Вестник КазНПУ имени Абая, серия « Фил ол оги ч ески е науки», № 2 (32), 2010 г. қарағанда еркін болатындығымен негізделеді. Полилогтың бұл қасиеті диалогқа қарсы
салыстырылатын жинақталған белгіні көрсетпейді, керісінше, көркем шығармада жасалатын
сөйлеу тілінің жанры немесе формасы ретінде диалог қасиетінің одан ары дамуын көрсетеді.
Драмада полилогтың функционалдық жүктемесі диалог сияқты көп есе өседі.
Осылайша, М.О.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» классикалық трагедиясындағы төменде
берілген полилогтың барлық репликаларын тауда жасырынған ғашық жастарды Еспембет
бастаған найман руының жауынгерлері тауып алған кездегі жағдаят біріктіреді. Алдымен
олар өлтірілген Есен батырдығ денесін байқайды, содан соң Еңлікті көреді.Бұл жағдайда
Кебек жасырынып калып, құтылуына да болатын еді, бірақ ол уәдесіне берік адам, өлімге өзі
қарсы келеді.
Дауыс. Жау мұнда! Қапта! Қапта! (1) Еспембет. Тоқта! Мынау Есен ғой, өлтіріп кеткен екен ғой... (2) Дауыс. Ойбай, баурым .... (3) Жомарт. Қанішер тобықты, қанқұйлы тобықты, қылған екен ғой... (4) Еспембет. Доғар ... Есен бұл күнге дейін найманның батыры болса, қазірде тобықтының жығылған жығасын қайта тұрғызған найманның бір шіріген жұмыртқасы. Жекпе-жекке шыққанда тапқаны ғой. Жылаған көз жасымның садағасы. Бір ауыз сөз айтпастан өлексесін былай апкет. Мұны жайлап қашқан ғой Кебек. (5) Дауыс. Мына қатын біледі ғой, айтқызу керек осыған! (6) Дауыстар. Айт жаныңның барында. (7) Еңлік. Мені ұстағаннан кейін оны да ұстадыңдар ғой! (8) Еспембет. Бұл күлгірсіп тұр. Ол қашса да ұзаган жоқ. Мына шатқалды аралап шық шапшаң! (9) Кебек шыға келеді.
Дауыс. Ә, батыр, келдің бе ажал айдап? (10). Кебек. Келдім. Мен Еңлігім өлген жерде өлем деген уәдем бар, сол үшін келдім. ...