Филология факультеті Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы



Pdf көрінісі
бет100/159
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#19718
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   159
Негізгі әдебиеттер   

1  Тенишев  Э.Р.  Тюркское  языкознание  в  СССР  за  шестьдесят  лет  //  Избранные  труды.  Книга  третья.  –  Уфа 

ИИЯЛ УНЦ РАН, 2011. – 256 с.  

 

2 Гаджиева Н.З. Тюркские языки // Языки мира: Тюркские языки. М., 1996. – 543 с.  



 

3 Тенишев Э.Р. Тюрксие языки // Избранные труды. Книга третья. – Уфа ИИЯЛ УНЦ РАН, 2011. – 256 с.   

4 Садирова К.Қ. Түркі тілдері синтаксисінің зерттелуі. Алматы: «Үш қиян баспасы», –2013 ж. 101б.  

 Қосымша әдебиеттер  

5    Балақаев  М.,  Сайрамбаев  Т.  Қазіргі  қазақ  тілі:  Сөз тіркесі мен  жай  сөйлем  синтаксисі.  –  Алматы:  «Санат», 

1997. – 240 б.  

 

6 Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: «Санат», 1998. – 192 б.  



№ 2 практикалық сабақ тақырыбы. Түркі тілдеріндегі жай сөйлем типтерінің зерттелуі. 

Сабақ жоспары:  

1. 


Синтаксистің зерттеу нысаны. 

2. 


Қазақ тіл білімінде синтаксистің зерттелуі. 


74 

 

3. 



Түркі тілдерінде синтаксиске берілген анықтамалар. 

Сабақ мақсаты: түркі тілдерінде жай сөйлем типтерінің зерттелуі туралы ғылыми мәліметті пысықтау.  

Бақылау сұрақтары:  

1. 


Түркі тілінің синтаксисін зерттеуші ғалымдарға тоқталыңыз? 

2. 


Түркі тілінің синтаксисін зерттеуші ғалымдардың еңбектері туралы не білесіз? 

Глоссарий.  

Сөйлем  –  синтаксистің  негізгі  грамматикалық  категорияларының  бірі.  Сөйлем  мағына,  қызмет,  тұлға  жағынан  сөзге 

(және  сөзтұлғаға)  және  сөз  тіркесіне  қарама-қарсы  қойылады.  Кең  мағынасында  кез  келген  сөйлеу  (фраза)  сөйлем 

болады.  

Жаттығулар  

Сөйлем  туралы  айтылған  татар,  башқұрт  тағы  да  басқа  түркі  тілдеріндегі  анықтамаларды  кестеге  түсіріңіз. 

Сөйлемге тән негізгі белгілер қалай сипатталған, салыстырыңыз. 

Қазақ  тілінің  синтаксис  саласын  зерттеуші  ғалымдар  мен  олардың  еңбектерінің  хронологиялық  кестесін 

құрыңыз. 

Мәтіннендегі сөйлемдерді сөз тіркестеріне талдаңыз.  

БЕСІК 

   Көшпелі өмір кешкен қазақ халқының  аса қастерлеп ұстаған мүлкі бесіктің қадір-қасиетін кім білмейді? Бесік – өмірге 

жаңа  келген  періште-сәбидің  ақ  отауы,  оның  ер  жеткенде  алаңсыз  балалық  шағын  есіне  түсіретін  ардақ  тұтар  асыл 

бұйымы емес пе?!  Қазақтар бесікті қарағайдан, қайыңнан, көбіне талдан жасайды. Бесікті «тал бесік» деп атаудың сыры 

осында. Бесік көшіп-қонатын қазақ тіршілігіне өте ыңғайлы. Оны түйе үстіне, өзге жүктермен қоса артып жүре береді. 

Кейде бала бөленген бесікті де осылай алып жүретін болған. Бұл қазақтың «баланың ұйқысын бұзған періштенің үйін 

бұзғанмебарабар» деген ұғымына толығымен сай келеді. 

   Ал  бесіктің  құрылымы  балаға  гигиеналық  тәрбие  беруге  лайықталған  әрі  алып  жүруге  жеңіл,  ықшам  және  берік.  Ол 

баланың тазалығына өте қолайлы, өйткені арнайы қойылатын түбек пен шүмек баланың дәретін жаймай, таза және ұзақ 

ұйықтауына жағдай жасайды.  Бұл үй шаруашылығымен  айналысып жүретін анаға қалай қолайлы болса, көшіп-қонып 

жүргенде, баланың өзінің де денінің сау болып өсуіне де тиімді.  

  Бесіктің  жабдықтары  –  түбек,  шүмек,  құс  төсек,  жастық,  жөргек,  қолбау,  тізебау,  тізе  жастық,  екі  тартпасы.  Түбектің 

түбіне  күл  салып  қоятын  болған,  оның  бір  себебі  бесікті  тербеткенде  нәрестенің  зәрі  шайқатылмау  үшін,  ал  екіншісі 

оның күлге төгіліп, жылы бу шығарып тұруы үшін.  Шүмекті қойдың асықты жілігінен жасаған, ол айрықша аппақ болу 

үшін сүтке қайнатылған.  

Блиц тест  

1. Башкорт тілінің жай сөйлем синтаксисін зерттеген ғалым?  

а) Д.С.Тикеев   ә) Ғ.Ғ.Сәйетбатталов     б) В.Н.Хангелдин  

2. «Жөмлә -телнең иң төп hәм иң эре синтаксистік берәмлеге» анықтамасын кім айтқан?  

а) В.Н.Хангелдин ә) Ғ.Ғ.Сәйетбатталов     б) Д.С.Тикеев     

3. Синтаксистің негізгі бірлігі ...  

а) сөйлем    ә интонация, дыбыстық құбылыстар     б) дыбыстар тіркесі, ықпал 

Әдебиеттер:  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет