«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің емтихан сұрақтары «Ғылыми зерттеулер негіздері»


Аналогия əдіс тұрғысынан, сипаттамасы жəне қолдану шарттары



бет78/94
Дата18.01.2023
өлшемі1,46 Mb.
#61759
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   94
Аналогия əдіс тұрғысынан, сипаттамасы жəне қолдану шарттары.


'''Аналогия''' деп түрлі объектілер арасындағы, олардың белгілерінің, қасиеттерінің, қатынастарының арасындағы ұқсастықты атаймыз. Объектілер арасындағы ұқсастың пен айырмашылық оларды салыстыру кезінде айқындалады. Демек, аналогия әдісінің негізі салыстырудан тұрады деген сөз. Аналогия әдісі ғылымның көптеген салаларында — математикада, физикада, химияда, кибернетикада, қоғамдық пәндерде қолданылады.Осылай XVI ғасырда Галилей маятник тербелісінің заңдылықтарын зерттеу шіркеудегі шамдалдың (люстра) тербелуі мен маятниктің ауытқуы арасындағы аналогиядан басталды. И.Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына да ағаштан алманың түсуі мен аспан денелерінің жерге құлауы арасында аналогия түрткі болғаны белгілі. Дыбыс пен жарықтың берілу, бейнеленуі, сыну құбылыстарының арасындағы аналогия XVII ғасырдағы голланд физигі Гюйгенсті жарықтың толқын сияқты табиғатын айқындауға бастап әкелді.Аналогия бойынша қорытынды шығарудың өр түрлі тұрпаттары бар. Бәріне ортақ нәрсе — тура зерттеуге алынатын объект басқа болып, ал қорытынды екінші объект туралы жасалады. Сондықтан аналогия бойынша қорытындыны жалпылама мағынада ақпаратты бір объектіден екіншісіне аудару деп қарауға болады.
Мұндайда алғашқы зерттелген объект — модель ақпарат аударылған объект — түпнұсқа (оригинал) делінеді. Осылайша, модель әрқашан аналогия ретінде көрінеді, өйткені модель мен түпнұсқа бір-біріне ұқсас. Модельдеу әдісінің мәні таным субъектісі таным объектісінің түпнұсқасы туралы оның түпнұсқадан үнемі айырмашылығы бар моделін зерттей отырып, қосымша ақпарат алатындығынан көрінеді. Сондықтан модельдеу аналогия әдісінің бір түрі болып есептеледі. Мұндайда ақпарат кешіру модель мен түпнұсқа ұқсастығының деңгейіне байланысты. Болашақ салынатын ірі құрылыстар мен жасалатын техникалық бұйымдардың қасиеттері мен сипаттамасы алдын ала олардың модельдерінде зерттеледі. Қаржы-экономикалық тұрғыдан бұлар толық ақталады.
Модельдеу әдісін ғалымдар бірнеше ғасырлар бойы пайдаланып келеді. Кезінде XV ғасырда өмір сүрген Леонардо да Винчи модельдеудің маңызын жақсы түсінген. "Құстың ұшуын барлық бөлшектері бойынша зерттеу өте қиын, — деді ол, бірақ оны жасап шығаруға болады. Судың астында жүзу туралы жазып көр — кұстың ауада ұшқанын аласың". Модельдеу әдісін Галилей, Ньютон және басқа ғалымдар да пайдаланған. Ол кезде: "Модельдеуді зерттеудің ең бастапқы кезінде ғана пайдалануға болады, ол ыждағатты ғылыми зерттеулер жүргізуге жарамайды" деген пікір таралған еді. Мысалы, 1870 жылы Англияда аса ірі бронкеме "Кептен" жасалды. Бұл кемені моделі бойынша сынақтан еткізген инженер Рид бронкемесінің маңызды кемшіліктерін анықтады. Алайда ағылшын билеушілері "ойыншықпен" жасалған тәжірибені назарға алғысы келмеді. Ақыры сол үшін олар жазасын алды, "Кептен" ашық теңізге шыға берісімен суға батып кетті, 500 адамның өмірі үзілді. Қазіргі кезде де модельдеу әдісін жеткілікті бағаламауға немесе оны көзге ілмеуге болмайды."Модель" дегенде, әдетте, біздің ойымызға адам арнайы жасамақшы болған белгілі бір шынайы нәрсенің немесе жүйенің, құрылғының, шығарманың, сипаттаманың кішірейтілген үлгісі келеді. Модель арқылы, қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын зерттеу объектісі туралы қалыпты жағдайда киын немесе мүмкін болмайтын білім алуға болады. Ғылымның түрлі салаларында таным үдерісінде әр түрлі модельдер қолданылады. Оларды екі топқа бөліп қарастыру керек: 
біріншісі— заттай немесе материалдық модельдер, екіншісі — логикалық немесе идеалдық модельдер.Заттай модельдер көрнекі формада зерттеу объектісінің материалдық қалпын көрсетеді. Олар күрделі техникалық жүйелерді, қымбат тұратын агрегаттарды сынақтан өткізгенде қолданылады. Модельмен эксперимент жасау арзанға түседі әрі ыңғайлы.Логикалық немесе идеалдық модельдер материалдық түзіліммен байланысты емес. Олар зерттеушінің санасында құрылады. Қазір оларды жасауға компьютер қолданылады. Компьютерді пайдаланып ғалымдар күрделі ақпараттың модельдер жасайды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет