріне 

ендіруде  ата-аналардың  белсенділігін  қамтамасыз  етудің  формалары,  әдіс-тәсілдері 

пайдаланылады.  Бұл  жұмыс  алдымен  мектеп  басшыларының  мектеп  ата-аналар 

комитеті  белсенділерімен  біріккен  іс-әрекеті  арқылы  жүзеге  асырылады.  Мектеп  ата-

аналар  комитетінің  төрағасы,  оқу  комиссиясы  жетекшісімен  бірігіп  ата-аналарды 

инновациялық  жұмыстарға  тартудың  негізгі  бағыттары  анықталады.  Сынып 

жетекшілері  сыныпта  сабақ  беретін  мұғалімдер  және  әдістемелік  бірлестіктер 

төрағаларымен  бірге  ата-аналарды  инновациялық  жұмыстарға  тарту  мақсатындағы 

нақтылы іс-шараларды белгілейді. [7] 

Бірніші  кезекте  ата-аналарды  мектептің  өміріндегі,  педагогикалық  ұжымдағы 

жаңалықтар,  олардың  мақсаты  мен  маңызы,  бағыттары  мен  мазмұны  туралы  ата-




26 

 

аналарға  түсінікті  түрде  білімдер  беру  қолға  алынады.  Мұнда  мектеп  ата-аналар 



университеті  сабақтарының  маңызы  зор.  Әрбір  ата-ана  қазіргі  таңдағы  мектеп 

инновациялық тәртіпте дамуы қажеттілігі, оның  баланың оқу-тәрбие үрдісіндегі жаңа – 

субъектілік  позициясын  қамтамасыз  ететіндігі,  мұғалімнің  орны  мен  рөлі,  жаңашыл 

оқыту технологиялары туралы түсінік алуына қол жеткізу керек. Ата-аналардың зейінін 

мектепшіл  инновациялардың  бала  психологиясына  әсеріне,  отбасында  оған  қажетті  

көмек беру керектігіне де аудару керек. Оқу бағдарламаларының күрделенуі, оқушыдан 

өздігінен  ізденуді  талап  ететін  оқулықтардың  ендірілуі,  өзін-өзі  тәрбиелеуге  ерекше 

назар  аудару,  оқытуды  ақпараттандыру  т.б.  сөзсіз  отбасы  тәрбиесінің  осы 

жаңалықтарға бағыт-бағдар алуын талап етеді. 

Ата-аналар мектепте қай бағыттарда жаңалықтар енгізілетіндігін біліп қана емес, 

оларға сәйкес баламен үйде тәрбиелік және дидактикалық жұмыстарды ұйымдастыруға 

қажетті  іскерліктер  мен  дағдыларды  меңгеруі  тиіс.  Отбасы  тәрбиесі  де  мектепшіл 

инновацияларға  сәйкес  мазмұн  жағынан  өзгеріске  ұшырауын  ата-аналар  жақсы 

пайымдаулары керек. 

Сонымен  қатар,  мектепте  педагогикалық  жаңалықтарды  таңдау  және  ендіруде 

ата-аналардың пікірін білу де өте маңызды. Ата-аналардың мектепшіл инновацияларды 

таңдау  және  ендіруге  «сарапшы»  ретінде  қатысуы,  инновацияларға  жан-жақты  баға 

берудің  тағы  да  бір  жаңа  бағыты  болып  табылады.Сондай-ақ,  ата-аналар  мектептің 

және  жеке  мұғалімдердің  инновациялық  іс-әрекеттерін  бағалауда  қатысуы  да 

мектептегі инновациялық  білім беруге жаңаша мазмұн, мән, мағына береді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет