Филология факультеті Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы



Pdf көрінісі
бет98/159
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#19718
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   159
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР 

. № 1 практикалық сабақ тақырыбы. Түркі тілдері грамматикасының синхронды сипатта зерттелуі 



Сабақ жоспары:  

1.  Түркі тілдеріне қатысты ғылыми зерттеулер. 

2.  Түркі тілдері синтаксисінің зерттелуі зерттеушілер мен олардың еңбектері.  

3.  Түркі тілдеріне тән ортақ сипаттар. 

Сабақ мақсаты: түркі тілдерінің синхронды сипатта зерттелуі, зерттеуші ғалымдар мен зерттеушілердің пікірлері туралы 

ғылыми ақпарат беру. Пікірлерді өзара сабақтастыруға машықтандыру. 

Бақылау сұрақтары:  

1. 


Түркі тілдерін синхронды сипатта зерттеуші ғалымдар? 

2. 


Түрколог ғалымдар ұжымдасып дайындалған жинақтарды атаңыз?  

3. 


Түркі изафетінің 3 типіне тоқталыңыз.  

4. 


ХІХ ғасырдың 70-80 жылдары жарияланған түркі тілдерінің грамматикалары? 

5. 


Қазақ тілі синтаксисін зерттеушілер мен олардың еңбектері, негізгі тұжырымдары? 

Глоссарий.  



Грамматика  –  гректің  grammatike,  gramma  –  әріп,  жазу  деген  сөзінен  шыққан.  –  1)  тілдің  құрылымы,  яғни 

морфологиялық категориялар мен тұлғалар, синтаксистік категориялар мен құрылымдар, сөзжасам тәсілдерінің жүйесі. 

Грамматикаға  тілдің  дыбыстық  және  лексикалық  құрылымынан  басқа  құрылымдар  кіреді.  Ондай  құрылымдар 

грамматикалық категорияларда, грамматикалық бірліктерді және грамматикалық тұлғаларда өз көрінісін табады. 2) тіл 

құрылымын  зерттейтін  тіл  білімінің  саласы.  3)  Грамматика  термині  жеке  грамматикалық  категориялардың  қызметіне 

қатысты да қолданылады (мыс. Етістік грамматикасы т.с.с.) 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет