Филология факультеті Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы



Pdf көрінісі
бет101/159
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#19718
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   159
Негізгі әдебиеттер   

1  Тенишев  Э.Р.  Тюркское  языкознание  в  СССР  за  шестьдесят  лет  //  Избранные  труды.  Книга  третья.  –  Уфа 

ИИЯЛ УНЦ РАН, 2011. – 256 с.  

 

2 Гаджиева Н.З. Тюркские языки // Языки мира: Тюркские языки. М., 1996. – 543 с.  



 

3 Тенишев Э.Р. Тюрксие языки // Избранные труды. Книга третья. – Уфа ИИЯЛ УНЦ РАН, 2011. – 256 с.   

4 Садирова К.Қ. Түркі тілдері синтаксисінің зерттелуі. Алматы: «Үш қиян баспасы», –2013 ж. 101б.  

 Қосымша әдебиеттер  

5    Балақаев  М.,  Сайрамбаев  Т.  Қазіргі  қазақ  тілі:  Сөз тіркесі мен  жай  сөйлем  синтаксисі.  –  Алматы:  «Санат», 

1997. – 240 б.  

 

6 Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: «Санат», 1998. – 192 б.  



№ 3 практикалық сабақ тақырыбы. Түркі тілдеріндегі жай сөйлем типтерінің зерттелуі 

Сабақ жоспары:  

1.  Сөйлемді зерттеу аспектілері. 

2.  Түркі тілдері синтаксисінде жай сөйлем типтерінің зерттелуі 

Сабақ мақсаты: түркі тілдеріндегі синтаксистің зерттелуі туралы ғылыми мәліметтерін пысықтау. 

Бақылау сұрақтары:  

1. Сөйлемнің ең басты және негізгі қызметі қандай? 

2. Өз зерттеулерінде сөйлемді екі аспектіде қарастырған ғалым кім? Ғалым пікірін баяндап беріңіз? 

3. Синтаксистік бірлік, коммуникативтік бірлік дегеніміз не? 

4. Сөздер тізбегі, сөз тобы туралы не айта аласыз? 

Глоссарий.  

Элементарлы  сөйлемдерге  жай  сөйлемдер  және  бүтін  сөйлемнің  барлық  жай  сөйлем  құрылысына  сәйкес  келетін  кіші 

бөлшектері жатады, бірақ олардың баяндауыштық тұлғалары әр алуан болуы мүмкін. Элементарлы сөйлемге парадигма 

құрайтындар:  жай  сөйлемдер,  салалас  сөйлемдер  (құрмалас  бүтін  сөйлемнің  компоненті  ретінде)  және  кіріккен 

сөйлемдерге (парентеза) негіз болатын жай сөйлемдер.  

Сөз тіркесі – синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысуы. 

Жаттығулар  

Түсірілген сөздерді анықтап, анықтаманы айтқан ғалымды табыңыз. 

1  ...  сөйлем  -  өте  күрделі,  қарама-қайшылықты,  көп  қырлы  түсінік,  негігі  ......  белгімен  анықталады: 

..............және ......................... мазмұнымен. 



75 

 

2. Сөйлемнің ең басты және негізгі қызметі  – ............       , осы арқылы ол өзге синтаксистік құрылымдардан 



ерекшеленеді.  

Басқаша  айтқанда,  сөйлем  –  мәндік  және  ...................  жағынан  тиянақталған  ........................  синтаксистік 

біртұтастық.   

Сөйлемге берілген анықтамаларды жазып, пікірлерді талдап көріңіз 

В.Н.Хангилдин 

К.Н.Дмитриев 

Ғ.Ғ. Сәйетбатталов 

Д.С.Тикеев 

И.П.Распопов 

 

 



 

 

 



Мәтіннен жай сөз тіркестерін бір бағанға күрделі сөз тіркестерін бір бағанға теріп жазыңыз. 

КИІЗ ҮЙ 


Киіз үй қазақтың өз өміріндегі ұстанар салты мен дәстүрінің де таңбасы, белгісі. Оның дүниетанымының, сан 

ғасырлық мәдениетінің жарқын айғағы. Өйткені қазақ халқының салт-дәстүрінің көпшілігі осы киіз үйге байланысты.  

Киіз үй, ең алдымен, оның иесінің байлығын, тұрмыс жайын білдіреді. Оның екі, үш қанаттан бастап он екі, он 

сегіз, отыз қанатқа дейін жететін түрлері болған. Ал киіз үйдің керегесінің басы 70-тен 360-қа дейін барады. Ауқатты 

қазақтардың  киіз  үйлері,  әлгіде  айтқандай,  үлкен  және  өте  бай  жиһазды  өрнектермен  безендіріледі.Оларды  ақ  орда, 

алтын орда, алтын үзік деп атаған. Одан басқа киіз үйлердің алты қанат ақ боз, қоңыр үй, қара лашық, күрке отау, 

итарқа  т.б. атаулары бар. Киіз үйлер өзінің мәдени-тұрмыстық, шаруашылық жағдайына байланысты  да үш түрге:  1) 

жаздыгүні тұруға арналған, 2) мереке-жиын кезінде қонақ күтіп алатын және 3) жорық кезінде тігілетін киіз үй болып 

бөлінеді. Жолаушылар мен жорықшылардың тігетін үйлерін абылайша, ақ қос, қос, қаңқа, (арбаның үстіне тідгілетін 

үй), жарық үй деп атаған. Сондай-ақ құрым киізден, қамыстан, шиден киіз үй тектес үйшіктер мен күркелер салынатын 

болған.  Бұлар, көбіне,  қақыра немесе  қалқа  деп аталған  да,  жаугершілікте,  майдан шебінде далада, жауын-шашыннан 

қорғану үшін тігілетін болған.  

Жай сөз тіркестері 

Күрделі сөз тіркестері 

 

 



Блиц тест  

1. Өз зерттеулерінде сөйлемді екі аспектіде қарастыру дұрыс болатынын атап көрсеткен ғалым: 

а) Д. С. Тикеев  ә) Н. К. Дмитриев   б) И. П. Распопов 

2. Тикеевтің сөйлемге берген анықтамасында «сөйлем жаны» деп нені атайды? 

а) шартты түрде аяқталған ойды білдіреді; предикативтік пен баяндауыштық; модальділік.   ә)  құрылымдық-жүйелілік; 

интонация    б) модальдылығы; интонация. 

3. Ғ. Ғ. Сәйетбатталовтың көзқарасынша синтаксистің негізгі бірлігіне сөйлемнен басқа не енеді?  

а) сөз    ә) сөз тіркесі     б) мәтін 

Әдебиеттер:  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет