СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ-ТҰЛҒАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ
ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУДЫҢ ӨЛШЕМДІК АППАРАТЫ
КАБДРАСИЛОВА Р.К.
Педагогика және психология білім беру бағдарламасының
2-курс магистранты
Алматы университеті
Кез-келген саладағы маманның кәсіби-тұлғалық құзыреттіліктерінің жалпыланған
өлшемі болып, оның тәжірибелікіс-әрекетінің нәтижелері қарастырылуы мүмкін
екендігін басшылыққа ала отырып, болашақ мұғалімдерде қарастырылып отырған
феномен
өлшемдерінің,
көрсеткіштерінің
және
деңгейлерінің
дәлелдемесін
педагогикалық еңбектің объективті және субъективті сипаттамаларының жүйесі
арқылы жүзеге асырған орынды.
Бұл жағдайда объективтік сипаттамалар ретінде педагогикалық іс-әрекеттің
мақсаттары мен міндеттері, оның құрылымы, педагогпен шешілетін мәселелер шеңбері
және қалаулы нәтижеге жету мақсатымен орындалатын оның кәсіби қызметтері
саналады.
Ғылыми әдебиет көздерінің талдауы педагог өз іс-әрекетінде студенттердің
дамуындағы жас, жеке және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, нақты
білім беретін, дамытушы және тәрбие беру мақсаттарын анықтайды, оқу сабақтары
үшін материалды іріктейді, студенттерді кәсіби дайындаудың тиімді құралдарын,
формаларын және тәсілдерін таңдайды, қойылған мақсаттарға жету үшін қажетті
психологиялық-педагогикалық және материалдық-техникалық шарттар жасайды, оқу
үдерісінің барысын ұйымдастырады, білім алушылардың білім, білік, дағдыларын
бақылауын және бағалауын мезгілімен өткізеді, алынған нәтижелерді түзетеді деген
қорытынды жасауға мүмкіндік берді.Педагогтың білім беру іс-әрекетінің ерекшелігі
оның оқыту үдерісінің тиімділігін арттыру үшін мүмкіндігінше оңтайлы немесе
оңтайлыға жақын дидактикалық жағдайларды ұйымдастыруға және жасауға
талпынатындығында. Сондықтан дидактикалық аспектіде оқу іс-әрекеті – ол студент іс-
әрекетінің тиімділігін арттыру мақсатында педагогпен ұйымдастырылатын, әртүрлі
кәсіби білім беру міндеттерін шешуге бағытталған іс-әрекет.Соның нәтижесінде
студенттер білім, білік, дағдыларды игереді және өздерінің тұлғалық қасиеттерін
дамытады.
Педагогтың жоғары оқу орнында дайындық кезеңіндегі кәсіби компоненті білім
беру стандартының тиісті нормативінде көрсетілген.
Педагогикалық еңбектің субъективтік жағы педагогтарға кәсіби қызметтерін
атқаруға қажетті рөлдік-әрекеттік сипаттамалар және субъективтік-әрекеттік сапалар
арқылы беріледі. Бұл, алдымен:
- тәжірибе қажет ететін жалпы және кәсіби компоненттерден құралатын педагог
еңбегінің барлық қырлары жөніндегі объективтік қажетті мәліметтер ретіндегі кәсіби
білімдер. Олар кәсіби икемдерді, дағдыларды, өзіндік психологиялық қасиеттерді,
таңдалған модельді жүзеге асырудағы кәсіби ұстанымдарды, педагогикалық еңбектің
нәтижелеріне жетудің алгоритмі мен технологияларын қалыптастырудың негізін
құрайды;
- білім беру үдерісіндегі міндеттер мен қызметтерді атқару үшін қолданылатын,
педагогтың әрекеттері мен тәсілдері ретіндегі кәсіби икемдер мен дағдылар. Олар
педагогикалық еңбек технологиясының тұтас жүйесінің бастапқы элементтері болып
табылады;
44
- өзіндік психологиялық ерекшеліктер (қасиеттер) педагог психикасының
барлық компоненттерінің – үдерістердің, қасиеттердің, күйлердің қалыптасқандығын
білдіреді. Олардың сипаты жағдайлардың ерекшеліктерімен және кәсіби іс-әрекет
факторларының әсерімен анықталады;
- педагогтың кәсіби ұстанымы –бұл оның тұрақты ұстанымы және бағдарлары,
ішкі және сыртқы тәжірибенің, шынайылық пен келешектегі қатынастар мен
бағалаулар жүйесі, сонымен қатар кәсіби іс-әрекетте жүзеге асатын (жүзеге аспайтын
немесе жартылай жүзеге асатын) жеке талаптанулар.Олар жалпыәлеуметтік және
кәсіби аспектілерді қамтиды.
Педагог еңбегінің көрсетілген сипаттамалары мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандартының (МЖМБС) негізінде педагогқа қойылатын талаптарға сәйкес пәндік
мазмұмен толықтырылып отырады.
Білім беру бағдарламаларының талдауы көрсеткендей, МЖМБС пәндерінің
пәндік блогында ұсынылған білімдер мен икемдер шашыраңқы болып қалуда және
болашақ маманның тәжірибелік білім беру іс-әрекетінің тиісті міндеттерінің шешілуін
қамтамасыз етпейді.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, болашақ маманды дайындау үшін жүзеге
асырылатын оқу бағдарламалары, студенттерде кәсіби маңызды икемдер мен
дағдыларды және тұлға қасиеттерін дамытуға емес, алдымен олардыпсихологиялық-
педагогикалық білімдер жиынтығымен қаруландыруға бағдарланған. Білім беру
мекемелері теориялық дайындықтың жеткілікті (жақсы) деңгейін игерген, бірақ алған
білімдерін іс жүзінде қолдануда едәуір қиындықтарға кез болатын білікті мамандарға
ие болады.
Маманды дайындау мазмұнына оқу және кәсіби іс-әрекеттерінің психологиялық
және дидактикалық тұрғыдан дәлелденген жақындасу қажеттілігі ықпал етеді. Мұнда
теориялық білімдер маман үшін өзекті болып саналатын тәжірибелік міндеттер мен
әрекеттерді шешу құралы болып табылады. Бұл жағдайда білімдер мен икемдердің
жетілдірілуі іс-әрекет түрткісімен белсендендіріледі және тұлғалық мәнді бағытталған
іс-әрекетті жетілдіруге деген дайындық түрінде көрсету формасын білдіреді.
Өлшем – ол «соның негізінде бағалау, пайымдау жүргізілетін белгі» [1]. Ол
зерттелетін жүйенің барлық компоненттерінің арасында байланыстар орнатуы қажет;
өлшенетін сапаның уақытқа қатысты және мәдени-педагогикалық кеңістіктегі
динамикасын көрсету; педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлерін қамту;
көрсеткіштердің байқалуы бойынша осы феноменнің азды-көпті көріну дәрежесі
туралы айтуға болатын сапалық және сандық көрсеткіштерді байланыстыру. Сонымен
бірге,жоғары оқу орнында оқитын студенттердің кәсіби іс-әрекетті біліктілікпен
орындауға теориялық, тәжірибелік және мотивациялық дайындығының тұтастығы
ретіндегі оның негізгі компоненттерін белгілеуден шыға отырып, олардың кәсіби-
тұлғалық құзыреттілік өлшемдері оқытушының педагогикалық іс-әрекетін ұғынуда
жүйелік және тұлғалық-әрекеттік тәсілдеме негізінде жүзеге асады.
Кәсіби-тұлғалық құзыреттіліктердің өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтау
мәселесі И.Ф.Исаев [2], Н.В. Кузьмина, А.К. Маркова, Г.Н.Подчалимова, А.А.Реан
және тағы да бірқатар зерттеушілердің еңбектерінде көтеріледі.
Авторлар кәсіби-тұлғалық құзыреттіліктердің деңгейлерін, сонымен қатар
солардың негізінде жатқан өлшемдер мен көрсеткіштерді белгілеуге, сипаттауға әр
түрлі көзқарас танытады.
Осылайша, мысалы, педагогикалық іс-әрекеттің өнімділігін бағалау үшін
Н.В.Кузьмина педагогтың шеберлік деңгейлерін белгілейді. Олардың негізінде
маманның кәсіби икемдерінің және арнайы қабілеттерінің дамуы жатыр:
I – (ең төмен) – репродуктивтік: педагог өзгелерге өзі білетін нәрсені баяндап
бере алады;
45
II – (төмен) – бейімділік: педагог өз мәлімдемесін аудиторияның ерекшеліктеріне
қарай бейімдей алады;
III – (орташа) – жергілікті модельдеуші: педагог курстың жеке бөлімдері бойынша
білім алушыларды білім, білік, дағдыларға үйрету стратегиясын игерген;
IV – (жоғарғы) – жүйелік-модельдеуші: педагог жалпы пән бойынша ізделетін
білім, білік, дағдылар жүйесін қалыптастыру стратегиясын игерген;
V – (ең жоғарғы) - жүйелік-модельдеуші іс-әрекет және білім алушылардың мінез-
құлқы: педагог өз пәнін студенттер тұлғасын жеделдету құралына айналдыру
стратегиясын меңгерген.
Сурет 1 - Педагогтың шеберлік деңгейлері (Н.В.Кузьмина бойынша)
Педагог шеберлігін зерттеудің бастапқы бірлігі ретінде автормен педагогикалық
икемдердің таңдап алынуы бекер емес, себебі кәсіби іс-әрекеттің сапасын анықтай
отырып, олар оның тұлғасын іс-әрекет субъектісі ретінде сипаттайды. Сонымен бірге,
Н.В.Кузьминамен ұсынылған болашақ маманныңпедагогикалық іс-әрекетінің сапалық
сипаттамасы, оны ЖОО-ның білім беру үдерісінің тәжірибесінде қолдану үшін күрделі
болады, өйткені ол сандық бағалауларға дейін оның қосымша ашылуын талап етеді.
Педагог
құзыреттілігінің
деңгейлерін
анықтауда
айтарлықтай
ұқсас
көзқарастыЛ.Ф.Спирин [3] ұстанады. Оның жұмысында педагогикалық икемдердің
дамуын бағалайтын бесдеңгейлі сызба ұсынылады:
1. Мамандыққа дейінгі деңгей. Педагогикалық әрекеттер кәсіби тұрғыда
аңғарылмайды, үйреншікті сана негізінде жүзеге асады. Іс-әрекет субъектісі кәсіптік
сауаттылықпен міндеттер қойып және сәйкесінше оларды шеше алмайды.
2. Икемдерді бастапқы меңгеру деңгейі (кәсіби бейімділік). Педагогикалық
әрекеттер, шешімдер кәсіби тұрғыда өте шектеулі түрде санаға салынады; шешімдерді
қабылдау барысында ғылыми білімдердің ең шағын шеңбері ғана қолданылады;
шешім-әрекеттер өздерінің бағыттылығы бойынша біріне бірі өте қарама-
қайшыболады, көбінесе орынды емес, өз мезгілімен емес, нақты емес, шындыққа
сәйкес келмейді. Міндеттер көп жағдайда үйреншікті сана деңгейінде, жиі елеулі
кемшіліктерімен және қателіктерімен шешіледі.
3. Икемдерді шектеулі дамыту деңгейі (кәсіби қалыптасу). Педагогикалық
әрекеттердің кәсіби саналылығы үйреншікті санада қалай болса, солай теориялық сана
(ғылыми ойлау) деңгейінде де жергілікті сипатқа ие;шешім-әрекеттерде келесі
реттегілер байқала бастайды: азаматтық бағыттылық, қандай да бір ғылыми дәлелділік
жүйелік-модельдеуші іс-әрекет және білім
алушылардың мінез-құлқы
жүйелік-модельдеуші
жергілікті модельдеуші
бейімділік
репродуктивтік
46
және мақсатқа талпынушылық; әрекеттердің мақсатқа сәйкестігі үнемі ойдағыдай
жүзеге аспайды, себебі әрекет жағдайларының қате немесе таяз диагностикасынан және
дұрыс ескерілмегендігінен туындайтын мақсаттар мен құралдарды таңдауда қателіктер
кездеседі; әрекеттер құрамында нақтылық жоқ; әрекеттер мен олардың
уакыттылылығының жеткіліксіз дәлдігін анықтайтын операциялық-процессуалдық
компоненттер әлсіз дамыған; міндеттер түрлі қателіктермен, соның салдарынан
жеткіліксіз іскерлікпен шешіледі.
4. Жеткілікті даму деңгейі (нығаю). Әрекеттердің кәсіби-ғылыми саналылығы
орын алады; әрекеттердің бағыттылығы қоғамдық маңызды мотивациямен және
жалпыадамзаттық құндылықтармен анықталады;әрекеттердің бағдарлық негізі болып
көбінесе ғылыми-әдістемелік білімдер мен кәсіби жетілдірілген дағдылар саналады;
әрекеттің мақсатқа сәйкестігі, әдеттегідей, білім алушылардың жас және жеке
ерекшеліктерін, сонымен қатар әрекеттердің жағдайларын ескерумен, міндеттерді
шешу мақсаттары мен құралдарының қажетті таңдауымен анықталады; әрекеттердің
уақыттылылығы, шапшаңдылығы, дәлдігі, үнемділігі орын алады; міндеттер көбінесе
дұрыс шешіледі.
5. Кәсіби-педагогикалық әрекеттердің табысты меңгерілу деңгейі (ептілік).
Әрекеттердің
кәсіби-ғылыми
саналылығының
жоғарғы
деңгейде
болуы;
ғылымилылықтың жоғарғы деңгейімен және теориялық мазмұнымен сипатталады;
бағыттылық нақты саналы азаматтық позицияларда, жоғары адамгершілік
ұстанымдарда байқалады; кәсіпқойлық әрекеттер мен тәжірибенің ғылыми-әдістемелік
негізінің дамуымен сипатталады; мақсатқа сәйкестік білім беру мақсаттарының
қабылданған стандарттарға сәйкес дұрыс таңдалуынан көрінеді; нақтылық әрекеттердің
түрлерін, сонымен қатар оның мазмұнын да анықтауда шығармашылық тәсілде
байқалады; меңгерілгендік әрекеттердің дәлдігі мен үнемділігін қамтамасыз ететін
кәсіби дағдылардың еркін қолданылуынан көрінеді; әрекеттердің уақыттылылығы
тәжірибенің құбылмалы жағдайларына олардың шұғыл сәйкес келуінен байқалады.
Міндеттер шығармашылықпен және ойдағыдай шешіледі.
Сурет 2 - Педагог құзыреттілігінің деңгейлері (Л.Ф.Спирин бойынша)
Бұл жіктеме сөзсіз қызығушылық тудырады, себебі онда негізге, жоғары оқу
орынның білім беру үдерісінде қолдануға болатын, маманның кәсіби икемдерінің даму
деңгейлері алынады. Алайда, маманның іс-әрекет деңгейлері оның өлшемдерімен
берілулері қажет.
Мамандыққа дейінгі деңгей
Икемдерді бастапқы меңгеру деңгейі
Икемдерді шектеулі дамыту деңгейі
Жеткілікті даму деңгейі
Кәсіби-педагогикалық әрекеттердің
табысты меңгерілу деңгейі
47
И.Ф.Исаев, оқытушының кәсіби-педагогикалық мәдениетінің қалыптасуы мен
даму мәселелерін кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесі ретінде зерттей келе,
өлшемдер мен көрсеткіштердің көріну дәрежесіне байланысты аталған феноменнің
төрт даму деңгейін сипаттайды.
Солардың
ішінен автор
төмендегілерді
бөліп
көрсетеді:
бейімділік,
репродуктивтік, эвристикалық және креативтік деңгейлері.
Әрине, болашақ маманның кәсіби-тұлғалық құзыреттіліктерінің өте дұрыс
өлшенуі туралы айту мүмкін емес, себебі педагогтың іс-әрекет аясы күрделі және
көпқырлы.
Алайда, студенттердің кәсіби-тұлғалық құзыреттіліктерін дамыту деңгейлері,
өлшемдері және көрсеткіштерінің белгіленген жүйесіне жоғары оқу орынның
оқытушылық құрамының сүйенуі маманның дайындық сапасын бағалауға
объективтілікпен қарауға және жоғарыда көрсетілген кейбір мәселелерді шешуге
мүмкіндік береді, деп сенеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |