үрдісін сауатты ұйымдастыру болып табылды. Сол оқудың тиімді тәсілдерінің бірі
ашады». Кеңес дәуірінде осындай жақсы ой айтылғанымен ол көбінесе іске аспады.
Мұғалім сабақты белгілі бір қалыпта, бір сарында жүргізді. баланың жасырын қабілеті
Бір сабақтың үстінде берілген материалдарды, бір біріне көмектесе отырып
мүшелері мен мұғалімнің арасында, топ мүшелері арасында сенімділік байланыстың
қиыншылықтар болған жоқ. Себебі, бастауыш сынып оқушылары ойын түрінде, ертегі
түрінде өтілген сабақтарға жаттыққан. Бірақ мен осы уақытқа дейін топпен жұмыс
жасауды сайс түрінде өткізіп келген едім. Топпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың
бірлесіп жұмыс жасауға деген ынталары арта түскендей. Топтық жұмыстарды мен
тақырыпты ашу және тапсырмаларды орындау кезеңдерінде қолдандым. Ал, жұптық
жұмыстарды мәтінмен жұмыс жасағанда, яғни мәтінді оқып, көршісі екеуі бір-біріне
68
жасауға талпынды. Біреуі сурет салады, біреуі жазады, біреуі өз ойын ортаға салады.
Әр топ өзіне берілген тапсырманы жүйелі, тартымды, қызықты орындауға үйренеді. Әр
сабақты өткен кезде топ ішінде топ басшысын сайлап, тобындағы хатшысы, қорғаушы
тайм кипер рөлдерді бөліп сабақты қызықты орындауға тырысып жүрмін. Бірлескен
оқуда оқушылар ұйымшылдықпен ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс жасайды. Бір-
бірін тыңдауды, сыйлауды, қолдауды үйренді. Топ көшбасшылары өз құрдастарын
оқытуды, өз тобын алға тартуды үйренеді.Оқушылардың бірлесе жұмыс жасау
мүмкіндігі олардың ұтымды түрде оқуына және есте сақтауына, сол алған білімді
қолдана білуіне аса қажет. Топтық жұмыста барлық топ мүшелері алдына қойған
мақсатты бірлесе шешеді. Олардың бойында өз тобын алға жетелеуге бағытталған сезім
пайда болады. «Бәрі бірі үшін, бірі бәрі үшін» жұмыс жасайды. Топ мүшесі өзінің
тобының артта қалмауына жанталасады.Топ жұмысы зерттелген кезде сыныптағы
сөйлемейтін оқушының белсенділігі көрініс берді. Бұл жағдайға мұғалім де,
сыныптастары да таңғала қарады.Топ жұмысының тағы бір маңызды ерекшелігі
тапсырманың белгілі бір деңгейде ғана орындалмауы, оның топ ішінде түрленуі,
шарықтауы, жаңа нәтижелерге жетуі. Дәстүрлі сабақтарда біз оқулық шеңбері бойынша
тапсырманы беріп келдік, ал қазіргі сабақта мұғалім тапсырманы орындау кезінде
оқушыға еркіндік береді.
Мені осы уақытқа дейін мазалап жүрген ой үлгерімі төмен оқушының сабақ
үлгерімі болатын. Осы уақытқа дейін ол оқушымен тек жеке жұмыс атқарған
болатынмын. Енді ол оқушымен топпен жұмыс жасау арқылы, тапсырмаларды бірлесе
атқару кезінде ол оқушым да өзінің жауапкершілігін танытып топқа тартылды. Оқушы
бойында реттелу болды. Топтап оқытудың пайдасы туралы Ибн Сина Әбу Әли Хусейн
Ибн Абдолла(Авиценна 980-1037) былай деген болатын: «Егер бала жалғыз оқып,
сыныптастары жоқ болса, бұл оқытушы мен үйретушіге ортақ қынжылыс болмақ.
Сондықтан ең жақсысы- балалар оқу тәрбие үдерісінде үлгілі мінезге бір-бірінен
үйренетін ұжымдық оқытуды ұйымдастыру». Оқушыларды ұжымдық оқытудың
төмендегідей пайдасы бар:
1. Оқушылар оқу және тәрбие үдерісінде ғылымға сусап тұрады. Өз білімдерін
мақтан тұтып, досының білімін қызғанады. Намыс пен мақтаныш тәрбиеленушіні
өзгелерден кейін қалмауға міндеттейді.
2. Оқушылар кездескенде үнемі сөйлеседі, сонымен естерін және шешендігін
дамытады. Егер балалардың біреуі жақсы сөз естісе және оны құрбыларына айтса, онда
балалардың естері дамиды және өзін-өзі оқыту жүреді.
Оқушылардың белсенділігі зерттелген кезде өзін сабақта төмен көрсетіп жүрген
оқушының бойындағы ашылмаған жаңа қырлары көрінеді. Оған сыныптастары басқа
көзбен қарай бастайды. Топ өзінің ережесін шығара отырып оны орындауға тырысады.
Олардың бойларында формативті бағалау кезінде басқа топтардан қалмау керектігі
туралы, білімін көрсету, мақсатқа жету туралы бәсекелестік пайда болады. Сыныпта
топтық, ынтымақтастық атмосфера туады. Топ ішінде шешілмейтін мәселе
болмайтынын оқушылар түсіне бастайды. Әр оқушыда танымдық түрткі пайда болып,
оқуға деген қызығушылық туады. Әр сабақта топ құрамы өзгеріп отыру керек. Топ
барлық сабақта тек бір оқушылардан ғана тұрмағаны жөн.
Топ ішіндегі туындаған эмоционалды әрекет кезінде оқушылар арасында
жағымды байланыс пайда болады. Олар өзге оқушыларды да түсінуге
тырысады.Оқушылар арасында басқа топ мүшесімен диалог құру, сұрақтар қою, өзгені
тыңдау, өзінің көзқарасын қорғау, қорытынды шығару дағдылары пайда болады.
Топтық жұмысты тиімді ұйымдастыруының шарттарының бірі-топты дұрыс
іріктеу болып табылады. Топты іріктеуде екі белгіні негізге алуымыз керек: оқушылар
арсындағы оңтайлы қарым қатынастары мен оқушының оқу жетістіктерінің
деңгейі.Гомогенді және гетерогенді топтар болуы мүмкін. Гомогенді топ дегеніміз
бірыңғай жақсы оқитын немесе білім деңгейі бірыңғай төмен оқитын оқушылардан
69
тұрады. Ал гетерогенді топта білім сапасын әртүрлі деңгейде меңгерген оқушылардан
тұратын балалар болады. Мен зерттеген сыныпта мен дәл осы гетерогенді топ жасауға
тырыстым. Себебі: зерттеу нәтижесі көрсеткендей оқыту және тәрбиелеу мақсаттары
осы гетерогенді топтарда жақсы жүзеге асады. Себебі ол жерде ынтымақтастық, бір
біріне өзара көмек көрініс береді. Оқушылар жақсы оқитын оқушылардың көлеңкесінде
қалуға тырысып сыныпқа кірген кезде солардың қасына отыруға асығады. Бірақ топқа
бөлудің әртүрлі стратегияларын пайдаланып бөлгеннен кейін олар қарсылық көрсете
алмайды. Оқушы санына байланысты топқа 5-6 оқушыдан іріктеледі. Топтық жұмысты
бастамастан бұрын оқушылармен бірге топ ережелерін жасау керек.
Белгілі маман психологтардың мәлімдеуінше оқушының белсенділігі оның
тапсырмаға деген көзқарасынан туындайды. Егер тапсырма қызықтыра білсе оқушы
белсенділігінің де жоғары болуы мүмкін. Осы жерде тағы да айта кететін жағдай
оқушының белсенділігіне әсер ететін нәрсе сабақтағы еркіндік атмосферасы.Білім
деңгейі төмен оқушы үшін бұл ауадай қажет. Достық ынтымақтастық оқушының
қорқынышын жояды, тығыз қарым қатынасты орнатады. Оқушы белсенділігін арттыру
үшін мұғалім ашық сұрақтарды қою арқылы оның дұрыс шешімге келуіне бағыттайды,
түзейді. Бұл жерде эмоция,түрткі басты рол атқаруы мүмкін. Ынтымақтастық дегеніміз
тек көмек қана емес ол оқушының тәуелсіздігі мен белсенділігін қамтамасыз ететін
атмосфера құру.
Қорыта келе, топқа бөліп оқытқанда оқушылардың талпынысы артады, әр
оқушы өзін жеке керекті тұлға ретінде сезінеді және өз үлесін қосуға талпынады. Бір
адамның айтқанынан гөрі бірнеше адамның айтқаны есінде тез жатталады. Топтық
жұмыс оқушы белсенділігін арттыруда үлкен жетістікке жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: