Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



Pdf көрінісі
бет29/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   333
Байланысты:
Сборник материалов конференции

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

 

1.Кумбс Ф. Кризис образования в современном мире. – М., 1970. –130 с. 



2.Исаев  И.Ф.,  Шеховская  Н.Л.  Колледж  как  инновационное  образовательное 

учреждение. – Белгород, 1997. – С. 5-24.  

3.Спирин  Л.Ф.  Теория  и  технология  решения  педагогических  задач.  –  М.: 

Российское педагогическое  агентство, 1997. – 174 с. 

 

 

 



ӘОЖ 373.3.016:811 

 

ЖАЗБАША БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДІҢ 

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰСТАНЫМДАРЫ МЕН ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫ 

 

УКУБАЕВА М.О.  

Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының  

2-курс магистранты 

Алматы университеті 



 

Педагогикада  дидактикалық  ұстанымдардың  ғылымилық,  жүйелілік,  бірізділік, 

теорияның практикамен байланысы, пәнаралық, қызығушылықты ояту, көрнекілік т.б. 

түрлері  қолданылатыны  белгілі.  Бұл  дидактикалық  ұстанымдар  әрбір  баланың  жеке 

тұлғалық  қасиетінің  дамуына  жағдай  жасап,  қазақ  тілін  оқытудың  тиімді  әдістері  мен 

тәсілдерін  ұйымдастыруға  мүмкіндік  ашады.  Жалпы  дидактикалық  ұстанымдардың 

ішінен  оқушыларды  жазбаша  байланыстырып  сөйлеуге  үйрету  үшін  ғылыми  түсінік 

қалыптастыруда  ғылымилық  ұстанымды  басшылыққа  алдық.  Өйткені,  балаға  ғылыми 

түсінікті, 

ұғымдарды, 

терминдерді 

меңгерту 

теориялық 

ойлау 


қабілетін 

қалыптастырудың алғы шарты болмақ. Теориялық ойлау барысында талдау, жинақтау, 

топтастыру,  индукция,  дедукция  т.б.  тәсілдер  арқылы  білімнің  жүйелі  түрде  берілуі 

қамтамасыз етіледі.  

Оқушыны  жазбаша  байланыстырып  сөйлеуге  үйретуді  оқыту  үрдісімен  тұтас 

қарастыруға  жүйелілік  ұстанымы  мүмкіндік  береді.  Бұл  ұстанымның  маңыздылығы 

сонда,  білімді  тиімді  меңгеру  тек  жүйелі  түрде  жүргізілгенде  ғана  мүмкін  болады. 

Мысалы, 2-сынып оқушылары мәтіннің белгілері,  тақырыбы болатыны, сол тақырыпқа 

сай  жазылатыны  туралы  мағлұматпен  танысса,  3-4  сыныпта  «тақырып  –  негізгі  ой  – 

мазмұн»  үшеуінің  бірлігін  және  бұларға  кілттік  сөздердің  қатысын,  байланысын 




48 

 

түсінеді.  



Мәтін  құрастыруды  үйретудегі  жүйелілік  ұстанымының  негізгі  қағидасы    –   

барлық  оқушылармен  бірігіп  жұмыс  жүргізе  отырып,  әрбір  оқушының  жан-жақты 

дамуына  жағдай  жасау.  Жаттығу  жұмыстарын  жүйелі  түрде  орындалуы  жазбаша 

байланыстырып  сөйлеуге  үйрету  жұмысының  нәтижелі  болуына  мүмкіндік  береді. 

Мәтін  бойынша  жүргізілетін  жаттығулар  мәтіннің  мағыналық  және    құрылымдық 

ерекшелігін  түсіндіруге  бағытталып  қана  қоймайды,  сол  алған  білімін  тәжірибеде 

қолдануға  үйретуге  бағытталады.  Алдымен  абзац  туралы  түсінік  беріледі  де, 

абзацтардың  орнын  табуды,  онан  соң  тұтас  мәтінді  абзацқа  бөлуді  үйренеді  де, 

біртіндеп  мәтін  құрастырған  уақытта  ой  желісін  жүйелеп  жазуға  қалыптасады.  Мәтін 

түрлерін  талдағанда    алдымен  оның  сызбасы  таныстырылады  да,  оқушылар  біртіндеп 

сол сызбаға сүйеніп, өз бетінше мәтін құруға үйренеді.  

Бірізділік  ұстанымы  жүйелілікпен  тығыз  байланысты.  Бұл  ұстанымның  негізгі 

ерекшелігі  сонда,  білім  мен  білік  оқытудың  логикасына  байланысты  бірізді 

қалыптасады.  Мысалы,  бала  ең  алдымен  тақырып  ұғымымен  танысса,  сосын  сол 

тақырып пен негізгі ой арасындағы байланысты анықтайды.  

2-сыныпта  бір  тақырыпқа  жазылған  екі  мәтіннің  мағыналық  құрылымын,  негізгі 

ойын  талдау  арқылы  тақырып  қоюға  үйренсе,  3-сыныпта  екі  мәтінді  салыстыру 

арқылы,  мәтіннің қатысымдық міндетінің (автор ниеті) әр түрлі болуына байланысты 

мәтін  тақырыбы  да  әр  түрлі  болатыны  түсіндіріледі.  Мәтіннің  қатысымдық  міндетін 

анықтай  отырып,  оқушылар  кілттік  сөздер  арқылы  мәтіннің  мазмұнын  талдайды. 

«Мәтінде  автордың  айтайын  деген  түпкі  ойы,  ниеті  неде?»  деген  сұрақ  қою  арқылы 

оның қатысымдық міндетін анықтайды. 

Байланыстырып  сөйлеудің  жүйелілігі  мен  тұтастығын  сақтау  жолдарын  үйрету 



теорияның  практикамен  байланысы  ұстанымы  арқылы  қалыптасады.  Оқушының 

теориялық  ойлау  әрекетін  практикамен  байланыстыра  орындауды  (жаттығулар, 

тапсырмалар)  топтық,  ұжымдық,  өзіндік  жұмыс  түрлері  арқылы  дамыту  көзделеді. 

Мысалы,  оқушылардың  топқа  бөлініп,  өзара  жарысып,  мәтін  түзу  әрекеті  сөйлемдер 

байланысын  қамтамасыз  ететін  кілттік  сөздерді  пайдалану,  алған  теориялық  білімін 

практикада қолдану арқылы орындалады. 



Пәнаралық байланыс ұстанымы білім, білік және дағдының тұтас  

Қызығушылықты  ояту  ұстанымында  қазақтың  көрнекті  психолог-ғалымы 

Ж.Аймауытұлының  «адамның  өмірінің  барлық  қызметінде  ынталану  мен  әуестенудің 

маңызы басым; қызметтің нәтижесі де соларға тіреледі» деген пікірін басшылыққа ала 

отырып,  оқушының    белсенділігін  арттыратын,  қызығушылығын  оятатын  амал-

тәсілдерді ойластырдық [1].  

Психологтардың айтуынша, мектепке дейінгі жылдарда балалардың білуге  



Оқушыны  өзіндік  жұмыс  істеуге  үйрету  ұстанымы.  Оқушыдағы  байқағыштық, 

ойлай  білушілік  қабілеті  мәтін  қатесін  жөндеу,  оның  бөліктерін  байланыстыруды 

үйрену, жұмбақ құрастыру сияқты т.б. тапсырмаларды өз бетімен орындау барысында 

дамиды. 

Өз  бетімен  жүргізілетін  жұмысқа  бірлесіп  мәтін  түзу,  сурет  арқылы  өз  бетімен 

қиялдан оқиға ойлап жазу, жазғандарын түзету, кіріспе бөлімі (басы) берілген мәтінді 

өз ойымен аяқтау т.б. түрлері жатады. 

Өзіндік жұмыс оқушының өзінің танымдық қажеттілігімен, өзін-өзі бақылауымен, 

оны орындау орны мен уақытын таңдаудағы еркіндікпен сипатталады. 

Оқушыны  жазбаша  байланыстырып  сөйлеуге  үйретудің  жоғарыда  көрсетілген 

жалпы дидактикалық ұстанымынан бөлек арнайы ұстанымдарын басшылыққа алдық. 

Тіл сезімін дамыту ұстанымы – тілдегі астарлы ойды, мазмұнды дәл тану, өз ойын 

жазба түрде түсінікті жеткізуге үйретуде басшылыққа алатын ұстаным. 

Тіл  сезімі  дегеніміз  –  стилистикалық,  синтаксистік,  лексикалық  салада  тілдің 

сөйлеу  талаптарын  (нормаларын)  ешбір  қатесіз,  дағдысыз,  саналы  меңгерусіз  қолдану 




49 

 

деген  сөз.  Тіл  сезімі  балада  сөйлемді  құрудың  қалыптасқан  ережесін,  үлгісін, 



үлкендердің  сөзіне  қарап,  есте  сақтау  арқылы  жүзеге  асады.  Бұған  мектеп  жасына 

дейінгі  балада  бұрын  ешқашан  естімеген,  таныс  емес  сөздердің  мағынасын  түсінбей 

жатып та өз сөзінде қолдана беретіні дәлел. 

Көрнекілік ұстанымы. Мәтіндегі сөйлемдер байланысын, тақырып пен тақырыпша 

арасындағы байланысты сызба түрде түсіндіру мәтіннің мағыналық құрылымын  тұтас 

қабылдауға  мүмкіндік  береді.  Мәтін  сызбасы  арқылы  оқушы  ішкі  мәтіндік 

байланыстың  жүйелі  түрде  іске  асатынын  байқайды.  Дайын  мәтін  сызбасын  жасап, 

мәтіннің  қатысымдық  міндетін  анықтауды,  сөйлемдер  байланысының  қатарластық 

және  тізбектік  байланысын  ажыратуды,    тақырыпшаны,  кілттік  сөздерді  анықтауды 

үйренеді.  

Эксперименттік  оқытуда  мәтіннің  ішкі  байланысын  қамтамасыз  ететін  тақырып 

пен  тақырыпша,  тақырып  пен  кілттік  сөздердің    ішкі  және  сыртқы  байланысын 

түсіндіруге көмектесетін мынадай шартты белгілерді қолдандық:  

 –      тақырып 

   −  тақырыпша 

–   тақырып пен тақырыпша арасындағы байланыс 

Оқушылар  осы  сызбаларды  қолдана  отырып,  мәтіннің  мағыналық  құрылымын 

құруды  үйренеді.  Көрнекілік  ұстанымы  мәтін  түрлерін  анықтап,  оның  сызбасын  

жасауда  қолданылады.  Бұл  мәтіннің  құрылымын  саналы  түрде  меңгеруге  ықпал 

жасайды.  

Байланыстырып жазуға  деген қажеттілікті туғызу ұстанымы.  

Ойды да, сөзді де туғызатын жағдай. Әрекет ету үшін себеп, түрткі (мотив) болуы 

керек.  М.Мұқанов  баланы  оқуға  итермелейтін  күш  негізінде  екі  түрткіден  (ішкі  және 

сыртқы)  құралатынын  айтады.  Сыртқы  түрткіде  баланы  тікелей  өзі  талпынбайды, 

мұғалім  тек  мүмкіндік  ашады.  Ал  ішкі  түрткіде  өз  ішінен  ықыластану,  білуге  деген 

ұмтылыс болады [2].  

 Қазіргі  оқыту  әдістемесінде  баланың  өз  еркімен  жасалатын  әрекетке  баса  назар 

аударылуда.  Сондықтан  да  бастауыш  сынып  оқушыларына  жазбаша  байланыстырып 

сөйлеуде,    өз  ойын  жазуға  үйретуде  «мұның  мен  үшін  қандай  маңызы  бар?»  деген 

сұраққа жауап таба алған жағдайда ғана сыртқы себептерден ішкі адамгершілік ерікке 

көшу  қағидасы  жүзеге  асады.  Ойлау  әрекетін  ұйымдастырғанда  оқу  мотивациясы 

сырттан болуы, мәжбүрлеу, күштеу балаға кері әсер етеді. Баланың ішкі мотивациясын, 

өзі  «үйренсем»  деген  талпынысын  қолдай  отырып,  үйренуге  мүмкіншілік  ашу 

жағдайын  іздестірдік.  Ол  үшін  сабақта  мұғалім  әрбір  баланың  көңіл-күйін, 

қызығушылығын,  оқу  материалының  түсінген,  түсінбегенін  қадағалап  отырады. 

Мұғалім  мен  оқушы,  оқушы  мен  оқушы  арасында  байланыс  орнату  көзделеді. 

Мұғалімнің  кері  байланысы  бағалау,  бақылау  түрінде  ғана  емес,  нақты  және  хабарлы 

болады.  



Жазбаша  байланыстырып  сөйлеуге  үйретудің  тәрбиелілік  маңызы.  Оқушының 

бойына  тәрбиені  қалыптастырудың  бір  құралы  −  сөз  өнері,  тіл.  Демек,  қазақ  тілі 

сабағында  берілетін  жаттығудағы  мәтін  мазмұны,  ұшқыр  ой,  ұтымды  сөз  орамдары 

оқушыға  белгілі  бір  тәрбие  беруде  маңызы  зор.  М.Балақаев  «...ұтымды  үзінділер 

оқушының тілдік нормаларын сақтай отырып, сөйлеу тілін жақсартуға, дұрыс сөйлеуге 

үйретіп,  тілдік  шеберлігін  ұштайды»  деген  пікіріне  сүйене  отырып,  жаттығуларды 

іріктеу кезінде атақты қазақ жазушыларының көркем шығармаларынан үзінді алынып, 

оны түрлендіріп берілу жағы ойластырылды [3]. 

Баланың  қоршаған  ортаны,  болмысты  дұрыс  түсінуі,  өмірде  ненің  жақсы,  ненің 

жаман  екенін  аңғара  білуі,  адамгершілік  тәрбиенің  қалыптасуы  отбасынан  басталып, 

мектепте жалғасады. 

Адам қоғамда өмір сүреді, ол өзі өмір сүріп отырған қоғам талаптарына бағынады. 

Бұл талаптар ең алдымен моральдық,  адамгершілік тәрбиеге негізделеді. Осыған орай 



50 

 

баланың  бойына  ақыл-ой,  адамгершілік,  еңбек,  экологиялық  т.б.  тәрбиені  мектеп 



қабырғасынан қалыптастыру көзделеді. 

Қазақ  жазушыларының  адамгершілік  тақырыбындағы  шығармаларынан  алынған 

үзінділерді  талдау  арқылы  оқушыны  жақсы  істі  жасауға,  жанаршылық  сезімін  оятуға, 

өзгенің қайғысын өз жүрегімен сезінуге тәрбиелеуді мақсат еттік. Қазақ тілі сабағында 

баланың  байланыстырып  жазуға  үйретуге  бағытталған  жаттығулар  жеке  тұлғаның 

рухани 


құндылықтарын 

дамытуға, 

оның 

бойында 


жағымды 

қасиеттерді 

қалыптастыратындай  мазмұнда  болуын  қарастырдық.  Мысалы,  сөйлем  орны 

өзгертілген  мәтінді  түзетуге  берілген  Ж.Әлмашевтің  «Ардагер  алғысы»  әңгімесінен 

алынған үзіндіде Тайыр деген баланың үлкенге жасаған қамқорлығы жайлы жазылған. 

Мәтін мазмұны арқылы мұғалім оқушыны қарттарға құрмет көрсетіп, жанашыр  болуға 

тәрбиелеу мақсатын көздейді.  

Оқулықтағы  білім  мазмұнын  оқушыға  меңгертетін  басты  тұлға  мұғалім  еңбегі 

жөнінде  М.Жұмабаев:  «Баланы  тәрбие  қылу  –  тұрмыс  майданында  ақылмен,  әдіспен 

күресе  білетін  адам  шығару  деген  сөз.  ...  Тұрмыста  түйінді  мәселелерді  тез  шеше 

білетін,  адалдық  жолға  құрбан  бола  алатын  адамды  тәрбиелеп  шығару  үшін  тәрбиеші 

бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білуі керек», – деген [4].  

Осы  мақсатта  оқушының  тұлғалық,  жеке  бастық,  эмоциональды  сезімдік  дамуын 

қамтамасыз  етуде  сабақты  топтық,  ұжымдық  түрде  ұйымдастырып,  ойын  түрінде  өту 

жағдайы оқушыны оқыта отырып, тәрбиелеу мәселесін шешуге ықпал етеді. 

Мәтіндегі  кілттік  сөздерді  табуға  арналған  «Сұлтан  Бейбарыс»  әңгімесінде  автор 

жусанды  иіскеп,  елін  сағынған  Бейбарыс  арқылы  туған  жердің  әрбір  адамға  қымбат 

болатынын  дәлелдейді.  Мәтін  мазмұнындағы  кілттік  сөзді  табу  арқылы  оқушы  әрбір 

сөзге  көңіл  аударып,  сөз  мәнісін  ұғуға,  сөйлемдер  байланысын  ажыратуға  үйренумен 

қатар  әңгіменің  тәрбиелік  мәнін,  яғни    туған  жерге  деген  құрметті,  сүйіспеншілікті 

сезінеді.  

Оқушыларға  талдауға  арналған  мәтіндер  белгілі  бір  тәрбиелік  міндетті  шешуге 

құрылды.  Мысалы,  А.Қыстаубайқызының  «Қорқыт  ата»  әңгімесінде  үлкен 

философиялық  ой  жатыр.  Автор  сол  ойды  «Қайда  барсаң  Қорқыттың  көрі»  деп  адам 

өмірінің  өлшемі  болатыны  жайлы  ескертеді.  Оқушылар  мәтін  мазмұнын  талдай 

отырып,  мәтіндегі  мағыналық  бөлікке  тақырыпша  қойып,  жоспар  құрумен  қатар 

мәтіннің тәрбиелік мәніне де көңіл қояды. 

Ұлттық  үлгідегі  ұлы  жазушылардың  шығармаларын,  халық  ертегілері, 

жұмбақтарын оқыту арқылы оқушының ұлттық ойлау қабілетін жетілдіруге болатынын 

М.Мұқанов  дәлелдеп, дәйектеген [5].  

Ертегі – оқушылардың қызыға оқитын жанрларының бірі. Ертегі мазмұны, әдетте 

адамгершілік-этикалық, тәлімдік-тәрбиелік идеяларға құрылады.  

А.Байтұрсынов  ертегінің  маңызы  туралы  былай  деп  жазған:  «Халықтың 

ұмытылған  сөздері  ертегіден  табылмақ.  Олай  болса,  ертегі  тіл  жағынан  керек 

нәрсе...»[6].  Ертегі  құрастыру  бала  қиялын  ұштап  қана  қоймайды,  өзін-өзі  бағалауға, 

өзара бірлесіп ойлануға мүмкіндік туғызады.  

Мәтін  жанрының  бір  түрі  жұмбақ  құрастыру  арқылы  оқушы  сөздің  логикалық 

астарына көңіл бөледі. Салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін 

ажыратуға  үйренеді,  бала  қиялының  дамуына  мүмкіндік  ашылады.  Ұлттық  үлгідегі 

ертегілерді  құрастыру,  өлең  құрастыру,  жұмбақ  құрастыруға  үйрену  арқылы    оқушы 

сөздің бейнелілігі мен тәрбиелік қызметін түсінеді.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет