Вестник КазНПУ имени Абая, серия « Фил ол оги ч ески е науки», № 2 (32), 2010 г. ойланып жазатындығын көрсетеді.
Кебек келген соң әңгіменің тақырыбы да өзгереді, негізінен басқа полилог (10-13
реплик) өрбиді. Мұнда алғашқы екеулері тақырыптық жағынан себеп-салдарлық
қатынастармен (10-шы 11-шіге стимул береді) өзара байланысқан, ал репликаның соңғы
екеуі (11-ші және 12-ші) біріншімен (10) емес, 12-ші мен 13-шіге қатысты бастама болатын
Кебектің жауап репликасымен (11) байланысты. Барлық осы репликалардың жағдаяттық
байланысы бір полилогта бастамалық (11-ші) репликада жоқ болса да 12-ші және 13-ші
репликалардың (Еспембет пен Еңлік) 'ат', 'атпа' сөздерімен беріледі. Олар Кебектің
наймандарға арналған шақыруын жауап болып табылады. (“Ажалсыз қай найман барсың,
көрінші менің көзіме!”).
Келтірілген полилог содан соң Кебек батыр мен Еспембет бидің диалогына көшеді,
одан кейін оны жаугершілікке дайындалған топқа қарай айтылған Еңліктің репликасы
бөледі:
Еңлік. Ей, азаматтар' Өлтірерде үш тілек бар емес пе? Үш-ақ түрлі тілек айтді (1). Дауыстар. Керегі жоқ, тыңдамаймыз (2). Еспембет. Тоқта! Айт, не тілегің бар? (3) [4J [2, 47J.
Осы үзіндіде соңғы екі репликалар біріншісімен параллельді байланысқан және
Еңліктің реплика- стимулына (1) жауап ретінде екі қарама-қайшы жауап реакцияларды
туғызады , бұл жоғарыда айтылған «ауысу амилитудасының» көптігі, диалогпен
салыстырғанда сөйлеу формасы ретіндегі полилогқа тән өзара репликлардың мазмұндық
және формалық байланысының аздығы туралы тезисті нақтылап отыр.
Жалпы айтсақ, кез-келген драматургиялық шығарманың тілі сөйлеу тілінің әр түрлі
формалары: диалог, полилог, монологтың әдемі ауысуынан құрылады. Ғылыми әдебиетте
М.О.Әуезовтың жоғарыда айтылған трагедиясындағы билердің таласы, диалог-таластың
оның шарықтау шегі болғаны, туралы ой қалыптасқан: "жай баяндаулардан өзгеше етіп,
шығарманың оқиға динамикасын еш босаңсытпайтын диалог-тартысқа құрып, шығарманың
бүтіндей архитектоникасына желі тартып, образдар жүйесін әсем мүсіндеп отырады” [5].