Филология факультеті қазақстан республикасындағы тіл саясаты және ономастикалық кеңістік



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата26.01.2017
өлшемі1,91 Mb.
#2756
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТІЛ 
САЯСАТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ-НОРМАТИВТІК 
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ
ӘБДУӘЛИҰЛЫ Б.
Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті
Астана қаласы
Аннотация:
 
Статья  посвящена  проблемам,  возникшим 
в  результате  сложных  периодов  истории  формирования 
современной казахской ономастики, решения которых отражены 
в  нормативно-правовых  документах.  Проведен  анализ  Закона  
«О языках», а также его заключению и программам.
Abstract. The paper studies problems appearing in the result of 
complicated periods of modern kazakh onomastics. The decisions of 
these problems are reflected in regulatory and normative framework. 
The author analyzes to “The Law of Languages”, its conclusion and 
resolution. 
Ономастика  мемлекеттік  саясаттың  бір  тарауы  ретінде 
құқықтық-нормативтік  құжаттар  арқылы  басқарып  отыруды 
талап етеді. Еліміздегі атаулар жүйесінің мәселелері Қазақстан 
Республикасының  «Тіл  туралы»  Заңында  (әрі  қарай  Заң) 
қарастырылады.  Бұл  Заң  тілдердің  қолданылуы  мен  дамуына, 
құқықтық  реттеліп  отыруына  жауап  беретін  бірден-бір  құжат. 
Тәуелсіздіктің шарттарына сәйкестігі және қазіргі жаһанданудың 
алапат тасқынына қарсы қорғаныс құралы қызметі тұрғысынан 
алғанда  өзгертулер  мен  толықтыруларды  қажет  ететін  тұстары 
болғанмен, ғасырлар бойы біртұтастық сипатқа ие бола алмаған 
Қазақстандық менталитеттің сұранысы тұрғысынан оның өзіндік 
ерекшелігінің  бар  екенін  жоққа  шығара  алмаймыз.  Себебі,  Заң 
алғаш дайындалғанда, біртұтас Қазақстанның мүддесі мен онда 
тұрып  жатқан  барша  ұлт  өкілдерінің  құқығын  қаматамасыз 
ету  мүмкіндігін  ескерумен  қатар,  сол  кездегі  қоғамдағы  басым 
сипатқа  ие  көзқарастар  талабы  да  назарда  тұрды.  Көпшіліктің 
көңілінен шығатын сипатта болуы аса маңызды еді. 

50
Мемлекеттік  мүддені  айқындап  отырушы  –  менталитет 
мәселесіне келгенде, Ресей бодандығына өткеннен кейінгі саяси 
ықпалдарға  ашық  қарсылықтардан  бөлек,  Қазақстан  жерінде 
бірнеше  ғасырға  созылған  тарихи  сананың  тартысын  да  аттап 
өтуге  болмайды.  Даланың  табиғаты  мен  жағдайына  сәйкес 
мыңдаған  жылдар  бойы  қалыптасқан  табиғи  дәстүрге  сырттан 
жасалған шабуылдар қанша күшті болғанмен, оны бірден жойып 
жібере  алмады.  Нәтижесінде  тарихи  сана  тереңнен  бастау 
алатын тамырынан үзіліп қалмауға жанталасып, сырттан күшпен 
енгізілген  бөтен  дәстүр  қоғамдық  сананы  толық  жаулап  алуға 
ұмтылып  арпалысқан  екі  күш  Кеңестік  жүйенің  қарамағына 
өткен.  Формасы  өзгергенмен,  мазмұны  сол  әуелгі  идеясынан 
жаңылмаған саяси пиғыл бұл жолы әуелгісінен жазбады. Алайда, 
мемлекет құрушы ұлтты екінші орынға ығыстырып, оның барша 
рухани құндылықтарын санадан өшіруге бағытталған жұмыстар 
бұл тұста да толық дегеніне жете алмады. Әр қырынан жасалған 
тегеурінді  шабуылға  ұлттың  өзін-өзі  сақтау  инстинкті  қарсы 
төтеп беріп отырды. Ұзақ уақыт бойына біртұтас менталитеттің 
қалыптаспауының  тағы  бір  себебі  –  ел  мен  жердің  дәстүрінен 
хабары  жоқ,  сырттан  әкелінген  көптеген  өзге  ұлт  өкілдері 
орналастырылды.  Республиканың  әр  аймағында  тұрып  жатқан 
сол ұлттардың тілі мен ділі туралы мәселе күн тәртібінде мүлде 
жоқ еді. 
Ақыры  коммунистік  режим  әркімнің  көкейінде  тұрған 
ұлттық  мүдденің  қалауы  мен  қажеттілігінің  қаншалықты 
маңызды  екенін  ескеремеген  күйінде  өмір  сүруін  тоқтатты  да, 
Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің босағасын атады. Ілгеріде атап 
өткеніміздей,  сырттан  таңылған  теріс  саясаттың  зорлықшыл 
идеясы  толығымен  жүзеге  аспаса  да,  зардапсыз  болмады. 
Нәтижесі мемлекет құрушы ұлттың саны кеміп, психологиялық 
құлдырау  мен  туған  жерінің  көпұлтты  Қазақстанға  айналуына 
алып келді. Ұлтаралық қатынасты айтпағанда, біртұтас ұлттың 
өзі тілдік ерекшелігіне қарай ішінен бөлінуі мүмкін қауіп те жоқ 
емес.  Өткеннің  санадағы  іздері  бірер  жылда  өше  қоймайтыны 
белгілі. Саяси жүйе қалыптастырған көзқарастар мен атқарылған 
ұшан теңіз жұмыстардың аяқ астынан жоққа шығуы, сол жүйеге 

51
қызмет  еткен  қайраткерлер  үшін  де  оңайға  соқпады.  Бұл  да 
қоғамда алуан-түрлі қайшылық тудыратын факторлар. Осындай 
жағдайда  Тәуелсіздігін  жариялаған  мемлекеттің  тізгіні  тілдік 
саясатсыз теңгерілмейтіні белгілі еді. 
Қазақ елі Тәуелсіздік алғанда бұрын өз басынан кешірген 
және  әрі  қарай  өршіп  кетуі  мүмкін  осы  күрестің  жалғасуын 
қаламады. Еліміз өз азаматтарының, соның ішінде осында тұрып 
жатқан  өзге  ұлт  өкілдерінің  де  бәріне  еркін  дамуға  мүмкіндік 
берді. ҚР Конституциясының 19-бабы 2-тармағында «Әркімнің 
ана тілі мен тіл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, 
оқу  және  шығармашылық  тілін  еркін  таңдап  алуға  құқығы 
бар» – деп атап көрсетілді [1, 3 б.]. Бұның жүзеге асу жолдары 
Заңнамаларда жалғасын тапты. Енді бәсекелес әрі қарсылас екі 
топтың ұстанып келген принциптерінің мәні өзінен-өзі жойылды, 
елімізде тұрып жатқан ұлттар өздерінің тілдері мен мәдениетін 
мемлекеттік  саясаттың  қорғайтынына  сеніп,  келісімде  болу 
иеясына ұйыды. 
Үйлесім мен келісім – ҚР мемлекеттік саясатындағы басты 
қағида.  Философиялық  түйіні,  бабалар  дәстүрінен  басталатын 
жаратылыс заңдарына негізделген. Мемлекеттік тілді басшылықа 
ала отырып, соның аясында басқа тілдердің де дамуына тиімді 
жағдай  жасалды.  Сенімге  ие  болғанның  тағы  бір  көрсеткіші  – 
осы мақсатта елімізде тұрып жатқан ұлттардың басын қосатын 
Қазақстан халқы ассамблеясы құрылып, арнайы заң қабылданды. 
Бұнда  «Заң  Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік 
ұлттық  саясатты  іске  асыруға,  қоғамдық-саяси  тұрақтылықты 
қамтамасыз  етуге,  мемлекеттік  және  қоғамның  азаматтық 
институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-
қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан халқы 
Ассамблеясының жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды. 
Заңға  сәйкес  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  ол  –  заңды  тұлға 
құрылмай,  Қазақстан  Республикасының  Президенті  құратын, 
мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал 
ететін мекеме» – деп атап көрсетілді [2].
Ассамблеяның мақсаты – «Қазақ халқының топтастырушы 
рөлін  арқау  ете  отырып,  қазақстандық  патриотизм,  Қазақстан 

52
халқының  азаматтық  және  рухани-мәдени  ортақтығы  негізінде 
қазақстандық  азаматтық  бірегейлікті  және  бәсекеге  қабілетті 
ұлтты  қалыптастыру  процесінде  Қазақстан  Республикасында 
этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады» түрінде 
айқындалды.  Бұл  еліміздегі  саяси  принциптердің  баршаға 
бірдей  ортақ  екенін  көрсетіп,  елдің  өз  болашағына  сенімін 
нығайтты. Осы тұрғыдан алғанда үйлесім мен келісім идеясына 
құрылған осы екі құжаттың бірін-бірі толықтырып әрі кепілдік 
беріп  отырғаны  байқалады.  Жалпы  Заң  мазмұнының  негізгі 
принциптері  қазақ  тілінің  беделін  асқақтатуға  ғана  құрылған 
жаоқ, өзге тілдердің мүддесі де қатар қарастырылып, қоғамдық-
әлеуметтік жағдайдың сұранысына да баса назар аударылды.
Заңда  тілдерді  дамытуды  уақыт  өзгерістеріне  сай  реттеп 
отырудың  тетіктері  де  белгіленген.  Ол  5-тараудың  23-бабында 
«Тілдің  дамуы  мемлекеттік  тілдің  басымдығын  және  іс 
қағаздарын  жүргізуді  қазақ  тіліне  кезең-кезеңімен  көшіруді 
көздейтін  Мемлекеттік  бағдарламалармен  қамтамасыз  етіледі» 
–  деп  көрсетілді  [1].  Осыған  орай,  Қазақстан  Республикасы 
Президентінің  1996  жылы  4  қарашадағы  №3186  өкімімен 
мақұлданған  Қазақстан  Республикасы  тіл  саясатының 
тұжырымдамасы қабылданды. Мұнда алдағы мақсат, міндеттер 
мен  тұжырымдаманың  қажеттілігіне  назар  аударылды  және 
«Тіл саясатын іске асыру тетіктері, мемлекеттік тілді дамытуға 
экономикалық  қолдау  жасау  проблемалары  үкімет  тарапынан 
әзірленіп жатқан қазақ және өзге де тілдерді дамыту жөніндегі 
мемлекеттік  бағдарламаларда  көрініс  табуға  тиіс»  екені  де 
айтылды  [1,  43  б.].  Осы  тұжырымдаманың  және  басқа  да 
осыған  дейін  қабылданған  құжаттардың  талабы  басшылыққа 
алына  отырып,  ҚР  Президентінің  2001  жылы  7  ақпандағы 
№550  Жарлығымен  «Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың  2001-
2010  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  (әрі  қарай 
Бағдарлама)» бекітілді. Бағдарламаны әзірлеуге негіз бар, алдына 
қойған  мақсат  міндеттері  айқын,  қаржыландырылу  көздері  де 
белгіленген. Тілдердің дамуымен қатар, ономастика мәселелері 
де  арнайы  қарастырылды.  Мақсат  пен  міндеттердің  аясында, 
«...ономастика  мәселелерін  ғылыми  тұрғыдан  қамтамасыз 

53
ету;  тарихи  материалдар  негізінде  ұлттық  ономастиканы  одан 
әрі  дамыту  жөніндегі  бағыттарды  айқындау;  ономастикалық 
жұмыстың  құқықтық  негіздерін,  іске  асыру  тетіктерін  және 
жүзеге  асыру  нысандарын  әзірлеу»  т.б.  секілді  оның  бірнеше 
жолы көрсетілді [1, 71 б.]. Осы секілді «Тілдік дамудың басым 
бағыттары мен Бағдарламаны іске асырудың тетіктері» аясында 
ғылыми қаматамасыз етілуі де қарастырылған: «...ономастикалық 
қызметтің  ғылыми-фактологиялық  базасын  жетілдіру,  тарихи 
қалыптасқан қазақ топонимдерін есепке алуды және жүйелеуді 
жүргізу,  қазақ  топонимдерінің  қолданылу  жиілігін  зерделеу 
қажет»  –  деп  алдағы  жұмыстар  жүйеленді.  Мемлекеттік 
дәрежедегі  осы  құжаттардың  жалпы  мазмұнынан  қоғам  мен 
адам  арасын  үйлестіруші  тамаша  бір  үлгіні  көруге  болады. 
Осылайша  тілдерді  дамыту  аясында  қазақ  ономастикасының 
жоғы түгенделіп, жыл өткен сайын туындап отыратын жаңаша 
көзқарастар,  сөз  түрінде  ғана  қалып  қоймай,  құқықтық-
нормативтік  қамтамасыз  етіліп  отырды.  Бағдарламаны  жүзеге 
асырудың жолдары тиісті жоспарлар арқылы белгіленді. Соның 
бірі ретінде, ҚР Үкіметінің 2008 жылы 24 желтоқсандағы №1246 
қаулысымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-
2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру 
жөніндегі  2009-2010  жылдарға  аналған  іс-шаралар  жоспарын» 
атап  өтуге  болады.  Мұнда  да  ономастика  мәселелері  ғылыми 
қаматамасыз  етілу  жағынан  қарастырылады.  Құқықтық-
нормативтік  құжаттарда  ономастикалық  атаулардың  ғылыми 
негізіне назар аударылуы – сол кездегі жіберіліп жатқан кейбір 
кемшіліктер  мен  шешемін  күткен  түйін  шындығында  ғылыми 
зертеулерді  талап  ететін  еді.  Мысалы,  қала  мен  даладағы 
ономастикалық атаулардың жазылу нормалары, олардың тарихи 
негіздері және ел экономикасының дамуымен бірге жаңадан келіп 
жатқан жаңалықтардың лингвистикалық игерілуі т.б. кез-келген 
әкімшіліктегі мамандардың билік айтуына көне бермейдін нәзік 
мәселе. Дұрыс шешім ғана қазақ ономастикасының болашағына 
қызмет  ете  алады.  Осындай  жайттардың  бәрі  ескеріле  келе 
аталған  бір  жылдық  жоспарда,  ономастика  мәселесіне 
арналған,  мынандай  бірнеше  нақты  бағыттар  көрсетілді: 

54
«Қазақстан  Республикасының  ономастикалық  атауларын 
ретке  келтіру  жөніндегі  жұмыстарды  жетілдіру»,  «Қазақстан 
Республикасы  Үкіметі  жанындағы  Мемлекеттік  терминология 
және  ономастика  комиссияларының  бюллетендерін  шығаруды 
жалғастыру», «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы 
Мемлекеттік терминология және ономастика комиссияларының 
жұмысын  қамтамасыз  ету»  «Тілдерді  дамыту,  терминология 
және  ономастика  мәселелері  бойынша  тұрақты  түрде  жұмыс 
істейтін  сараптамалық  топтың  отырысын  өткізу»,  «Тіл  және 
қоғам альманахын шығаруды қамтамасыз ету». Сонымен қатар 
«Мемлекеттік  тілде  топографиялық  карталарды  дайындау 
және  шығаруды»  да  ономастикалық  мәселелердің  қатарында 
жатқызуға  болады  [1,  91-93  б.].  Бұл  аталған  мәселелерді 
құқықтық-нормативтік  қамтамасыз  етілуі,  ғылыми  негізін 
қалыптастыру  мен  жүзеге  асырудың  жолдары  және  осы 
Бағдарламаның  паспортында  қарастырылған  қаржылық 
қамтамасыз етілуі т.б. мәселелер бойынша бағдарлаған шешімдер 
бір-бірімен тығыз байланысты Мемлекеттік тілді, соның ішінде 
ономастиканы  дамытудың  кешенді  жүйесі,  тамаша  тетіктері 
екені анық. Осы бағдарлама аясында көптеген мәселелер өзінің 
шешімін  тапты.  Олардың  қатарына  жарыққа  шығып,  әлі  күнге 
дейін өзіне жүктелген міндетті тоқтаусыз атқарып келе жатқан 
«Ономастикалық  хабаршы»  альманағын  жатқызуға  болады. 
Қазақстан  ономастикасының  дамуы  мен  алдағы  бағыттарын 
айқындауға  арналған  іс-шаралар  мен  жаңалықтарды,  ғылыми 
ой-пікірлерді  жұртшылықтың  назарына  ұсыну  бағытындағы 
көптеген  жұмыстардың  орындалуына  бұл  журналдың  сіңірген 
еңбегі  елеулі.  Бағдарлама  жоспарында  тіл  мен  қоғамның 
сабақтасар  тұсындағы  мәселелер  мен  байланысын  жетілдіріп 
отыруға арналған «Тіл және қоғам» журналы да көзделген мақсат 
пен міндеттердің үдесінен шығып жүр. 
Тәуелсіз  Қазақстан  Республикасының  ономастикасын 
дамыту  мен  қалыптастыру  бағытында  атқарылған  іс-шаралар 
мен  олардың  құқықтық-нормативтік  қамтамасыз  етілуі  және 
Егемен  елдің  мәртебесіне  сай  қамтамасыз  етілуі  осы  аталған 
бірер  құжаттың  мазмұны  мен  олардың  негізгі  бағыттарынан 

55
көрінеді.  Осы  құжаттар  арқылы  айқындалатын  келесі  бір 
құндылық – тілдік саясаттың да басты принциптері. Келелі ой мен 
келісті тұжырымдардың түпкі байламы қоғамдағы үйлесім мен 
келісімнің  сақталуын  қамтамасыз  ете  отырып,  ономастикалық 
мәселелер тұрғысынан алғанда да, халықтың біртұтас көзқарасын 
қалыптастыру екеніне қазіргі таңда көзіміз жетіп отыр. 
Қазіргі  таңда  қазақ  ономастикасына  қатысты  тың 
көзқарастар  мен  бастамалар  біртіндеп  жаңаша  бір  шешімдерге 
жетеледі.  Мысалы,  бағдарламадағы  тарихи  атаулар  туралы 
зерттеулерге  баса  мән  берілуі  оларды  зерттеп  қана  қоймай, 
қоғамның қажетіне жарату идеясының тууына алып келді. Соның 
алғашқы  қадамдарын  Астана  мысалынан  көруге  болады  –  сол 
жағалаудағы Сауран, Сығанақ, Орынбор, Сарайшық, Түркістан 
т.б. көше атаулары, құқықтық мәртебеге ие құжаттар талабына 
сәйкес жүзеге асқан теориялық және практикалық ізденістердің 
нәтижесі.  Тарихи  атаулар  қала  ономастикасының  құрамынан 
өзіндік  орын  иелене  бастады.  Бұл  біріншіден,  өткен  тарихқа 
қайта  оралу  –  ұлттық  жадымыздың  жаңғыруы,  екіншіден  – 
ұлттық дәстүрлі, яғни тарихи принциптер арқылы қалыптасқан 
атаулар  қазақ  ономастикасын  жаңғыртудың  тетігі  ретінде 
қабылданып заманымызға лайық жаңаша сипатқа ие болып отыр. 
Қазақ ономастикасын дамыту тәжірибелерінде қазіргі дейін де, 
бұдан кейін де ұлттық сананың жаңғыруымен түрлі шешімдердің 
дүниеге  келері  анық,  алайда  маңыздысы  тарихи  жадымызды 
жаңғыртуға негізделетіндері. Сондықтан құқықтық-нормативтік 
құжаттар аясында оның көрінуі аса маңызды мәселе. 
Әдебиеттер:
1. Тіл  саясатын  жүргізуді  реттейтін  нормативтік  құқықтық 
құжаттар жинағы. Ақтөбе: «NOBEL», 2009 Ж. 506 б.
2. kk.wikipedia.org/wiki/Қазақстан_халқы_ассамблеясы

56
КАРТОГРАФИЯЛЫҚ ӘДІСТІҢ КӨНЕ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ 
АТАУЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДЕГІ РӨЛІ
САПАРОВ Қ.Т.
Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті
Астана қаласы
Аннотация:  Статья  посвящена  актуальным  проблемам 
топонимики  с  точки  зрения  географии.  Даны  сведения  о 
использовании  геоинформационных  картографических  методов 
при исследовании топонимики. 
Abstract:  This  article  introduces  with  the  main  problems 
of  geographical  toponyms.  The  author  presents  the  usage  of 
chartographical methods in toponym researching.
Географиялық  карталарда  көптеген  мәліметтер  бар,  яғни 
өткен  тарихтан  мол  ақпараттар  алуға  және  топонимдердің 
жазылуы,  орналасқан  жерін  анықтауға  мүмкіндік  туындайды. 
Топонимиядағы  ең  күрделі  мәселелер:  материалдар  жинау, 
оларды өңдеу, этимологиясын нақты анықтау болып табылады. 
Кез  келген  топонимикалық  зерттеулер  жүргізген  кезде, 
географиялық  атауларды  жинақтау,  бұрыңғы  атауларын 
қалпына  келтіру  мәселелері  туындайды.  Ландшафттық-
топонимикалық  карталарды  құрастыру  кезінде  геоақпараттық 
картографиялық әдісі кеңінен қолданылады. Нәтижесінде әртүрлі 
масштабтағы  топографиялық,  геологиялық,  гидрологиялық, 
геоморфологиялық,  топырақ,  өсімдіктер,  жануарлар  дүниесінің 
карталары,  сызбалар,  GPS  аппаратынының  көмегімен 
жүргізілген  далалық  бақылаулар  нәтижелері  және  тарихи-
мұрағаттық,  көне  картографиялық  деректер  пайдаланылады.  
Картаның топонимиялық зерттеулерде маңызды рөл атқаратыны 
ерте  заманда  да  белгілі  болған.  Мәселен  ежелгі  қытайлар, 
римдіктер,  гректер  құрылыс  жолдарын,  егістік,  арықтар  қазу 
т.б.  жұмыстарды  жүргізген  кезде  топонимиялық  әдісті  (оның 
ішінде  картографиялық)  пайдаланған  [1].  Қазақстанға  катысты 

57
жер-су аттары туралы алғашқы жазба дерегі біз тарихтың атасы 
атанған  Геродоттың  «Әлем  картасынан»  кездестіреміз  (б.ә.д. V 
ғ. ортасы). Онда Арал теңізі көрсетілмеген және Амудария Окc 
деген атпен, Сырдария Аракc немесе Яксарт деген атпен Каспий 
теңізіне  құяды  деп  жаңсақ  белгіленген.  Автор  Каспий  теңізіне 
Кавказ тауынан келіп құятын тағы бip өзенді Аракс деп атайды. 
Бұл  қaзіpri  кездегі  Аракс  өзені  болса,  Сырдарияны  Аракс  деп 
белгілеп, екінші қателікке ұрынған. Алғашқы карта болған соң, 
мұндай кемшіліктер кешірімді де.
Каспий теңізін Геродот сызған картада теңіздің оңтүстік-
батысында орналасқан каспий деген халықтың атымен аталғаны 
көрініп тұр. Жалпы алғанда, аумағы үлкен көлдің, ұзын өзендердің 
бірнеше  атауға  ие  болатын  ceбeбi,  оның  әр  тұсын  мекендеген 
халық, әр тұсына келген саяхатшы әр түрлі атай береді. Мәселен, 
Геродот  өзі  зерттеген  жағына  орналасқан  халықтың  атымен 
Каспий теңізін деп атаса, ортағасырдағы араб саяхатшылары 
Хорасан теңізі және Табаристан, тағы да бip араб саяхатшысы 
Масуди  (X  г.)  Каспий  теңізін  Аджамдар  (аджам  халқының)  теңізі 
деп белгілейді. Автор аджам деп Каспийдің оңтүстік-батысындағы 
әзірбайжандарды  атайтын  сияқты,  әйтпесе  ол  жерден  өте  ертеде 
көшіп кеткен аландарды айтады деуге негіз жоқ.
Көне  орыс  жылнамаларында  Хазар  теңізі,    XV  ғасырда 
саяхат  жасаған  Афанасий  Никитин  (Дербент  теңізі  немесе 
Хвалын  деп  атаған).  Бұлардан  басқа  Ақ  теңіз,  Жасыл  теңіз, 
Гиркан  теңіз,  Солтүстік  теңіз,  Гилян  теңіз,  Хвалын  теңіз, 
Парсы  теңіз,  Мазандеран  теңіз,  Гурген  теңіз  т.б.  атаулар 
осындай  жолмен  сырттан  танылып  отырған.  Голландықтардың 
XV ғасырда құрастырған картасында Тұзды теңіз деп берілген. 
Қытайлар Каспий теңізін - Цины-хай деп атаған. 
Каспий этногидронимінің нақты ғылыми этимологиясы әлі 
анықталған жоқ. Біздің ойымызша, Каспий этнонимінің кас/қас 
түбірі «теңіздің қасында (жанында) тұратындар» мағынасындағы 
түрік  сөзі  болуы  мүмкін.  Салыстыра  кету  үшін  Маңғышлақ, 
Маңғыстау  топонимдерін  алуға  болады:  «теңіз  маңындағы 
кышлақ,  теңіз  маңындағы  (жанындағы,  қасындағы)  қыстау» 
деген білдіреді. [2].

58
Орта  ғасырда  өмір  сүрген  ғұлама  ғалым  Махмұт 
Қашғаридің құрастырған картасында (шеңбер тәріздес) көптеген 
көне топонимдер жөнінде мол мәліметтер берілген. 
Ортағасырдың теңдесі жоқ мұрасы М.Қашқари сөздігінде 
кездесетін  20-дай  жер-су  аттарының  дені  түрік  тілінен 
жасалған және көпшілігін қазіргі қазақ даласына қатысы бар: 
Аруқ-Турық, Абул, Eтіл, Ала, Ала йыгаш, Epтіш, Аргу, Отукен, 
Тарым, Бұқаш арт, Тоқұрка, Қатын сыны, Қаз Сувы, Урун каш 
өгуз, Қара каш өгуз, Қара сыны, Талас (Тараз), Секірме, Қаргалұқ 
т.б. 
IX-X  ғасырлар  тоғысында  өмip  сүрген  Әл-Истахри  қазіргі 
Қазақстан  аумағында  тоғұздар,  хирхиздар,  имектер,  қыпшақтар, 
яғни оғыздар, харлұқтар тұратынын және ол бес халыктың бірін-бірі 
түсіне алатын бip тілде сөйлейтінін атап өтеді.
Әл-Истахри неге екені белгісіз қыпшақтар мен оғыздарды бip 
халыққа жатқызады. Автор сол X ғасырда Арал теңізінің солтүстігін 
тұтас қамтып жатқан Қаңғар (печенег) ұлысын, Каспийдің солтүстігі 
Хазар қағанатын, одан терістікке орналасқан Бұлғарларды санатқа 
қоспайды. Бұл дәуірде Қимақ қағанаты Ертістің екі жағын бойлай 
солтүстік-шығысты  алып  жатса,  қыпшақтар  олармен  іргелес 
қазіргі Орталық Қазақстанды мекендеді. Қарлық қағанаты Алакөл, 
Балқаштан  бастап  Жетісуды  тұтас  қамтыда  да,  Оғыздар  олармен 
көршілес Сырдария мен Аралдың оңтүстік-шығысында орналасты. 
Ал  X  ғасырда  ұйғырлар,  наймандар,  керейлер,  меркіттер  қазіргі 
Қазақстан аумағынан тыс жатқаны тарихтан мәлім.  
Алдыңғы тарауда айтып өткен Сырдарияның інжу өзен ата-
лу ceбeбi  оның мойнына моншақша  тізіліп орналасқан қалалардың 
әcepi  деген  пікіріміз  расталғандай,  ортағасырда  ол  қалалардың 
саны  өсе  түскені  байқалады.  Мәселен,  Сырдың  бойында  Бұ-
зыққала, Күйікқала, Янги-кент, Алтынасар, Жанқала (Жент), Қы-
зтөбе (Баршынлыкент), Сунақ-Ата (Сығнақ), Түрікстан (Иасы), 
Артық-Ата, Кавган-Ата, Отырар, Сүткент қалалары бой көтерді. 
Тарихи-археологиялық  деректер  бойынша  орта  ғасырда  қазір-
гі Қазақстан жерінде 57-60 қала болған болса, оның 80 % - ы 
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда орналасқан. Оны, әрине, көрші 
Орта Азиядағы отырықшы, калалы өмірдің ықпалынан деуге бо-
лады.

59
Тарихи  мәліметтер  қазіргі  Қазақстан  территориясындағы 
Балқаш  көлінің  солт.-де  III-IV  ғғ.ғұн    (күн)  мемлекетінің  өмір 
сүргенін  айтады.  Оларды  Қытайлар    «Юэбань»,  «Се-Яньто» 
деп  атаған.  Кейбір  еңбектерде  бұл  өлке  Сарматтар  жері,  Сар 
ир,  Пловецтер,  Дешті  Қыпшақ  және  т.б.  атауларымен  де  атала 
береді.  Осындағы  сар  Ир  атауы  Қытай  жылнамасында  Се-
Яньто  формасында  берілген.  Түбір  сар,  сары  сөзінің  «се» 
формасына көшуін қытай тіліндегі р дыбысының сөз ортасында 
ұшыраспауынан деп білеміз (түрік - «түкю», аргун - «алун»). Сар-
ир (сары жер, сары алқап) атауы Шыңғысхан өмірін зерттеуші 
Мишель  Хоанг  еңбегінде  «Ciraka  er»  формасында  ұшырасады. 
Көне Римдіктер оларды Сарматтар деп атаса, славяндар половцы 
деп атаған [3]. 
IX-X ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан жерін картаға 
түсіруде араб географтары көп еңбек сіңірген. Олардың ішінде 
Орталық Қазақстан топониммдеріне қатысы бар еңбектің бірі-X 
ғасырдағы Ал Идрисидің  «Китаб-Роджері» мен  «Сурат ал-Ард» 
атты картасы. Академик Ә.Марғұлан бұл еңбектегі мәліметтерді 
Сарысу,  Торғай  өзендері  мен  Ұлытау  өңірлеріне  байланысы 
бар  деп  көрсеткен.  әл-Идриси  аталған  еңбегінде  Хорезм  көлі 
(Арал теңізі), Тараз қаласы (Жамбыл обл.орталығы) Шаш өзені 
(Сырдария)  атауларына  тоқталып  келіп,  осы  елді  мекендердін 
солт.  –  шығысында  оғыздар  мекендегенін,  олардың  Гарбиан, 
Даранда, Бадагах, Дарку, Нуджах, Хиам, Дахлан, Джаджан атты 
қалалары болғандығына тоқталған. Оның көрсетуі бойынша бұл 
қалалар Руза, Магра өзендері мен Горгуз көлі жағалауларына және 
Музгар, Ортаг, Казтаг, Аскарун тауларына бойына орналасқан.
Қазақстанды  географиялық  тұрғыдан  зерттеу  мен  оның 
аумағынан  өткен  жолдарды  анықтауда  араб  саяхатшылары 
мен  зерттеушілері  еңбектерінің  де  маңызы  зор.  Қазақстанның 
оңтүстік  облыстарында  VII  ғасырда  Ибн  Хардадбек,  Макдиси, 
Ибн  Хаукаль,  Ибн  Русте,  әл-Истахри,  әл-Масуди,  әл-Идриси 
сияқты  ғұламалар  болған.  Олардың  еңбектері  1870-1894 
жж.  голландық  шығыстанушы  де  Гуенің  басқаруымен  Араб 
географиясының кітапханасы сериясында 8 том болып басылған. 
Араб  саяхатшылары  Фараб  (Отрар),  Тараз  (Талас),  Испиджаб 

60
(Сайрам)  аймақтары  мен  Арал,  Каспий  теңіздері  жайында  мол 
деректер  қалдырған.  Осы  керуен  жолы  белгілі  қалалардың 
орналасуы,  құрылымы  жайлы  мәліметтер  келтірген.  Олардың 
бай-мұралары арасында сан ғажайып карталар сақталып, оларда 
Қазақстанның  географиялық  атаулары  белгіленген.  Осыларға 
жалғас Ибн Фадланның Еділге сапары (X ғасырда) басталған. 
Жібек  жолының  географиялық  маңызының  бір  қыры 
географиялық  атаулармен  байланысты  ашылады.  Жібек  жолы 
мен  оның  тармақтары  бойында  белгілі  бір  кезеңдерде  болған 
тарихи  оқиғалар  георафиялық  атауларды  сақталып,  осы  күнге 
дейін жеткен. Жалпы алғанда, саудагерлер мен саяхатшылардың 
беймәлім  жерлер  жөніндегі  ақпаратында  георафиялық  атаулар 
жиі ұшырайды.  Олар әр тілде сөйлейтіндіктен, алыс елдердегі 
жер-су аттары жиі бұрмаланғаны даусыз нәрсе. Сол себептен де 
– бір географиялық объектінің атауы әр түрлі жазылуы кездеседі. 
(Тальхир-Тальхиз-Талғар;  Талас-Тараз;  Испиджаб-Сайрам-
Сарьям;  Қаялық-Қойлақ-Қойлық  және  т.б.).  Сондықтан  керуен 
жолдары  бойындағы  ежелгі  қала  аттары  мен  жер-су  атаулары 
топонимика  тұрғысынан  талдау  жасаудың  өзі  Жібек  жолы 
тарихына қатысты зерттеулердің бір бағытына айналуы тиіс деп 
ойлаймыз [4].
Ортағасырлық араб-парсы деректері, әсіресе әл-Идрисидің 
мәліметі  бойынша,  Қимақтардың  16  қаласы  болған  делінеді. 
Алайда  ол  қалалар  аттарының  дұрыс  жазылмауы  да  (Хакан, 
Карантия,  Дамурия,  Сараус,  Банджар  т.б.),  орындарының 
табылмауы да, «темір қақпалы үлкен қалалар» болғанына күмән 
туғызады. Көшпелі өмір кешкен қимақтар мен қыпшақтар гүлдеп 
тұрған 16 қала салса, олардың орындары, қирандысы қалар еді 
немесе 16 қаласы бар ел көшіп-қонып әуре болмас еді.
Әл-Идрисидің жазып кеткендеріне күдік келтіретін тағы бip 
нәрсе - Гамаш (Б.Е.Көмековтың айтуынша Epтic) өзені бойына 
орналасқан Астур қаласы күріш егеді деген пікірі. Қимақияның 
сол дәуірдегі аумағында күріштің өcyi мүмкін емес.
Саяхатшы  өз  мәліметінде  Қимақияны  аралаған  бip 
саудагерден  естіп,  Орта  Азия  қалаларына  ұқсатып,  сипаттап 
шыққан  тәрізді.  Өз  көзімен  көріп,  өз  құлағымен  естіген  адам 

61
қалалардың аттарын мұнша бұрмалап жазбас еді. Қала аттарының 
кейбіреуi  ғана  түркілік  сұлбасын  сақтаған,  ал  көбін  талдауға 
тәуекел ету қиын. Мәселен, Хақан қаласы «хақан тұратын қала, 
астана»  екені  белгілі;  Сараус  -  Сарысу  өзені  бойындағы  қала 
болуы мүмкін.
Қимақ  еліне  баратын  бip  жолды  саяхатшы  Гардизидің 
мәлімдеуінен  табамыз:  Янгикент  –  Ұйықман  (Арал  маңындағы 
құмды  өлке)  -  Сокук  өзені  (Торғай  не  Сарысу)  -  Кендіртағ 
(Ұлытау) - Асус (Есіл өзені) - Epтіс. 
Авторы  белгісіз  «Худуд  -  әл  Әлам»  («Әлем  шекарасы») 
атты кітапта Аспижаб (Сайрам), Түркістан, Торар (Тараз болуы 
мүмкін),  Чуф,  Мазакия,  Игсун-Ясу,  Киркирхан  сияқты  елді 
мекен  атаулары,  Арташ  (Epтic),  Атал  (Еділ),  Гоз  (Гуз)  даласы, 
Мауранахр, Хазар көлі (Каспий) секілді жер-су аттары кездеседі. 
Бұлардың ішінен Киркирхан, Игсун-Ясу, Мазакия үшеyi қимақ 
жерлері деп көрсетіледі.. Мұндағы Киркирхан - Қарқаралы тауы 
ма деген ой келеді, ал Игсун-Ясу атауының екінші сыңары асу 
географиялық терминіне ұқсайды. 
Моңғолдар,  тарихтағы  басқа  да  жаулаушылар  тәрізді, 
басып алған елінің жер-су аттарын өз тілдеріне ауыстырды. Бұл 
үрдіс Алтын Орда дәуірінен бастап, бертінгі жоңғар жорығына 
дейін жалғасты.
Алтай,  Арқауыл,  Тарбағатай,  Зайсан,  Бүркітауыл, 
Баянауыл, Нарын, Қорғалжын, Қапшағай, Қобда, Сайхин, Кеген 
т.б. моңғол атаулары Қазақстан топонимиясында жеке қабат 
құрайды, бipaқ түбi бip алтай тілдерінен тарағандықтан және 
көп  уакыт  өткендіктен,  ол  атаулар  тілімізге  бейімделген, 
қазақ  (түрік)  атауларымен  бірдей  болып  кетті.  Сондықтан 
моңғол  тілді  атауларды  ауыстырып,  өзгерту  кажет  жоқ  деп 
есептейміз.
Н.И.  Надеждин  «Орыс  әлемінің  тарихи  географиясының 
тәжірибесі»  атты  еңбегінде  географиялық  карталардың 
топонимиялық зерттеулерде маңызды рөл атқаратынын ондағы 
нысандарда көптеген ақпарат жүйесі бар екендігін атап көрсетеді. 
Ол  жөнінде  оның  қанатты  сөздерінен  байқауға  болады.  Әрбір 
жер-су  атаулары  сол  жердің  табиғи  құжаты  болып  табылады. 

62
«Жер  дегеніміз  –  адамзат  баласының  тарихи-географиялық 
атауларда жазылған кітабы» [5]. Топонимдердің уақыттық көне 
және  қазіргі  қазақ  тілі  және  кеңістік  жергілікті  диалектілер 
мен  говорлар  айырмашылықтарын  бейнелеу  мақсатында 
диахрондық  және  синхрондық  талдаулар  жасаудың  маңызы 
зор. Бұл талдауларды көне географиялық карталар мен ғылыми 
еңбектер  негізінде  жүргізуге  болады  [6].  Мысалы:  1627  жылы 
жарық  көрген  А.  Макшеевтің  «Үлкен  Сызба  Кітабындағы»  [7] 
және швед Густав Ренаттың «Жоңғария картасына» (1716-1733 
жж.) [8] талдау жасап, бұл еңбектердегі географиялық атауларды 
өз  заманындағы  топонимдермен  сәйкестендіру  бағытындағы 
еңбектерін  ерекше  айтуға  болады.  Мысалы,    А.  Макшеевтің 
пікіріне сәйкес, «Үлкен Сызба Кітабында» берілген Аспага және 
Кууей өзендерінің аттары кейіннен Бұлдырты және Қандығайты,  
ал  Сауық  өзенінің  аты  Торғай,  Сун  гурлук  (мүмкін  Күңгірлек) 
өзені  Хобда  (Қобда),  Бозын-Гинчаль-Ильген  (Бөзінген  салған 
болуы мүмкін) өзенінің аты Улка-як (Өлкейек) болып өзгерген 
[9]. 
Павлодар облысының көне топонимдері С.У. Ремезовтың 
(1697  ж.)  картасында  көрініс  тапты.  Ертістің  сол  жағалауында 
С.У. Ремезовтың картасында батысқа қарай «Шабақта (Шабақты) 
арал»,  «Шепелеу  жар»,  одан  әрі  «Яр  (жар)  Аллабердыев», 
«Старой Иртыш», бұл Алға айылы тұсында; одан әрі Қызыл жар 
т.б.  топонимдер.  Керегежардан  батысқа  қарай  «Белые  воды» 
(Ақсу),  «Острог  Калмыцкой»,  одан  әрі  «Урочище  Кабалгансун 
(мечать пустой), одан әрі «Урочище Долон (жеті) Карагай», одан 
әрі  «Озеро  Енкуль»  т.б.  Бұл  тұста  С.У.  Ремезовтың  Ертістің 
оң  жағалауындағы  топонимдердің  кейбіреуін  сол  жағалауға 
шығарып  жібергені  көрінеді.  Дегенмен  бұл  көне  картада  Орта 
Ертіс өңірінің негізгі топонимикалық нұсқасы жақсы сақталған 
деп айта аламыз [10].
Алайда, аталған топонимдердің бұрмалану ерекшеліктерін 
сөз тіркестері арқылы аңғаруға болады. Ф. Усовтың еңбектерінде 
Ертістің  бойында  «Коряков  Яр»  атауы  туралы  мол  мәліметтер 
бар  [11].  Бұл  деректер  «Коряков  Яр»  немесе  «Кереге  жар» 
деген  топонимиялық    атаулардың  XVII  ғасырдың  басында  кең 

63
айналыста болғанын және географиялық нысана - бағдар есебінде 
жақсы қызмет жасағанын білдіреді [10].
«Кереку жардан батысқа қарай» «Урочище 9-ти бугров»,  
одан  әрі  «Бакланная  заострова,  Рыбная»,  одан  әрі  «Качир» 
(Кашыр),  8-яров  урочище  рыжых  жеребцов  (Осморыжьск), 
солтүстікке  қарай  «Ирлытюп  Яр»  (Үрлітүп),  «Сайгачий  Яр» 
(Сайғақ  жары)  болып  жалғасып  кете  берді.  Кереге  жардан 
шығысқа  қарай  «Верблюжий  Яр»,  «Толокнянные  горы», 
одан  әрі  «Жәмші»  (Ямыш)  көлі  және  т.б.  орографиялық  және 
гидрографиялық  нысандар  бейнеленген  деуге  болады  [1].  Бұл 
нысандардың  барлығы  өткен  тарихтан  мол  геоэкологиялық 
ақпараттар  береді.  Сондықтан  топонимиялық  ерекшеліктерді 
анықтаған  уақытта  географиялық  карталар  жиі  қолданылады. 
Өйткені  карталарда  сандық  және  сапалы  сипаттамалар  беріліп, 
зерттеуге мүмкіндік туындайды.
Ішкі  Азияны  зерттеушілердің  ішінде  топонимика 
мәселелеріне айрықша көңіл бөлген тұңғыш ғалым, әрі ағартушы 
шығыс халықтарының география саласында айтарлықтай жемісті 
ғылыми  зерттеулер  жүргізген  Ш.  Уәлиханов.  Географиялық 
саяхаттар  нәтижесінде  жинаған  жер-су  атаулары,  мәліметтері 
кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес мұра болып табылады [12]. Ғалым 
өзіннің  зерттеулерінде  3000  жуық  «түркі-қазақ»  атауларын 
жинақтады.  
Картографиялық 
әдістердің 
жиі 
қолданылуы,  
географиялық тұрғыдағы топонимиканың біршама дамуына және 
топонимиялық атластар жөнінде алғашқы мәліметтер Швецияда 
(Швецияның  топонимиялық  атласы,  1942  ж.),  кейінірек 
Венецияның  (Тридентина)  топонимиялық  атласы  (atlante,  1953 
ж.) жарыққа шықты. 
1966  жылы  Лондон  қаласында  өткен  IX  Халықаралық 
ономастикалық  конгресте  дүние  жүзінің  гидрономиялық 
атласын құрастыру жөнінде мәселелер қозғалды. Сонымен қатар 
«Чехияның топонимиялық атласы», әр түрлі масштабтағы басқа 
да атластар құрастырылды.
Кеңестік  Ресейде  картографиялық  әдісті  алғаш  ғылыми 
тұрғыда  қалыптастырған  К.А.  Салищев  оның  өркендеуіне 

64
айтарлықтай  үлес  қосты  [13].  Содан    кейін  В.А.  Никоновтың 
«Орыс жұрнақтарының географиясы» (1959 ж.), А.С. Стрижактың 
«Украинадағы ономастика» сияқты еңбектерінде топонимдердің, 
топоформанттардың  таралу  аймағын  көрсету  мақсатында, 
картографиялық әдіс молынан қолданыс тапқан.
Географиялық  атауларды  зерттеуге  картографиялық 
әдістің дендеп енуі қалай болса солай жүрмей, бірізді болу үшін, 
Е.М. Поспелов 1971 жылы «Топонимика және картография» атты 
еңбегін жазды. Мұнда жер-су аттарын зерттеуде картографиялық 
әдістің алатын орнын көрсетіп, оның топонимикамен ажырамас 
бірлікте болатынын дәлелдеп берді [9].
Топонимикада  бұл  әдісті  пайдалану  тиімді  екені  уақыт 
өткен сайын айқын көріне бастады. Топонимдердің, оның ішінде 
гидронимдер, оронимдер т.б., таралу аймағын айқындауда, жер 
бетінің бедерін атауға қарап ажыратуға, әр түрлі географиялық 
терминдердің, 
форманттардың 
шым-шытырық 
іздерін 
табуда  картаға  түсіру,  картамен  жұмыс  істеу  өзін-өзі  ақтады. 
Ономастиканың, антропоним, космоним сияқты басқа салаларына 
да изоголостық зерттеу әдістері кеңінен қолданыла бастады. 
Топонимика  қазіргі  кезде  дербес  ғылым  саласы  ретінде 
қалыптасып қалғанымен, ол әуел бастан тіл білімі, тарих және 
география  ғылымдарына  тәуелді  болып  келеді.  Жер-су  аттары 
осы аталған ғылымдар кешенінің нысаны бола алады. Ареалдық 
әдіс  топонимиканы  географиямен  тығыз  қарым-  қатынасқа 
түсіріп, атау мен нақты түрде бірге қарауға мумкіндік берді.
  Географиялық  атауларды  алғаш  зерттеушілердің  көбі 
тарихшы  мен  географ-  ғалымдар  болғандықтан,  карта  жасау 
жұмыстарымен  байланысты  болса  керек.  Алдымен  картаға 
топонысана  түсіріліп,одан  соң  оның  аты  жазылатыны  аталған 
ғалымдардың  назарын  жер-су  аттарына  аударуға  мәжбүр  етті. 
Мәселен, түркі топонимикасына елеулі еңбек сіңірген ғалымдар 
Э.М.  Мурзаев,  Е.М.  Поспелов,  Ғ.  Қоңқашбаевтар,  негізінен, 
география саласының мамандары еді [1].
   Топонимика сияқты «картография да дербес техникалық 
ғылым саласы бола тұрып, география, геодезия және топография 
сияқты  үш  ғылымның  тоғысқан  тұсында  қалыптасқан»  [14]. 

65
Топонимика географиялық атауларды дұрыс жазудың қыр-сырын 
ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, картографияға өз көмегін көрсетеді, 
картография,  өз  кезегінде,  топонимиканы  картографиялық 
зерттеу әдісімен қамтамасыз етіп жатады. Бұл әдістің ең басты 
және  алғашқы  қызметі  жер-су  аттарын  зерттеуде  атауларды 
жинаудың, тарихи деректерді табудың қайнар көзі ретінде дайын 
карталарды  пайдалану  болып  табылады.  Мысалы,  ерте  қағазға 
түскен  солтүстік  қытай  жазбаларына,  карталарына  сүйеніп, 
қырғыздардың б.э.б. ІІ ғасырда Енисей өзенінің басында көшіп-
қонып  жүрген,  соған  байланысты  өзен  атауы  қырғыз  тілінде 
Енесай «ана өзен» мағынасын беретіні анықталған [2].
    Аталған  әдістің  тағы  бір  қызметіне  тононимиканың 
арнайы  бір  саласына,  жеке  тақырыптарға  (номендерге, 
сөзжасам жүйесіне, фонетикалық ерекшеліктерге т.б.) арналған 
топонимикалық карталар жасау жатады. Біздің пікірімізше, дайын 
картадан атауларды теріп алғаннан, осы екінші белгісі әлдеқайда 
маңызды. Е.М. Поспелов мұндай карта, атластар «әдіс» бойынша 
картографияға,  «мазмұны»  бойынша  топонимикаға  жататынын 
айтады [14].
   Екеуінің арасындағы тығыз байланыс тиісінше ғылымның 
екі  бағытын  қалыптастырды.  Оның  бірі  –  «картографиялық 
топонимика»  деп  аталса,  екіншісі  –  «топонимикалық 
картография»  деп  аталады.  Біріншісі  картографияға  қызмет 
ететін топонимиканың бір бөлімі деп танылады. Атап айтқанда, 
далалық  топографиялық  жұмыстар  кезінде  атаудың  дұрыс 
түсірілуін,  атаудың  алғашқы  тұлғасы  мен  оны  берген  тілдің 
анықталуын,  атаудың  бір  тілден  екінші  тілге  аударылуын, 
жер-су  аттарының  орфографиясын,  карта  мен  атластардың 
топонимикалық  мазмұнын  бағалау  т.б.  мәселелерді  қарайды. 
Осының  бәрі  картографиялық  міндеттер  аясына  кіргенімен, 
топонимиканың  көмегінсіз  жүзеге  аспайды.  Екеуінің  біреуіне 
басымдылық  беру  -  мәселені  біржақты  шешуге  әкеліп  соғады. 
Біздің қарайтын жұмысымыз - топонимиканың көмегіне сүйеніп, 
картографиямен  айналысу  емес,  керсінше,  картографиялық 
әдіске сүйеніп, топонимикалық зерттеулер жүргізу. 
Ал  топонимикалық  картография  бойынша  арнайы 
жазылған әдебиеттер, зерттеу жұмыстары аз кездеседі. Қазақстан 

66
топонимиясында  К.Д.  Каймулдинова,  Қ.Т.  Сапаровтың 
докторлық  еңбектерінде,  А.С.  Омарбекова,  Ә.Е.  Аяпбергенова, 
А.О.  Мақанованың  кандидаттық  жұмыстарында  ішінара 
картографиялық  әдіс  қолданылған  деуге  болады.  Оның  үстіне 
аталмыш диссертациялар географиялық тұрғыдан қарастырылған 
[15]. 
Қазақстанның  шығыс,  солтүстік-шығыс  топонимдерін 
зерттеу барысында аумақтың табиғат жағдайларын бейнелейтін 
топонимдердің  физикалық  географиялық,  ландшафттық, 
геоэкологиялық  астарларын  зерттеп,  арнайы  топонимиялық 
карталар топтамасын (9 карта) құрастырдық (сурет 2).
Сонымен  қатар  оның  зерттеулерінде  топонимдер  жүйесі 
мен халықтық географиялық терминдердің саны анықталынып, 
белгілі  бір  жүйе  бойынша  (оронимдер,  гидронимдер  және 
жайылымдық  т.б.  терминдер)  топтастырылды  [15].  Қазақ 
топонимдік  бірліктерінде  қоршаған  ортаның  физикалық-
географиялық  қасиетін  анықтайтын  ландшафт  ерекшелігіне, 
шаруашылығына, экологияға қатысты топонимдердің астарлары 
әрбір облыс бойынша зерттелуі қажет деп білеміз.
Қазіргі  кезде  Қазақстанның  топонимдер  жүйесі  әрбір 
облыстар  бойынша  толық  зерттеліп  болды  деуге  болмайды. 
Ендігі кезекте жиналған атаулар қорын талдап, «Қазақстанның 
топонимикалық  атласын»  құрастыру.  Екіншіден,    нәтижеге 
жету үшін міндетті түрде геоақпараттық картографиялау әдісіне 
сүйенуге тура келеді. Сондықтан топонимикалық зерттеулердің 
қай аспектісін алсақ та (тарихи-этнографиялық, лингвистикалық, 
географиялық т.б.), топонимдерді жүйелеп топтастырып әртүрлі 
тақырыпта  туындауына  геоақпараттық  жүйенің  алатын  орны 
ерекше.  Әр  түрлі  масштабта  құрастырылатын  топонимикалық 
карталар  өз  кезегінде  көп  ізденісті  және  ғылыми  зерттеулерді 
(далалық, мұрағаттық, картографиялық т.б.) қажет етеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет